Войти

Бипрол (10 мг) Бисопролол

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: Хемофарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bisoprolol
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№016760
Дата регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020
Предельная цена: 7.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бипрол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бисопролол

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 5 мг немесе 10 мг бисопролол фумараты,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лудипресс ЛЦЕ (лактоза моногидраты – 94,7-98,3%, коллидон 3-4%), жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кросповидон (коллидон CL), магний стеараты,

қабықтың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), макрогол (полиэтиленгликоль 4000), гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), тальк, тропеолин «О» бояғышы.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, сары түсті (5 мг доза үшін) үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, күңгірт-сары түсті (10 мг доза үшін) үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең кесіндісінде екі қабат көрінеді, ішкі қабаты ақ немесе әрең білінетін крем тәрізді реңді ақ түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Бета-адреноблокаторлар. Іріктелген бета-адреноблокаторлар.

Бисопролол.

АТХ коды С07АВ07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бисопрололдың асқазан-ішек жолында сіңуі 80-90% құрайды. Ас ішу препараттың биожетімділігін төмендетпейді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияcына 1-3 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі шамамен 90% құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 30%-ға жуықты құрайды. Таралу көлемі 3,5 л/кг құрайды. Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгет арқылы өтуі төмен.

Жалпы клиренсі 15,6 ± 3,2 л/сағатты, бүйректік клиренсі – 9,6 ± 1,6 л/сағ құрайды. Бисопрололдың теңгерімді клиренсі оны өзгермеген күйде (шамамен 50%) бүйрек арқылы шығарылу мен бауырда (шамамен 50%) содан кейін бүйрекпен шығарылатын белсенді емес метаболитке дейін тотығуымен арадағы тепе-теңдікпен анықталады; 2 %-дан азы ішек арқылы (өтпен) шығарылады. Организмде жинақталмайды. Жартылай шығарылу кезеңі 9-12 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Бипролдың белсенді заты – бисопролол – ішкі симпатомиметикалық белсенділігі жоқ жоғары іріктелген β1-адреноблокатор. Жарғақша тұрақтандыратын әсері жоқ. Аздаған дозаларда жүректің β1–адренорецепторларын бөгей отырып, катехоламиндермен көтермеленген АТФ-тан цАМФ түзілуін азайтады, кальций иондарының жасушаішілік ағымын төмендетеді, теріс хроно-, дромо-, батмо- және инотропты әсер көрсетеді, атриовентрикулярлық (AV) өткізгіштік пен қозғыштықты басады. Бронхтардың, тамырлардың тегіс бұлшықеттері 2-адренорецепторларына және ферменттердің белсенділігін жасушаішілік реттеуге жауап беретін 2-адренорецепторларға өте төмен тектестігі бар және соған орай тыныс алу жолдары мен метаболизмдік үдерістер тонусына әсер етпейді.

Емдік дозаны арттырған кезде β2-адреноблокаторлық әсер көрсетеді.

Препаратты қолдана бастаған алғашқы 24 сағат ішінде жалпы шеткергі қантамырлық кедергі артады (альфа-адренорецепторлар белсенділігін реципрокты артуы және β2-адренорецепторлар көтермеленуін жою нәтижесінде), 1-3 тәуліктен кейін бастапқы қалпына оралады, ал ұзақ тағайындау кезінде төмендейді.

Гипертензияға қарсы, аритмияға қарсы және антиангинальді әсер көрсетеді.

Гипертензияға қарсы әсері қанның минуттық көлемінің азаюымен, шеткергі қан тамырларының симпатикалық көтермеленуімен, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігінің төмендеуімен (рениннің бастапқы аса жоғары секрециясы бар пациенттер үшін маңызы зор), артериялық қысымның (АҚ) төмендеуіне жауап ретінде аорта доғасының барорецепторлар сезімталдығын қалпына келтірумен (артериялық қысымның төмендеуіне жауап ретінде олардың белсенділігінің күшеюі байқалмайды) және орталық жүйке жүйесіне ықпал етуімен байланысты. Артериялық гипертензияда әсері 2-5 күннен кейін, тұрақты әсері 1-2 айдан соң дамиды.

Антиангинальді әсері ЖЖЖ сиреуі мен жиырылуының төмендеуі нәтижесінде миокардқа оттегі қажеттілігінің азаюымен, диастоланың ұзаруымен, миокард перфузиясының жақсаруымен жүзеге асады. Сол жақ қарыншада соңғы диастолалық қысымның жоғарылауы және қарыншалардың бұлшықет талшықтарының созылуы есебінен бисопролол, әсіресе созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде миокардқа оттегінің қажеттілігін арттыруы мүмкін.

Аритмияға қарсы әсері аритмогендік факторлардың (тахикардия, симпатикалық жүйке жүйесі белсенділігінің артуы, цАМФ мөлшерінің, артериялық гипертензияның жоғарылауы) жойылуымен, синустық және эктопиялық ырғақ жетектегіштердің күрт қозу жылдамдығының азаюымен және атриовентрикулярлық (AV) өткізудің (көбінесе AV түйіндері арқылы антеградтық және, аз дәрежеде, ретроградтық бағыттарда) және қосымша жолдармен өткізудің баяулауымен жүзеге асады.

Орташа емдік дозаларда қолданған кезде, іріктелмеген β-адреноблокаторлардан айырмашылығы, құрамында β2-адренорецепторлары бар ағзаларға (ұйқы безі, қаңқа бұлшықеттері, шеткергі артериялардың, бронхтардың және жатырдың тегіс бұлшықеттері) және көмірсу алмасуына аз айқындылықта ықпал етеді. Организмде натрий иондарының кідірісін тудырмайды.

Қолданылуы

  • артериялық гипертензияда

  • жүректің ишемиялық ауруында: стенокардия ұстамаларының профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат таңғы асқа дейін, таңғы ас кезінде немесе одан кейін аздаған мөлшердегі сумен, бір рет, ішке қабылданады. Таблетканы шайнамай және ұнтақтамай, бүтіндей жұту керек. Барлық жағдайларда қабылдау режимі мен дозаны жүректің жиырылу жиілігін және пациенттің жай-күйін ескере отырып, дәрігер әр пациентке жеке таңдайды.

Артериялық гипертензияда және жүректің ишемиялық ауруында тәуліктік доза 5 мг құрайды және қажет болғанда тәулігіне 1 рет 10 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Артериялық гипертензияны және стенокардияны емдеген кезде ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде креатинин клиренсі 20 мл/мин болғанда немесе бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды. Мұндай пациенттерде дозаны арттыруды ерекше сақтықпен орындау қажет.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Препаратты дозаны 2 апта және одан көп уақыт ішінде азайта отырып, біртіндеп тоқтату ұсынылады (дозаны 3-4 күн ішінде 25% азайтады).

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі

  • брадикардия, жүрек қағуын сезіну

Жиі

  • артериялық қысымның айқын төмендеуі (әсіресе СЖЖ бар пациенттерде), ангиоспазмның көрініс беруі (шеткергі қан айналымы бұзылуының күшеюі)

  • аяқ-қолда салқындықты сезіну (парестезиялар)

  • қатты қажу, астения, бас айналуы, бас ауыру

  • жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, іштің қатуы, ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы

Жиі емес

  • AV өткізгіштігінің бұзылуы, аритмиялар

  • шеткергі ісінулердің дамуымен СЖЖ ағымының ушығуы және ентігу, ортостатикалық гипотензия, кеуденің ауыруы

  • ұйқының бұзылуы, депрессия

  • бронх демікпесі немесе тыныс алу жолдарының обструктивтік аурулары бар пациенттерде ларинго- және бронхоспазм

  • бұлшықет әлсіздігі, балтыр бұлшықетінің құрысулары, артралгиялар

Сирек

  • гепатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, билирубин концентрациясының жоғарылауы

  • гипертриглицеридемия

  • көрудің бұзылуы, жас бөлінудің төмендеуі

  • естудің бұзылуы

  • дәм сезудің бұзылуы

  • аллергиялық ринит, мұрынның бітелуі

  • қатты терлеу

  • псориаз тәрізді тері реакциялары, псориаз ағымының өршуі, алопеция

  • тері гиперемиясы, терінің қышынуы, бөртпе, есекжем

  • либидоның әлсіреуі, потенцияның төмендеуі

  • түнгі шым-шытырық түстер, елестеулер, естен тану

  • гипогликемия

  • емдеуді аяқтағаннан кейін жоғалатын жегі тәріздес синдромның әдеттен тыс клиникалық симптоматикасымен антинуклеарлық антиденелердің пайда болуы

  • «тоқтату» синдромы

Өте сирек

  • көздің құрғауы және ауырсынуы, конъюнктивит

  • тромбоцитопения, агранулоцитоз, лейкопения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне және басқа β-адреноблокаторларға аса жоғары сезімталдық

  • жедел жүрек жеткіліксіздігі, инотроптық емдеуді қажет ететін декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

  • шок (соның ішінде кардиогенді), коллапс, өкпенің ісінуі

  • электрокардиостимуляторсыз II-III дәрежелі AV блокада

  • синоатриальді блокада

  • синустық түйін әлсіздігі синдромы

  • брадикардия (ЖЖЖ минутына 60 соққыдан аз)

  • Принцметал стенокардиясы

  • кардиомегалия (жүрек жеткіліксіздігі белгілерінсіз)

  • артериялық гипотензия (систолалық АҚ 100 мм с.б. төмен), әсіресе миокард инфарктісінде

  • ауыр бронхиальді демікпе және сыртартқысында созылмалы обструктивтік өкпе ауруы

  • В типтегі МАО-ны қоспағанда флоктафенин, сульпирид, моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау

  • верапамил немесе дилтиаземді бір мезгілде көктамыр ішіне енгізу

  • шеткергі қан айналымының ауыр бұзылулары, Рейно синдромы

  • феохромоцитома (α-адреноблокаторларды бір мезгілде пайдаланбай)

  • метаболизмдік ацидоз

  • лактаза тапшылығы, лактоза көтере алмаушылық, мальабсорбция/изомальтоза синдромы

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен

  • айқын бауыр жеткіліксіздігі

  • айқын бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 20 мл/мин аз)

  • миастения

  • тиреотоксикоз, қант диабеті (гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін)

  • күрделі аллергологиялық сыртартқы, бронхиальді демікпе, ӨСОА

  • I дәрежелі AV блокада

  • депрессия (соның ішінде сыртартқыда)

  • псориаз

  • шеткергі қан айналымның бұзылуы

  • қатаң диета

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Флоктафенинмен байланысты шок немесе артериялық гипотензия жағдайында бета-адреноблокаторлар компенсаторлық жүрек-қантамыр реакциялардың төмендеуін туғызады (бірге қолдануға болмайды).

Сульпиридпен бірге қолданған жағдайда аддитивтік әсердің салдарынан айқан брадикардия дамуы мүмкін (бірге қолдануға болмайды).

Бипролды МАО тежегіштерімен (В типтегі МАО-дан басқа), гипертензияға қарсы әсерінің едәуір күшеюі салдарынан бір мезгілде қолдануға болмайды. МАО тежегіштері мен Бипрол қабылдау арасындағы емдеу үзілісі 14 күннен кем болмауы тиіс.

«Баяу» кальций өзекшелері блокаторларымен (дилтиазем мен верапамил) біріктіруден аулақ болу керек. Бипрол препаратымен емдеу кезеңінде верапамил мен дилтиаземді, басқа да аритмияға қарсы препараттарды көктамыр ішіне енгізуге болмайды.

Әсер ету синергизмі салдарынан артериялық қысымның күрт түсуі, автоматизм болуы мүмкін (айқын брадикардия, синустық түйіннің тоқтап қалуы), AV өткізгіштіктің бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі). Мұндай біріктірілімді тағайындау қажет болғанда, әсіресе егде жастағы пациенттерді және емнің басында мұқият клиникалық және электрокардиографиялық бақылау қажет.

Бипрол новокаинамид, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин, флекаинид, пропафенон сияқты І класты аритмияға қарсы препараттармен фармакодинамикалық өзара әрекеттескенде AV өткізгіштіктің және миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі мүмкін. Бисопрололмен біріктіруден аулақ болу керек.

Бипролды III класты аритмияға қарсы препараттармен (мысалы, амиодарон) бірге қолданғанда симпатикалық компенсаторлық механизмдердің бәсеңдеуі салдарынан жиырылуы, автоматизмі және өткізгіштігі бұзылуы мүмкін (бұл біріктірілімнен аулақ болу керек).

Орталықтық әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілермен (клонидин, апраклонидин, альфаметилдопа, гуанфанцин, моксонидин, рилменидин) бірге қолданғанда айқын брадикардияның дамуы, синустық түйіннің тоқтап қалуы, AV өткізгіштің бұзылуы, артериялық қысымның күрт түсуі қаупі, жүрек жеткіліксіздігі (синергиялық әсері) жоғарылайды. Бұл біріктірілімді болдырмау керек. Қолдану қажет болғанда әсіресе егде жастағы пациенттерді және емнің басында мұқият клиникалық және электрокардиографиялық бақылау қажет. Орталық әсер ететін гипертензияға қарсы препаратты қабылдауды күрт тоқтатқанда артериялық қысымның едәуір жоғарылауы байқалады.

Жүрек гликозидтерімен бір уақытта қабылдау жүрек жүрек жиырылуының төмендеуіне, өткізгіштігінің бұзылуына әкеледі.

Жергілікті қолдануға арналған бета-адреноблокаторлар (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған көз тамшылары) Бипролдың жүйелік әсері күшеюі мүмкін (артериялық қысымның төмендеуі, жүрек жиырылу жиілігінің сиреуі).

Нифедипинмен бірге қолдану АҚ-ның едәуір төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Парасимпатомиметиктермен, мефлохинмен бірге қолданғанда брадикардияның даму қаупі болады.

Фенитоин көктамыр ішіне енгізілген кезде, ингаляциялық жалпы жансыздандыруға арналған дәрілік заттар (көмірсутек туындылары) Бипрол алатын науқастарда кардиодепрессивті әсер айқындылығын және АҚ төмендеу ықтималдығын арттырады.

Бета-адреномиметиктермен (мысалы, изопреналин, добутамин) бір мезгілде қолдану екі препараттардың әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бипролдың β- және α-адренорецепторларға (мысалы, норэпинефрин, эпинефрин) әсер ететін адреномиметиктермен үйлесуі артериялық қысымның жоғарылауына әкеле отырып, осы дәрілердің α-адренорецепторлардың қатысуымен туындайтын вазоконстрикторлық әсері күшеюі мүмкін. Осындай өзара әрекеттесулер селективті емес β-адреноблокаторларды қолданған кезде ықтималдығы зор.

Бипрол инсулиннің және ішуге арналған гипогликемиялық дәрілік заттардың тиімділігін өзгертеді, даму үстіндегі гипогликемия белгілерін (тахикардия, АҚ көтерілуі) бүркемелейді.

Бипролдың гипертензияға қарсы әсері қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (натрий іркілісі және простагландиннің бүйрекпен синтезделуінің бөгелісі), глюкокортикостероидтарды және эстрогендерді (натрий иондарының кідірісі) әлсіретеді.

Диуретиктер, симпатолитиктер, гидралазин және басқа да гипотензиялық дәрілік заттар Бипролмен бір мезгілде қолданған кезде АҚ-ның шамадан тыс төмендеуіне әкеп соқтырады.

Бипрол жете қайта поляризацияланбайтын миорелаксанттар әсерін және кумариндердің антикоагулянтты тиімділігін ұзартады.

Үш- және төрт циклік антидепрессанттар, антипсихоздық дәрілік заттар (нейролептиктер), этанол, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілік заттар Бипрол қабылдайтын пациенттерде ОЖЖ бәсеңдеуін күшейтеді.

Гидратацияланбаған қастауыш алкалоидтары Бипрол қабылдап жүрген емделушілерде шеткергі қан айналымы бұзылуының даму қаупін арттырады.

Бипролмен бір мезгілде қолданған кезде эрготамин шеткергі қан айналымы бұзылуының даму қаупін арттырады; сульфасалазин қан плазмасындағы бисопролол концентрациясын арттырады; рифампицин бисопрололдың жартылай шығарылу кезеңін қысқартады.

Иммунотерапия үшін пайдаланылатын аллергендер немесе тері сынамаларына арналған аллергендердің сығындылары Бипрол қабылдайтын пациенттерде ауыр жүйелі аллергиялық реакциялардың немесе анафилаксияның туындау қаупін арттырады.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілік заттар анафилаксиялық реакциялардың даму қаупін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Емді бастар алдында ауыр бронхөкпе сыртартқысы бар пациенттерде сыртқы тыныс алу функциясына зерттеу жүргізу ұсынылады. Бронх түйілуімен аурулармен пациенттерге басқа гипотензивтік дәрілік заттарды көтере алмаушылық және/немесе тиімсіздігі жағдайында бисопрололды тағайындауға болады, бұл ретте препарат дозасын қатаң сақтау керек. Артық дозалану бронх түйілуі дамуымен қауіпті.

Бипрол қабылдайтын пациенттерді бақылау ЖЖЖ және АҚ (емнің басында – күнделікті, содан кейін 3-4 айда 1 рет) өлшеуді, ЭКГ бақылауды, қант диабеті бар науқастарда қандағы глюкозаны анықтауды (4-5 айда 1 рет) қамтуы тиіс. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясын қадағалау ұсынылады (4-5 айда 1 рет). Пациентке ЖЖЖ есептеу әдісін үйрету керек және ол минутына 60 соққыдан төмендегенде дәрігерден кеңес алу қажеттігін айту керек.

Стенокардиясы бар пациенттердің шамамен 20%-да β-адреноблокаторлар тиімді емес. Негізгі себептері – ишемия шегі төмен ауыр коронарлық атеросклероз (минутына 100 реттен аз соғатын ЖЖЖ) және сол жақ қарыншаның субэндокардиальді қан ағымын бұзатын соңғы диастолалық көлемінің ұлғаюы.

«Шылымқорларда» β-адреноблокаторлар тиімділігі төмен.

Жанаспалы линзалар пайдаланатын науқастар емдеу аясында көз жасы сұйықтығы өнуінің азаюы мүмкін екенін ескеруі тиіс.

Феохромоцитомасы бар науқастарда пайдаланған кезде парадоксальді артериялық гипертензияның даму қаупі болады (егер тиімді альфа-адреноблокадаға алдын ала қол жеткізілмесе).

Тиреотоксикозда Бипрол тиреотоксикоздың белгілі бір клиникалық белгілерін (мысалы, тахикардияны) бүркемелеуі мүмкін. Тиреотоксикозы бар науқастарда, симптоматикасын күшейту қабілетіне орай, күрт тоқтату қарсы көрсетілімді.

Қант диабеті кезінде гипогликемиядан болған тахикардияны бүркемелеуі мүмкін. Іріктелмеген β-адреноблокаторларға қарағанда инсулиннен болатын гипогликемияны іс жүзінде күшейтпейді және қандағы глюкоза концентрациясының қалыпты деңгейге дейін қалпына келуін кідіртпейді.

Клонидинді бір мезгілде қолданғанда оны қабылдауды Бипрол тоқтатылғаннан кейін бірнеше күннен соң ғана тоқтатуға болады.

Ауыр аллергологиялық сыртартқы аясында эпинефриннің әдеттегі дозаларынан әсер болмауы және жоғары сезімталдық реакцияларының айқындылығы күшеюі мүмкін.

Жоспарлы хирургиялық ем жүргізу қажет болған жағдайда препаратты жалпы жансыздандырудың басталуынан 48 сағат бұрын тоқтатады. Егер науқас препаратты операция алдында қабылдаса, оның жалпы жансыздандыруға арналған теріс инотропты әсері өте аз дәрілік затты таңдағаны дұрыс.

Кезбе жүйкенің реципрокты белсенділенуін атропинді (1-2 мг) көктамыр ішіне енгізумен басуға болады.

Катехоламиндер қорларын азайтатын дәрілік заттар (соның ішінде, резерпин) β-адреноблокаторлар әсерін күшейтуі мүмкін, сондықтан дәрілік заттардың осындай қосылымын қабылдап жүрген пациенттер айқын АҚ төмендеуін немесе брадикардияны анықтау үшін үнемі дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Егде жастағы пациенттерде үдемелі брадикардия (минутына 60 соққыдан төмен), артериялық гипотензия (систолалық АҚ 100 мм с.б. төмен), AV блокада, бронх түйілуі, қарыншалық аритмия, бауыр мен бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары пайда болған жағдайда Бипролдың дозасын төмендету немесе емді тоқтату қажет.

Ауыр аритмиялардың және миокард инфарктісінің даму қауіптілігіне орай, емдеуді күрт үзуге болмайды. Тоқтатуды дозаны 2 апта және одан көп уақыт бойы азайта отырып, біртіндеп жүзеге асырады (дозаны 3-4 күн ішінде 25% азайтады). Препарат қабылдауды қан мен несептегі катехоламиндер, норметанефрин мен ванилинминдаль қышқылының мөлшерлерін; антинуклеарлы антиденелер титрлерін зерттеу алдында тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде көлік құралын басқару және жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: аритмия, қарыншалық экстрасистолия, айқын брадикардия, AV блокада, АҚ айқын төмендеуі, жедел жүрек жеткіліксіздігі, гипогликемия, акроцианоз, тыныстың тарылуы, бронх түйілуі, бас айналу, естен тану ахуалдары, құрысулар.

Емі: асқазанды шаю және сіңіргіш дәрілік заттар тағайындау, симптоматикалық ем. Айқын брадикардияда – атропинді көктамыр ішіне енгізу. Егер әсері жеткіліксіз болса, оң хронотроптық әсері бар дәріні абайлап енгізу керек. Кейде жасанды ырғақ жетекшісін уақытша қою қажет болуы мүмкін.

AV блокадасы дамығанда – көктамыр ішіне 1-2 мг атропин, эпинефрин енгізу немесе уақытша кардиостимулятор қою; қарыншалық экстрасистолияда – лидокаин (Iа класс препараттары қолданылмайды); АҚ айқын төмендеген кезде – пациент Тренделенбург қалпында болуы тиіс (жамбасын сәл көтеріңкіреп, басқойғышты (столдың немесе кушетканың) 30-45°-қа сәл түсіріңкіреп еңкею қалпы; егер өкпенің ісіну белгілері болмаса, көктамыр ішіне плазма алмастырғыш ерітінділер, тиімсіз болған кезде – эпинефрин, допамин, добутамин (хронотропты және инотропты әсерді демеу және айқын АҚ төмендеуін басу үшін) енгізеді.

Гипогликемияда декстроза (глюкоза) ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу көрсетілген, жүрек жеткіліксіздігінде – жүрек гликозидтерін, диуретиктер, глюкагон; құрысуларда – көктамыр ішіне диазепам енгізеді; бронх түйілуінде – β2-адреномиметиктерді ингаляция арқылы енгізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді 3 немесе 5 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші / Қаптаушы

«Хемофарм» ЖШҚ, Обнинск қ., Ресей Федерациясы

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88,

факс: (831) 430-72-28,

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нижфарм» АҚ өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e-mail: almaty@stada.kz

Прикрепленные файлы

718473511477977599_kz.doc 95.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники