Мидиана® (Drospirenone and ethinylestradiol)

МНН: Дроспиренон, Этинилэстрадиол
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дроспиренон и эстроген
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017396
Информация о регистрации в РК: 25.02.2016 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 9647/11/16
Информация о регистрации в РБ: 27.04.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Мидиана®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 3 мг/0.03 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 3,000 мг кристаллды дроспиренон және 0,030 мг микрондалған этинилэстрадиол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, повидон K-25, магний стеараты

үлбірлі қабықтың құрамы: опадрай II ақ (85G18490): поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), макрогол 3350, тальк, соя лецитині.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «G63» өрнегі бар және екінші жағы тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Жүйелі пайдалануға арналған гормоналдық контрацептивтер. Прогестагендер және эстрогендер (бекітілген біріктірілімдер). Дроспиренон және эстрогендер.

АТХ коды G03AA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дроспиренон (3 мг)

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдағанда дроспиренон тез әрі толық дерлік сіңіріледі. Белсенді заттың сарысудағы 37 нг/мл-ге тең ең жоғары концентрациясына бір рет қабылдаудан кейін 1-2 сағат өткенде қол жеткізіледі. Қабылдаудың бір айналымы кезінде дроспиренонның сарысудағы ең жоғары тепе-тең концентрациясы 60 нг/мл-ге жуықты құрап, 7-14 сағаттан кейін қол жеткізіледі. Биожетімділік 76-дан 85%-ға дейін ауытқиды. Ас ішу дроспиренонның биожетімділігіне әсер етпейді.

Таралуы

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін сарысудағы препарат деңгейінің екі фазалық төмендеуі байқалады, ол тиісінше 1,6±0,7 сағат пен 27,0±7,5 сағаттағы жартылай шығарылу кезеңімен сипатталады. Дроспиренон сарысулық альбуминмен байланысады және жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен (sex hormone binding globulin, SHBG), немесе кортикостероидпен байланысатын глобулинмен (corticoid binding globulin, CBG) байланыспайды. Белсенді заттың жалпы сарысулық концентрациясының 3-5%-ы ғана еркін гормондар түрінде болып келеді. Этинилэстрадиолмен индукцияланған SHBG жоғарылауы дроспиренонның сарысу ақуыздарымен байланысуына әсер етпейді. Орташа болжамды таралу көлемі 3,7±1,2 л/кг құрайды.

Биоөзгерісі

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін дроспиренон аса қарқынды метаболизденеді. Плазмадағы метаболиттердің көпшілігі Р450 жүйесі араласуынсыз түзілетін, ашық лактонды сақина туындылары және 4,5-дигидро-дросперинон-3-сульфаты бар дроспиренонның қышқылды түрлерінде көрінеді. Дроспиренон Р450 3А4 цитохроманың аз қатысуымен метаболизденеді.

Шығарылуы

Дроспиренонның сарысудағы метаболизмдік клиренс жылдамдығы минутына 1,5±0,2 мл/кг құрайды. Дроспиренон тек іздік мөлшерлерде өзгеріссіз күйде шығады. Дроспиренон метаболиттері нәжістермен және шамамен 1,2:1,4 арақатынасындағы несеппен шығарылады. Метаболиттердің несеппен және нәжістермен бөлінуі үшін жартылай шығарылу кезеңі шамамен 40 сағатты құрайды.

Тепе-тең концентрациясы

Емдеудің бір айналымы кезінде дроспиренонның сарысудағы ең жоғары тепе-тең концентрациясына (шамамен 70 нг/мл) 7-14 сағаттан кейін қол жеткізіледі. Дроспиренон деңгейінің 2-3 еселік ұлғаюы байқалады. Дроспиренонның сарысулық концентрациясының әрі қарай артуы қабылдаудың 1-6 оралымынан кейін анықталады, одан кейін концентрацияның ұлғаюы байқалмайды.

Этинилэстрадиол (30 мкг)

Сіңуі

Этинилэстрадиол, ішу арқылы қабылдағаннан кейін, тез әрі толық дерлік сіңіріледі. Дәрілік затты бір рет 30 мкг қабылдаудан кейінгі қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына 1-2 сағатта қол жеткізіліп және 100 пг/мл-ге жуық мөлшерді құрайды. Этинилэстрадиол жекеше үлкен ауытқымалылығымен айқын жүйеалдылық метаболизмге ұшырайды. Абсолютті биожетімділігі 45%-ға жуықты құрайды.

Таралуы

Таралудың болжамды көлемі 5 л/кг-ға жуық құрайды, қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы - 98%-ға жуық. Этинилэстрадиол бауырдағы SHBG және CBG синтезін индукциялайды. 30 мкг этинилэстрадиолды күн сайын қабылдағанда SHBG плазмалық концентрациясы 70-тен шамамен 350 нмоль/л-ге дейін жоғарылайды. Этинилэстрадиол аздаған мөлшерде емшек сүтіне енеді (шамамен дозаның 0,02%-ы).

Биоөзгерісі

Этинилэстрадиол толық метаболизденеді. Метаболизмдік клиренс жылдамдығы 5 мл/мин/кг құрайды.

Шығарылуы

Этинилэстрадиол іс жүзінде өзгеріссіз күйде шығарылмайды. Этинилэстрадиолдың метаболиттері 4:6 арақатынасында несеппен және өтпен шығарылады. Метаболиттердің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 күнді құрайды. Жартылай шығарылатын элиминациялық кезең 20 сағатты құрайды.

Тепе-тең концентрациясы

Тепе-тең концентрация жағдайына емдеу айналымының екінші жартысы кезінде қол жеткізіледі, бұл орайда этинилэстрадиолдың қан сарысуындағы деңгейі шамамен 1,4-2,1 есе артады.

Тұрғын халықтың жекелеген санаттары

Бүйрек функциясына әсері

Дроспиренонның қан сарысуындағы тепе-тең концентрациясы бүйрек функциясы жеңіл бұзылуы бар әйелдерде (креатинин клиренсі (КК) = 50-80 мл/мин) бүйрек функциясы қалыпты әйелдердегі (КК > 80 мл/мин) осындаймен салыстырарлық болды. Бүйрек функциясының айқындығы орташа бұзылуы бар әйелдерде (КК = 30-50 мл/мин) бүйрек функциясы қалыпты әйелдердегі осындаймен салыстырғанда қан сарысуындағы дроспиренон концентрациясы орташа алғанда 37%-ға жоғары болды. Дроспиренонмен емді бүйрек функциясының жеңіл, сондай-ақ айқындығы орташа бұзылуы бар әйелдер жақсы көтерген.

Дроспиренонмен ем қан сарысуындағы калий құрамына клиникалық елеулі әсер етпеген.

Бауыр функциясына әсері

Бауыр функциясының орташа бұзылуы (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) бар әйелдерде қан плазмасындағы дәрілік заттың орташа концентрациясының уақытқа тәуелділігінің қисығы бауыр функциясы қалыпты әйелдердегі осындайға сәйкес болды. Сіңу және таралу фазасында бақыланатын Cmax мәні бірдей болды. Таралу фазасы аяқталған кезде дроспиренонның концентрациясы төмендеуі бауыр функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда бауыр функциясының орташа бұзылуы бар еріктілерде шамамен 1,8 есе жоғары болды.

Бауыр функциясының орташа бұзылуы бар еріктілерде бір рет қолдану зерттеулерінде жалпы клиренсі (CL/f) бауыр функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда шамамен 50%-ға төмендеген.

Бауыр функциясының орташа бұзылуы бар еріктілердегі дроспиренон клиренсінің анықталған төмендеуі қан сарысуындағы калий құрамына қатысты қандай да бір елеулі айырмашылыққа әкелмейді.

Тіпті қант диабетінде және спиронолактонды қатарлас (пациенттегі гиперкалиемияға түрткі болуы мүмкін екі фактор) қолданғанда қан сарысуындағы калий құрамының қалыптың жоғарғы шегінен артып ұлғаюы анықталмады.

Бауыр функциясының орташа бұзылуы (Чайлд-Пью бойынша В класы) бар пациенттерде дроспиренон/этинилэстрадиол біріктірілімінің жақсы көтерімділігі туралы қорытынды жасау мүмкіндігі бар.

Этникалық топтар

Дроспиренон және этинилэстрадиолдың фармакокинетикасы бір және көп рет қолданғанда еуропалық және жапон текті дені сау жас әйелдерде зерттелді. Клиникалық елеулі айырмашылығы тіркелмеген.

Фармакодинамикасы

Препараттың контрацептивтік әсері түрліше факторлардың өзара әрекеттестігіне негізделеді, олардың ішіндегі мейлінше маңыздылары – овуляцияның тежелісі мен эндометрия өзгерістері.

Мидиана® – бұл құрамында этинилэстрадиол мен прогестин – дроспиренон бар біріктіріліп ішу арқылы қолданылатын контрацептив. Сондай-ақ емдік дозада дроспиренон андрогенге қарсы және әлсіз түрде минералкортикоидтарға қарсы қасиеттер иеленеді. Ол эстрогендік, глюккортикоидтық және глюккортикоидтықтарға қарсы қандай да бір белсенділігінен айырылған.

Осының нәтижесінде дроспиренонның фармакологиялық бейіні іс жүзінде прогестеронның табиғи гормонына толық сәйкес келеді.

Клиникалық зерттеулерде әлсіз минералкортикоидтарға қарсы қасиеттері әлсіз минералкортикоидтарға қарсы әсерге әкелетіні туралы деректер алынды.

Қолданылуы

- ішу арқылы қолданылатын контрацепция

Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын тағайындау туралы шешімді әрбір әйелдегі әсіресе көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) қауіп факторын, сондай-ақ Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қолдану аясында КТЭ даму қаупін басқа да біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) қолданумен салыстыру бойынша бағалауды ескере отырып, қабылдау керек.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Таблеткаларды қаптамада көрсетілген бірізділікпен, қажет болса, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен жұта отырып, күн сайын белгіленген бір уақытта қабылдау керек. Қатарынан 21 күн бойына күніне бір таблеткадан қабылдау қажет. Әр келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдау 7-күндік аралықтан кейін басталуға тиіс, осы аралықта әдетте етеккір тәріздес қан кету болады. Ол әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-3 күн өткенде басталады және келесі қаптаманың басталу сәтінде аяқталмауы да мүмкін.

Егер бұрын гормональдік контрацептивтер пайдаланылмаса (соңғы айда)

Мидиананың® қабылдануы әйелдің табиғи етеккір айналымының алғашқы күні (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күні) басталады.

Басқа біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) (біріктірілген ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді (БІК), қынаптық сақинаны немесе трансдермальді бұласырды) алмастырған жағдайда:

Әйелге Мидиананы® қабылдауды алдыңғы БІК-тің соңғы белсенді таблеткасын қабылдағаннан кейін келесі күні бастау ұтымдырақ; мұндай жағдайларда Мидиананы® қабылдау таблеткалар қабылдаудағы әдеттегі үзілістен немесе алдыңғы БІК-тің белсенді емес таблеткаларын қабылдағаннан кейінгі келесі күннен кеш басталмауға тиіс. Қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды алмастырғанда Мидиананы® қабылдауды алдыңғы құралды алып тастаған күні бастаған дұрыс; мұндай жағдайларда Мидиананы® қабылдау алмастыру шарасы белгіленген күннен кешікпей басталуға тиіс.

Әдісті тек прогестиндерді (мини-пили, инъекциялық түрлер, имплантаттар) немесе прогестин босатылатын жатырішілік жүйені (ЖІЖ) қолданумен ауыстырған жағдайда

Әйел құрамында тек прогестин бар мини-пилиден кез келген күні (имплантаттан немесе ЖІЖ-ден – оны алып тастаған күні, инъекциялық түрден - келесі инъекция жасалуға тиіс күннен бастап) көше алады.

Алайда бұл жағдайлардың бәрінде таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша кедергілік әдісін пайдаланған дұрыс.

Бірінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін

Әйелдің қабылдауды дереу бастауына болады. Бұл шарт қадағаланса, контрацепцияның қосалқы шараларының қажеттілігі жоқ.

Босанудан соң немесе екінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін

Әйелдің Мидиананы® қабылдауды босанудан соң немесе үшінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін 21-28 күні бастағаны жөн. Егер қабылдау кеш басталса, таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгегіш әдісін қосымша пайдалану қажет. Препаратты қабылдай бастағанға дейін жыныстық байланыс болған жағдайда жүктіліктің болмағанына көз жеткізу немесе алғашқы етеккірді күту керек.

Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау

Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан кем болса, контрацептивтік қорғаныс кемімейді. Әйел таблетканы барынша тезірек қабылдауы қажет, келесі таблеткалар әдепкі уақытта қабылданады.

Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан асып кетсе, контрацептивтік қорғаныс кемиді. Өткізіп алынған таблеткаларды реттегенде келесі екі қарапайым ережені жетекшілікке алған жөн:

  • Таблеткалар қабылдауды 7 күннен артық кешіктіруге болмайды;

  • Гипоталамустық-гипофизарлық-аналық бездік жүйенің талапқа сай бәсеңдеуіне қол жеткізу үшін таблеткаларды 7 күн үздіксіз қабылдау қажет.

    Күнделікті тәжірибеде тиісінше келесі кеңестерді беруге болады:

    1 апта

    Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Қосымша бөгегіш контрацепция әдісі келесі 7 күн бойына пайдаланылуға тиіс. Егер таблетканы өткізу алдындағы 7 күн ішінде жыныстық қатынас болса, жүкті болу ықтималдығы ескерілуі қажет. Неғұрлым көп таблеткалар өткізіп алынса, әрі бұл өткізу препарат қабылдаудағы 7-күндік үзіліске жақын болса, соғұрлым жүктілік қаупі жоғары.

    2 апта

    Өткізіп алынған соңғы таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Егер әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткаларды дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы әдістерін пайдаланудың қажеті жоқ. Алайда, егер ол 1 таблеткадан да көбірек өткізіп алса, келесі 7 күнде қосымша сақтану шараларын пайдалану қажет.

    3 апта

    Контрацепциялық әсердің таблеткалар қабылдаудағы алдағы 7-күндік үзіліс салдарынан төмендеу ықтималдығы айтарлықтай. Алайда, таблеткалар қабылдау сызбасын реттей отырып, контрацепциялық қорғаныстың кемуін болғызбауға болады. Егер келесі екі кеңестің кез келгені қадағаланса, әрі әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткалардың бәрін дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы тәсілдері керек болмайды. Егер бұлай болмаса, ол екі тәсілдің біріншісіне сүйенуге, сондай-ақ келесі 7 күн бойына қосымша сақтану шараларын пайдалануға тиіс.

    1. Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Жаңа қаптамадан таблеткалар қабылдау ағымдағы қаптама біткен бойда, яғни екі қаптаманы қабылдау арасындағы үзіліссіз басталуға тиіс. Қан кету білінуінің, екінші қаптамадан таблеткалар біткенге дейін «тоқтату» қан кетпеуінің ықтималдығы аса зор, бірақ таблеткаларды қабылдау күндерінде жағынды қанды бөліністер немесе лақылдаған жатырішілік қан кету байқалуы мүмкін.

    2. Әйелге осы қаптамадан таблеткалар қабылдауды тоқтатуды ұсынуға болады. Ізінше, таблеткалар қабылдауды ұмытқан күндерін қоса, оның таблеткалар қабылдауда 7 күндік үзілісі болады, сонан соң жаңа қаптаманы бастау қажет. Таблеткалар қабылдауды өткізіп алған және препарат қабылдаудан бос бірінші аралығында «тоқтату» қан кетуінің болмауы жағдайында жүктіліктің бар-жоғын анықтау қажет.

    Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу туындаған жағдайдағы ұсыныстар

    Асқазан-ішек жолы жағынан болатын ауыр сипатты реакциялар жағдайында (құсу немесе диарея сияқты) сіңу толық болмауы мүмкін, демек контрацепцияның қосалқы шараларын қолдану қажет.

    Таблетка қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат шегінде құсқан жағдайда барынша дереу жаңа ауыспалы таблетканы қабылдау керек. Жаңа таблетканы, мүмкіндігінше, қабылдаудың әдепкі уақытынан кейін 12 сағат ішінде қабылдау қажет. Егер 12 сағаттан артық уақыт өтіп кетсе, мүмкіндігінше, «Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау» бөлімінде көрсетілген препаратты қабылдау ережелерін қадағалау керек. Егер әйел препаратты қабылдаудың қалыпты тәртібін өзгерткісі келмесе, ол басқа қаптамадан қосымша таблетка (немесе бірнеше таблетка) қабылдауға тиіс.

    «Тоқтату» қан кетуін қалай кейін шегеруге болады

    Етеккірдің басталатын күнін кейін шегеру үшін қабылдаудағы үзіліссіз жаңа қаптамадан Мидиананы® қабылдауды жалғастыру қажет. Екінші қаптамадағы таблеткалар біткенше кейін шегерілу мүмкіндігі бар.

    Айналым ұзартылған кезде қынаптан жағынды қанды бөліністер немесе жатырішілік лақылдаған қан кетулер болуы ықтимал. Жаңа қорапшадан Мидиананы® қабылдауды әдепкі 7-күндік үзілістен соң жаңғыртқан жөн. Етеккірдің басталу күнін әдепкі кесте аптасының басқа күніне ауыстыру үшін таблеткалар қабылдаудағы жақын үзілісті қанша қажет болса, сонша күнге қысқартуға болады. Аралық неғұрлым қысқа болса, «тоқтату» қан кетуінің болмау қаупі соғұрлым жоғары, ал келесі қаптамадан қабылдаған кезде лақылдап қан кетулер және жағынды қанды бөліністер (етеккір басталуын кейінге шегерген жағдайдағы сияқты) болады.

    Пациенттердің жеке-дара санаттары

    Балалар және жасөспірімдер

    Бірінші етеккір оралымынан кейін Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қабылдау көрсетілген. Доза өзгерту қажеттігі туралы деректер алынбаған.

    Егде пациент әйелдер

    Қолданылмайды. Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары менопауза басталғаннан кейін көрсетілмеген.

    Бауыр функциясы бұзылуы бар пациент әйелдер

    Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын бауыр функциясы бұзылуы бар әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.

    Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациент әйелдер

    Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.

    Жағымсыз әсерлер

    Жиі (>1/100 - <1/10 дейін)

    - бас ауыруы, бас сақинасы

    - депрессия жай-күйі, көңіл-күйдің түсуі, эмоциональді лабильдік

    - жүрек айнуы

    - етеккір айналымының бұзылулары, етеккіраралық қан кетулер, іштің ауыруы, кеуде тұсындағы ауырулар

    - қынаптық бөліністер, қынап кандидозы

    - сүт бездерінің аурушаңдығы мен кернеуі

    Жиі емес (>1/1 000 - <1/100 дейін)

    - акне, экзема, тері қышынуы

    - құсу, диарея

    - гипертензия, гипотензия

    - есекжем

    - организмдегі сұйықтықтың кідірісі

    - дене салмағының артуы

    - либидоның төмендеуі

    - алопеция

    Сирек (>1/10 000 - <1/1 000 дейін)

    - салмақтың азаюы

    - бронх демікпесі

    - естудің кемуі

    - сүт бездерінің сөлінісі

    - либидоның артуы

    - тромбоэмболия, көктамырлық тромбоздар/тромбоэмболиялар, артериялық тромбоздар/тромбоэмболиялар

    - артериялық гипертензия

    - бауыр ісіктері

    - Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит

    - эпилепсия

    - эндометриоз, жатыр миомасы

    - порфирия

    - жүйелі қызыл жегі

    - жүктілер герпесі

    - Сиденгам хореясы

    - гемолитикалық уремиялық синдром

    - холестаздық сары ауру

    - хлоазма

    - ангионевроздық ісіну

    - түйінді эритема, мультиформалы эритема

    - жанаспалы линзалар көтерімсіздігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жер жаңғаққа немесе сояға аса жоғары сезімталдық

- көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) қаупі болуы

- қазіргі уақытта көктамырлық тромбоэмболия (антикоагулянттар қолдану) немесе сыртартқысында (мысалы, терең көктамырлар тромбозы [ТКТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ]) болуы

- көктамырлар тромбоэмболиясы, мысалы белсендірілген С протеиніне резистенттілігі (Лейден V факторын қоса), антитромбин III жеткіліксіздігі, C протеині жеткіліксіздігі, S протеині жеткіліксіздігі дамуына анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділігі

- ұзақ иммобилизациясымен ауқымды хирургиялық араласымдар

- қауіптің көптеген факторлары болуы салдарынан көктамырлық тромбоэмболия дамуының жоғары қаупі

- артериялық тромбоэмболия (АТЭ) болу қаупі, қазіргі уақыттағы артериялық тромбоэмболия, сыртартқысында (мысалы, миокард инфарктісі) немесе алдындағы ауырулар (мысалы, стенокардия)

- цереброваскулярлық аурулар: ағымдағы кезеңдегі инсульт, сыртартқысында немесе бұрын болған жай-күйлер (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл [ТИШ])

- артериялық тромбоэмболия, мысалы гипергомоцистеинемия және антифосфолипидті антидене (антикардиолипинді антидене, қызыл жегілік антикоагулянт) болуы дамуына анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділігі

- сыртартқысында ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы

- келесі күрделі қауіп факторларының бірі немесе көптеген қауіп факторлары салдарынан артериялық тромбоэмболияның жоғары қаупі болуы: тамырлық асқынулары бар қант диабеті, ауыр артериялық гипертензия, айқын дислипопротеинемия

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы ауыр бауыр аурулары («бауыр» сынамалары қалпына келгенге дейін)

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі)

- диагностикаланған гормонға тәуелді жыныс жүйесінің қатерлі аурулары (жыныс мүшелерінің немесе сүт безінің) немесе оған күдік болуы

- диагностикаланбаған қынаптық қан кетулер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бауырдағы метаболизм

Кейбір препараттар микросомальдік ферменттердің ынталануы нәтижесінде жыныс гормондарының (фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин мен рифампицин) клиренсін арттыруға қабілетті; сондай-ақ оксикарбазепиннің, топираматтың, фелбаматтың, ритонавирдің, гризеофульвиннің және шайқурай (Hypericum perforatum) негізіндегі өсімдік дәрісінің осындай әсері болуы мүмкін.

АИТВ-протеазалары тежегіштерінің (мысалы, ритонавирдің) және кері транскриптазалық нуклеозидтік емес тежегіштердің (мысалы, невирапиннің) және олардың біріктірілімдерінің бауыр метаболизміне болжамды ықпалы туралы хабарламалар болды.

Ішек-бауырлық қайта айналым

Пенициллиндер мен тетрациклиндер сияқты кейбір антибиотиктермен бір мезгілде тағайындалуы эстрогендердің ішек-бауырлық қайта айналымын төмендетеді, бұл этинилэстрадиол концентрациясының кемуіне әкеледі.

Дәрілік препараттардың жоғарыда аталған класстарының кез келгенін немесе жекелеген белсенді заттарды алатын әйелдер Мидианаға® қосымша контрацепцияның бөгегіш әдісін пайдалануға немесе контрацепцияның кез келген басқа тәсіліне көшуге тиіс. Құрамында бауыр ферменттеріне әсер ететін белсенді заттар бар препаратпен тұрақты ем алатын әйелдер оларды тоқтатқаннан кейін 28 күн бойына контрацепцияның гормональдік емес әдісін қосымша пайдалануға тиісті. Антибиотиктер (рифампициннен немесе гризеофульвиннен басқа) қабылдайтын әйелдер препаратты қабылдау кезінде де, оны тоқтатқаннан кейінгі 7 күн ішінде де БІК-терге қосымша контрацепцияның бөгегіш әдісін уақытша пайдалану керек. Егер дәрілік препаратты қатарлас қолдану Мидиана® препаратының қаптамасынан таблеткалар қабылдаудың аяғында басталса, келесі қаптамадан таблеткалар қабылдау әдеттегі қабылдаудағы үзіліссіз басталуға тиіс.

Адам плазмасындағы дроспиренонның негізгі метаболизмі Р450 цитохромы жүйесінің ферменттері тартылуынсыз түзіледі. Бұл ферменттік жүйенің тежегіштері, осылайша, дроспиренон метаболизміне әсер етпейді.

Басқа дәрілік препараттардың әрекетіне үлбірлі қабықпен қапталған Мидиана® таблеткаларының әсері

Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер жекелеген басқа белсенді заттардың метаболизміне ықпал етуі ықтимал. Бұдан басқа, олардың плазмадағы және тіндердегі концентрациялары өзгеруі - жоғарылауы да (мысалы, циклоспорин), сондай-ақ төмендеуі де (мысалы, ламотриджин) мүмкін.

Индикатор субстраттар ретінде омепразол, симвастатин және мидазоламды қабылдаған ерікті әйелдерде 3 мг дозадағы дроспиренонның басқа белсенді заттардың метаболизміне әсер ету ықтималдығы аз.

Басқа өзара әрекеттесулер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дроспиренон мен АӨФ тежегіштерін немесе стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілерді бір мезгілде тағайындау қан сарысуындағы калий құрамына елеулі әсер етпейді. Алайда, Мидиана® мен альдостерон антагонистерінің немесе калий жинақтаушы диуретиктердің бір мезгілде пайдаланылуы зерттелмеген. Бұл жағдайда препаратты қабылдаудың алғашқы айналымы кезінде қан сарысуындағы калий құрамын зерттеу қажет.

Ескертпе: Болжамды дәрілік өзара әрекеттестіктерді анықтау үшін қатарлас препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілген ақпаратқа талдау жүргізу қажет.

Зертханалық зерттеулер

Контрацепциялық мақсатта гормондарды қабылдау бауыр функциясының, қалқанша бездің, бүйрек үсті бездері мен бүйректің биохимиялық көрсеткіштерін, сонымен қатар кортикстероид байланыстырғыш глобулин мен липидтік/липопротеиндік фракциялар сияқты плазманың тасымалдық ақуыздарының деңгейлерін, көмірсу алмасудың, коагуляция мен фибринолиздің көрсеткіштерін қоса жекелеген зертханалық тестілердің нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін. Өзгерістер әдетте зертханалық нормалар шегінде болады.

Дроспиренон өзінің минералкортикоидқа қарсы аздаған белсенділігінің нәтижесінде қан плазмасындағы ренин мен альдостероннің белсенділігін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Сақтық шаралары

Төменде келтірілген кез келген жай-күйі немесе қауіп факторы бар әйелдермен Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қабылдау дұрыстығын талқылау керек. Жай-күйі нашарлағанда немесе осы жай-күйлердің немесе қауіп факторының кез келгені туындауының алғаш анықталған көрінісі жағдайында әйелді Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын одан әрі қарай қолдану туралы мәселені шешу үшін өз емдеуші дәрігеріне қаралуы қажеттігі туралы хабардар ету керек.

Қан айналымы жүйесі тарапынан бұзылулар

Көктамырлық тромбоэмболия туындау қаупі (КТЭ)

Кез келген біріктірілген гормоналдық контрацептивтер (БГК) қолдану аясында ем жоқ кезбен салыстырғанда көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) даму қаупі артады. Құрамында левоноргестрел, норгестимат немесе норэтистерон бар препараттарды қолдану КТЭ туындауының аз қаупіне байланысты. Басқа препараттар, мысалы, Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары үшін бұл қауіп екі есе жоғары болуы мүмкін. КТЭ даму қаупі аз препараттар тобына жатпайтын препараттарды қолдану туралы шешім әйелмен Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қолдану аясында ол үшін КТЭ туындауының қол жетімді түрдегі қаупін, бұл қауіп деңгейіне онда бұрыннан бар қауіп факторы әсерін талқылаудан және препарат қолданудың бірінші жылы КТЭ туындау қаупі ең жоғары болып табылатыны туралы оған хабарлаудан кейін ғана қабылдануы тиіс. 4 аптадан бастап және одан астам ұзақтықтағы үзілістен кейін КГК қайта қолдануда қауіп артатынын көрсететін деректер бар.

КГК қабылдамайтын және жүкті емесе әйелдер арасында КТЭ туындау жиілігі жылына 10 000 әйелге шамамен 2 жағдайдан келеді. Алайда жеке алғанда кез келген әйелде қауіп деңгейі онда бар негізгі қауіп факторына қарай (төменін қараңыз) елеулі жоғары болуы мүмкін.

Құрамында дроспиренон бар КГК қолданатын әйелдер арасында КТЭ даму жиілігі жылына 10 000 әйелге 9‑12 жағдайды құрайды, бұл құрамында левоноргестрел бар КГК қабылдайтын әйелдердегі 61 жағдаймен салыстырарлық болды.

Екі жағдайда да жылына КТЭ тіркелген жағдайларының мөлшері жүктілік уақытында немесе босанғаннан кейінгі кезеңде күтілетін жағдайлар мөлшерінен аз.

КТЭ жағдайларының 1‑2%-ы өліммен аяқталады.

КГК қолданатын әйелдер арасында басқа қан тамырларының, мысалы бауыр, мезентериальді, бүйрек немесе ретинальді көктамырларының және артериялардың тромбозының аса сирек жағдайлары сипатталды.

КТЭ даму қаупінің факторлары

КГК қолдану аясында қосымша қауіп факторлары, әсіресе қауіптің көптеген факторлары бар әйелдерде көктамыр тромбоэмболиялық асқынулар даму қаупі елеулі артуы мүмкін.

Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары қауіптің көптеген факторлары бар әйелдерде оны көктамыр тромбозы дамуының жоғары қаупі бар топқа жатқызу мүмкіндігі негізінде қарсы көрсетілімде.

Әйелде бірнеше қауіп факторы болғанда жекелеген факторлар қосындысына қарағанда қауіп артуы үлкен болуы мүмкін және бұл жағдайда КТЭ дамуының жалпы қаупін ескеру керек. Егер пайда/қаупінің арақатынасы теріс деп бағаланса КГК тағайындауға болмайды.

КТЭ дамуының қауіп факторлары

Қауіп факторы

Түсініктемелер

Семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м² астам)

ДСИ жоғарылағанда қауіптің елеулі артуы.

Қосымша қауіп факторлары болғанда ерекше маңызды

Ұзақ иммобилизация (ұзақтығы 4 сағаттан астам болатын әуеде ұшуларды қоса), кең ауқымды хирургиялық араласулар, аяқтарға немесе кіші жамбас ағзаларына кез келген хирургиялық араласулар, нейрохирургиялық араласулар немесе кең ауқымды жарақат

Ескерту: ұзақтығы 4 сағаттан астам болатын әуеде ұшуларды қоса уақытша иммобилизация, сондай-ақ КТЭ дамуының қауіп факторы болуы мүмкін, әсіресе қауіптің басқа факторлары бар әйелдерде

Бұл жағдайларда бұласырды/ мини-пили/қынаптық сақинаны қолдануды тоқтату (жоспарлы операция жағдайында, ең болмағанда, одан төрт апта бұрын) және иммобилизация аяқталғаннан кейін екі апта ішінде қолдануды жаңғыртпау ұсынылады.

Қажетсіз жүктіліктен аулақ болу үшін контрацепцияның басқа әдісін пайдалану керек.

Егер Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары өз уақытында тоқтатылмаса, тромбозға қарсы ем тағайындау керек.

Отбасылық асқынған сыртартқы (аға-іні, апа-қарындастарында, сіңлілерінде немесе ата-аналарында көктамырлар тромбоэмболиясы жағдайлары, әсіресе салыстырмалы жасырақ кезінде, мысалы 50 жастан кіші).

Тұқым қуалайтындығына бейімділігіне күдік болғанда КГК тағайындағанға дейін әйелді тиісті маманға кеңес алуға бағыттау керек.

КТЭ байланысты басқа да аурулар

Обыр, жүйелі қызыл жегі, гемолитикалық-уремиялық синдром, ішектің созылмалы-қабыну аурулары (Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит) және орақ-жасушалы анемия

Жасы келуіне қарай

Әсіресе 35 жастан асқан

Көктамырлық тромбоз туындағанда немесе үдегенде көктамырлардың варикоздық кеңеюінің және беткейлік тромбофлебиттің болжамды рөліне қатысты ешбір келісімге қол жеткізілмеген.

Жүктілікте және әсіресе босанудан кейінгі кезеңде алғашқы 6 аптада тромбоэмболия дамуының жоғары қаупін ескеру керек.

КТЭ симптомдары (терең көктамырлар тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

Тиісінше симптомдар туындағанда әйелдер дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс, бұл арада медициналық қызметкерге өзінің КГК қолданатынын хабардар етуі керек.

Терең көктамырлар тромбозының симптомдары (ТКТ) келесідей болуы мүмкін:

- аяқтың және/немесе табанның бір жақты ісінуі немесе аяқта көктамыр бойлай ісік болуы;

- аяқтың тұрғанда немесе жүргенде ғана сезілуі мүмкін ауыруы немесе ауырсынуы;

- зақымданған аяқтың температурасы жоғарылауы; аяқтың терісінің түсі қызаруы немесе өзгеруі.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы симптомдары (ӨАТЭ) келесідей болуы мүмкін:

- түсініксіз ентігудің немесе тыныс жиілеуінің кенеттен туындауы;

- кенеттен жөтелу, қан түкірумен байланысты болуы мүмкін;

- кеуденің қатты ауыруы;

- айқын бас айналуы;

- жиі немесе ұдайы емес пульс.

Бұл симптомдардың кейбіреулері (мысалы, ентігу, жөтел) спецификалық емес болып табылады және осы себепті көп таралған немесе ауырлығы төмен құбылыс ретінде (мысалы тыныс алу жолдарының инфекциялары) қате интерпретациялануы мүмкін.

Тамыр окклюзиясының басқа белгілері мыналар болуы мүмкін: аяқтың кенеттен ауыруы, ісінуі және елеусіз көгеруі.

Торқабықтың тамыр окклюзиясында туындайтын симптомдар ауыру сезімдерінсіз көрудің анық болмауынан үдемелі көрмей қалуға дейін ауытқуы мүмкін. Кейде кенеттен көрмей қалу анықталуы мүмкін.

Артериялық тромбоэмболия даму қаупі (АТЭ)

Эпидемиологиялық зерттеулерде КГК қолдану артериялық тромбоэмболия (миокард инфарктісі) немесе цереброваскулярлық аурулар (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар, инсульт) дамуының жоғары қаупі болуына байланыстылығы анықталды. Артериялық тромбоэмболиялық асқыну өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.

АТЭ дамуының қауіп факторлары

Артериялық тромбоэмболиялық асқынулар немесе ми қан айналымы бұзылуының даму қаупі КГК қолдану аясында қауіп факторы болғанда артады.

Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары АТЭ дамуының қаупінің 1 күрделі немесе көптеген факторлары бар әйелдерде оны артериялық тромбозы дамуының жоғары қаупі бар топқа жатқызу мүмкіндігі негізінде қарсы көрсетілімде.

Әйелде бірнеше қауіп факторы болғанда жекелеген факторлар қосындысына қарағанда қауіп артуы үлкен болуы мүмкін және бұл жағдайда жалпы қауіп мөлшерін ескеру. Егер пайда/қаупінің арақатынасы теріс деп бағаланса КГК тағайындауға болмайды.

АТЭ дамуының қауіп факторлары

Қауіп факторы

Түсініктемелер

Жасы келуіне қарай

Әсіресе 35 жастан асқан

Шылым шегу

КГК қолдануға олардың құлқы болған жағдайда әйелдерге шылым шегуден бас тарту ұсынылады. Шылым шегуді жалғастырған 35 жастан асқан әйелдерге контрацепцияның басқа әдісін қатаң түрде ұсыну керек.

Артериялық гипертензия

 

Семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м² астам)

ДСИ жоғарылағанда қауіптің елеулі артуы.

Қосымша қауіп факторлары болғанда ерекше маңызды

Отбасылық ауыр сыртартқы (аға-іні, апа-қарындастарында, сіңлілерінде немесе ата-аналарында артериялық тромбоэмболиясы жағдайлары, әсіресе салыстырмалы жасырақ кезінде, мысалды 50 жастан кіші).

Тұқым қуалайтындығына бейімділігіне күдік болғанда КГК тағайындағанға дейін әйелді тиісті маманға кеңес алуға бағыттау керек.

Бас сақинасы

КГК пайдалану кезінде бас сақинасының жиілігі немесе ауырлығы артуы (бұл цереброваскулярлық бұзылулар соңынан болуы мүмкін) бұл препараттарды қабылдауды дереу тоқтатуға негіз болуы мүмкін.

Қолайсыз тамырлық құбылыстарға байланысты басқа да аурулар

Қант диабеті, гипергомоцистеинемия, жүрек клапанының ақауы және жүрекше фибрилляциясы, дислипопротеинемия және жүйелі қызыл жегі.

Тиісінше симптомдар туындағанда әйелдер дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс, бұл арада медициналық қызметкерге өзінің КГК қолданатынын хабардар етуі керек.

Ми қан айналымы жедел бұзылуының симптомдары келесідей болуы мүмкін:

- беттің, аяқ немесе қолдың, әсіресе дененің бір жағындағы бұлшықеттерінің кенеттен ұюы немесе әлсіздігі;

- жүрістің күрт бұзылуы, бас айналуы пайда болуы, тепе-теңдік немесе қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы;

- кенеттен сана шатасуының болуы, сөйлеу немесе оны түсінудің бұзылуы;

- бір немесе екі көздің көруінің кенеттен бұзылуы;

- белгілі себепсіз ауыр немесе ұзақ бас ауыруының кенеттен пайда болуы;

- құрысу ұстамасы бар немесе онсыз естен тану немесе талу.

Өтпелі симптомдары бұл құбылыстың транзиторлы ишемиялық шабуыл (ТИШ) болып табылатынын көрсетеді.

ИМ симптомдары мыналар болуы мүмкін:

- кеудедегі, қолдардың немесе көкірек ортасындағы ауыру, жайсыздық, қысым, ауырлық, қысу және керу сезімі;

- арқаға, төменгі жақ сүйегіне, тамаққа, қолға, асқазан аймағына берілетін жайсыздық;

- асқазанның толып кетуін сезіну, ас қорыту бұзылуы немесе тұншығу;

- тершеңдік, жүрек айнуы, құсу немесе бас айналуы;

- аса әлсіздік жай-күйі, үрейлену немесе ентігу;

- жиі немесе ұдайы емес пульс.

Артерия немесе көктамыр ауруларының күрделі қауіп факторларының бірі немесе көптеген қауіп факторларының болуы да тиісінше қарсы көрсетілім болып табылуы мүмкін. Антикоагулянтты ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек. КГК қолданатын әйелдер болжамды тромбоз симптомдары туындағанда дереу дәрігерге қаралуы керек. Тромбозға күдік болған жағдайда немесе расталған тромбозда КГК қолдануды тоқтату керек. Антикоагулянттық емнің (кумариндер) тератогендігі салдарынан талапқа сай контрацепция әдісін таңдау керек.

Босанудан кейінгі кезеңде тромбоэмболия дамуының жоғары қаупін ескеру керек.

Ауыр қан тамырлық патологияға байланысты басқа да ауруларға қант диабеті, жүйелі қызыл жегі, гемолитикалық-уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну аурулары (Крон аурулары немесе спецификаплық емесе ойық жаралы колит) және орақ-жасушалы анемия жатады.

КГК пайдалану уақытында бас сақинасының жиілігі немесе ауырлығы артуы (бұл цереброваскулярлық бұзылулар алдында болуы мүмкін) КГК қабылдауды дереу тоқтату үшін негіз болуы мүмкін.

Ісіктер

Жатыр мойны обырының даму қаупінің ең елеулі факторы адам папилломасы вирусынан (АПВ) туындаған инфекция болуы болып табылады.

Кейбір эпидемиологиялық зерттеулерде КГК ұзақ (5 жылдан астам) қолданғанда жатыр мойны обырының даму қаупінің жоғарылағаны туралы хабарланды, алайда бұл заттың қатарлас факторлардың, мысалы жатыр мойны обырының болуына зерттеулерге немесе контрацепцияның бөгеу әдісін пайдалануға қай дәрежеде қатысты болуына орай қайшы пікірлер сақталып отыр.

Берілген 54 эпидемиологиялық зерттеулердің мета-талдаулары зерттеу сәтінде КГК пайдаланған әйелдерде диагностикаланған сүт безі обырының дамуының бірнеше жоғары салыстырмалы қаупі (RR=1,24) барын көрсетті. Артық қаупі КГК қолдану тоқтағаннан кейін 10 жыл ішінде біртіндеп төмендейді. 40 жастан кіші әйелдерде сүт безінің обыры сирек кездесетіндіктен, сүт безінің обырының жалпы даму қаупіне қатысты КГК бұрын қолданған немесе қазірге уақытта қолданып жүрген әйелдердегі сүт безінің обыры анықталуы жағдайларының мөлшері соңғы жылдары артқан. Бұл зерттеулер КГК қолдану мен сүт безінің обырының дамуы арасындағы себеп-салдарлы байланыстың болуын растамайды. Бақыланған қауіп жоғарылауы КГК қолданып жүрген әйелдерде сүт безінің обырының ертерек диагностикалануы, КГК биологиялық әсері немесе екі нұсқаның үйлесуі салдары болуы мүмкін. Қашан болса да КГК қолданған әйелдер арасында КГК ешқашан пайдаланбаған әйелдерге қарағанда диагностикаланған сүт безі обыры жағдайларының клиникалық білінуінің айқындығы төмендігі үдерісі анықталды.

КГК қолдану аясында сирек жағдайларда бауырдың қатерсіз, ал бұдан да сирек - қатерлі ісігі дамығаны байқалды. Бұл ісіктер жекелеген жағдайларда өмір үшін қауіпті құрсақішілік қан кетулер туындатқан. Бауыр ісігінің дифференциалды диагностикасында КГК қолданатын әйелдерде іштің жоғарғы бөлігіндегі қатты ауырулар, бауыр ұлғаюы немесе құрсақішілік қан кетулер болатынын ескеру керек. Қатерлі ісіктер өмір үшін қауіпті болуы немесе өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.

Басқа да жай-күйлер

Мидиана® препаратының прогестеронді компоненті калий жинақтаушы қасиеті бар альдостерон антагонисі болып табылады. Көп жағдайларда қан сарысуындағы калий құрамының ұлғаюы анықталмады. Дегенмен клиникалық зерттеулерде бауыр функциясының жеңіл немесе айқындығы орташа бұзылуы бар және калий жинақтаушы дәрілік препараттарды бірге қолданған кейбір пациенттер дроспиренон қабылдағанда қан сарысуындағы калий құрамының аздап ұлғаюы болған. Осылайша бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат қабылдаудың бірінші оралымында және калий құрамының мәні емге дейін жоғары қалып шегі деңгейіндегі пациенттерде, сондай-ақ организмде калий іркіп қалатын дәрілік препараттарды бір мезгілге тағайындаған жағдайда қан сарысуындағы калий құрамын бақылау ұсынылады.

Гипертриглицеридемиялы немесе отбасылық сыртартқысында осындай бұзылысы бар әйелдерде КГК қолданған уақытта панкреатит даму қаупі жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды.

КГК қолданып жүрген көптеген әйелдерде артериялық қысымның аздап жоғарылауы сипатталса да, клиникалық елеулі жоғарылауы сирек анықталды. Тек осындай сирек жағдайларда ғана КГК қолдануды дереу тоқтату ақталады. Егер оның алдында артериялық гипертензиясы болған жағдайдағы КГК қолдану кезінде артериялық қысым мәні үнемі жоғары болуы немесе артериялық қысымның елеулі жоғары болуы гипотензивтік емге талапқа сай жауап бермесе КГК тоқтату керек. Егер артериялық қысымның қалыпты мәніне гипотензивтік ем жүргізу аясында қол жеткізілсе, қажет болған жағдайда КГК қолдану жалғастырылуы мүмкін.

Келесі жай-күйлердің жүктілік кезінде, сондай-ақ КГК қолдану аясында дамитыны немесе олардың барысы күрделенетіні анықталды, алайда олардың КГК қолданумен байланысы дәлелденбеген: холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасының конкременттері; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолитикалық-уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілердегі герпес; отосклерозға байланысты естімей қалу.

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер ангионевроздық ісінудің симптомдарын туындатуы немесе күшейтуі мүмкін.

Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келгенше КГК пайдалануды тоқтатуды талап етуі мүмкін. Жүктілік немесе алдында жыныс гормондарын қабылдау кезінде алғаш дамитын қайталанатын холестаздық сарғаю және/немесе холестаздан туындаған қышыну КГК қолдануды тоқтатуды талап етеді.

КГК инсулинге шеткергі резистенттілікке және глюкозаға толеранттылыққа әсер етуі мүмкін болса да, төмен дозаланған (құрамында < 0,05 мг этинилэстрадиол бар) КГК пайдаланатын, қант диабеті бар пациент әйелдерде емдеу режимін өзгерту қажеттігі жоқ. Дегенмен қант диабеті бар әйелдер, әсіресе КГК қолдануды бастағанда дәрігерде мұқият бақылануы тиіс.

Сондай-ақ КГК пайдаланғанда эндогендік депрессия, эпилепсия, Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит барысының күрделенгені туралы хабарланды. Кейде, әсіресе сыртартқысында жүктілердің хлоазмасы болған әйелдерде хлоазма дамуы мүмкін.

КГК қолдану уақытында хлоазма дамуына бейімі бар әйелдер күн көзінде ұзақ болудан және ультракүлгін сәулелену әсерінен аулақ болуы тиіс.

Бұл дәрілік препараттың бір таблеткасы құрамында 48,17 мг лактоза моногидраты бар. Препаратты лактоза көтере алмаушылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуі бұзылуы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауруы бар пациент-әйелдерге қолдануға болмайды.

Бұл дәрілік препараттың бір таблеткасы құрамында 0,070 мг соя лецитині болады. Бұл препаратты жер жаңғаққа немесе сояға аса жоғары сезімталдығы бар пациент әйелдерге қолдануға болмайды.

Медициналық зерттеулер /кеңес алу

Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қолдануды бастағанға немесе қайта тағайындағанға дейін сыртартқысына мұқият сұрастыру жүргізу (отбасылық сыртартқысын қоса) және жүктілік бар-жоғын анықтау керек. Артериялық қысымды өлшеу, қолдануға болмайтын жағдайлары және айрықша нұсқаулары және сақтық шаралары туралы ақпараттарды басшылыққа ала отырып, объективті зерттеу жүргізу керек. Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қолдану қаупін қоса, көктамырлық және артериялық тромбоз туындау қаупіне, басқа КГК салыстыруға қарағанда КТЭ және АТЭ симптомдарына, сондай-ақ қауіптің анықталған факторларына және тромбоз дамуына күдік болғанда алдын ала қолданылатын әрекетке әйелдердің назарын аудару маңызды.

Әйелдің пациентке арналған ақпараты бар қосымша бетті мұқият оқығаны және онда берілген нұсқауларды орындағаны жөн. Тексерудің жиілігі мен түрі олардың іс жүзінде әр нақты әйел үшін бейімделіп әзірленген ұсыныстарға негізделуі тиіс.

Ішу арқылы қолданылатын контрацептивтердің АИТВ-инфекцияларынан (ЖИТС) және жыныс жолдары арқылы берілетін басқа да аурулардан сақтандыра алмайтыны туралы әйелдерге алдын ала ескерту керек.

Тиімділігі төмендеуі

КГК тиімділігі таблетканы қабылдауды жіберіп алған жағдайда, асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылыстарда немесе басқа дәрілік препараттарды бірге қолданғанда төмендеуі мүмкін.

Азайтылған оралымның бақылауы

КГК қабылдау аясында ұдайы емес қан кетулер (жағынды қанды бөліністер, немесе лақылдап қан кетулер), әсіресе пайдаланудың алғашқы айларында анықталуы мүмкін. Осы себепті кез келген жүйелі емес қан кетулерді бағалау шамамен үш оралымды құрайтын үйренісу кезеңінен кейін ғана елеулі болып табылады. Егер алдындағы жүйелі оралымдардан кейін жүйелі емес қан кетулер қайталанса немесе дамыса қатерлі жаңа түзілім немесе жүктіліктің бар-жоғын анықтау үшін тиісінше диагностикалық шаралар жүргізе отырып, горомональді емес себептері бар-жоғын анықтау керек. Оларға диагностикалық қырнау қосылуы мүмкін.

Кейбір әйелдерде «тоқтатудың» қан кетулері ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді қабылдағандағы үзіліс кезінде дамымайды. Егер КГК көрсетілімге сәйкес қабылданса, онда әйелдерде жүктілік басталу ықтималдығы төмен. Дегенмен, егер КГК «тоқтатудың» қан кетулерінің бірінші болмай қалуына дейін нұсқаулыққа сәйкес емес қабылданса немесе «тоқтатудың» екі қан кетуі қатарынан болмаса, онда КГК қабылдауды жалғастырғанға дейін жүктілік бар-жоғы анықталуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары жүктілік уақытында көрсетілмеген.

Егер жүктілік Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қолдану аясында басталса онда оны дереу тоқтату керек. Кеңейтілген эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу барысында КГК аналары жүктілікке дейін қабылдаған балаларда туа біткен ақау қаупі артуы да, жүктілік уақытында абайсыз КГК қолданғанда тератогендік әсері де анықталмады. Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары пайдаланылған бұндай зерттеулер жүргізілмеген.

Жануарлардағы зерттеулерде жүктілік және лактация уақытында жағымсыз әсерлері анықталды. Осы деректерді негізге ала отырып, әрекет етуші қосылыстардың гормональді әсеріне байланысты жағымсыз әсерлерді жоққа шығаруға болмайды. Алайда жүктілік уақытында кездейсоқ КГК қолданудың жиынтық тәжірибесіне сүйенсек, адамдарда нақты жағымсыз әсерлері туралы деректер алынбаған.

Препараттың жүктілікке, ұрықтың немесе жаңа туған нәрестенің денсаулығына теріс әсері жоқтығы туралы қорытынды жасау мүмкін болатындай Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын жүктілік уақытында қолдану бойынша қолжетімді деректер аса шектеулі. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық зерттеулерден елеулі деректер алынбаған.

Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қайта тағайындағанда босанудан кейінгі кезеңде КТЭ дамуының жоғары қаупін ескеру керек.

Лактация кезеңі

Емшек сүтінің мөлшерін азайту және оның құрамын өзгерту мүмкіндігі болуына орай КГК лактацияға әсер ете алады. Осылайша КГК пайдалану әдетте бала емізетін әйел сәбиін емшектен толық шығармайынша ұсынылмайды.

Контрацептивті гормондардың немесе олардың метаболиттерінің аздаған мөлшері КГК қолдану уақытында емшек сүтімен бөлінуі мүмкін. Бұл мөлшер сәбиге әсер етуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автомобиль жүргізу қабілетіне және жарақаттау қаупі жоғары механизмдермен жұмысқа әсерін зерттейтін зерттеулер жүргізілмеген.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, жас қыздардағы қынаптан аздаған қан кетулер.

Емі: симптоматикалық, спецификалық у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 21 таблеткадан.

1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан, картон қалташамен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР-дағы өкілдігі

E-mail: info@richter.kz Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23

1

Прикрепленные файлы

404993241477976293_ru.doc 168 кб
988042991477977491_kz.doc 204 кб
9647_11_16_i.pdf 1.49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ