Войти

Галоприл Галоперидол

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: Харьковское фармацевтическое предприятие "Здоровье народу" ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Haloperidol
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№000418
Дата регистрации: 30.03.2015 - 30.03.2020
Предельная цена: 54.45 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Галоприл

Халықаралық патенттелмеген атауы

Галоперидол

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,5% 1 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 5,0 мг галоперидол,

қосымша заттар: сүт қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антипсихотикалық препараттар. Нейролептиктер. Бутирофинон туындылары. Галоперидол.

АТХ коды N05A D01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгенде плазмадағы ең жоғары концентрациясына 10-15 минуттан кейін жетеді. Ақуыздармен байланысуы 92 % құрайды. Бауырда белсенді түрде метаболизденеді. Бұлшықет ішіне енгізгенде жартылай шығарылу кезеңі 21 сағатты құрайды. Ағзадан бүйрек арқылы - 40 %, ішек арқылы өтпен - 15 % шығарылады.

Фармакодинамикасы

Галоперидол нейролептикалық, антипсихотикалық, тыныштандырғыш, ауыруды сездірмейтін, құрысуға қарсы, антигистаминдік және құсуға қарсы әсер береді. Мезолимбиялық жүйеде, гипоталамуста, құсу орталығының триггерлі аймағында, экстрапирамидтік жүйеде постсинапстық дофаминергиялық рецепторларды бөгейді; орталықтық альфа-адренергиялық рецепторларды бәсеңдетеді.

Галоперидол қозумен, мазасыздықпен, өлім қорқынышы қатарласа жүретін аурулар кезінде сандырақтауды, елестеулерді, манияны қайтарады, вегетативтік функцияға ықпал етеді (қуыс ағзалардың тонусын, ас қорыту жолының қимылын және секрециясын төмендетеді, қантамырлардың түйілуін жояды). Басқа нейролептиктерге төзімді емделушілерде тиімді.

Қолданылуы

- шизофрения: симптомдарды емдеу және қайталаулардың алдын алу

- басқа да, әсіресе параноидальді психоздар

- мания және гипомания

- ақыл ойы жетілмеген және мидың органикалық зақымдануы бар емделушілердегі озбырлық, аса белсенділік және өзін-өзі зақымдайтын сияқты психикалық және мінез-құлық мәселелері

- орташа және ауыр дәрежедегі келесі жай-күйлерде ұзаққа созылмайтын емнің қосымша терапиясында: психомотрлы қозуда, қобалжуда, күш көрсететін немесе қауіпті импульсивті мінез-құлық

- жүрек айнуы және құсу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препараттың дозасы жасына, симптомдарының ауырлығына және емделушілердің басқа нейролептиктерге бұрынғы реакциясына қарай жеке анықталады.

Орташа симптомдары бар ересек емделушілерге жедел қозуда бұлшықет ішіне 2 - 10 мг енгізеді. Емделушінің реакциясына қарай, келесі дозаларды қайталап әр 4-8 сағатта тәуліктік дозаны 18 мг жеткенге дейін енгізуге болады. Кейде ауыр бұзылыстары бар емделушілерге 18 мг дейінгі бастапқы доза қажет болуы мүмкін.

Жүрек айнуы құсуда бұлшықет ішіне 1-2 мг ұсынылады.

Егде жастағы емделушілерге/әлсізденген емделушілерге ұсынылған дозаның ½ қажетті әсерге жеткенше мұқият клиникалық бақылаумен оны біртіндеп жоғарылата отырып, енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

Галоприлді аздаған дозаларда (тәулігіне 1-2 мг) қысқа мерзімге қолданған кезде жағымсыз әсерлері сирек кездеседі, бәсең білінеді және өткінші сипатқа ие. Ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз әсерлер жиі кездеседі. Жиірек кездесетіні неврологиялық сипаттағы жағымсыз реакциялар болып табылады.

Жүйке жүйесі тарапынан: экстрапирамидті бұзылыстар, гиперкинезия, бас ауыруы, кешеуілдеген дискинезия (тілдің, беттің, ауыздың немесе жақтың еріксіз ырғақты тартылуы), окулогирлік криздер, жедел бұлшықеттік дистония, дискинезия, ларингеальді дисфония, акатизия, брадикинезия, гипокинезия, бетперде тәрізді бет, тремор, бас айналуы, құрысулар, акинезия, «тісті дөңгелек» типті бұлшықет сіресуі, реакция жылдамдығының баяулауы және координация нашарлауы, үлкен эпилепсиялық ұстамалар және психотикалық симптомдар нашарлауы, қатерлі нейролептикалық синдром (гипертермия, бұлшықеттің жайылған сіресуі, вегетативті орнықсыздық және науқастың сана бұзылуы, нистагм).

Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан: лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, панцитопения, тромбоцитопения, лейкоцитоз, анемия, лимфоцитоз.

Иммундық жүйе тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилактикалық реакциялар, анафилаксия.

Тері және тері асты шелмайлары тарапынан: тері бөртпелері, есекжем, қышыну сезіну, фотосенсибилизация, тердің көп бөлінуі, лейкоцитопластикалық васкулит, эксфолиативті дерматит.

Эндокриндік жүйе тарапынан: гиперпролактинемия, гипергликемия, гипогликемия, антидиуретикалық гормон секрециясының төмендеуі.

Метаболизм тарапынан: гипонатриемия, шеткергі ісінулер, дене салмағының өзгеруі, дене температурасы реттелуінің бұзылуы.

Психика тарапынан: ұйқысыздық, депрессия, психотикалық бұзылыстар, сананың шатасуы, ұйқышылдық.

Көру органдары тарапынан: көрудің бұзылуы, бұлыңғыр көру/анық көрмеу.

Ас қорыту жолдары тарапынан: іш қатуы, ауыз құрғауы, жүрек айнуы, құсу, анорексия, диспепсия, диарея, сілекейдің көп бөлінуі, қыжыл.

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан: бауыр функциясы өзгеруі, гепатит, сарғаю, жедел бауыр жеткіліксіздігі, холестаз.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан: тахикардия, аритмия, стенокардия барысының нашарлауы, электрокардиограмма өзгеруі, ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы және/немесе қарыншалық аритмияның, torsades de pointes типті аритмия пайда болуы; қарыншалық тахикардия, экстрасистолия, артериялық гипотензия, ортостатикалық гипотензия.

Тыныс алу жолдары жүйесі тарапынан: ентігу, бронх түйілуі, жұтқыншақ ісінуі, ларингоспазм.

Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан: қисық мойын, бұлшықеттің сіресуі, бұлшықеттің түйілуі, бұлшықет-қаңқа сіресуі, тризм, бұлшықеттің тартылуы.

Несеп шығару жүйесі тарапынан: несеп іркілуі.

Ұрпақ өрбіту және сүт безі жүйесі тарапынан: эректильді дисфункция, дисменорея, гинекомастия, галакторея, домбығу, сүт безіндегі жайсыздық және ауыру, етеккір оралымының бұзылуы, олиго-/аменорея, меноррагия, сексуалдық дисфункция, приапизм.

Жалпы бұзылыстар: координация бұзылыстары, гипотермия, шеткергі ісінулер, бет ісінуі.

Антипсихотикалық дәрілер қабылдағанда өкпе артериясының эмболиясы және терең көктамырлар тромбозын, кенеттен болатын өлім жағдайын қоса, көктамырлар тромбоэмболиясы жағдайлары туралы хабарланған. Бұл жағдайлардың жиілігі белгісіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бутирофенон туындыларына немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- коматоздық жай-күй

- орталық жүйке жүйесінің ауыр уытты бәсеңдеуі (алкогольден немесе дәрі-дәрмектерден)

- пирамидтік немесе экстрапирамидтік симптоматикасымен қатарласа жүретін ОЖЖ аурулары (соның ішінде Паркинсон ауруы, базальді ганглийлер аймағындағы патологиялық үдерістер)

- жүрек бұзылуы, жүрек өткізгіштігі бұзылуы, QT аралығының ұзаруы, сыртартқысында қарыншалық аритмия немесе torsades de pointes аритмиясы, брадикардия немесе II немесе III дәрежедегі блокада, бақыланбайтын гипокалиемия болуы, бір мезгілде QT аралығын ұзартатын басқа препараттарды қабылдау

- депрессия

- функцияларының айқын бұзылулары бар бүйрек және бауыр аурулары

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Галоперидол орталықтық әсері бар гипотензиялық препараттардың, апиындық анальгетиктердің, ұйықтататын дәрілердің, антидепрессанттардың, наркозға арналған дәрілердің, алкогольдің ОЖЖ бәсеңдететін әсерін қуаттандырады. Галоперидолды бұл препараттармен бір мезгілде қабылдау тыныстың бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін.

Метилдопа галоперидолдың ОЖЖ әсерін күшейтеді.

Антипаркинсондық препараттармен бірге қолданғанда (леводопа және т.б.) көз ішінің қысымы жоғарылауы мүмкін және дофаминергиялық құрылымдарға антагонистік әсерінен бұл дәрілердің емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Галоперидол үшциклды антидепрессанттардың метаболизмін баяулатады, осының салдарынан олардың қан плазмасындағы деңгейі ұлғаяды және уыттылығы жоғарылайды.

Галоперидолды бауыр ферменттерінің индукторлары препараттарымен (карбамазепинмен, рифампицинмен, фенобарбиталмен және т.б.) бірге қолдану қан сарысуындағы галоперидол концентрациясының төмендеуіне соқтырады. Оларды біріктіру қажет болғанда галоперидол дозасын арттыру керек болуы мүмкін, бірақ бауыр ферменттерінің индукторын тоқтатқаннан кейін галоперидол дозасын азайту керек.

Галоперидол тікелей емес антикоагулянттардың белсенділігіне әсер етеді, сондықтан оларды бірге қолданғанда соңғысының дозасын түзету керек.

Галоперидолды литий тұзымен бір уақытта қабылдағанда ОЖЖ жағымсыз әсері қаупі, әсіресе экстрапирамидтік реакциялар қаупі артады.

Галоперидол адреналиннің және басқа да симпатомиметиктердің әсерінің қарқындылығын азайтуы мүмкін және оларды қолданғанда артериялық қысымның парадоксальді төмендеуін туындатуы мүмкін.

Галоперидолды QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен, ІА кластың антиаритмиялық дәрілерімен (мысалы, хинидинмен, дизопирамидпен және прокаинамидпен) және ІІІ кластың антиаритмиялық дәрілерімен (мысалы, амиодаронмен, соталолмен, дофетилидпен) torsades de pointes типті аритмияны қоса, қарыншалық аритмия пайда болу қаупіне байланысты бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галоперидол глюкуронизацияны қоса, және Р450 цитохромы (әсіресе CYP 3A4 немесе CYP 2D6) ферменттерінің көмегімен бірнеше жолдармен метаболизденеді. Бұл жолдардың метаболизмін басқа дәрілермен немесе CYP 2D6 ферментінің белсенділігін азайтумен бәсеңдету қандағы галоперидол концентрациясын арттыруы мүмкін және QT аралығының ұзаруын қоса, жағымсыз реакциялар даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Пароксетинмен бірге қолдану қажет болғанда галоперидол дозасы төмендетілуі мүмкін.

Галоперидолды қолдану электролиттер деңгейінің бұзылуын ілестіруі мүмкін және қарыншалық аритмия даму қаупін арттыруы мүмкін.

Кетоконазол (400 мг/тәулік) және пароксетинді (20 мг/ тәулік) галоперидолмен бір уақытта қабылдағанда QT аралығының жоғарылауы мүмкін.

Галоперидолды CYP 3A4 немесе CYP 2D6 (интраконазолмен, буспиронмен, венлафаксинмен, алпразоламмен, флувоксаминмен, хинидинмен, флуоксетинмен, сертралинмен, хлорпромазинмен және прометазинмен) тежегіштерімен бір уақытта қабылдағанда галоперидол концентрациясы жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Жүректің ишемиялық ауруы, стенокардиясы, жүрек ырғағы бұзылуы бар емделушілерге, артериялық қысымы ауытқымалы, сондай-ақ сыртартқысында құрысу ұстамалары туралы деректері бар эпилепсиямен науқастарға, егде жастағы адамдарға тиреотоксикозда немесе феохромоцитомада сақтықпен тағайындайды.

Ұзақ уақыт қолданғанда қанның жалпы талдауына, бауыр және бүйрек функциясына, электролиттер деңгейіне, әсіресе диуретиктер қабылдайтын емделушілерге және бірге жүретін аурулары бар емделушілерге ұдайы бақылау керек.

Кардиалдық бұзылыстар.

QT аралығының ұзаруы және/немесе қарыншалық аритмия сияқты кардиалдық бұзылыстар туралы өте сирек хабарланды. Олар көбіне осы асқынулардың қауіп факторы бар емделушілерде және галоперидолдың жоғары дозаларын қабылдағанда кездесуі мүмкін. Галоперидолды қолданар алдында қарыншалық аритмия (жүрек аурулары, отбасында кенеттен болған өлім және/немесе QT аралығының ұзаруы, электролиттер деңгейінің бақыланбайтын бұзылуы, субарахноидалдық геморрагиялар, ашығу, алкогольді шамадан тыс қолдану сияқты) қаупі факторы бар емделушілерде пайда/қауіп арақатынасына баға беру керек. ЭКГ-бақылау және қандағы калий деңгейіне бақылау жүргізу керек. QT аралығының ұзаруында галоперидол қабылдауды тоқтату керек.

Галоперидолды CYP 2D6 метаболизмі төмендеген емделушілерге және P450 цитохромы тежегіштерін қолданғанда сақтықпен тағайындау керек. Басқа антипсихотикалық дәрілерді бірге қолданудан аулақ болу керек.

Галоперидолды қолданар алдында барлық емделушілерде, әсіресе егде жастағы емделушілерде, жүрек ауруы бар немесе зерттеуде жүрек функциясында ауытқу көрсеткіштері болған емделушілерде ЭКГ жүргізу ұсынылады.

Кейбір жағдайларда тахикардия және артериялық гипотензия туралы хабарланған. Артериялық гипертензия туралы сирек мәлімделген.

Қатерлі нейролептикалық синдром.

Антипсихотикалық дәрілерді, көбіне галоперидолды қолдану қатерлі нейролептикалық синдромды туындатуы мүмкін. Бұл сирек идиосинкразия

гипертермиямен, бұлшықеттердің жайылған сіресуімен, вегетативті ауытқулармен және науқастың санасы бұзылуымен, қандағы КФК деңгейі жоғарылауымен сипатталады. Гипертермия көбіне ерте ескерту синдромы сияқты әсер ете отырып, гипертермияның алдында болуы мүмкін, тахикардия, ауытқулы артериялық қысым және жоғары тершеңдік сияқты вегетативтік бұзылыстар симптомдарының, қатерлі нейролептикалық синдромның ерте білінетін белгісі болып табылады. Қатерлі нейролептикалық синдромы дамуының белгілері пайда болғанда барлық жағдайда нейролептикалық емнің курсын үзе тұру керек және демеуші емді мұқият бақылау жағдайында бастайды.

Кешеуілдеген дискинезия.

Басқа антипсихотикалық дәрілерді қолданғандағы сияқты, галоперидолды ұзақ уақыт қолданғанда немесе оны тоқтатқанда кешеуілдеген дискинезия дамуы мүмкін. Бұл синдром тілдің, беттің, ауыздың немесе жақтың еріксіз ырғақты тартылуымен сипатталады. Бұл белгілер кейбір науқастарда тұрақты болады. Емдеу курсын жаңғырту, галоперидол дозасын арттыру немесе басқа антипсихотикалық препарат тағайындау арқылы оларды азайтуға болады. Кешеуілдеген дискинезия белгілері пайда болғанда емді мүмкін болғанша ерте үзген дұрыс.

Экстрапирамидтік симптомдар.

Ұзақ уақыт қолданғанда нейролептиктерге тән белгілер: тремор, бұлшықеттердің сіресуі, сілекейдің көп бөлінуі, брадикинезия, акатизия, жедел дистония кездесуі мүмкін. Бұл жағдайларда антихолинергиялық әсер етуші антипаркинсондық препараттарды тағайындауға болады, тек превентивті ем тәртібінде емес, өйткені оларды қолдану галоперидол тиімділігін төмендетеді. Егер галоперидолмен және антипаркинсондық дәрілермен бір мезгілде емдеу қажет болса, галоперидол қолдануды тоқтатқаннан кейін, әсіресе егер антипаркинсондық дәрілердің шығарылу жылдамдығы жоғары болса, экстрапирамидтік белгілері ұлғаюының алдын алу үшін антипаркинсондық дәрілерді қолдануды жалғастыру керек.

Галоперидол мен антихолинергиялық препараттарды (оның ішінде антипаркинсондық дәрілерді де) бір мезгілде қолданғанда көз ішінің қысымы жоғарылауына алып келуі мүмкіндігін ескеру керек.

Құрысулар.

Галоперидолды қолданғанда құрысу жағдайлары туралы хабарланған, сондықтан эпилепсиясы бар науқастарға немесе құрысуға бейімі бар емделушілерге (алкогольді шамадан тыс қолданған, ми зақымдануы) сақ болу керек.

Препаратты ЭЭГ (электроэнцефалограммасында) өзгерістері бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды. Галоприлмен ем бастағанға дейін

ЭЭГ-зерттеуін жүргізу керек.

Гепатобилиарлық бұзылыстар.

Галоперидол бауырда метаболизденеді, сондықтан оны бауыр аурулары бар емделушілерде қолданғанда сақ болу керек. Бауыр функциясы бұзылуының немесе гепатиттің, көбіне холестаздық жеке-дара жағдайлары анықталды.

Эндокриндік бұзылыстар.

Тироксин галоперидол уыттылығын ұлғайтуы мүмкін. Сондықтан гипертиреозда галоперидолды ерекше сақтықпен және эутиреоидты жай-күйге жеткеннен кейін қолдану керек. Антипсихотикалық дәрілерді қабылдағандағы гормоналдық бұзылыстарға соңынан галакторея, гинекомастия, олиго-/аменорея болатын гиперпролактинемия жатады. Өте сирек жағдайларда ғана гипогликемия және антидиуретикалық гормон секреция төмендеуі мүмкін.

Көктамырлар тромбоэмболиясы.

Антипсихотикалық дәрілерді қабылдағанда көктамырлар тромбоэмболиясы жағдайлары анықталды. Тромбоэмболия даму қаупінің факторы бар емделушілерге галоперидол қабылдау кезінде және оның алдында превентивті шаралар қолдану керек.

Препаратпен емдеу курсын кенеттен тоқтату, әсіресе жоғары доза қолданғанда, тоқтату синдромын, сондай-ақ аурудың қайталануын туындатуы мүмкін, сондықтан препаратты дозасын біртіндеп төмендете отырып, тоқтату керек.

Препарат бірге қолданғанда ауыруды басатын дәрілердің дозасын азайтуға мүмкіндік береді.

Жүктілік және лактация

Галоперидолдың жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Галоперидолдың теріс әсеріне ұрық жүктіліктің III триместрі кезінде ұшырайды, бұл арада босанудан кейінгі жағымсыз реакциялар ауырлық дәрежесі және ұзақтығы жөнінен айырмашылығы болуы мүмкін экстрапирамидті симптомдармен білінеді. Ажитация, артериялық гипертензия/гипотензия, тремор, ұйқышылдық, тыныс алудың бұзылуы, бала емізудегі мәселелер сияқты хабарламалар түсті. Осыған байланысты жаңа туған нәресте мұқият бақылауда болуы керек. Ұрықтың туа біткен ақаулары туралы бірнеше мәлімдеулер болған, оның галоперидол қолдану салдарынан болуы да мүмкін. Галоперидолды болжамды пайдасы ұрық үшін потенциалды қаупінен артық болған жағдайда ғана қолдану керек, бұл арада енгізілген доза және ем ұзақтығы өте аз болуы керек.

Галоперидол емшек сүтіне өтеді. Баланы емізгенде экстрапирамидті симптомдардың жеке-дара жағдайлары болған. Препаратты потенциалды қаупін ескере отырып, қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Жоғары зейін қою және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін қызметтерден аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: галоперидолдың артық дозалануының білінуі оның фармакологиялық әсерінің салдарынан болады, олардың ең көбі күрделі экстрапирамидті симптомдар, артериялық гипотензия, ұйқыға ауысатын психикалық парықсыздық болып табылады. Қарыншалық аритмия даму қаупі QT аралығының ұзаруына байланысты болуы мүмкін. Емделушіде шокқа соқтыруы мүмкін тыныс бәсеңдеуі және артериялық гипотензиясы бар коматоздық жай-күй болжанады. Парадоксальді гипертония және құрысулар болуы мүмкін.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ. Тыныс жолдарын тазалау керек және қажет болса олардың функциясын өкпені механикалық желдету көмегімен демеп отыру керек. Аритмия туралы жеке-дара мәлімдеулерді ескере отырып, ЭКГ мониторинг жүргізу ұсынылады. Артериялық гипотензияны және қан тамырлық коллапсты плазма енгізу жолымен жояды. Адреналин қолдануға болмайды. Емделуші бақылауда 24 сағат және одан да көп уақыт болуы тиіс, бұл арада дене температурасы қалыпты ұстау және сұйықтық талапқа сай пайдалануды қамтамасыз ету керек. Ауыр экстрапирамидті жай-күй жағдайында паркинсонға қарсы препараттар енгізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыныдан жасалған ампулаларда 1 мл-ден.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон бөліктері бар қорапшаға салынған.

Пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.

5 ампуладан пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сындыратын сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар препарат ампуласын қаптағанда кесетін керамикалық дискіні немесе ампулалық керамикалық пышақты салмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22

Тіркеу куәлігінің иесі

«Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: «Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Телефон/факс: (057) 757 43 36

Электрондық пошта: office@zn.kharkov.ua

Қазақстан Республикасы аумағында сенімді тұлға

Мекенжайы: «КФК Медсервис Плюс» ЖШС.

050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Маметова к-сі, 54

Телефон/факс: (727) 279 98 21

Электрондық пошта: pharmanadzor@medservice.kz

Прикрепленные файлы

570254881477976506_ru.doc 81.5 кб
610131301477977666_kz.doc 105.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники