Аводарт (Dutasteride)

МНН: Дутастерид
Производитель: ГлаксоСмитКляйн Фармасьютикалз С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dutasteride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011903
Информация о регистрации в РК: 24.08.2018 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 8320/07/12/15/16/17
Информация о регистрации в РБ: 30.10.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 276.36 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аводарт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дутастерид

Дәрілік түрі

0,5 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 0,5 мг дутастерид,

қосымша заттар: каприн/каприл қышқылының моно- және диглицеридтері, бутилгидрокситолуол,

қабықтың құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы Е171 (СI77891), темірдің сары тотығы Е172 (СI 77492).

Сипаттамасы

Ұзынша, мөлдір емес, бір жағында «GX CE2» деген таңбасы бар, күңгірт-сары жұмсақ желатин капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар. 5α-редуктаза тестостеронының тежегіштері. Дутастерид.

АТХ коды G04СВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дутастерид фармакокинетикасы дозаға тәуелді болып табылады, ал үдеріс қатарласқан екі шығарылу үдерісі ретінде сипатталған, олардың біреуі қаныққан (яғни, концентрацияға тәуелденетін) және басқасы қанықпаған (яғни, концентрацияға тәуелденбейтін) болып табылады.

Сіңуі

0,5 мг бір дозасын қабылдағаннан кейін дутастерид сарысудағы ең жоғары концентрациясына 1-3 сағат ішінде жетеді. Абсолютті биожетімділігі 60%-ға жуық құрайды және ас ішуге байланысты болмайды.

Таралуы

Дутастеридтің таралу көлемі ауқымды (300-500 л аралығында) және қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары (> 99,5%).

0,5 мг препаратты күн сайын 6 ай қабылдағаннан кейін сарысуда (Css) дутастеридтің шамамен 40 нг/мл-ге тең тұрақты концентрациялары орнығады, бұл орайда осы деңгейдің 65%-на қабылдау басталғаннан кейін 1 айдан соң-ақ және шамамен 90%-на 3 ай өткенде жетеді. 52 апта емделгеннен кейін шәуһеттегі дутастерид концентрациясы орта есеппен 3,4 нг/мл (0,4-14 нг/мл арасы) құрайды. Сарысудан шәуһетке 11,5%-ға жуық дутастерид түседі.

Метаболизмі

Дутастерид Р450 цитохромы жүйесінің CYP3A4 ферментімен екі моногидроксилденген метаболитке дейін метаболизденеді. Оған CYP1А2, CYP2А6, CYP2Е1, CYP2С8 немесе CYP2С9, CYP2С19, CYP2В6 немесе CYP2D6 ферменттері әсер етпейді. Дутастерид тұрақты концентрациясына жеткеннен кейін сарысудан өзгермеген дутастерид, оның үш ірі метаболиті (4’-гидроксидутастерид, 1,2-дигидродутастерид және 6-гидроксидутастерид) және 2 кіші метаболиті (6,4’-дигидродутастерид және 15-гидроксидутастерид) табылады.

Дутастерид, оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін 4-6 айға дейін сарысудан (0,1 нг/мл-ден жоғары концентрацияларда) табылады.

Шығарылуы

Дутастерид қарқынды метаболизмге ұшырайды. Тәулігіне 0,5 мг препарат қабылданғаннан кейін 1,0-15,4% аралығында (орта есеппен 5,4%) қабылданған доза нәжіспен өзгеріссіз күйде шығарылады, дозаның қалған бөлігі 4 ірі және 6 кіші метаболит түрінде шығарылады.

Адамда несеппен өзгермеген дутастеридтің іздік мөлшерлері (қабылданған дозаның 0,1%-дан азы) бөлініп шығады.

Дутастеридтің шығарылуы дозаға тәуелденеді, үдерісі де біреуі қанығатын (яғни концентрацияға тәуелденетін) және екіншісі қанықпайтын (яғни концентрацияға тәуелденбейтін) қос қатарлы шығарылу үдерісі ретінде сипатталады. Сарысудағы төмен концентрацияларында (3 нг/мл-ден аз) дутастерид екі үдерістің де көмегімен жылдам шығарылады. 5 мг немесе одан да аз дозада бір рет қабылдағаннан кейін дутастерид организмнен тез шығарылады және жартылай ыдырау кезеңі қысқа, 3-9 күнге тең болады. Жалпы клиренсі дозаға байланысты және концентрацияға тәуелденбейтін сипатта болады.

Дутастеридтің емдік дозаларын қабылдаған кезде оның соңғы жартылай шығарылу кезеңі 3-5 апта құрайды.

Егде жастағы ерлер

Егде жастағы емделушілерде дутастерид дозасын азайту қажеттілігі жоқ.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігінің дутастерид фармакокинетикасына ықпал етуі зерттелмеген. Дегенмен де, дутастеридтің 0,5 мг стационарлық дозасының 0,1%-дан азы несеппен бөлінеді, бұл плазмадағы дутастерид концентрациясының клиникалық елеулі артуын болдырмайды.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігі тұсында дутастерид фармакокинетикасына ықпалы зерттелмеген, бірақ, күтілгендей, қан плазмасындағы дутастерид деңгейлері дутастеридтің жартылай ыдырау кезеңінің ұзаруы есебінен артатын болады.

Фармакодинамикасы

Аводарт – 5-редуктазаның қосарлы тежегіші. Ол тестостеронның 5-дигидротестостеронға (ДГТ) айналуына жауапты 1 және 2 типті 5-редуктаза изоферменттерінің белсенділігін бәсеңдетеді. Дигидротестостерон қуық асты безінің безді тінінің гиперплазиясына жауапты негізгі андроген болып табылады.

Дигидротестостерон және тестостерон концентрациясына ықпалы

Дутастеридтің дигидротестостерон концентрацияларының төмендеуіне барынша ықпал етуі дозаға байланысты болады және емдеу басталғаннан кейін 1-2 аптадан соң байқалады. Тәулігіне 0,5 мг дозада дутастерид қабылдаған 1 және 2 аптадан соң сарысудағы дигидротестостерон концентрацияларының орташа мәндері, тиісінше, 85 және 90% төмендейді. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар емделушілерде дутастеридтің 0.5 мг тәуліктік дозасын қабылдаған кезде ДГТ деңгейінің орташа төмендеуі емделудің алғашқы жылынан кейін 94% және екінші жылынан кейін 93% болды, ал тестостерон концентрациясының орташа ұлғаюы емнің алғашқы және екінші жылдарында 19%-ға жуық.

Қуық асты безінің көлеміне әсері

Қуық асты безі көлемінің едәуір кішіреюі емдеу басталғаннан кейін бір айдан соң-ақ анықталып, тура 24-ші айға дейін созылады. Аводарт қуық асты безі көлемінің емдеудің 12-ші айында орташа 23,6% кішіреюіне әкеледі.

Ерлер фертильділігіне ықпалы

Тәулігіне 0,5 мг дозада Аводарт қабылдаған кезде емделген 52 апта ішінде шәуһет мөлшерінің орташа пайыздық азаюы байқалды, шәуһет көлемі мен сперматозоидтар қозғалғыштығы, бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда, тиісінше, 23%, 26% және 18% құрады. Сперматозоидтар концентрациясына және морфологиясына ықпалы көрсетілмеген. 24 апта бақылаудан кейін дутастерид қабылдаған топтағы сперматозоидтардың жалпы мөлшерінің пайыз жүзінде орташа өзгеруі бастапқы мәндерінен 23% төмен күйде қалды. Сөйтіп, ерлер фертильділігінің төмендеу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

Кеуде бездерінің неоплазиясы

Қазіргі уақытта ерлердегі кеуде обырының пайда болуы мен дутастеридті ұзақ уақыт пайдалану арасында себеп-салдарлы байланыстың бар екені анық емес.

Жүрек жеткіліксіздігі

ҚБҚГ-сын тамсулозинмен үйлестірілген Аводарт препаратымен емдеуді 4 жыл зерттеу кезінде біріктірілген ем тобында жүрек жеткіліксіздігі жағдайларының пайда болу жиілігі (14/1610, 0,9%) Аводарт (4/1623, 0,2%) пен тамсулозин (10/1611, 0,6%) монотерапиясы тобындағылардан жоғары болды. Алғашқы жүрек ұстамасы ұстаған сәттегі салыстырмалы қауіп бағасы біріктірілген ем алатын емделушілер үшін дутастерид монотерапиясымен салыстырғанда 3.57 [95% CI 1.17, 10.8] және тамзулозин монотерапиясымен салыстырғанда 1.36 [95% CI 0.61, 3.07] болды. Дутастерид қабылдау (бөлек немесе альфа-адреноблокатормен үйлестіріп) мен жүрек жеткіліксіздігінің дамуы арасында себеп-салдарлы байланыс жоқ.

4 жыл бөлек зерттеу кезінде тәулігіне бір рет 0,5 мг Аводарт қабылдаған емделушілерде (30/4105, 0,7%), плацебо қабылдаған емделушілермен салыстырғанда (16/4126, 0,4%), жүрек жеткіліксіздігі жағдайларының пайда болу жиілігінің едәуір жоғары екені байқалды. Осы зерттеуде қайта жасалған талдау бір мезгілде Аводарт пен альфа-аденоблокатор (12/1152, 1,0%) қабылдаған емделушілерде, альфа-аденоблокаторсыз Аводарт (18/2953, 0,6%), плацебо мен альфа-аденоблокатор (1/1399, <0,1%) немесе альфа-аденоблокаторсыз плацебо (15/2727, 0,6%) қабылдаған емделушілермен салыстырғанда, жүрек жеткіліксіздігі жағдайларының пайда болу жиілігінің едәуір жоғары болғанын көрсетті.

Қуық асты безінің обыры және малигнизация қаупі

Аводарт қабылдау мен қуық асты безі обырының даму қатері арасындағы өзара байланыс анық емес.

Простата спецификалық антигені (PSA) және простата обырын анықтау

Простата обырына алғашқы биопсиясы теріс және PSA бастапқы деңгейі 2.5 нг/мл - 10.0 нг/мл емделушілерде плацебо мен дутастерид қабылдаудың 4 жылдық салыстырмалы зерттеуі кезінде дутастеридпен емдеу емнің басталуынан алты ай өткенде плазма PSA орташа деңгейінің шамамен 50% төмендеп, емделушілер арасындағы ауқымды ауытқымалылыққа (стандартты ауытқу 30%) алып келді. Алтыншы айда байқалған PSA деңгейінің бәсеңдеуі зерттеу кезінде биопсиямен анықталған простата обыры диагностикаланған немесе диагностикаланбаған ерлерде бірдей болды.

Дутастерид пен тамсулозинді біріктіріп емдеу

4-жылдық зерттеу кезінде тамсулозинді дутастеридпен үйлестіріп қолданғанда, монотерапия ретіндегі тамсулозин қолданумен салыстырғанда, простата көлемі мен ауыспалы аймақтың едәуір кішіреюі анықталды.

Қолданылуы

- дигидротестостерон гормонының көп түзілуінен туындаған қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу және оның алдын алу (қуық асты безі өлшемдерін азайту, ауыру синдромын төмендету, несеп шығаруды жақсарту, жедел несеп іркілісінің пайда болу қаупін және хирургиялық емдеу қажеттілігін төмендету), монотерапия түрінде және тамсулозинмен біріктіріп

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересек ерлер (егделерді қоса)

Монотерапия кезінде Аводартты тәулігіне бір рет бір капсуладан (0,5 мг) ішке қолдану ұсынылады.

Біріктірілген емде тәулігіне бір рет 0,5 мг Аводартты 0,4 мг дозадағы тамсулозинмен біріктіріп қабылдау ұсынылады.

Капсуланы шайнамай және ашпай, бүтіндей қабылдау керек, өйткені шырыштардың капсула ішіндегі затпен жанасуы ауыз қуысы мен жұтқыншақтың тітіркенуін туындатады.

Аводарт ас ішуге байланыссыз қабылданады.

Жай-күйдің мейлінше жылдам жақсаруы мүмкін екеніне қарамастан, емдеуді препарат әсерін жан-жақты бағалау үшін кемінде 6 ай жалғастырған жөн.

Егер Сіз Аводарт қабылдауды ұмытып кетсеңіз

Өткізіп алғаныңыздың орнын толтыру үшін қосымша доза қабылдамаңыз. Препараттың келесі дозасын Өзіңізге дағдылы уақытта қабылдасаңыз болды.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер

Тәулігіне 0,5 мг қабылдағанда 0,1%-дан аз доза несеппен бөлінеді, сондықтан да бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде дозаны азайту қажет емес.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Аводарт қарқынды метаболизмге ұшырайды, ал оның жартылай шығарылу кезеңі 3-5 апта құрайды, сондықтан да бауыр қызметі бұзылған емделушілерді емдегенде сақ болу қажет.

Препаратты жою

Қоршаған ортаны қорғау үшін емдеуден кейін қалған капсуланы тұрмыстық қоқыспен бірге құбырға тастамаңыз. Өз фармацевтіңізден препаратты дұрыс жою жолын сұраңыз.

Жағымсыз әсерлері

Төменде көрсетілген қолайсыз құбылыстар анатомиялық-физиологиялық жіктемесіне және кездесу жиілігіне қарай тізбеленген. Кездесу жиілігі былайша белгіленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Постмаркетингтік деректер

Өте сирек (≤ 10000)

- аллергиялық реакция (бөрту, қышыну, есекжем, шоғырланған ісінулер, ангионевротикалық ісіну, коллапс)

- аталық без аумағындағы ауыру және тестикулярлы ісіну

- депрессиялық бұзылыстар

Кейде ( 1 : 1000 және < 1 : 100)

- алопеция (тері жабындары түктенуінің азаюы), гипертрихоз

Дутастерид қабылдау (монотерапия түрінде немесе тамсулозинмен біріктіріп) мен сексуалдық негіздегі бұзылыстардың дамуы (импотенция, либидоның өзгеруі (төмендеуі), эякуляцияның бұзылуы, кеуде бездерінің ауырсынуы және үлкеюі) арасында өзара байланыс бар. Аталған бұзылыстар емді тоқтатқаннан кейін де болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дутастеридке немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдық, сондай-ақ 5α-редуктаза тежегіштері тобының препараттарына белгілі аса жоғары сезімталдық

- әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аводарт Р450 цитохромы ферменттік жүйесінің CYP3A4 изоферментімен метаболизденеді. CYP3A4 тежегіштерінің қатысуымен қанда Аводарт концентрациялары арта түседі.

CYP3A4 тежегіштері - верапамилмен және дилтиаземмен бір мезгілде қолданған кезде клиренстің төмендеуі (тиісінше, 37% және 44%) білінеді. Сонымен бірге, кальций өзектерінің басқа бөгегіші – амлодипин Аводарт клиренсін азайтпайды.

Аводарт пен CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолданған кезде оның клиренсінің азаюы және кейін қандағы концентрациясының жоғарылауы қауіпсіздік шекараларының кең ауқымды болуына орай маңызды болып саналмайды, сондықтан да оның дозасын азайту қажет емес.

Аводарт адамның Р450 цитохромы жүйесінің келесі: CYP1А2, CYP2А6, CYP2Е1, CYP2С8, CYP2С9, CYP2С19, CYP2В6 немесе CYP2D6 изоферменттерімен метаболизденбейді.

Аводарт дәрілік препараттар метаболизміне қатысатын адамның Р450 цитохромы жүйесінің ферменттерін тежемейді.

Аводарт варфарин, аценокумарол, фенпрокумон, диазепам және фенитоинді олардың плазма ақуыздарымен байланысу бөліктерінен ығыстырмайды, ал бұл препараттар, өз кезегінде, оны ығыстырмайды. Сонымен қатар, тамсулозин, теразозин, варфарин, дигоксин және холестирамин препараттары Аводартпен өзара әрекеттеспейді.

Аводарт гиполипидемиялық препараттармен, АӨФ тежегіштерімен, бета-блокаторлармен, кальций өзектерінің блокаторларымен, кортикостероидтармен, диуретиктермен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, V типті фосфодиэстераза тежегіштерімен және хинолонды антибиотиктермен бір мезгілде қолданылғанда қандай да бір елеулі дәрілік өзара әрекеттесу болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Аводарт тері арқылы сіңіріледі, сондықтан да әйелдер, балалар және жасөспірімдер бүлінген қапсулалармен жанасудан аулақ болуы тиіс. Бүлінген капсулалармен жанасқан жағдайда бірден терінің тиісті бөлігін сабынды сумен жуып-шаю қажет.

Бауыр жеткіліксіздігінің дутастерид фармакокинетикасына ықпалы зерттелмеген, бірақ оның қарқынды метаболизміне және 3-тен 5 аптаға дейін созылатын жартылай шығарылу кезеңіне орай, бауыр аурулары бар емделушілерде Аводарт қолданғанда сақтық шарасын қадағалау қажет.

Тамсулозин гидрохлоридімен біріктіріп емдеу және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы

4-жылдық екі клиникалық зерттеуде жүрек жеткіліксіздігінің даму жиілігі (оқиғаларды белгілейтін композитті терминнің, негізінен, жүрек жеткіліксіздігінің және іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің) дутастерид пен α1-блокатор біріктірілімін, ең алдымен, тамсулозин гидрохлоридін алатын емделушілерде біріктірілген ем алмаған емделушілердегіден жоғары болды. 4-жылдық екі клиникалық зерттеуде жүрек жеткіліксіздігінің даму жиілігі төмен күйде қалды (≤ 1%) және зерттеулер арасында ауытқумен болды. Бірақ, жалпы алғанда, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлердің жиілік көрсеткіштерінде алшақтықтар болмаған. Дутастеридпен (өзімен немесе α1-блокатормен біріктіріп) емделу мен жүрек жеткіліксіздігі арасындағы себептік байланыстар анықталмаған.

Простата-спецификалық антигені (ПСА) мен қуық асты безі обырының анықталуына ықпал етуі

ҚБҚГ бар емделушілерде Аводарт препаратымен емдеу басталғанша саусақтық ректальді зерттеу және қуық асты безін зерттеудің басқа да әдістерін жүргізіп, қуық асты безі обырының дамуын жоққа шығару үшін емдеу үдерісінде осы зерттеуді мезгіл-мезгіл қайталап отыру қажет.

Сарысуда ПСА концентрацияларын анықтау қуық асты безінің обырын анықтауға бағытталған скрининг үдерісінің маңызды компоненті болып табылады.

6 ай емделгеннен кейін дутастерид қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар емделушілерде ПСА сарысулық деңгейлерін шамамен 50% төмендетеді.

Аводарт препаратын қабылдайтын емделушілерге 6 ай емделгеннен кейін жаңа базалық ПСА деңгейі белгіленуі тиіс.

Аводарт препаратымен емделу кезіндегі ең аз мәнге қатысты ПСА деңгейінің кез келген тұрақты жоғарылауы қуық асты безінің (атап айтқанда, Глисон шкаласы бойынша жіктелу дәрежесі жоғары қуық асты безінің) дамуын немесе Аводарт препаратымен емделу режимінің қадағаланбауын айғақтауы мүмкін және оған егер тіпті осы ПСА деңгейлері 5α-редуктаза тежегіштерін қабылдамайтын емделушілерде қалыпты мәндер шегінде қалса да, тиянақты баға берілуі тиіс.

Жалпы ПСА деңгейі дутастеридті тоқтатқаннан кейін 6 ай өткенде бастапқы деңгейіне оралады. Бос ПСА мөлшерінің жалпысына арақатынасы тіпті дутастеридпен емделу аясында тұрақты күйде қалады. Осы арақатынас дутастерид алатын ерлерде қуық асты обырын анықтайтын үлеспен өрнектелгенде осы шаманы реттеу қажет болмайды. Сүт безі обырының даму қаупі

Клиникалық зерттеулерде ҚБҚГ емдеу барысында дутастерид қолданған емделушілерде сүт безінің обыры дамыған 2 жағдай анықталды. Алғашқы жағдай ем басталғаннан кейін 10 апта өткенде, екіншісі 11 айдан соң дамыды; плацебо тобындағы емделушіде сүт безі обырының 1 жағдайы анықталды. Емдеуші дәрігер емделушіге кеуде безінің аумағынан тіндердің қатаюы және емшек ұштарының сыртқы түрінің өзгеруі сияқты қандай да бір өзгерістер табылған жағдайда дереу мәлімдеу қажеттілігі жөнінде нақты нұсқау беруі тиіс. Дутастеридті ұзақ уақыт қабылдау мен сүт безі обырының даму қатері арасындағы арақатынас белгісіз.

Простата обыры

4 жылға созылған клиникалық зерттеуде алдын ала жасалған биопсия нәтижелері теріс және ПСА деңгейі 2.5-10 нг/мл 8000-нан астам еркектің 1517-сінде простата обыры диагностикаланды. Дутастерид тобындағы емделушілерде (n=29, 0.9%), плацебо алған топпен салыстырғанда (n=19, 0.6%), обырдың даму жиілігінің едәуір жоғары екені байқалды. Дутастерид қабылдау мен простата обырының дәрежесі арасындағы өзара әрекеттесу анықталмаған. Дутастерид қабылдайтын ерлер, ПСА тестісін жасауды қоса, простата обырының пайда болу қаупіне ұдайы тексерілуі тиіс.

Аводарт қабылдайтын ерлердегі бала тудыру қабілеті

Аводарт препаратын қабылдау сперматозоидтар мөлшерінің, көлемінің және қозғалғыштығының азаюымен қатар жүреді, алайда ұрықтандыру қабілетіне ықпалы түсініксіз күйде қалады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдер және жүктілікке күдігі бар әйелдер препараттың бүлінген капсулаларымен жанасудан аулақ болуы тиіс. Дутастеридтің тері арқылы сіңірілу және ер жынысты ұрықтың қалыпты дамуына теріс әсер көрсету қабілеті бар. Әсіресе, жүктіліктің алғашқы 16 аптасы кезеңінде қауіпті.

Дутастерид пайдалану әйелдерде зерттелмеген, өйткені клиникаға дейінгі деректерде, егер анасы жүкті кезінде дутастерид алса, айналымдағы ДГТ деңгейінің бәсеңдеуі ер жынысты ұрықтарда сыртқы гениталийдің қалыптасуын бұзуы мүмкін екені жорамалданады.

Жыныстық қатынас кезінде мүшеқап пайдаланыңыз, өйткені дутастерид Аводарт қабылдайтын ерлердің шәуһетіне өтеді. Егер Сіздің жұптасыңыз жүкті болса немесе жүктілікке күдік бар болса, оны шәуһетпен жанасудан қорғау қажет, өйткені дутастерид ер жынысты ұрықтың қалыпты дамуына ықпалын тигізеді.

Егер жүкті әйел Аводарт капсуласының ішіндегі затпен жанасып қойса, Өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аводарт қабылдау автокөлік жүргізуге және механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозаланған кезде жағымсыз әсерлері білінген жоқ.

Емі: спецификалық у қайтарғысы жоқ, сондықтан да артық дозалану күдігі туындағанда белгісіне қарай және демеуші ем жүргізу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0,5 мг капсулалар. 10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ГлаксоСмитКляйн Фармасьютикалз С.А., Польша Grunwaldzka 189, 60-322 Poznań

Тіркеу куәлігінің иесі

ГлаксоСмитКляйн Фармасьютикалз С.А., Польша Grunwaldzka 189, 60-322 Poznań

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды пошта: kaz.med@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

340975911477976800_ru.doc 110.5 кб
077391891477977957_kz.doc 111.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники