Войти

Генферон® (1000000 МЕ) Бензокаин, Интерферон альфа 2b, Таурин

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Производитель: Биокад ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Иммуностимуляторы
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№014400
Дата регистрации: 30.12.2014 - 30.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Генферон®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

500 000 ХБ, 1 000 000 ХБ суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: рекомбинантты альфа-2b адам интерфероны

(раИФН-α2b) 500 000 ХБ, 1 000 000 ХБ,

0.010 г таурин, 0.055 г бензокаин,

қосымша заттар: қатты май, декстран 60000, макрогол 1500, полисорбат 80, эмульгатор Т 2, натрий гидроцитраты, лимон қышқылы, тазартылғын су.

Сипаттамасы

Ұшы үшкір келген цилиндр түріндегі, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті бөлінген жерінде біртекті суппозиторийлер. Бөлінген жерінде кеуектікке немесе шанақша тәрізді қуысқа жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар.

АТХ коды L03A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ректальді енгізген кезде интерферонның (80%-дан астам) жоғары биожетімділігі байқалады, осыған байланысты жергілікті, сондай-ақ жүйелі иммунтүрлендіруші әсеріне қол жеткізіледі.

Қынап ішіне қолданған кезде жұқпа ошағындағы жоғары концентрациясының және шырышты қабық жасушаларына бекем орнығуынан вирусқа қарсы, антипролиферативтік және бактерияға қарсы айқын жергілікті әсеріне қол жетеді, осы орайда қынаптық шырышты қабықтың сіңу қабілеттілігі төмен болғандықтан жүйелі әсері елеусіз.

Препаратты ректальді немесе қынапқа енгізгеннен кейін қан сарысуындағы интерферонның ең жоғары концентрациясы деңгейіне 5 сағаттан соң жетеді.

α-интерферон шығарылуының негізгі жолы бүйрек катаболизмі болып саналады.

Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 12 сағатты құрайды, ол препаратты тәулігіне 2 рет қолдануға байланысты болады.

Фармакодинамикасы

ГЕНФЕРОН® - біріктірілген препарат, әсері оның құрамына кіретін құрамдас бөліктеріне байланысты. Жергілікті және жүйелі әсер етеді.

ГЕНФЕРОН® препаратының құрамына гендік инженерия әдістерімен альфа-2b адам интерфероны гені енгізілген Escherichia coli бактериясы штаммынан өндірілетін рекомбинантты альфа-2b адам интерфероны кіреді.

Альфа-2b интерфероны вирусқа қарсы, иммунтүрлендіруші, антипролиферативтік және бактерияға қарсы әсер етеді.

Вирусқа қарсы әсері вирустар репликациясын тежейтін жасушаішілік ферменттер қатарын белсенділендірумен байланысты. Иммунтүрлендіруші әсерлер ең алдымен иммунды жүйе реакциясына байланысты жасушаларды күшейту арқылы көрініс береді, ол вирустар, жасушаішілік паразиттер және жасушалар, ісіктің ауысуын өткерген жөніндегі иммунды жауаптың тиімділігін жоғарылатады. Бұған CD8+ Т-киллерлерді, NK-жасушаларды (табиғи киллерлерді) белсенділендіру, В-лимфоциттер мен өнімдерін олардың антиденесімен дифференциялауды күшейту, моноцитарлы-макрофагальді жүйе мен фагоцитозды белсенділендіру, сондай-ақ иммундық жүйе жасушаларын жұқпаланған жасушаны тану ықтималдығын арттыратын 1 типті гистоүйлесімділіктің бас кешені молекула экспрессиясын жоғарылататын есебінен қол жеткізіледі. Шырышты қабық құрамындағы лейкоциттердің белсенділігі артуы, дерттік ошақтың жойылуына олардың белсенді қатысуын және А иммунглобулині сөлінісінің өнімін қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Бактерияға қарсы әсері интерферон әсерінен күшейетін иммундық жүйенің реакцияларына байланысты.

Таурин метаболиялық үдерістердің қалпына келуіне және тіндердің қайта жаңғыруына ықпал етеді, жарғашқа тұрақтандырушы және иммунтүрлендіруші әсерге ие. Антиоксидант бола отырып, таурин артық жинақталуы патологиялық үдерістердің дамуына ықпал ететін оттегінің белсенді түрлерімен тікелей өзара байланысады. Препаратты қолданудың емдік әсерін күшейте отырып, таурин интерферонның биологиялық белсенділігінің сақталуына ықпал етеді.

Бензокаин (анестезин) жергілікті анестетик болып саналады. Натрий иондары үшін жасуша жарғақшаларының өткізгіштігін азайтады, жарғақшаның ішкі беткейінде орналасқан рецепторлардан кальций иондарын ығыстырады. Сезімтал жүйке ұштарында ауыру импульстерінің пайда болуына және олардың жүйке талшықтары арқылы өтуіне кедергі болады. Жүйелі қан ағымында сіңбей жергілікті әсер етеді.

Қолданылуы

Ересектерде урогенитальді жолдардың жұқпалы-қабынбалы аурулары кезінде кешенді ем құрамында:

- генитальді герпесте

- хламидиозда

- уреаплазмозда

- микоплазмозда

- қынаптық кандидоздың қайталануында

- гарднереллезде

- трихомонозда

- папилломавирусты жұқпада

- бактериялық вагинозда

- жатыр мойнының эрозиясында

- цервицитте

- вульвовагинитте

- бартолинитте

- аднекситте

- простатитте

- уретритте.

Қолдану тәсілдері және дозасы

Әйелдердегі урогенитальді жолдардың жұқпалы-қабынбалы ауруларында.

Қынапқа (аурудың ауырлығына байланысты 500 000 ХБ немесе 1000 000 ХБ) немесе ректальді түрде (ауру сипатына байланысты) күн сайын 10 күн бойы тәулігіне 1 суппозиторийден 2 рет. Аурудың созылған түрінде 1-3 ай бойы аптасына күнара 1 суппозиторийден 3 рет.

Қынаптағы айқын жұқпалы-қабыну үдерісінде қынап ішіне таңертең 500 000 ХБ 1 суппозиторийден қолданылуы мүмкін, кешке ректальді 1 000 000 ХБ 1 суппозиторийден қынапқа құрамында бактерияға қарсы/фунгицидті агент бар суппозиторий енгізумен бір уақытта қолданылуы мүмкін.

Еркектердегі урогенитальді жолдардың жұқпалы-қабынбалы ауруларында.

Ректальді түрде 10 күн бойы тәулігіне 1 суппозиторийден 2 рет (аурудың ауырлығына байланысты 500 000ХБ немесе 1 000 000ХБ).

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қынапта күйдіру сезімін сезіну).

Альфа-2b интерферонының барлық түрін қолданғанда қалтырау, температураның жоғарылауы, шаршағыштық, тәбеттің болмауы, бұлшықет және бас ауыруы, буындардың ауыруы, тершеңдік, сондай-ақ лейко- және тромбоцитопения сияқты құбылыстар туындауы мүмкін, бірақ олар көбіне тәуліктік дозаны 10 000 000 ХБ аса жоғарылатқанда кездеседі.

Осы уақытқа дейін ауыр жағымсыз әсерлер анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- интерферонға және препарат құрамына кіретін басқа да заттарды жеке көтере алмаушылықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ГЕНФЕРОН® урогенитальді ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттармен үйлестіргенде (антибиотиктерді және басқа да микробқа қарсы препараттарды қосқанда) тиімдірек. Есірткілік емес анальгетиктер және антихолинэстеразалық дәрілік заттар бензокаин әсерін күшейтеді. Бензокаин сульфаниламидтердің бактерияға қарсы белсенділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған.

Аллергиялық және аутоиммунды аурулар асқынған кезде сақтықпен қолдану керек.

Қынапты күйдіру сияқты аллергиялық реакциялар қайтымды және енгізуді тоқтатқаннан кейін 72 сағаттан соң кетеді. Ем дәрігер кеңесінен соң жалғастырылуы мүмкін.

Оны енгізгеннен кейін температура жоғарылаған жағдайда интерферон альфа-2b препаратының басқа кез келген түрлеріндегідей парацетамолды 500 мг дозада бір рет қабылдауға болады.

Урогенитальді қайта жұқпалануды болдырмау үшін жыныстық серіктесті бір уақытта қоса емдеу мәселесі ұсынылады.

Препаратты етеккір кезінде қолдануға рұқсат етіледі.

Жүктілік

Генитальді герпес, хламидиоз, уреаплазмоз, микоплазмоз, цитомегаловирусты жұқпа, папилломавирусты жұқпа, қышитын бактериальді вагинозда, урогенитальді жолдың төменгі бөліктері аймағында жайсыздық пен ауыру сезімдерінде жүктіліктің 13-40 апта мерзімінде жергілікті иммунитет көрсеткіштерін қалыпқа келтіру үшін кешенді ем құрамында қолдану көрсетілген.

Генферон® препаратын 250 000 ХБ дозада жүктіліктің 13-40 апта мерзімінде қынап ішіне қолданудың қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Препараттың жүктіліктің I триместрінде қолданылу қауіпсіздігі зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ГЕНФЕРОН® препараты ерекше назар аударуды және реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі потенциалды (көлік құралдарын, машина жабдықтарын басқару) қызмет түрлерін орындауға әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

ГЕНФЕРОН® препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарлар жоқ. Дәрігер ұсынғаннан көп суппозиторийді кездейсоқ бір уақытта енгізген жағдайда одан әрі енгізуді 24 сағатқа тоқтату керек, одан кейін емді алдын ала жазылған сызбамен жаңғыртады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден алюминий фольгадан (алюминий/алюминий) немесе поливинилхлоридті үлбірден (ПВХ/ПВХ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

2-ден 80С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«БИОКАД» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Заңды мекенжайы: Ресей Федерациясы, 198515, Санкт-Петербург қ-сы, Петродворцовый ауданы, Стрельна ауылы, Связи к-сі, 34 үй, литер А.

Орналасқан мекенжайы: Ресей Федерациясы, 143422, Мәскеу облысы, Красногорск ауданы, Петрово-Дальнее ауылы, а/ж 26; телефон: +7(495) 992-66-28; факс: +7(495) 992-82-98.

Тіркеу куәлігінің иесі

«БИОКАД» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы Қазақстан Республикасы, 050050, Алматы қ., Макаренко к-сі, 66-42.

Телефон: 7(727) 384-38-05, +7(495) 992-66-28; факс: +7(495) 992-82-98.

Электрондық поштасы: biocad@biocad.ru; сайт: www.biocad.ru.

Прикрепленные файлы

619114181477976535_ru.doc 63.5 кб
396159461477977694_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники