Войти

Гинофорт® Бутоконазол

Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Butoconazole
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№012350
Дата регистрации: 04.05.2018 - 04.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Гинофорт®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бутоконазол

Дәрілік түрі

2% 5 г қынаптық крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат – 20, 0 мг бутоконазол нитраты,

қосымша заттар: динатрий эдетаты, пропилпарагидроксибензоат, метилпарагидроксибензоат, микрокристалды балауыз, коллоидты гидрофобты кремнийдің қостотығы, глицерил моноизостеараты, полиглицерил-3-олеаты, пропиленгликоль, вазелин майы (сұйық парафин), тазартылған су, сорбитол ерітіндісі 70%.

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектерден бос және көзге көрінетін қатпарларсыз, ақтан ақ дерлік түске дейінгі жұмсақ гомогенді крем.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Бутоконазол.

АТХ коды G01AF15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Крем қынап ішіне енгізілгенде, орта есеппен, енгізілген дозаның 1,7%-ға жуығы сіңіріледі, препарат пен оның метаболиттері плазмадағы жоғары шекті концентрацияларына 13 сағат ішінде жетеді.

Бутоконазол қарқынды метаболизмге ұшырайды. Бутоконазол ішінара несеппен, ішінара өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Қынаптық Гинофорт® кремінің белсенді ингредиенті – бутоконазол нитраты имидазол туындысы болып табылады және Candida, Trichophyton, Mycosporum және Epidermaphyton зеңдеріне қатысты фунгицидті белсенділік иеленеді. Гинофорт® Candida albicans зеңдері туғызған жұқпаларда ерекше тиімді. Гинофорт®, сондай-ақ, кейбір грамоң бактерияларға қатысты тиімді.

Гинофорт® cтероидтар синтезін тежейді, зең жасушасының жасушалық жарғақшасына әсер етеді, ланостеролдың эргостеролға айналуын бәсеңдетіп, зеңдердің жасуша жарғақшаларының липидтік құрамының өзгеруіне алып келеді. Жасушалық жарғақша өткізгіштігі бұзылып, бұл осмотикалық орнықтылығының төмендеуіне әкеледі және зең жасушаларының тіршілік қабілетін жояды.

Крем майдағы су эмульсиясының жоғары арақатынасына ие болып, жоғары биоадгезивті қасиеттерді қамтамасыз етеді. Гинофорт® қынап шырышында 4,2 күн бойы сақталады. Кремнің құрылымы, қолда бар аналогтар бутоконазолды 6 сағат ішінде жылдам босатып шығарған уақытта, бутоконазол 6 күн ішінде босап шығатындай үлгіде даярланған.

Қолданылуы

- Candida albicans туғызған қынаптық зең аурулары және Candida зеңдерінің басқа түрлері

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұсынылатын доза – бір аппликатордың ішіндегісін (шамамен 5 г) тәуліктің кез келген уақытында, дұрысы – ұйықтар алдында қынапқа бір рет енгізу.

Кремнің бұл мөлшерінің құрамында шамамен 100 мг бутоконазол нитраты бар. Емдеу курсын емдеуші дәрігер тағайындайды.

Аппликаторды қолдану жөнінде нұсқаулар:

1 қадам. Аппликаторды дайындау:

Қорғағыш фольганы қаптамадан ажыратыңыз және аппликаторды қаптамадан шығарыңыз. Аппликатор арнайы қалпақшамен жабдықталған. Аппликаторға салынған қалпақшаны алып тастамаңыз; Егер қалпақша ажыратылған болса, аппликаторды пайдаланбаңыз. Қолданар алдында аппликаторды қыздырмаңыз. Аппликаторды бір қолмен мығым ұстап тұрып, аппликатордан поршеньді, екіншісін сақинасынан кері тарта, шетіне дейін тартыңыз (1 суретті қараңыз).

  • қадам. Аппликаторды енгізу

    Аппликаторды абайлап, бұл жайлы болатындай, қынапқа мүмкіндігінше терең енгізіңіз (2 және 3 суретті қараңыз).

    3 қадам. Крем енгізу

    Крем енгізу үшін поршеньді баяу басыңыз. Бос аппликаторды қынаптан алып шығыңыз және оны тастаңыз (4, 5 және 6 суреттерді қараңыз).

Прикрепленные файлы

163556231477976782_ru.doc 183.5 кб
542192631477977945_kz.doc 194 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники