Д3-Капелька

МНН: Колекальциферол
Производитель: Тева Оператион Поланд Сп. з.о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Colecalciferol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021181
Информация о регистрации в РК: 05.02.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 463.18 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Д3-Капелька

Халықаралық патенттелмеген атауы

Колекальциферол

Дәрілік түрі

Ішілетін тамшылар 4 000 ХБ/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің (20 тамшы) құрамында

белсенді зат - колекальциферол 0.11 мл (4 000 ХБ/мл сәйкес келеді)

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, бутилгидрокси-толуол, полиэтиленгликоль глицеролгидростеараты, полиэтиленгликоль (макрогол), пропиленгликоль, сусыз лимон қышқылы, сусыз динатрий гидрофосфаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе сәл бозаңданатын ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. А және Д витамині және олардың біріктірілімі. Д витамині және оның туындылары. Колекальциферол.

АТХ коды А11СС05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Колекальциферол (Д3 витамині) адам терісінде табиғи үлгіде витаминнің ізашары болып табылатын 7-дегидрохолестерол түрінде болады, ол колекальциферолға фотохимиялық тұрғыда белсендіріле отырып, бауырға ауысады.

Д3 витаминін пероральді қолданудан кейін он екі елі және аш ішекке белсенді емес диффузия көмегімен жақсы сіңеді.

Қанда спецификалық D-байланыстыратын ақуызбен байланысады және 25-гидроксиколекальциферолға бірінші гидроксилденуге ұшырайтын бауырда трансформацияланады, содан соң бүйректің кортикальді жасушаларда белсенді метаболит 1, 25- дигидрохолекальциферолға трансформацияланады.

Қан плазмасында шыңдық концентрациясына пероральді қолданудан кейін 2-6 сағаттан соң жетеді.

Колекальциферол баяу босатыла отырып, бауырда, май тінінде, қаңқа бұлшықеттері мен теріде жинақталады.

Д3 витамині мен оның метаболиттері нәжіспен шығарылады және елеусіз мөлшері несеппен бөлінеді. Жинақталады.

Фармакодинамикасы

Д3-Капелька препаратының белсенді заты сулы ерітіндідегі колекальциферол болып табылады. Д3-Капелька препаратының функциясы кальций және фосфат метаболизмін реттеу болып табылады, бұл қаңқаның минералдануына және өсуіне ықпал етеді. Д3 витамині адам терісінде күн сәулесінің әсерінен түзілетін Д витаминінің табиғи түрі болып табылады. Кальций мен фосфаттардың ішектен сіңірілуінде, минералды тұздар тасымалдануында және сүйектер кальцификациясы үдерісінде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ кальций мен фосфаттардың бүйрек арқылы қайта сіңуін реттейді. Паратиреоидты гормонмен және кальцитонинмен бірге қан сарысуында кальций мен фосфаттар деңгейін реттейді. Кальций иондары қаңқа бұлшықеттерінің тонусын демеуге, жүйке қозуының өтуіне, қан ұю үдерісіне байланысты бірқатар маңызды биохимиялық үдерістерге қатысады.

Д3 витаминінің тапшылығы паратиреоид гормоны өнуінің артуын және сүйектен кальцийдің шайылуын арттырады. Бұл балаларда рахитке, ересектерде – остеомаляция мен остеопорозға әкеледі.

Қолданылуы

- емшектегі балалар мен кішкентай балаларда рахиттің алдын алуда, әсіресе толыққанды және теңгерімсіз тамақтану, мальабсорция синдромы, жеткіліксіз инсоляция кезінде

- жүктілік және лактация кезеңінде организмнің Д витаминіне қажеттілігі артуының орын толтыру

- менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдер остеопорозында (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты сұйықтықтың аздаған мөлшерімен, мысалы бір шай қасық шырын немесе сүтпен ішке қабылдайды.

1 тамшының құрамында 200 ХБ жуық колекальциферол бар.

Нәрестелерге емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, өмірінің бірінші жылы бойы 2-5 тамшыдан (400-1000 ХБ) тағайындайды.

1 жастан асқан балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге күнделікті 2 тамшыдан (400 ХБ) тағайындайды.

Остеопороздың алдын алу үшін тәулігіне 2-5 тамшыдан (400-1000 ХБ) тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, іштің қатуы немесе диарея, шөлдеу сезімі, метеоризм

- бас ауыруы, бұлшықет және буынның ауыруы, әлсіздік

- полиурия

- қанда және несепте кальций деңгейінің жоғарылауы

- гипертонияға, жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін бүйректе тас түзілуі, қан тамырлары мен жұмсақ тіндер кальцификациясы

- балалар өсуінің бәсеңдеуі

- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, есекжем)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- Д гипервитаминозы

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

Сақтықпен

- бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректе тас болуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Холестирамин, рифампицин, колестипол, неомицин, минералды майлар асқазан-ішек жолынан Д3 витаминінің сіңуін төмендетеді.

Фенитоин, барбитураттар сияқты құрысуға қарсы дәрілер Д3 витаминінің әсерін төмендетеді.

Д3-Капелька препаратын тиазидті диуретиктермен немесе кальций препараттарымен бір мезгілде қолдану гиперкальциемияның даму қаупін арттырады.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану олардың уытты әсерін (жүрек ырғағы бұзылуының қаупі артады) күшейтуі мүмкін.

Құрамында алюминий және магний бар антацидтерді бір мезгілде қолдану аясында ұзақ емдеу олардың қандағы концентрациясын және уыттанудың туындау қаупін (әсіресе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болғанда) арттырады.

D витаминінің басқа да аналогтарымен бір мезгілде қолданғанда гипервитаминоздың даму қаупі артады.

Глюкокортикоидтармен бір мезгілде қолдану препараттың әсерін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұсынылған дозада қолданған кезде әдетте жағымсыз әсерлерінің пайда болуы байқалмайды.

Сирек байқалатын Д3 витаминіне жеке жоғары сезімталдық жағдайында немесе ұзақ кезең бойы тым жоғары дозаларды қолданудың нәтижесінде Д3 гипервитаминозы туындауы мүмкін.

Артық дозаланудан аулақ болу қажет. Балаларға ұсынылатын тәуліктік доза 500 ХБ (2 тамшы Д3-Капелька препараты) аспауы тиіс. Белгілі бір қажеттілікті жекелей қамтамасыз ету мүмкін болатын осы витаминнің барлық көздері ескерілуі тиіс.

Баланың Д витаминін тәуліктік қажет етуін мен оны қолданудың тәсілін анықтауды дәрігер әр адамға жекелей белгілеуі және әр жолы мерзімдік тексеру кезінде, әсіресе өмірінің алғашқы айларында, түзетіліп отырылуы тиіс.

Жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупінің мүмкіндігіне байланысты емшектегі балаларға сақтықпен қолдану керек, сондай-ақ бүйрек функциясының бұзылуы бар, бүйрегінде тасы бар емделушілерде, жүрек ауруларында, сонымен қатар гиперкальциемияның даму қаупінің жоғары болуына байланысты жүрек ауруларында сақ болу керек. қартайған жастағы адамдарға препаратты тағайындағанда сақ болу қажет, өйткені бұл санаттағы адамдарда өкпеде, бүйректе және қантамырларында кальцийдің шөгуі күшейеді.

Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Д3 витаминін кальций препараттарымен бір мезгілде жоғары дозада қолдану ұсынылмайды.

Емдеу қан мен несепте кальций мен фосфор деңгейін мерзімді бақылау арқылы жүргізіледі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезінде Д3 витаминін қажет етудің ұлғаюымен байланысты препаратты қолдану көрсетіледі, алайда препараттың ұсынылатын дозаларынан асыруға болмайды. Жүкті және бала емізетін әйелдер үшін ұсынылатын доза 500 ХБ (2 тамшы Д3-Капелька препараты) аспауы тиіс. Артық дозаланғанда тератогенді әсерінің байқалу мүмкіндігіне байланысты (дене және ақыл-ой дамуының ақаулары, аорталық стеноз, ретинопатия) жүктілік кезеңінде Д3 витаминін барынша жоғары дозада қолданбаған жөн.

Д3 витаминін лактация кезеңінде сақтықпен тағайындаған жөн, өйткені препаратты анасы жоғары дозада қолданғанда балада іш қату, жүрек айну, құсу сияқты симптомдар туындауы мүмкін. Д3 витамині емшек сүтімен бөлінеді, балаға витаминнің қосымша дозаларын тағайындағанда осыны ескерген жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: мазасыздық, шөлдеу, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, іштің қатуы, іштің шаншуы, полиурия. Бас, бұлшықет және буынның ауыруы, психиканың бұзылуы, соның ішінде депрессия, мелшию, атаксия және дене салмағын қарқынды жоғалту, бүйректе тас түзілуі жиі кездесетін симптомдар болып табылады, жұмсақ тіндердің, оның ішінде қан тамырлары, жүрек, өкпе және тері кальцификациясы болуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, сұйықтықты көп ішу, симптоматикалық ем, қажет болғанда – глюкокортикостероидтармен емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден ендірілген тамшылатқышы бар, полипропилен қалпақшамен тығындалған күңгірт шыны құтыда.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Teva Operations Poland Sp. z o.o.», Краков, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Teva Pharmaceutical Industries Limited”, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: teva@teva.co.il

Прикрепленные файлы

489937801477976513_ru.doc 66 кб
804578821477977672_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники