Шалфей (Фито-чай)

МНН: Шалфея лекарственного листья
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019177
Информация о регистрации в РК: 12.03.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сәлбен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Фито-шай 1 г

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Код АТХ V03A

Қолданылуы

Кешенді емде шаю үшін

- ауыз қуысы ауруларында

- ларингиттерде

- трахеиттерде

- фарингиттерде

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Балалар

6 жастан бастап дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

6 жастан бастап дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

қолданылмайды

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

1-2 сүзгі – пакетке 150-200 мл қайнаған су құйып, 15-20 минут тұндырады. Күніне 5 рет 2-3 сағат сайын шаю керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Мүмкін

  • аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір сүзгі-пакеттің ішінде

белсенді зат - 1 г сәлбеннің майдаланған жапырақтары Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 2 мм електен өтетін және тесіктерінің диаметрі 0.5 мм електен өтпейтін жасыл, сұрғылт – жасыл немесе күміс жапырақтарының ақ ірі ұнтағы. Хош иісті. Дәмі ащы-татымды, сәл тұтқыр.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Өндіруші кәсіпорынның тауар белгісінің жапсырмасымен бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакеттерде 1 г препараттан. Бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакетті полимерлі үлбірден және біріктірілген материалдардан жасалған пакетке салуға рұқсат етіледі.

20 сүзгі-пакеттен немесе полимерлі үлбірден және біріктірілген материалдардан жасалған пакеттердегі 20 сүзгі–пакеттен қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынады.

Қорапшаны полипропилен үлбірмен жабады, содан кейін қораптағы картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге салынады.

Сақтау мерзімі

18 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Зерде - Фито» ЖШС, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Химфармзавод шағын ауданы, ғимарат 2/1.

телефон/факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Зерде - Фито» ЖШС, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Химфармзавод шағын ауданы, ғимарат 2/1.

телефон/факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Зерде - Фито» ЖШС, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Химфармзавод шағын ауданы, ғимарат 2/1. телефон/факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27, е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Прикрепленные файлы

Шалфей_ф-чай_каз.docx 0.03 кб
Шалфей,_фито-чай_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники