Войти

Витрум® Витамин Е Токоферол

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tocopherol
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№015086
Дата регистрации: 29.12.2014 - 29.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум® Витамин Е

Халықаралық патенттелмеген атауы

Токоферол

Дәрілік түрі

Капсулалар 400 ХБ

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат: - Е витамині (dl-альфа токоферол ацетаты) – 400 ХБ

(400 ХБ Е витамині 400 мг dl-альфа токоферол ацетатына баламалы), қосымша заттар: желатин, глицерин, су

Сипаттамасы

Ішіндегісі мөлдір, сәл сарғыштау майлы, сопақша пішінді, ақшыл-сары түсті жұмсақ желатинді мөлдір капсулалар. Спецификалық иісі болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа да витаминдер. Таза түріндегі басқа да витаминдер. Е витамині.

АТХ коды A11НА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

ВИТРУМ® Витамин Е препаратын ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді, сіңірілуі 50% құрайды. Сіңу үдерісінде липопротеиндермен кешен (жасушаішілік токоферол тасымалдағыштары) түзіледі. Сіңірілу үшін өт қышқылдары болуы қажет. Е витамині альфа1- және бета-протеиндермен, ішінара сарысу альбуминімен байланысады. Ақуыздар алмасуы бұзылғанда тасымалдану қиындайды. Сmax 4 сағаттан соң жетеді. Бүйрек үсті безінде, гипофизде, аталықбезде, май және бұлшықет тіндерінде, эритроциттерде, бауырда жинақталады.

90% астамы өтпен, 6% - бүйрек арқылы шығарылады. Өтте Е витаминінің концентрациясы тұрақты және қан плазмасы концентрациясының күрт ауытқулары кезінде іс жүзінде өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Е витамині – токоферолдардың анағұрлым биологиялық белсендісі, ацетат түрінде тұрақты. Организмдегі зақымдайтын факторларға жасуша жарғақшаларының төзімділігін арттырады. Антиоксидантты белсенділігі бар, гем және ақуыздар биосинтезіне, жасушалар пролиферациясына, тіндік тыныс алуға, тіндік метаболизмнің басқа да маңызды үдерістеріне қатысады; қылтамырлардың жоғары өткізгіштігі мен жарылғыштығына, атеросклероздың, жүрек бұлшықеттері мен қаңқа бұлшықеттеріндегі дегенеративті-дистрофиялық өзгерістердің дамуына бөгет болады; бос радикалдар мен асқын тотыққан өнімдері шамадан тыс мөлшерінің зақымдайтын әсерінен жасушалар мен тіндерді қорғайды; репродукциялық функцияны қалпына келтіреді.

Қолданылуы

  • Е витамині гиповитаминозында

Кешенді ем құрамында:

  • бұлшықет дистрофиясында, амиотрофиялық жанама склерозда

  • буындар және омыртқа мен ірі буындарды байланыстыру аппаратының дегенеративті және пролиферативті өзгеруінде

  • етеккір циклінің бұзылуымен қатар жүретін климактериялық (менопауза алдындағы және кейінгі) бұзылыстарда

  • еркектердегі жыныстық бездер гипофункциясында

Қолдану тәсілдері және дозалары

Ішке, капсуланы судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, шайнамай жұтады.

Е витамині гиповитаминозында – күніне 1 капсуладан, 1 ай бойы.

Бұлшықет дистрофиясында, амиотрофиялық жанама склерозда

1 капсуладан күніне 2 рет, емдеу курсы – 2-3 ай.

Буындар және омыртқа мен ірі буындарды байланыстыру аппаратының дегенеративті және пролиферативті өзгеруінде – күнделікті 1 капсуладан 2-3 апта бойы.

Етеккір циклінің бұзылуымен қатар жүретін климактериялық (менопауза алдындағы және кейінгі) бұзылыстарда (гормональды еммен біріктіргенде) – күнара 1 капсуладан циклдің 17-ші күнінен бастап 5 цикл бойы.

Еркектердегі жыныстық бездер гипофункциясында – күнделікті 1 капсуладан 2-3 апта бойы.

Ең жоғары тәулікті дозасы – 2 капсула.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда:

  • қышыну, тері гиперемиясы, бронх түйілуі

  • диспепсия (диарея, жүрек айну, іштің ауыруы, кейде іштің қатуы)

  • креатинурия, креатинкиназа белсенділігінің жоғарылауы, қан сарысуында холестерин деңгейінің жоғарылауы

  • тромбофлебит, тромбоэмболия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • жедел миокард инфарктісі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Витрум® Витамин Е үлкен дозада темір, К витамині препараттарымен немесе антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдағанда қан ұюының уақытын ұзартады.

Витрум® Витамин Е біріктіріп қабылдағанда глюкокортикостероидтардың, қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың, жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді. Қанда липидтердің асқын тотықты тотығу өнімдерінің мөлшері жоғарылаған эпилепсиямен науқастарда эпилепсияға қарсы дәрілердің тиімділігін арттырады.

Құрамында майды ерітетін A, D және Е витаминдері бар витаминді-минералды басқа да препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозадан асыруға болмайды. Витрум® Витамин Е ауыр түрдегі кардиосклерозы бар, миокард инфарктісін өткерген, тиреотоксикозы бар науқастарға, тромбоэмболияның даму қаупі жоғары болғанда; К витаминінің жеткіліксіздігінен туындаған гипопротромбинемияда сақтықпен қолданылуы керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және бала емізу кезеңінде Витрум® Витамин Е препараты тек дәрігердің ұсынымы бойынша қабылданады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары артық дозалануы Е гипервитаминозы белгілерімен сипатталады.

Ұзақ уақыт бойы Витрум® Витамин Е препаратын тәулігіне 400-800 ХБ дозада қабылдағанда көрудің айқын болмауы, бас айналуы, бас ауыруы, жүрек айнуы, қатты шаршау, диарея, асқазанның ауыруы, астения туындауы мүмкін.

Ұзақ кезең ішіндегі Витрум® Витамин Е препаратының өте жоғары дозалары (тәулігіне 800 ХБ астам) К гиповитаминозы бар науқастарда қан кетудің қаупін арттырады, тиреоидты гормондар метаболизмінің бұзылуы, сексуалдық функциялар бұзылыстары, тромбофлебит, тромбоэмболия, некроздық колит, сепсис, бүйрек жеткіліксіздігі, көздің торлы қабығына қан құйылу, гемморагиялық инсульт, асцит туғызуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық, препаратты тоқтату, глюкокортикостероидтар тағайындау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 капсуладан бұрандалы қақпақпен және фольгадан жасалған қорғаныш клапанымен тығындалған полимер құтыда. Құтыға заттаңба жапсырылады және полиэтилен үлбірмен тартылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 10 –30 0С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Юнифарм, Инк.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

Телефон нөмірі: 8 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: 8 (727) 244-50-06

Электронды поштасы: info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

269731841477976551_ru.doc 57 кб
575316051477977718_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники