Вермокс

МНН: Мебендазол
Производитель: Гедеон Рихтер Румыния А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mebendazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010231
Информация о регистрации в РК: 18.04.2017 - 18.04.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 125.99 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Вермокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мебендазол

Дәрілік түрі

100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 мг мебендазол

қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий сахарині, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.

Сипаттамасы

Бір жағында «VERMOХ» деген таңбасы, диск түріндегі ойығы және екінші жағында сызығы, өзіне тән жеңіл иісі бар, диаметрі 10,0 мм, ақ немесе ақ дерлік түсті жайпақ таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Нематодоздарды емдеуге арналған препараттар. Бензимидазол туындылары.

АТХ коды РО2 СА 01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін нашар сіңеді. Төмен ерігіштігіне және қарқынды алғашқы метаболизміне орай, гельминтке қарсы әдеттегі дозасының биоқорытылуы жеткіліксіз. 90 сіңірілген фракция плазма ақуыздарымен байланысқа түседі. Препаратты майлы тағаммен бір мезгілде қабылдағанда биожетімділігі жоғарылайды. Өзгермеген күйде негізінен нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ішек құртына қарсы кең ауқымда әсер ететін дәрі. Ішек құрттарының тіндік тыныстауын бұзады және ішек құртының цитоплазматикалық микротүтікшелерінің дегенерациясын туындатып, глюкозаның жойылуын кедергілейді, энергоалмасуды төмендетеді, тіндерде АТФ түзілуін азайтады, сол арқылы бұлшықеттердің қайтымсыз салдануын және паразиттің қырылуын туғызады.

Қолданылуы

Жұқпалар туғызған ауруларда:

  • энтеробиоз (Enterobius vermicularis )

  • аскаридоз (Ascaris lumdricoides)

  • трихинеллез (Trichuris trichiura)

  • анкилостомидоз (Ancylostoma duodenale)

  • некатороз (Necator americanus)

  • стронгилоидоз (Strongloides stercoralis)

  • тениоз (Taenia spp) және аралас жұқпалар.

Қолдану тәсілі және дозалары

Энтеробиозда 6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға – 3 күн бойы бір қабылдауға тәулігіне 25-50 мг-ден. 10 жастан үлкен балалар мен ересектерге дене салмағына қарамастан - бір дүркін 100 мг препараттан (1 таблетка). Жұқпаның жиі қайталануларына орай, емдеуді 2 және 4 аптадан соң қайталау керек.

Отбасының барлық мүшелерін бір мезгілде емдеу ұсынылады.

Аскаридоз, трихинеллез, анкилостомидозда және аралас жұқпаларда: ересектерге 3 күн бойы тәулігіне 200 мг-ден (кешке және таңертең 1 таблеткадан).

6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға - 3 күн бойы бір қабылдауға тәулігіне 25-50 мг-ден.

Тениоз, стронгилоидозда:

- ересектерге үш күн бойы таңертең және кешке 2 таблеткадан

(400 мг/тәулік);

- балаларға үш күн бойы таңертең және кешке бір таблеткадан

(200 мг/тәулік).

Ең жоғары бір реттік дозалары – 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға – 50 мг, 10 жастан асқан балаларға – 100 мг, ересектерге – 200 мг, тәуліктік дозалары 10 жасқа дейінгі балаларға – 50 мг, 10 жастан асқан балаларға – 200 мг, ересектерге – 400 мг.

Жағымсыз әсерлері

  • бас айналу, бас ауыру, әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшықет үйлесімінің бұзылуы,

Сирек

  • емшек еметін сәбилердегі құрысулар

  • жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея

  • аллергиялық реакциялар (есекжем, ангиодема, ангионевротикалық ісіну)

  • уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, бөрту

  • нейтропения

Жоғары дозаларда ұзақ уақыт бойы қолданғанда:

  • бауыр қызметінің бұзылуы, гепатит

  • гломерулонефрит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың құрамдас бөліктерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық

  • бауыр қызметінің бұзылуы

  • тұқым қуалаған галактозаны, лактозаны көтере алмаушылық, лактазалық жеткіліксіздік, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Циметидинді Вермокспен бір мезгілде тағайындау ұзақ уақыт емдеу кезінде соңғысының плазмадағы концентрациясын арттырады. Екі дәрілік заттың да қажетті дозаларын қамтамасыз ету үшін плазмадағы препарат концентрацияларын анықтау ұсынылады. Мебендазол мен метронидазолды бір мезгілде қолданбау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт қолдану кезінде жалпы қан талдауын, бауыр, бүйрек қызметін бақылау қажет.

Препарат алкогольмен сыйымсыз.

Емдеу кезеңінде іш жүргізетін дәрілер тағайындау және емдәм ұстану қажет емес. Вермокс қант диабетімен науқастарда инсулин қажеттілігін төмендетеді.

Лактозаны көтере алмаған жағдайда препараттың әр таблеткасының құрамында 110 мг лактоза моногидратының бар екенін ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Вермокс автокөлік жүргізу және жұмыс механизмдерін бақылау қабілетіне әсерін тигізбейді.

Артық дозалануы

Белгілері: түйілу сипатындағы іш ауырулары, жүрек айну, құсу, диарея.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ. Артық дозаланудан кейінгі алғашқы сағатта - асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

15С-ден 30С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Гедеон Рихтер Румыния А.Қ., Румыния

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Будапешт, Венгрия

Лицензия ұстаушысы және атауы

Janssen Pharmaceutica, Бельгия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23

Прикрепленные файлы

110110561477977064_ru.doc 90.5 кб
706153161477978244_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники