Войти

Бриллиантовый зеленый (раствор спиртовой 1%, Ромат) Бриллиантовый зеленый

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№013846
Дата регистрации: 10.12.2013 - 10.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Бриллиантты көк

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1 % спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 1.0 г бриллиантты көк

қосымша зат 70 % этанол 100 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Мөлдір спирт иісі бар қою жасыл түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды D08AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Бриллиантты көк антисептикалық және зарарсыздандыратын қасиеттерге ие. Йод ерітіндісінен айырмашылығы тінішілік қысымды жоғарылатпай микробқа қарсы әсер етеді. Теріні тітіркендірмейді.

Қолданылуы

Сыртқа қолдануға арналған:

- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі тыртықтарда

- сыдырылулар және тілінулерде

- пиодермияда, фолликулитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты маңайындағы сау тіндерді қоса ала отырып, тікелей зақымданған беткейге жағады.

Жағымсыз әсерлері

- жараны өңдеген сәтте күйдіру сезімі болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар

- тері тітіркенуі

- көздің шырышты қабығына тигенде – күйдіру, жас ағуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа өте жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Егер жара немесе сыдырылулар қанап тұрса препараттың белсенділігі елеулі азаяды.

Балалар тәжірибесінде қолданылуы

Препарат қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимер тығынмен тығындалған пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар мойны бұрандалы шыны массасынан жасалған құтыларда 10 мл, 20 мл препараттан. Құтыларды медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісінше санымен картонға салады және жылу ұстағыш үлбірмен тартып жабады немесе гофрланған картон жәшікке салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., тел (7222)340867, факс (7222)347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., тел (7222)340867, факс (7222)347559, e-mail: zmp@romat.kz

 

Прикрепленные файлы

291368931477976846_ru.doc 42 кб
214875561477978002_kz.doc 43 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники