Войти

Базирон® АС (5%) Бензоила пероксид

Производитель: Лаборатории Галдерма
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzoyl peroxide
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021077
Дата регистрации: 24.12.2014 - 24.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Базирон® АС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған гель 2,5%, 5 %, 10%

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді зат бензоил пероксиді (сусыз затқа шаққанда) 2,5 % - 25 мг, 5 % - 50 мг, 10 % - 100 мг,

қосымша заттар: карбомер 940/карбопол 980, динатрий эдетаты, натрий докузаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, пропиленгликоль, полоксамер 182, 10% натрий гидроксиді ерітіндісі, глицерин, акрилат сополимері, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік біртекті гель

Фармакотерапиялық тобы

Безеу бөртпесін емдеуге арналған препараттар. Асқын тотықтар. Бензоилдің асқын тотығы.

АТХ коды D10AE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бензоил пероксиді тері арқылы сіңіріледі. Оның негізгі бөлігі бензой қышқылына айналады, ол сіңгеннен кейін жүйелі қан ағымына түседі және бүйрекпен тез шығарылады. Тіндерде жинақталуы болмайды. Бензоил пероксидінің теріге қолданылуы емдік дозада жүйелі әсер ететін жағымсыз әсерлерге әкелмейді.

Фармакодинамикасы

Базирон® АС – қабыну әсерлерінің негізгі себебі болып табылатын Propionibacterium acnes және Staphylococcus epidermidis қатысты микробқа қарсы белсенділік танытады. Кератолитикалық әсер көрсетеді, тіндердің оксигенациясын жақсартады, май бездеріндегі тері майы өнімін басады.

Қолданылуы

- жеңіл және орташа дәрежедегі безеу бөртпесінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртқа.

Гельді саусақтың ұшымен жеңіл массаждық қимылмен тәулігіне 1-2 рет (таңертең және кешке) құрғақ таза теріге жағу керек. Емдік әсері 4 апта емдегеннен кейін дамиды, 3 ай емдегеннен кейін тұрақты жақсарады.

Базирон АС 2,5% және 5% төмендегі жағдайларда қолданған дұрыс: жасөспірімдердегі безеу бөртпесі  терісі сезімтал, шашының түсі ашық немесе жирен адамдарда  аурудың бастапқы кезеңінде

 безеу бөртпесінен кейінгі тыртықтардың алдын алу үшін

Емді бастар алдында теріге тест жүргізу ұсынылады. Препаратты білектің алдыңғы беткейінің аздаған бөлігіне 48 сағатқа жағады. Егер қышыну және қызару туындамаса, препаратты бетке қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жергілікті тітіркену (қызару, қабыршақтану, терінің құрғауы, күйдіру сезімі)

- аллергиялық жанаспалы дерматит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттерінің біріне, пероксидтерге (сутегінің асқын тотығы және басқалар) жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Безеуді емдеуге арналған басқа топикалық дәрілермен бірге тағайындау терінің тітіркенуін және құрғауын күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қызару, күйдіру, қышыну, қабыршақтану, сирек ісіну түріндегі жеңіл тітіркену байқалуы мүмкін, бұл препаратты көтере алмаушылықты немесе аллергияны білдіреді, мұндай жағдайларда қолдану жиілігін төмендету немесе препараттың барынша төмен концентрацияларын пайдалану қажет. Егер тітіркену қайтпаса, препаратты қолдануды тоқтату керек.

Препараттың көздің, ауыздың және мұрынның шырышты қабықтарына түсуін болдырмау керек, кездейсоқ түсіп кеткен жағдайда жылы сумен мұқият жуу керек.

Препаратты терінің зақымдалған бөлігіне жақпаңыз.

Терісі ақшыл емделушілер және терінің барынша сезімтал бөліктеріне (мойын, декольте аумағы, бұғана ойықтары, сондай-ақ, көз бен ерін аумағы) абайлап қолдану керек.

Қабыршақтандыратын, құрғатқыш немесе тітіркендіргіш әсері бар косметикалық құралдарды, сондай-ақ, құрамында спирт бар парфюмерияны бір уақытта пайдалану ұсынылмайды. Жұмсақ сабынды тәулігіне 2 реттен көп пайдалану ұсынылмайды.

Күнге қыздырыну және ультракүлгін сәулелену ұсынылмайды, бұлар терінің тітіркенуіне қосымша себеп болып табылады, қажет болғанда күннен қорғайтын кремді қолдану керек.

Препараттың шашпен немесе киіммен жанасуын болдырмаңыз, себебі препарат олардың түсін өзгертуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Базирон®АС препаратын ұзақ уақыт пайдаланғанда ұрыққа уытты әсері немесе даму ақауы жағдайлары анықталмаған. Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолданудың бақыланатын клиникалық зертетулері жүргізілген жоқ.

Анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтималды қауіптен асатын болса ғана Базирон®АС препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ақ түсті полипропилен бұрандалы қалпақшалары бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған ақ түсті сықпаларға 40 г препараттан салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Лаборатории ГАЛДЕРМА, Франция

Zone Industrielle Montdesir,

74540 Alby sur Cheran, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

ГАЛДЕРМА Интернешнл, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында препараттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"Нэомедтэк" ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050059,

Алматы қ., Самал 2 ықш.ауд., 63 үй

8 (727)3006248

info@neomedtec.kz

Прикрепленные файлы

616639851477976541_ru.doc 52.5 кб
332583291477977699_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники