Цетрин® (таблетки, 10 мг)

МНН: Цетиризин
Производитель: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cetirizine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003698
Информация о регистрации в РК: 27.03.2023 - 27.03.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Цетрин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цетиризин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 10 мг цетиризин гидрохлориді

қосымша заттар: лактоза (450 mesh), жүгері крахмалы, повидон (K-30), магний стеараты

қабықтың құрамы – гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза 6 cps), сорбин қышқылы, титанның қостотығы Е171, тазартылған тальк, макрогол (Полиэтиленгликоль 6000), полисорбат 80, диметикон.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беткейі дөңес, бір жағында сындыру сызығы бар және екінші жағы тегіс беткейлі, диаметрі (8.20 ± 0.20) мм және қалыңдығы (3.50 ± 0.20) мм, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі әсер ететін антигистаминді препараттар. Пиперазин туындылары.

АТХ коды R06AE07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ішкеннен кейін цетиризин плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) 1 сағаттың ішінде жетеді. Препаратты тамақпен бірге қабылдау сіңірілу ауқымына әсер етпейді, ал сіңу жылдамдығы аздап төмендейді.

Плазма ақуыздарымен байланысы 93% құрайды және цетиризин концентрациясының 25 – 1000 нг/мл диапазонында өзгермейді.

Цетиризиннің фармакокинетикалық параметрі оны 5–60 мг дозада тағайындау кезінде дозаға байланысты өзгереді.

Таралу көлемі – 0,5 л/кг. Емшек сүтіне енеді.

Фармакологиялық белсенді емес метаболиттің түзілуімен бауырда О-дезалкилдену жолымен аздаған мөлшерде метаболизденеді (Р450 цитохром жүйесін қатыстыра отырып метаболизденетін Н1-гистаминді рецепторларының басқа блокаторлардан айырмашылығы).

Жүйелі клиренсі 53 мл/мин құрайды. Ересектерде жартылай шығарылу кезеңі 7 – 10 сағат, 6 – 12 жастағы балаларда – 6 сағат, 2 – 6 жаста – 5 сағат, 0,5 – 2 жас – 3,1 сағат. Егде науқастарда жартылай шығарылу кезеңі 50%-ға ұлғаяды, жүйелік клиренсі 40%-ға төмендейді (бүйрек функциясы төмендейді).

Жинақталмайды. Препараттың 2/3 бүйректен өзгермеген түрде және 10%-ға жуығы нәжіспен бірге шығарылады. Гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

Цетрин – шеткергі гистаминдік Н1-рецепторлардың селективті антагонисі, гидроксизиннің карбоксилденген метаболиті, Н1-гистаминдік рецепторларды бөгейді, ұзақ уақыт әсер ететін препарат. Қабыну реакциясына (негізінде эозинофилдер) қатысатын жасушалардың кешеуілдеген миграция фазасын тежей отырып, аллергияға қарсы әсер көрсетеді. Аллергиялық қабынудың маркерлері болып табылатын ICAM-1 және VCAM-2 сияқты адгезия молекулаларының эксперессиясын төмендетеді.

Аздаған антихолинергиялық және серотонинге қарсы белсенділігі бар. Цетрин суыққа пайда болатын есекжем және дермографизммен науқастарда тері реакциясын басады.

Қолданылуы

- маусымдық және жыл бойғы ринитте

- аллергиялық конъюнктивитте

- есекжемде

- пішен қызбасында

- аллергиялық дерматитте

- ангионевротикалық ісінуде

- атопиялық бронх демікпесінде кешенді ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Цетринді ішке қабылдауға тағайындайды, тамақтануға байланыссыз, таблетканы 200 мл сумен бірге ішеді.

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға бір реттік 10 мг-ден немесе 5 мг-ден тәулігіне 2 рет.

Ең жоғары тәуліктік дозасы – 10 мг. Ұсынылған тәуліктік дозадан асыруға болмайды.

Емдеу ұзақтығы әрбір адамға жеке белгіленеді және әдетте 2–3 аптаны құрайды. Маусымдық аллергиялық ринитте – 3–4 апта, тозаңның қысқа мерзімдік әсер етуінде - 1 апта.

Жағымсыз әсерлері

- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, іштің ауыруы, диарея

- ұйқышылдық, қажығыштық, бас айналуы, бас ауруы, бас сақинасы, дәм сезудің төмендеуі, ашушаңдық, қозғыштық, депрессия, озбырлық реакциялары, құрысулар, елестеулер, өлі туу

- фарингит, ларингит, мұрыннан қан кету

- ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем, қышыну

- бронхтың түйілуі, жөтел

- тахикардия

- ↑АЛТ/АСТ, сілтілі фосфатаза, билирубин

- несеп шығарудың бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- ауыр дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, диазепам және глипизидпен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Теофиллинмен бірге тағайындау (400 мг/тәул) жалпы цетиризин клиренсінің 16%-ға төмендеуіне (теофиллиннің кинетикасы өзгермеген) әкелген.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр функциясы бұзылған науқастарға қолдану

Бауыр функциясы бұзылған ересектерге және 12 жастан асқан балаларға күнделікті препарат дозасын тәулігіне бір рет 5 мг дейін төмендетуге болады. Сондай-ақ 6-дан 11 жасқа дейінгі науқастарға да ұсынылған күнделікті доза күніне бір рет 5 мг құрайды. Бауыр функциясы бұзылған 2-ден 5 жасқа дейінгі науқастарға цетиризинді тағайындау ұсынылмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға қолдану

Ересектерге және 12 жастан асқан бүйрек функциясы төмендеген немесе гемодиализдегі науқастарға препараттың күнделікті дозасын тәулігіне бір рет 5 мг дейін төмендетуге болады. Сондай-ақ бүйрек функциясы бұзылған 6-дан 11 жасқа дейінгі науқастарға мынадай күнделікті доза ұсынылады – 5 мг күніне бір рет. Бүйрек функциясы бұзылған 2-ден 5 жасқа дейінгі науқастарға цетиризинді тағайындау ұсынылмайды.

Егде жастағы науқастарға қолданылуы

Егде жастағы науқастарда бүйрек функциясының бұзылуы жиі болады. Сондықтан әрі қарай доза жекелей таңдалады және бүйрек функциясын бақылау қажет болуы мүмкін.

Алкогольмен бір мезгілде қолданған кезде үрей сезімі пайда болуы және ОЖЖ белсенділігін төмендетуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ұйқышылдықты туғызатын болғандықтан жоғары зейін шоғырландыруды және тез психомоторлық реакцияны талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысатын пациенттерге препаратты тағайындау кезінде абай болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, мазасыздану, қатты ашушаңдық, несеп іркілуі, тахикардия, ауыздың кеберсуі, іш қату.

Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед»

7-1-27 Амерперт, Хайдерабад-500 016, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының өкілдігі

050057 Алматы қ., 22 желі к-сі, 45,

8 (727) 3941699, 8 (727) 3941689, факс:3941294 (110), info@drreddys.kz

 

Прикрепленные файлы

826777711477977111_ru.doc 51 кб
363254591477978280_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники