Войти

Мирогель спаг. Пекана

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021562
Дата регистрации: 04.08.2015 - 04.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Мирогель спаг. Пекана

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай, 35 г, 100 г

Құрамы

1 грамм жақпамайдың құрамында:

белсенді заттар

 

Arnica montana spag. Peka D12

0.035 г

Bryonia cretica spag. Peka D4

0.045 г

Guajacum D4

0.030 г

Toxicodendron querci folium D12

0.040 г

Bellis perennis spag. Peka D8

0.030 г

Ledum palustre D4

0.050 г

Ruta graveolens spag. Peka D6

0.040 г

Viscum album spag. Peka D4

0.050 г

қосымша заттар: орташа ұзындықтағы тізбегімен триглицеридтер, А типті эмульгациялайтын цетеарилді спирт, цетилді спирт, цетил пальмитаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Иіссіз немесе этанолдың әлсіз иісі бар, ақ біркелкі жақпамай, теріге жеңіл жағылады және жылдам сіңеді.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек- қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Тірек- қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.

Басқа да препараттар

АТХ коды M02AХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат біріктірілген болып саналады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат жергілікті қан айналымын қалыпқа келтіре отырып, қабынуға қарсы, ауыруды басатын және жараны жазатын әсер етеді. Спецификалық емес қорғаныш факторларын белсендіреді, гомеопатиялық сұйылтылған препараттың өсімдік, жануар тектес және минералдық компоненттерінің организмге бірлескен әсері есебінен организм функциясын қалпына келтіреді және қалыпқа түсіреді.

Гомеопатия жедел және созылмалы аурулар кезіндегі реттеу емі болып саналады. Әрбір өсімдік, жануар тектес және минералдық гомеопатиялық компоненттердің емдік мүмкіндіктері дені сау адамдарға дәрілік тестілермен (ұқсас белгілер), науқас адамдардың қолдануымен және токсикология нәтижелерімен расталған.

Дәрілік заттың осылайша алынған көрінісі гомеопатиялық ем үшін де, препарат рецептурасына да негіздеме болып саналады.

Рецептураның жекелеген компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.

Arnica montana ревматизмдік ауырулардың барлық типтері мен қан айналу проблемалары кезінде, жараларды және гематомаларды емдегенде, экстравазаттардың сіңуіне және тромбтардың еруіне ықпал етеді.

Bryonia cretica spag. Peka ревматизмдік аураларға тән қатты, шаншитын ауыру кезінде бұлшықетте, дәнекер тін және байламдарда невралгияға қарсы әсер етеді.

Guajacum – сіңірлер жиырылуымен, невралгиямен, невритпен, тендовагинитпен, подагра және аяқ-қолдың әр түрлі ревматизмдік ауыруларымен қатар жүретін полиартриттік ревматизмнің гомеопатиялық компоненті.

Toxicodendron querci folium дәрілік өсімдігінің көрінісі шаншып ауыру бел-сегізкөз радикулиті, неврит және тендовагинит типті сүйек және байламдар созылмалы ревматизмдік аурулардың клиникалық көрінісімен сәйкес келеді.

Bellis perennis spag. Peka – гиперемияға әсер ететін фактор, миалгия және артралгия кезінде ауыруды азайтады, созылулар, контузиялар, гематомалар және жаралар кезінде жақсы жазылу үшін қан айналымын көтермелейді.

Ledum palustre – қозғалғыштық пен сезімталдық жоғалатын ревматизмдік ауыруларда, ісінген және қабынған аймақтағы подагра кезінде, олар лимфалық қантамырлардың бұзылуымен және жұқпа жұққан жаралармен қатар жүруі мүмкін.

Ruta graveolens spag. Peka – созылулар, гематомалар, соғылулар, ганглиомалар мен тізе мен аяқтың атониялық күйі кезінде тиімді, қан айналымын демейді және көктамырлардың варикоздық кеңеюін төмендетеді.

Viscum album spag. Peka – бел-сегізкөз аймағы қатты ауыратын созылмалы ревматизм аурулары, неврит, қисық мойын және дене температурасын реттеу проблемаларымен бірге арқа дискісі ауыруының синдромы.

Қолданылуы

- жарақаттық зақымданулардың барлық түрлерінде – байламдардың созылуы, шығып кетулер, деформациялар, соғылулар;

- тірек-қимыл аппаратының әр түрлі бөліктерінің қабынуымен байланысты қабыну және дегенеративтік үдерістерде - артрит, полиартрит, тендовагинит, бурсит, миогелез және миалгия.

Мирогель спаг. Пекананы балаларға 1 жастан бастап пайдалануға болады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 1 жастан асқан балалар.

Зақымданған жердің терісіне жұқалап жағып, 5 минут бойы абайлап ысқылау керек. Күніне 1-2 рет қолданады.

Ысқылаудың орнына жақпамайымен таңғышты пайдалануға болады.

Ауру басталуының жедел жағдайларында жақпамайды күніне 4 ретке дейін жағуға болады. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі пайдалануға көшу керек.

Алдыңғы ем-шарасын өткізіп алсаңыз, екі еселенген дозаны пайдаланбаңыз.

Әдеттегі емнің ұзақтығы 7 – 10 күн.

Егер жағдайыңыз нашарлап кетсе немесе жақсару 7 күннен соң басталмаса, дәрігерге көрініңіз.

Созылмалы және қайталанатын аурулар

Созылмалы және қайталанатын аурулар кезінде (мысалы, артриттің созылмалы түрлерінде) оң нәтижелерді бекіту үшін 2 – 3 ай бойы жақпамайды күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Препарат компоненттері – цетеарилді және цетилді спирттер – жергілікті тері реакцияларын туындатуы мүмкін (жанаспалы дерматит типті).

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Мирогель спаг. Пекананы қолдануды тоқтату қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- ашық жараларға пайдалануға болмайды

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Мирогель спаг. Пекананы ионофорез немесе ультрафонофорез үшін пайдалануға болады.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесі стимуляциясына байланысты (бастапқы реакция) бар аурулардың асқынулары мүмкін. Дәрілер қабылдауды бастапқы реакция қарқындылығын азайтқанға дейін тоқтатқан жөн, содан соң дәрі қабылдауды қайта бастауға болады. Бар аурулар қайталап асқынғанда препарат қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік немесе лактация кезінде қолданғанда ешқандай жоғары қауіптің белгілері жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде Сіз сақтық танытуға тиіссіз.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

35 г немесе 100 г препараттан ішкі лак жабыны мен бұрандалы пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сықпаны алғаш ашқаннан кейін – 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

Райффейсенштрассе 15, D-88353 Кисслегг, Германия

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің иесі

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік запттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фирма «Санжар» ЖШС

Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 33 - 34, тел: 248-33-02

e-mail: info@sanzharpharma.kz

 

Прикрепленные файлы

162143431477976422_ru.doc 64.5 кб
347759131477977623_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники