Войти

Ампициллина тригидрат (250 мг) (Борисовский завод медицинских препаратов) Ампициллин

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ampicillin
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№012122
Дата регистрации: 04.11.2013 - 04.11.2018
Предельная цена: 4.62 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ампициллин тригидраты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ампициллин

Дәрілік түрі

250 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – ампициллин (ампициллин тригидраты түрінде) –250,0 мг

қосымша заттар: тальк, кальций стеараты, натрий кроскармеллозасы, картоп крахмалы.

Сипаттамасы

Сызығы мен ойығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Бета-лактамды бактерияларға қарсы препараттар. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Ампициллин.

АТХ коды J01CA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді, биожетімділігі 30-40 % құрайды. Қанда плазма ақуыздарымен (20% жуық) қайтымды байланысады.

Биотрансформацияға ұшырайды (10 %). Ампициллин көптеген тіндер мен ағзаларға таралады. Плацента арқылы өтеді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді. Ми қабығының қабынуында гематоэнцефалдық бөгеттің ампициллин үшін өткізгіштігі жоғарылайды. Негізінен бүйректермен өзгермеген күйінде шығарылады. Несепте өзгермеген антибиотиктің жоғары концентрациясы түзіледі. Аздап өтпен, емшекпен қоректендіретін аналарда – сүтпен шығарылады. Қайталап енгізгенде жинақталмайды, бұл ампициллин тригидратын ұзақ қолдануға мүмкіндік береді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының антибиотигі. Бактериялардың жасушалық қабырғаларының синтезін басу арқылы, бактерицидті әсер етеді.

Аэробты грамоң бактерияларға қатысты белсенді: Staphylococcus spp. (пенициллиназаны өндіретін штаммдарды қоспағанда), Streptococcus spp., Enterococcus spp., Listeria monocytogenes; аэробты грамтеріс бактериялар: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Bordetella pertussis, Haemophilus influenzae кейбір штаммдары.

Ампициллин пенициллиназаның әсерімен бұзылады, сондықтан пенициллин түзетін стафилококктарға әсер етпейді. Қышқылға төзімді.

Қолданылуы

Ампициллин тригидратының әсеріне сезімтал микроорганизмдермен туындаған жұқпалы-қабыну аурулар:

- жоғары тыныс жолдарының қабыну аурулары (фарингиттер, ларингиттер, бронхиттер); жедел және созылмалы тонзиллиттер (баспа); отиттер мен синуситтер

- несеп шығару жолдарының жұқпалары (пиелит, пиелонефрит, цистит)

- асқазан-ішек жолдарының жұқпалары (холангит, холецистит), оның ішінде дизентерия, иерсиниоздар, сальмонеллез тасымалдаушылық.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Доза мен емдеу ұзақтығын ағым ауырлығына, жұқпаның орналасуына және қоздырғыштар сезімталдығына байланысты әркімге жеке белгілейді.

Ішке, ас қабылдағанға дейін 30 минут бұрын немесе ас қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң.

Емдеу курсы 5-10 күнді құрайды. Дозалануын және емдеу ұзақтығын ауру ағымының ауырлығына, жұқпаның орналасуына және қоздырғыштың сезімталдығына байланысты жекелей анықтайды. Ересектерге - 250 – 500 мг (1 – 2 таблеткадан) күніне 4 рет. Қажет болғанда дозаны тәулігіне 3 г (12 таблетка) дейін жоғарылатады.

6 жастан асқан балаларға

Дозасын жекелей баланың салмағына және аурудың ауырлығына байланысты тағайындайды.

Ұсынылатын тәуліктік доза күніне 25-50 мг/кг.

Тәуліктік дозаны 4 қабылдауға бөледі.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея

Жиі емес

- кандидоз, дисбактериоз

- қышыну, есекжем, Квинке ісінуі, ринит, коньюнктивит

Сирек

- қызба, артралгия, эозинофилия, эритематозды және макулопапулезді бөртпе, эксфолиативті дерматит, мультиформалы экссудативті эритема,

оның ішінде Стивенс-Джонсонның, сарысу құю ауруына ұқсас реакциялар

- стоматит, глоссит, ауыздың құрғауы, дәм сезудің бұзылуы, гастрит, бауыр қызметінің бұзылуы, «бауыр» трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, гепатит, холестатикалық сарғаю, жалғанжарғақшалы колит

- ажитация немесе озбырлық, үрейлену, сананың шатасуы, мінез-құлықтың бұзылуы

- лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, анемия, қан кету уақытының ұзаруы және протромбин деңгейінің жоғарылауы

- интерстициальді нефрит, нефропатия

- асқынжұқпа (әсіресе созылмалы ауруларымен емделушілерде немесе

организмнің төзімділігі төмендегенде)

Өте сирек

- анафилактикалық шок

- депрессия

- құрысу (жоғары дозалармен емдеуде)

- агранулоцитоз, анемия

Жоғарыда аталған, сондай-ақ аталған нұсқаулықта сипатталмаған реакциялар пайда болған жағдайларда қабылдауды тоқтату және дереу емдеуші дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жекелей жоғары сезімталдық (оның ішінде басқа пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге)

- жұқпалы мононуклеоз, лимфолейкоз

- бауыр қызметінің ауыр бұзылуы

- сыртартқысында асқазан-ішек жолдарының аурулары (әсіресе антибиотиктерді қабылдауға байланысты колит)

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ампициллин тригидраты ішке қабылданатын контрацептивтердің тиімділігін төмендетеді, антикоагулянттар, аминогликозидтік қатардағы антибиотиктердің тиімділігін жоғарылатады. Аллопуринол тері бөртпесінің пайда болу мүмкіндігін артырады.

Пробенецид ампициллинмен бір мезгілде қабылдағанда соңғысының өзекшелік сөлінісін төмендетеді, осының нәтижесінде қан плазмасындағы ампициллин концентрациясы жоғарылайды және уытты әсерінің даму қаупі артады.

Ампициллин тригидратын бактерицидті антибиотиктермен, оның ішінде аминогликозидтермен, цефалоспориндермен, циклосеринмен, ванкомицинмен, рифампицинмен бір мезгілде қабылдағанда, синергизм; бактериостатикалық антибиотиктермен, оның ішінде макролидтермен, хлорамфениколмен, линкозамидтермен, тетрациклиндермен, сульфаниламидтермен – антагонизм байқалады.

Ампициллин тригидраты метотрексаттың шығарылуын төмендетеді, ол соңғысының уыттылығын күшейтуі мүмкін.

Антацидтер, глюкозамин, іш жүргізгіш дәрілер, аминогликозидтер Ампициллин тригидратының сіңуін баяулатады және азайтады, ал аскорбин қышқылы жоғарылатады.

Ампициллин тригидратын аллопуринолмен бір мезгілде қолданғанда әсіресе гиперурикемиямен науқастарда тері бөртуінің пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Бронх демікпесінде, пішен қызбасында және басқа да аллергиялық жағдайларда сақтықпен қолдану керек.

Ампициллинмен емдеу үдерісінде бүйрек, бауыр және шеткергі қан көрінісін жүйелі бақылау керек.

Зертханалық көрсеткіштеріне әсері: химиялық әдіспен несеп құрамында глюкозаны анықтаған жағдайда жалған оң реакция болуы мүмкін.

Ампициллинді қабылдау кезінде несепте глюкозаны анықтаудың глюкозооксидазалы әдісін қолдану ұсынылады.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Жүктілік кезінде ана үшін пайда ұрық үшін қауіптен асқан жағдайда қолдануға болады. Ампициллин тригидарты төмен концентрацияларда емшек сүтімен бөлінеді. Лактация кезінде қолдану қажет болған жағдайда емшекпен қоректендіруді тоқтату ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмамдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару немесе әлеуетті қауіпті механизмдермен жұмыс жасауда сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, құрысулар, жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді және тұзды іш жүргізгіштерді қабылдау, гемодиализ, гемоперфузия, симптоматикалық ем жүргізу. Арнайы у қайырғысы жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан қағаз және картон негізіндегі біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

Пішінді ұяшықсыз қаптамалар (пәшкеге салынбай) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге картоннан жасалған қорапта.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі,

64/27 тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің

(тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның

мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы market@borimed.com

Прикрепленные файлы

472783601477976771_ru.doc 64.5 кб
834433031477977934_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники