Витрум®

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015020
Информация о регистрации в РК: 10.08.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ВИТРУМ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

А витамині (ретинол ацетаты және бета-каротин)

5000

ХБ1

D3 витамині (холекальциферол)

400

ХБ 2

Е витамині (альфа токоферол ацетаты)

30

ХБ 3

С витамині (аскорбин қышқылы)

60.00

мг

Фолий қышқылы

400.00 мкг

В1 витамині (тиамин мононитраты)

1,50

мг

В2 витамині (рибофлавин)

1,70

мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

2.00

мг

В12 витамині (цианокобаламин)

6.00

мкг

Никотинамид

20.00

мг

Биотин

30.00

мкг

Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

10.00

мг

К1 витамині (фитоменадион)

25.00

мкг

Кальций (кальций гидрофосфаты)

162.00

мг

Калий (калий хлориді)

40.00

мг

Фосфор (кальций гидрофосфаты)

125.00

мг

Йод (калий йодиді)

150.00

мкг

Темір ( темір фумараты )

18.00

мг

Магний ( магний тотығы )

100.00

мг

Мысыс тотығы)

2.00

мг

Мырыш (мырыш тотығы)

15.00

мг

Хлоридтер (калий хлориді)

36,30

мг

Хром (хром хлориді)

25.00

мкг

Молибден (натрий молибдаты)

25.00

мкг

Марганец (марганец сульфаты)

2,50

мг

Селен (натрий селенаты)

25.00

мкг

Қалайы (қалайы хлориді)

10.00

мкг

Никель (никель сульфаты)

5.00

мкг

Кремний (кремний тотығы)

10.00

мкг

Ванадий (натрий метаванадаты)

10.00

мкг

1 –1515 мкг ретинол эквивалентіне баламалы

2 –10 мкг холекальциферолға баламалы

3 –30 мг альфа токоферол ацетатына баламалы

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,

қабық құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин, сары FD&C бояғыш #6 (Е110), қызыл FD&C бояғыш #40 (Е129).

Сипаттамасы

Бір жағында бөлгіш сызығы және екінші жағында «VITRUM» өрнегі бар шабдалы түстен ашық-шабдалы түске дейінгі, қабықпен қапталған капсула тәрізді таблеткалар. Өзіне тән иісі болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да минералды заттары бар поливитаминдер.

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Витрум® препаратының фармакологиялық қасиеттері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық қадағалау жүргізу мүмкін емес; барлық компоненттерді маркерлер мен биозерттеулер көмегімен бақылау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Витрум® препараты организмге витаминдердің, макро- және микроэлементтердің теңгерімді түсуін қамтамасыз етеді. Қалыпты зат алмасуды ұстап тұруға ықпал етеді, организмнің иммундық қорғанысын көтермелейді, жоғары дене және ақыл-ой жүктемесінен кейін организмнің қалыпқа келуіне көмектеседі.

А витамині – көздің шырышты қабығының және тері эпителийі жасушаларының өсуі мен дифференцациялануын қалыпқа келтіреді, организмнің қорғаныс күштерін белсендіреді, иммунитеттің тиімділігі жоғары стимуляторы болып табылады, ісікке қарсы, вирусқа қарсы қорғанысты, аутоиммундық және иммун тапшылығы жай-күйлеріне тұрақтылықты қамтамасыз ететін Т-лимфоциттер мен макрофагтардың цитоуытты функцияларын белсендіреді.

Бета-каротин А витаминінің ізашары болып табылады. Иммуномодуляциялайтын әсер көрсетеді, В- және Т-лимфоциттер дифференцациялануын көтермелейді, бос радикалдардың белсенділігін жоюдың айқын қабілетіне ие.

D витамині сүйек тіндерінің минералдануына қатысады, кальций мен фосфор метаболизміне әсер етеді.

Е витамині жасуша жарғақшаларын бұзылудан қорғай отырып, олардың тұрақтылығын ұстап тұрады, липидтердің тотығуын тежеу және организмде тотығу-тотықсыздану және метаболизмдік үдерістерді тұрақтандыру есебінен айқын антиоксиданттық әсер көрсетеді.

С витаминітіндер регенерациясына (қалыпқа келуіне) қатысады, қылтамырлар өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, көптеген уытты заттарды залалсыздандырады және интерферондар синтезін ұлғайта отырып, иммунологиялық реакцияларда негізгі рөл атқарады.

Фолий қышқылықан түзу үдерістеріне қатысады, бауырдағы май алмасуына, холестерин мен бірқатар витаминдер алмасуына оң әсер етеді.

В1 витамині орталық, шеткері жүйке жүйелерінің, жүрек-қантамыр және эндокринді жүйелердің қызметін қалыпқа келтіреді; көмірсу алмасуына қатысады.

В2 витамині энергетикалық алмасу және биологиялық тотығу үдерістеріне қатысады, ультракүлгіннің шамадан тыс әсерінен көздің торқабығын қорғайды, жүйке жүйесінің, терінің, шырышты қабықтардың жұмысын жақсартады.

В6 витамині орталық және шеткері жүйке жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

В12 витамин – нуклеин қышқылдары синтезіне қатысады, қан түзу үдерістеріне әсер етеді, жүйке жүйесінің қызмет атқаруына әсер етеді; бауырдағы май алмасуына жағымды әсер етеді.

Никотинамидорганизмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейді, жасушалық тыныс алу үдерістерін реттеуге қатысады, жүрек бұлшықеті метаболизмін жақсартады, миокардтың жиырылғыш қабілетін күшейтеді.

Биотиналмасу үдерістеріне қатысады, глюкоза, май қышқылдары, стероидты қосылыстар мен амин қышқылдары синтезі реакцияларында маңызды рөл атқарады.

Пантотен қышқылы май қышқылдарының метаболизміне қатысады, липидтік алмасуды қалыпқа келтіреді, тіндердің дамуын және дифференцациялануын қамтамасыз етеді.

К1 витаминіқан ұю үдерісі үшін қажет, қантамыр жақтаулары тұрақтылығының жоғарылауына ықпал етеді.

Кальций – сүйек тінін құрайды және ұстап тұрады, жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, жүректің жиырылу ырғағын, қан тамырлары тонусын қамтамасыз етеді. Организмдегі темір метаболизміне ықпал етеді.

Калий –амин қышқылдары мен глюкозаны жасушаларға тасымалдайды, жүйке импульстарының өткізгіштігіне жауап береді, бұлшықеттің (соның ішінде миокардтың) жиырылуын бақылайды, артериялық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Фосфор метаболизмдік үдерістерде, энергетикалық алмасуда маңызды рөл атқарады, ми, қаңқа және жүрек бұлшықеті жұмысына, бірқатар гормондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады.

Йодқалқанша без гормондары синтезін қамтамасыз етеді, барлық тіндер жасушаларының өсуіне және дифференцациялануына, барлық гормондардың метаболизміне қатысады.

Темір –электрондардың, оттегінің тасымалдануына жауап береді, тотығу-тотықсыздану реакцияларын қамтамасыз етеді, гемоглобин құрамына кіреді.

Магнийсүйек тіні құрылымын қалпына келтіреді, организмнің қорғаныс күштерін күшейтеді, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Мысоттегінің тіндерге тасымалдануына ықпал етеді, гемоглобиннің түзілуіне және эритроциттердің құралуына жауап береді, ақуыздар мен көмірсулардың сіңірілуін көтермелейді, организмге түсетін темірдің гемоглобинге айналуы үшін қажет, қалқанша без функциясын жақсартады.

Мырыш –инсулин мен басқа да гормондардың синтезін көтермелейді, орталық жүйке жүйесінің қызмет атқаруына оң әсер етеді.

Хлориондардың жарғақша арқылы тасымалдануында және биоэлектірлік потенциал түзілуінде маңызды рөл атқарады, бауырда гликогендердің жинақталуына ықпал етеді.

Хром көмірсу алмасуы реттелуіне, жүрек бұлшықеті, тамырлар әрекетіне қатысады.

Молибден – пуриндер алмасуын және несеп қышқылының өндірілуін қамтамасыз етеді.

Марганец – организммен қан түзу үшін пайдаланылады, кейбір ферменттердің кофакторы болып табылады, көмірсу және минералды алмасуды реттейді, сүйек тіні құрамына кіреді, организмнің өсуін және эндокриндік жүйе функциясын көтермелейді.

Селен – антиоксидант, организмнің қорғаныс күштерін және орталық жүйке жүйесінің қызмет атқаруын көтермелейді.

Қалайытемірдің алмасуына қатысатын ферменттердің белсенділігіне әсер етеді.

Никельқан түзу үдерістерін көтермелейді, тіндердегі тотығу үдерістерін күшейтеді, көмірсу және липидтік алмасуларға қатысады.

Кремний –коллаген – дәнекер тіннің ақуызын құру үшін қажет, тырнақ, тері және шаштың сау қалпын ұстап тұруға ықпал етеді, кальцийдің сіңірілуі және сүйектердің құралу үдерісі үшін қажет. Кремний артерия қабырғаларының созылғыштығын ұстап тұру үшін қажет және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Ванадийжасушалық метаболизм үдерістеріне қажет, көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, глюкозаның утилизациялануын көтермелейді, инсулиннің белсенділігін арттырады.

Қолданылуы

  • гиповитаминоздың, авитаминоздардың, минералды заттардың және микроэлементтердің жеткіліксіздігінің профилактикасында және емдеуде

  • қарқынды ақыл-ой және дене жүктемелерінде, бастан өткерген аурулардан кейін сауығу кезеңінде

  • жеткіліксіз және теңдестірілмеген тамақтануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге тамақтан кейін күніне 1 таблеткадан. Препаратты қабылдау курсы 30 күн. Қайталау курстары дәрігердің ұсынуы бойынша жүргізіледі.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • А және D гипервитаминозы

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін Витрум® препараты басқа да дәрілік препараттармен клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Витрумды® құрамында ұқсас витаминдер мен минералдар бар препараттармен бір уақытта қабылдағанда артық дозалану қаупі күшейеді.

Витрум® құрамында темір мен кальций бар, сондықтан тетрациклиндер тобының антибиотиктерінің, сондай-ақ, фторхинолдар туындылары – микробқа қарсы дәрілердің ішекте сіңірілуін кідіртеді.

Витамин С сульфаниламидтер тобының микробқа қарсы дәрілерінің әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Құрамында алюминий, магний, кальций, сондай-ақ, холестирамин бар антацидтік препараттар темірдің сіңірілуін төмендетеді.

Тиазидтер тобының диуретиктік дәрілерін бір уақытта тағайындағанда гиперкальциемия ықтималдығы жоғарылайды (қандағы кальций мөлшерінің артуы).

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозадан асырмау керек. ВИТРУМ® препаратын артық дозалану қаупіне байланысты құрамында А және D витаминдері бар препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозада және емдеу ұзақтығында Витрум® препаратын қолданған кезде артық дозалану құбылыстары сипатталмаған. Кездейсоқ артық дозаланғанда дереу дәрігерге қаралу керек.

Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар полиэтилен құтыда қабықпен қапталған 30, 60, 100 немесе 130 таблеткадан. Құтыға заттаңба жапсырылған және полиэтилен үлбірмен тарттырылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 оС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Юнифарм, Инк.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Юнифарм, Инк.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

007579991477976168_ru.doc 84.5 кб
830761211477977467_kz.doc 96.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники