Фитозид

МНН: Этопозид
Производитель: Fresenius Kabi Oncology Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Etoposide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122139
Информация о регистрации в РК: 06.04.2016 - 06.04.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 602.24 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фитозид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Этопозид

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 100 мг/ 5 мл ерітінді

Құрамы

Бір мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - этопозид 22,841 мг,

қосымша заттар: полиэтиленгликоль 300, бензил спирті, этил спирті, полисорбат 80, сусыз этанол, лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты, инъекцияға арналған су.

1 – 6.0 % ылғалдықты ескеріп және 2 % артылуын қоса, сусыз заттың 95.0 % мөлшерлік құрамына шаққанда 20 мг этопозидке баламалы

Сипаттамасы

Түссіз дерліктен бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Өсімдік тектес алкалоидтар. Подофиллотоксин туындылары.

АТХ коды L01CB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізуден кейін қан плазмасын шыңдық концентрациясы 30 мкг/мл құрайды. Препарат плевралық сұйықтықта, сілекейде, бауыр тінінде, көкбауырда, бүйректе, миометрияда, ми тіндерінде анықталады. Этопозид гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Жұлын сұйықтығында этопозид концентрациясы анықталмайтын мәннен қан плазмасындағы концентрациясының 5% дейін өзгеруі мүмкін. Препараттың ана сүтімен бөлінуі жайлы деректер жоқ. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 97 % құрайды.

Этопозид бауырда метаболизденеді. Бұл ретте этопозидтің бөлінуі екі фазалы тәсілмен жүзеге асады. Жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 7 сағатты құрайды.

Этопозид 48-72 сағат ішінде несеппен өзгермеген заттар (29%) мен метаболиттер (шамамен 15%) түрінде шығарылады. Нәжіспен 2-16%, өтпен - 6 %-дан кем шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фитозид подофиллотоксиннің жартылай синтетикалық туындысы. Әсер ету механизмі II топоизомеразаны тежеуге байланысты. Фитозид ДНҚ-ны зақымдау есебінен цитоуытты әсер етеді. Препарат митотикалық циклдің G-фазасы мен кейінгі S-фазасында жасушалардың өлуін туындата отырып, митозды бөгейді. Препараттың жоғары концентрациялары премитотикалық фазада жасушалар лизисін туындатады.

Фитозид сондай-ақ нуклеотидтердің плазмалық жарғақшалар арқылы өтуін бәсеңдетеді, ДНҚ-ның синтезі және қалпына келуіне кедергі етеді.

Қолданылуы

Фитозид көктамыр ішіне енгізуге арналған бластомаға қарсы дәрі. Препарат монотерапия немесе басқа да онколитикалық дәрілермен біріктірілім түрінде төмендегі ауруларды емдеу үшін қолданылады:

- ұсақжасушалы өкпе обырында

- ата бездің семиномды емес ісігінде

- жедел миеломоноцитарлық және миелоцитарлық лейкемияда (сәтсіз жүргізілген индукциялық химиотерапиядан кейін біріктірілген ем ретінде)

- миелоидты лейкемияда

- ходжкиндік емес лимфомаларда

- Ходжкин ауруында

- хорион карциномасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Химиотерапияның пайдаланылатын сызбасына сай дозалау режимін жеке анықтайды (дозаны таңдау кезінде біріктірілген басқа препараттардың миелосупрессивті әсері, сондай-ақ алдында сәуле көзімен емдеу және химиотерапия әсерін ескеру керек).

Фитозидті көктамыр ішіне 30-60 минут бойы енгізеді, ол әдетте 50-100 мг/м2 дозаны құрайды, күніне бір реттен 4-5 күн бойы, цикл әрбір 3-4 апта сайын қайталанады.

Сондай-ақ 1, 3 және 5 күндері, күнара 100-125 мг/м2-ден Фитозидті енгізу режимі жиі қолданылады.

Қайталау курстарын шеткергі қан көрсеткіштері қалпына келгеннен кейін жүргізеді.

Көктамырішіне енгізердің алдында Фитозидті 250 мл натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісінде немесе декстрозаның 5% ерітіндісінде соңғы 0,2-0,4 мг/мл концентрацияға дейін сұйылтады. рН 8-ден жоғары буферлі сулы ерітінділермен жанастыруға жол бермеу керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі ( 1/10):

- сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, көбіне лейкопения және тромбоцитопения. Препаратты қолданудан кейін 5-тен 15 күнге дейін (гранулоциттер 7-ден 14 күнге дейін) лейкоциттердің төменгі деңгейі байқалады. Тромбоцитопенияға қарағанда әдетте лейкопения жиірек туындайды және көбіне орташа дәрежеден бастап күрделіге дейінгі түрінде болады (ДДО сәйкес 3 немесе 4 дәрежелі). Қан көрінісін қалпына келтіру әдетте соңғы дозаны енгізгеннен кейін 24- 28 күн ішінде жүреді. Гемоглобиннің шамамен 40%-ға төмендеуі байқалған.

Лейкоциттер деңгейі 2.000/мм3 төмен түскен жағдайларда немесе тромбоциттер деңгейі 50.000/мм3 төмен болған жағдайларда, пациентте лейкоциттер мен тромбоциттердің тиімді деңгейлері қалпына келгенше (лейкоциттер 4.000/мм3 жоғары, тромбоциттер 100.000/мм3 жоғары), емдеуді тоқтата тұрған жөн.

- жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы

- кейде шашты толық жоғалтуға әкелетін, қайтымды алопеция

Жиі (1/10-1/10 дейін):

- инфекциялар мен қан кетулер (ауыр түрдегі сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі нәтижесінде)

- шеткергі невропатия

- гипотензия (препаратты жылдам құйған кезде), бұл құбылысты құю жылдамдығын төмендету арқылы жоюға болады

- стоматит

- бауыр және бүйрек функциясының бәсеңдеуі

Кейде (1/1.000-1/100 дейін):

- қалтырау/дірілдеу, қызару, тахикардия, тыныс алудың қиындауы, бронх түйілуі, құюды тоқтатудан кейін өтетін анафилаксиялық реакциялар нәтижесіндегі артериялық гипотензия

- құрысулар

- неврит

- қан қысымының жоғарылауы

- препаратпен емді тоқтатқаннан кейін тыныс алудың өздігінен қалпына келуімен тыныс алуды тоқтату немесе тоқтап қалуы

- жөтел, ларингоспазм, цианоз, интерстициальді пневмонит/өкпе фиброзы

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- беттің, тілдің ісінуі

- тер бөлінудің жоғарылауы

Сирек (1/10.000-1/1.000 дейін):

- сепсис, қызба

- басқа ісікке қарсы дәрілермен біріктірілімде этопозидпен емдеу нәтижесінде лейкозалды фазасынсыз жедел лейкемия туындауы

- анемия

- гиперурикемия

- сананың шатасуы, гиперкинезия, акинезия, бас айналу, шаршау, қалып қалатын татымы, уақытша қыртысты соқырлық

- пневмония

- іштің ауыруы, іш қату, өңештің қабынуы

- бөртпе, есекжем қызбасы, пигментация, қышыну

Өте сирек (1/10.000) және белгісіз (қолда бар деректер бағалау жүргізуге жеткіліксіз):

- жүрек ырғағының бұзылуы, миокард инфарктісі

- бұрын сәулеленеген аймақтың дерматиті

- аменорея, ановуляторлық циклдер, ұрпақ өрбіту функциясының нашарлауы, гипоменорея

- Стивенc- Джонсон синдромы

- өліммен аяқталатын уытты эпидермалық некролиз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • этопозидке немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық

  • бауыр функциясының айқын бұзылуы

  • бүйрек функциясының айқын бұзылуы (креатинин клиренсі 15 мл/мин төмен)

  • сүйек кемігі функциясының күрделі бәсеңдеуі

  • артерия ішіне немесе құрсақ ішіне инъекция (плевра, құрсақ және басқа да қуыстар)

  • лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттестігі

Фитозидтің ісікке қарсы әсері оны цисплатинмен бірге қолданғанда күшейеді, алайда алдында цисплатинмен ем қабылдаған науқастарда этопозидтің шығарылуының бұзылуы мүмкін екендігін ескеру керек.

Фитозидті басқа да препараттармен бір ерітіндіде араластыруға болмайды.

pH-тің сілтілік мәндері бар ерітінділермен фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз.

Препараттың иммунодепрессиялы әсеріне және ауыр жұқпа дамуы мүмкіндігіне байланысты, химиотерапия кезінде тірі вакциналарды қабылдауға болмайды. Вакцинациялауды емді аяқтағаннан кейін 3 айдан кейін жүргізу керек.

Айрықша нұсқаулар

Фитозидті цитоуытты препараттармен емдеу тәжірибесі бар дәрігердің тұрақты бақылауымен ғана қолдану керек.

Фитозидпен емдеу кезінде цитоуытты препараттармен жұмыс ережесін сақтау керек. Тері немесе шырышты қабықпен жанасқан жағдайда зақымданған жерлерді дереу сумен шаю керек.

Жүкті қызметкерлер цитостатикалық дәрілермен жұмысқа жіберілмейді.

Құю үшін ерітінді дайындауға арналған концентратты сұйылтылмаған түрде қолданбаған жөн. Препаратты тек қана натрий хлориді немесе глюкоза изотониялық ерітіндісімен ғана сұйылту керек. Этопозид концентрациясының диапазоны құю үшін қалпына келтірілген ерітіндіде қатаң түрде 0.2 мг/мл – 0.4 мг/мл болуы тиіс. Құрамында механикалық бөлшектері жоқ мөлдір ерітінділерді ғана пайдаланған жөн.

Сүйек кемігі функциясының төмендеуі Фитозидтің доза лимиттеуші әсеріне байланысты. Қан құрамын тұрақты бақылауды емдеудің алдында, үзілістер кезінде және Фитозидтің кейінгі әрбір емдеу курсының алдында жүргізу керек. Егер бұл препаратпен емдеудің алдында сәуле көзімен емдеу және химиотерапия жүргізілсе, сүйек кемігі функциясының қалпына келуін қамтамасыз ету үшін емдеудің бұл екі түрінің арасында жеткілікті уақыт бойы үзіліс жасау керек. Тромбоциттер саны 50.000/мм3 төмен немесе лейкоциттер 2.000/мм3 төмендеген жағдайда емдеуді қан көрсеткіштері толық қалпына келгенге дейін тоқтату керек.

Фитозид қолданумен емді бастардың алдында пациенттерді бактериялық инфекциялар болуына тексеру қажет.

Қалтырау/дірілдеу, тахикардия, тыныс алудың қиындауы, бронх түйілуі, артериялық гипотензия сияқты анафилаксиялық реакциялар туындағанда Фитозид енгізуді тоқтату қажет.

Фитозид жүрек аритмиясы бар, миокард инфарктісін өткерген, бауыр функциясы бұзылған, бауыр жеткіліксіздігі, шеткергі нейропатиясы, несеп шығару тарапынан бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, эпилепсиясы, церебральді бұзылуы, ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалғаны жөн.

Кездейсоқ жағдайда тамырдан тыс жерге енгізгенде инъекцияны тез арада тоқтату керек және қалған бөлігін басқа көктамырға енгізу керек. Шымылдату сезімі пайда болысымен енгізуді тоқтатады. Зақымданған жердің айналасындағы тері астына гидрокортизонның инъекциясын егеді және құрғақ таңғыш астына 24 сағатқа 1% гидрокортизон жақпамайын (эритема жойылғанға дейін) жағады.

Фитозидті ісікке қарсы басқа да препараттармен біріктіре ем қабылдаған пациенттерде анда-санда лейкоз алдындағы фазада және онсыз жедел лейкемия дамуы мүмкін.

Жалпы жинақтау дозасы (этопозид  2000 мг/м2) салдарлы жедел лимфобласты емес лейкемия даму қаупін арттырады.

Фитозид мутагенді және концерогенді препарат болып табылады, ұзақ мерзімді ем тағайындағанда осыны ескерген жөн. Фитозид сондай-ақ геноуытты әсерлерін көрсетуі мүмкін, сондықтан Фитозидпен ем алатын ерлер мен әйелдер контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануы тиіс. Ем алып жүрген уақытта, сондай-ақ емдеуден кейінгі 6 ай ішінде бала туу ұсынылмайды. Фитозидпен емдеу нәтижесінде қайтымсыз бедеуліктің даму қаупі бар, сондықтан емді бастауға кірісерден бұрын шәуһетті сақтау жайында кеңесу ұсынылады.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған Фитозид ерітіндісінде толтырғыш ретінде этил спирті болады, осыны алкогольді шамадан тыс тұтынатын пациенттерге және дисульфирам қабылдайтын пациенттерге, эпилепсиямен науқастарға Фитозидті тағайындағанда ескеру керек. Препарат құрамында сондай-ақ бензил спирті бар, соның нәтижесінде метаболизмдік ацидоздың даму қаупін ескере отырып, Фитозидті 3 жасқа дейінгі балаларға тағайындамаған жөн. Бензил спирті тәулігіне 90мг/кг және одан жоғары дозаларда қолданғанда фатальді уытты реакциялар қаупі жоғарылайды.

Препарат терімен немесе шырышты қабықпен жанасқан жағдайда зақымданған жерлерді дереу сабынды сумен жуып-шаю керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Фитозид оны жүктілік кезінде қолданғанда туа біткен ақауларды туындатуы мүмкін екендігі туралы деректер бар, сондықтан аса жедел қажеттілігі болмаса, жүктілік кезінде препаратты тағайындамаған жөн. Егер жүктілік емдеу кезінде басталған болса, пациент босанар алдында кеңес алғаны, бұл ретте емдеудің пайдасын ұрыққа төнетін ықтимал қаупіне қатысты саралағаны жөн.

Фитозидті лактация кезеңінде қатаң түрде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фитозидпен емдеу кезінде және емдеуден кейін біршама уақыт ішінде көлік құралдары немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Этопозидті қолданғанда артық дозалану жағдайлары жайлы осы күнге дейін тіркелмеген. Артық дозаланудың негізгі көріністері қан және асқазан-ішек жолы тарапынан уытты әсерлер болуы мүмкін деп болжауға болады.

Емі: симптоматикалық ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан сұр резеңке тығынмен тығындалып, сары алюминий қалпақшамен қаусырылған гидролитикалық класы I, сыйымдылығы 5 мл түссіз шыны құтыға құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Fresenius Kabi Oncology Limited, Үндістан

19, Индастриал Эреа, Бадди, Солан ауданы, (Х.П.) -173 205

Тіркеу куәлігінің иесі

Fresenius Kabi Oncology Limited, Үндістан

19, Индастриал Эреа, Бадди, Солан ауданы, (Х.П.) -173 205

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жібек жолы к-сі 76,

тел: +7 (727) 250-93-44; +7 (727) 273-24-83;

Email: kazbiotech@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

659835221477976246_ru.doc 71 кб
415164971477977511_kz.doc 87.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники