Войти

Аскорбиновая кислота (50 мг/мл) Аскорбиновая кислота

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№012925
Дата регистрации: 23.10.2013 - 23.10.2018
Предельная цена: 12.94 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді

Құрамы

Бір ампула құрамында:

белсенді зат – аскорбин қышқылы – 1 мл-же 50 мг немесе 2 мл-де 100 мг;

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий сульфиті, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе аздап боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Аскорбин қышқылы.

АТХ коды А11GА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазма ақуыздарымен байланысуы - 25%. Плазмадағы аскорбин қышқылының концентрациясы нормада шамамен 10-20 мкг/мл құрайды, организмдегі қорлары – күнделікті ұсынылатын дозаларды қабылдаған кезде шамамен 1,5 г және 200 мг/тәул.қабылдаған кезде – 2,5 г. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң – барлық тіндерге жеңіл өтеді; анағұрлым жоғары концентрациясына безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында жетеді; гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрекүсті безінің қыртысында, көз эпителиінде, аталық бездің аралық жасушаларында, аналық безде, бауырда, көкбауырда, ұйқы безінде, өкпеде, бүйректе, ішек жақтауларында, жүректе, бұлшықеттерде, қалқанша безде жинақталады; плацента арқылы өтеді. Аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмадағыға қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғары. Тапшылық жағдайында лейкоциттердегі концентрация кешірек әрі баяулау төмендейді және плазмадағы концентрацияға қарағанда тапшылықты бағалаудың ең жақсы критерийі ретінде қарастырылады.

Көбіне бауырда дезоксиаскорбин және одан әрі қарай қымыздық-сірке қышқылына және дикетогулон қышқылына метаболизденеді.

Өзгермеген аскорбат және метаболиттер түрінде бүйрекпен, термен, емшек сүтімен шығарылады. Жоғары дозаларда тағайындағанда шығарылу жылдамдығы күрт күшейеді. Шылым шегу және этанол қолдану организмнің қорын күрт төмендете отырып, аскорбин қышқылының бұзылуын (белсенді емес метаболитке айналуы) жеделдетеді. Гемодиализде шығарылады.

Фармакодинамикасы

С витаминінің белсенділігіне ие дәрілік зат метаболикалық әсер етеді, адам организмінде түзілмейді, тек тағаммен енеді. Тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуын, қанның ұюын, тіндердің регенерациясын реттеуге қатысады; организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады, тамыр өткізгіштігін азайтады, B1, B2, А, Е витаминдеріне, фолий қышқылына, пантотен қышқылына қажеттілікті төмендетеді. Фенилаланин, тирозин, фолий қышқылы, норэпинефрин, гистамин, темір метаболизміне, карбогидраттар утилизациясына, липидтер, протеиндер, карнитин синтезіне, иммунитет реакцияларына, серотонинді гидроксилдеуге қатысады, геминдік емес темірдің сіңірілуін күшейтеді. Көптеген биохимиялық реакцияларда сутегі иондарының тасымалдануын реттейді, трикарбондық қышқылдар циклінде глюкозаның пайдаланылуын жақсартады, тетрагидрофолий қышқылының түзілуіне және тіндердің регенерациясына, стероидты гормондардың, коллагеннің, проколлагеннің синтезіне қатысады. Жасушааралық заттың коллоидтік жағдайын және капиллярлардың қалыпты өткізгіштігін ұстап тұрады (гиалуронидазаны бәсеңдетеді). Протеолитикалық ферменттерді белсендіреді, хош иістендіргіш аминқышқылдарының, пигменттер мен холестериннің алмасуына қатысады, бауырда гликогеннің жиналуына ықпал етеді. Тыныс алу ферменттерінің белсендірілуі есебінен бауырда оның уытсыздандырғыш және ақуыз түзгіш қызметтерін күшейтеді, протромбин синтезін арттырады. Өт бөлінуін жақсартады, ұйқы безінің сыртқы секрециялық және инкреторлық – қалқанша бездің қызметін қалпына келтіреді. Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антиденелер, комплемент, интерферон С3-компоненті синтезін белсенділендіреді), фагоцитозға ықпал етеді, организмнің жұқпаларға қарсы тұруын арттырады. Гистаминнің босап шығарылуын тежейді және деградациясын жеделдетеді, простагландиндердің және басқа да қабыну медиаторларының және аллергиялық реакциялардың түзілуін бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- гипо- және C авитаминозын емдеуде (С витаминінің жедел орнын толтыру қажет болғанда және пероральді қолдану мүмкін болмағанда).

- аскорбин қышқылын қосымша енгізу қажеттілігімен байланысты клиникалық жағдайларда, соның ішінде парентеральді тамақтануда, асқазан ішек жолының ауруларында (персистирленетін диареяда, аш ішек резекциясында, пептидтік ойық жарада, гастрэктомияда), Аддисон ауруында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Инъекцияларға арналған ерітіндіні көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,05 - 0,15 г-нан (1 -3 мл 50 мг/мл ерітінді) емдік мақсатта енгізеді, ең жоғары бір реттік доза − 0,20 г (4 мл), тәуліктік − 1 г (20 мл). 6 айға дейінгі балаларға тәулігіне 20-30 мг-нан тағайындайды (0,4-0,6 мл 5% ерітінді), 6-12 айда – 35 мг/тәул. (0,7 мл 5% ерітінді), 1-3 жас – 40 мг/тәул. (0,8 мл 5% ерітінді), 4-10 жас – 45мг/тәул. (0,9 мл 5% ерітінді), 11-14 жас – 50 мг/тәул. (1 мл 5 % ерітінді), 15 жастан асқан балаларға тәулігіне 1 рет 60-100 мг (1,2-2 мл 5% ерітінді). Емдеу мерзімдері аурудың сипатына және ағымына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: к/і жылдам енгізгенде − бас айналуы, шаршағыштық сезімі, үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда (1 г-нан артық) − бас ауыруы, орталық жүйке жүйесі қозуының жоғарылауы, ұйқысыздық.

Несеп бөлу жүйесі тарапынан: орташа поллакиурия (дозаны 600 мг/тәул.артық қолданғанда), үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда − гипероксалурия, нефролитиаз (кальций оксалатынан), бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда − капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндер трофикасының нашарлауы, артериялық қысымның артуы, гиперкоагуляция, микроангиопатиялардың дамуы мүмкін), миокардиодистрофия.

Аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, тері гиперемиясы, анафилактикалық шок.

Зертханалық көрсеткіштер: тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильдік лейкоцитоз, гипокалиемия, глюкозурия, гипергликемия.

Жергілікті реакциялар: б/і енгізген жердің ауыруы.

Басқалар: үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда (1 г-нан артық) − ұйқы безінің инсулярлық аппаратының қызметінің бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия), гипервитаминоз, Na+ және сұйықтықтың кідіруі, Zn2+ және Cu2+ алмасуының бұзылуы, үлкен дозаларда көктамыр ішіне енгізгенде – жүктіліктің үзілу қаупі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

- үлкен дозаларда енгізу − гиперкоагуляция,

- тромбофлебит,

- тромбоздарға бейімділік,

- қант диабеті,

- бүйрек-тас ауруы,

- глюкозалық-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қандағы бензилпенициллин мен тетрациклиндердің концентрациясын арттырады; 1 г/тәул. дозада этинилэстрадиолдың (соның ішінде пероральді контрацепциялар құрамына кіретін) биожетімділігін арттырады.

Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттар тиімділігін төмендетеді.

Қысқа әсерлі салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеген кезде кристаллурияның даму қаупін арттырады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың (соның ішінде алкалоидтердің) шығарылуын арттырады, пероральді контрацептивтердің қандағы концентрациясын төмендетеді.

Өз кезегінде организмдегі аскорбин қышқылының концентрациясын төмендететін этанолдың жалпы клиренсін арттырады.

Хинолин қатарындағы дәрілік заттар, кальций хлориді, салицилаттар, глюкокортикостероидтар ұзақ қолданғанда аскорбин қышқылының қорларын тауысады.

Бір мезетте қолданғанда изопреналиннің хронотроптық әсерін азайтады.

Ұзақ қолданғанда немесе жоғары дозаларда қолданғанда дисульфирам мен этанолдың өзара әрекеттесуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрекпен шығарылуын арттырады.

Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады.

Фенотиазин туындылары – антипсихотикалық дәрілік заттардың (нейролептиктердің) емдік әсерін, амфетамин мен үш циклдік антидепрессанттардың өзектік реасорбциясын төмендетеді.

Фармацевтикалық тұрғыдан аминофиллинмен, блеомицинмен, цефазолинмен, цефапиринмен, хлордиазепоксидпен, эстрогендермен, декстрандармен, доксапраммен, эритромицинмен, метициллинмен, нафциллинмен, бензилпенициллинмен, варфаринмен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Аскорбин қышқылының кортикостероидтық гормондар синтезіне көтермелеуші әсеріне байланысты бүйрек қызметі мен артериялық қысымды қадағалап отыру керек.

Үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда ұйқы безінің инсулярлық аппаратының қызметін бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан емдеу барысында ұдайы бақылап отыру қажет.

Организмінде темір мөлшері жоғары емделушілерге аскорбин қышқылын ең төменгі дозада қабылдау керек.

Пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісігі бар емделушілерге аскорбин қышқылын тағайындау үдеріс ағымын қиындатуы мүмкін. Аскорбин қышқылы қалпына келтіруші ретінде түрлі зертханалық тестілер нәтижесін (қандағы глюкоза, билирубин мөлшерін, «бауыр» трансаминазалары мен лактатдегидрогеназалары белсенділігін) бұрмалауы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы

Егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық пен бала үшін әлеуетті қауіптен артатын жағдайда ған жүктілік және лактация кезеңінде қолданады. Анасы аскорбин қышқылын жоғары дозаларда қолданған кезде бала үшін теориялық тұрғыдан қауіп бар (бала емізетін анаға аскорбин қышқылын ең жоғары күнделікті қажеттіліктен асыру ұсынылмайды).

Жүктіліктің ІІ–ІІІ триместрінде аскорбин қышқылының ең төменгі күнделікті қажеттілігі – шамамен 60 мг. Жүкті әйел қабылдайтын аскорбин қышқылының жоғары дозаларына ұрықтың бейімделу мүмкіндігін назарға алу керек және содан кейін жаңа туған нәрестеде «тоқтату» синдромы дамуы мүмкін.

Лактация кезеңінде ең төменгі күнделікті қажеттілігі − 80 мг. Анасының емдәмінде аскорбин қышқылы мөлшерінің талапқа сай болуы, емшек еметін баладағы тапшылықтың алдын алуға жеткілікті.

Автокөлікті басқару қабілетіне және қозғалатын механизмдер жұмысына әсер етуі.

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары артық дозалану аскорбин қышқылын үлкен дозаларда немесе ұзақ уақыт бойы енгізгенде туындайды. Артериялық гипертензия, гипергликемия, глюкозурия, тромбоэмболиялық асқынулар, нефролитиаз дамиды.

Көмек шараларына препаратты тоқтату және симптоматикалық ем кіреді. Өзіне тән у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл немесе 2 мл-ден шыныдан жасалған ампулаларда.

Пышағымен немесе ампулаларды ашуға арналған скарификаторымен бірге 10 ампуладан гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымшасымен полиграфиялық картоннан жасалған қорапқа салынады.

Қораптар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға қапталынады.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар санына сәйкес келуі тиіс.

1 немесе 2 мл-ден 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған қосымшаға салынады. Пышағымен немесе ампулаларды ашуға арналған скарификаторы бар ампулалармен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге 1 қосымшадан картон пәшкеге салынады.

Пышағымен немесе ампулаларды ашуға арналған скарификаторымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге 10 ампула полиграфиялық картоннан жасалған ампулаларды бекітуге арналған картон қосымшасы бар тұтынушы ыдысына арналған картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты», ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск облысы, Борисов қ-сы, Чапаев к-сі 64,

Тел/факс +375(177)734043,

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты», ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі 64, тел/факс +375(177)734043,

электронды поштасы market@borimed.com

Прикрепленные файлы

290771481477976806_ru.doc 72.5 кб
447285281477977964_kz.doc 83.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники