Венофер®

МНН: Железа (III) гидроксид сахарозный комплекс
Производитель: ИДТ Биологика ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Saccharated iron oxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122086
Информация о регистрации в РК: 16.02.2016 - 16.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Венофер®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 20 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат –темір (ІІІ) 20 мг

(сахароза кешенінің темір (III) гидроксиді түрінде 510-570 мг)

қосымша заттар: натрий гидроксиді (10% ерітіндісі), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қоңыр түсті сулы ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Анемияға қарсы препараттар. Темір препараттары. Парентеральді қолдануға арналған темір препараттары. Темір тотығының сахараты.

АТХ коды В03АС02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Таралуы

Таңбаланған 52Fe және 59Fe темір-сахароза кешенінің феррокинетикасы анемиясы, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар 6 пациентте бағаланды. Алғашқы 6-8 сағат ішінде 52Fe бауырмен, көкбауырмен және сүйек кемігімен қармалды. Макрофагтарға бай радиоактивті белгіні қармау темірді ретикулоэндотелиальді жүйемен қармауға тән болып табылады деп есептеледі.

Құрамында 100 мг темір бар темір-сахарозалық кешен дозалары дені сау еріктілерге жасалған бір реттік көктамырішілік инъекциясынан кейін темірдің ең жоғары концентрациялары инъекциядан кейін 10 минуттан соң тіркеліп, орташа 538 мкмоль/л құрады. Орталық компартменттегі таралу көлемі плазма көлеміне (шамамен 3 литрге) дәл сәйкес келеді.

Биотрансформациясы

Инъекциядан кейін сахарозаның үлкен бөлігі диссоцацияланады және көп ядролық құрамында темір бар ядро негізінен бауырдың, көктамырдың және сүйек кемігінің ретикулоэндотелиальді жүйесімен қармалады. Енгізгеннен кейін 4 аптадан соң эритроциттермен утилизациялануы 59-дан 97%-ды құрады.

Шығарылуы

Темір-сахароза кешенінің орташа молекулалық салмағы (МС) шамамен 43 кДа тең, бұл бүйрек арқылы шығарылуын болдырмау үшін әбден жеткілікті. Құрамында 100 мг темір бар Венофер® дозасы инъекциясынан кейінгі алғашқы 4 сағат ішінде жүретін темірдің бүйрекпен шығарылуы енгізілген дозаның 5%-дан азына сәйкес болды. 24 сағаттан соң сарысудағы темірдің жалпы концентрациясы препарат енгізілгенге дейін белгіленген деңгейге жеткенше төмендеді. Сахарозаның бүйрекпен шығарылуы енгізілген дозаның шамамен 75%-ын құрады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Венофер® препаратының белсенді компоненті - темір-сахароза кешені ковалентті емес байланысқан сахароза молекулаларының ауқымды мөлшерімен қоршалған көп ядролы темір (III) гидроксидінің ядросынан тұрады. Осы кешеннің орташа молекулалық салмағы (МС) шамамен 43 кДа тең. Көп ядролы құрамында темір бар ядро құрылымы темірдің физиологиялық қоры – ферритин ақуызы ядросының құрылымымен ұқсас. Бұл кешен организмдегі темірдің (тиісінше, трансферрин мен ферритиннің) тасымалдануы мен жинақталуына жауап беретін ақуыздар үшін темірдің басқарылатын көзін қалыптастыруға арналған.

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін аталған кешен құрамына кіретін көп ядролы құрамында темір бар ядро негізінен бауырдың, көктамырдың және сүйек кемігінің ретикулоэндотелиальді жүйесімен қармалады. Келесі сатыда темір гемоглабин, миоглабин және басқа да құрамында темір бар ферменттер синтезі үшін пайдаланылады немесе көбінесе ферритин түрінде бауырда жинақталады.

Қолданылуы

Венофер® мына жағдайларда темір тапшылықты жай-күйлерді емдеуге арналған:

– темір қорларын жылдам толықтыру қажет болғанда

– ішу арқылы қабылданатын темір препараттарын көтере алмайтын немесе емдеу режимін сақтамайтын пациенттерде

– ішу арқылы қабылданатын темір препараттары тиімсіз болатын ішектің белсенді қабыну аурулары болғанда

Венофер® препаратын қолданылуына көрсетілімдер тиісті зертханалық зерттеулер нәтижесімен расталған жағдайларда ғана қолдану керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілі

Венофер® тек көктамыр ішіне енгізіледі. Ол тамшылатқыш инфузия, баяу инъекция арқылы немесе диализдік жүйенің тікелей көктамыр бөлігіне енгізілуі мүмкін. Препарат бұлшықет ішіне енгізуге арналмаған.

Көктамырішілік тамшылатқыш инфузия

Венофер® тек стерильді 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтылады (NaCl) (масса/көлем). Сұйылтуды тікелей инфузия алдында жүргізу керек, ал алынған ерітіндіні төмендегідей енгізу керек.

Венофер® препаратының дозасы

(темір мг)

Венофер® препаратының дозасы

(Венофер препаратының мл)

Сұйылтуға арналған стерильді 0,9% NaCl ерітіндісінің ең жоғары көлемі (масса/көлем)

Ең төменгі инфузия уақыты

100 мг

5 мл

100 мл

15 минут

200 мг

10 мл

200 мл

30 минут

300 мг

15 мл

300 мл

1,5 сағат

400 мг

20 мл

400 мл

2,5 сағат

500 мг

25 мл

500 мл

3,5 сағат

Темірдің өте төмен концентрациясына дейін препаратты сұйылтуға болмайды.

Көктамырішілік инъекция

Венофер® сұйылтылмаған ерітіндіні минутына 1 мл жылдамдықпен баяу көктамыр ішіне инъекциялау арқылы енгізілуі мүмкін және оның дозасы кемінде 10 минут бойы инъекцияға 10 мл-ден (200 мг темір) аспауы тиіс.

Диализдік жүйенің көктамыр бөлігіне енгізу

Венофер® препаратын көктамырішілік инъекция үшін қойылатын талаптар сияқты шарттарды сақтағанда гемодиализ сенансы кезінде тікелей диализдік жүйенің көктамыр бөлігіне енгізуге болады.

Доза

Әр пациент үшін асыруға болмайтын Венофер® препаратының жинақтаушы дозасын жеке есептеу керек. Енгізу кестесі де әр пациент үшін жеке жасалуы тиіс.

Стандартты дозалар

Ересектер

5-10 мл Венофер® препаратын (100-200 мг темір) гемоглабин деңгейіне байланысты аптасына 1-3 рет.

Препаратты енгізу уақыты мен сұйылту тәсілі «Қолдану тәсілі» бөлімінде көрсетілген.

Ең жоғары көтерімді бір реттік және апталық дозалар

Ересектер

Инъекция түрінде енгізілетін бір тәулікке ең жоғары көтерімді доза аптасына 3 реттен жиі емес:

  • Ең кемі 10 минут ішінде енгізілетін 10 мл Венофер® препараты (200 мг темір)

Инфузия түрінде енгізілетін бір тәулікке ең жоғары көтерімді доза аптасына бір реттен жиі емес:

  • Дене салмағы 70 кг-ден көп пациенттер: ең кемі 3,5 сағат ішінде енгізілетін 500 мг темір (25 мл Венофер® препараты)

  • Дене салмағы 70 кг және одан төмен пациенттер: ең кемі 3,5 сағат ішінде енгізілетін дене салмағының әр кг 7 мг темір

Егер пациент ең жоғары көтерімді бір реттік дозаны алмаса да, «Қолдану тәсілі» бөлімінде көрсетілген инфузия уақытын қатаң ұстану керек.

Дозаны есептеу

Жалпы темір (мг) тапшылығына баламалы Венофер® препаратының жалпы жинақтаушы дозасы гемоглобин (Hb) мен дене салмағы (ДС) деңгейі негізінде анықталады. Венофер® препаратының дозасын төменде келтірілген Ганзони формуласы бойынша есептелген жалпы темір тапшылығына сәйкес әр пациент үшін жекелей есептеу керек, мысалы:

Жалпы темір тапшылығы [мг] = дене салмағы [кг] × (мақсатты деңгей Hb – нақты деңгей Hb) [г/дл] х 2,4* + жинақталған темір [мг]

Дене салмағы 35 кг-дан төмен болғанда:

Мақсатты деңгей Hb = 13 г/дл, жинақталған темір мөлшері = дене салмағы 15 мг/кг

Дене салмағы

35 кг және одан көп болғанда:

Мақсатты деңгей Hb = 15 г/дл, жинақталған темір мөлшері = 500 мг

* 2,4 коэффициенті = 0,0034 (темірдің мөлшері Hb = 0,34%) ×

0,07 (қан көлемі = дене салмағының 7% ) × 1000 ( [г]-ден [мг]-ге алмастыру) × 10

 

Енгізілуі тиіс Венофер® препаратының жалпы мөлшері =

(мл)

Жалпы темір тапшылығы [мг]

20 мг темір/мл

 

Дене салмағына, Hb нақты деңгейіне және Hb мақсатты деңгейге байланысты енгізілуі тиіс Венофер® (мл) препаратының жалпы мөлшері*:

ДС

Енгізілуі тиіс Венофер® (20 мг темір мл-мен) препаратының жалпы мөлшері:

 

Hb 6,0 г/дл

Hb 7,5 г/дл

Hb 9,0 г/дл

Hb 10,5 г/дл

 

мг Fe

мл

мг Fe

мл

мг Fe

мл

мг Fe

мл

30 кг

960

48

840

42

740

37

640

32

35 кг

1260

63

1140

57

1000

50

880

44

40 кг

1360

68

1220

61

1080

54

940

47

45 кг

1480

74

1320

66

1140

57

980

49

50 кг

1580

79

1400

70

1220

61

1040

52

55 кг

1680

84

1500

75

1300

65

1100

55

60 кг

1800

90

1580

79

1360

68

1140

57

65 кг

1900

95

1680

84

1440

72

1200

60

70 кг

2020

101

1760

88

1500

75

1260

63

75 кг

2120

106

1860

93

1580

79

1320

66

80 кг

2220

111

1940

97

1660

83

1360

68

85 кг

2340

117

2040

102

1720

86

1420

71

90 кг

2440

122

2120

106

1800

90

1480

74

*Дене салмағы 35 кг-ден төмен болғанда:

Мақсатты деңгей Hb = 13 г/дл

Дене салмағы 35 кг және одан көп болғанда:

Мақсатты деңгей Hb = 15 г/дл

Hb-ны (ммоль)  Hb-ға (г/дл) алмастыру үшін бірінші мәнді 1,6-ге көбейтіңіз.

Егер жалпы қажетті доза рұқсат етілген ең жоғары бір реттік дозадан асып кетсе, оны бірнеше енгізілімге бөлу керек.

Егер Венофер® препаратымен емді бастағаннан кейін 1-2 аптадан соң гематологиялық параметрлер тарапынан жауап байқалмаса, бастапқы диагнозды қайта қарау керек.

Балалар

Венофер® препаратын балаларға қолдану жеткілікті түрде зерттелген жоқ, сондықтан балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Венофер® препаратын клиникалық зерттеу аясында ең көп жиі тіркелген жағымсыз дәрілік реакциялар (ҚДР) 100 субъектіге шаққанда 4,5 құбылыс жиілігімен байқалған дәм сезу өзгерістері болып табылады. Венофер® препаратын қолданумен байланысты ең көп маңызды күрделі жағымсыз дәрілік реакциялар 100 субъектіге шаққанда 0,25 құбылыс жиілігімен клиникалық зерттеулер аясында байқалған аса жоғары сезімталдық реакциялары болып табылады.

Төменде клиникалық зерттеулер аясында 4046 субъектіде Венофер® препаратын қолданғаннан кейін тіркелген жағымсыз дәрілік реакциялар ұсынылған.

Жиі (≥1/100, <1/10)

- дәм сезудің бұзылуы

- артериялық гипотензия, артериялық гипертензия

- жүрек айнуы

- инъекция орнының ауыруы

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

  • полицитемия1)

  • жоғары сезімталдық

  • бас ауыруы, бас айналу, күйдіру сезімі, парестезия, гипестезия

  • тромбофлебит, флебит

  • ентігу

  • хроматурия

  • құсу, іштің ауыруы, диарея, іштің қатуы

  • қышыну, бөртпе

  • бұлшықет құрысулары, миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы

  • қалтырау, инъекция орнындағы реакциялар, инъекция орнындағы тітіркенулер, инъекция орнындағы экстравазация, инъекция орнындағы тері түсінің өзгеруі, инъекция орнындағы күйдіру сезімі, инъекция орнындағы ісіну, астения, шаршау, ауыру

Сирек (≥1/10 000, <1/1000)

  • пневмония

  • темірмен артық жүктену

  • естен тану, бас сақинасы, ұйқышылдық

  • жүрек соғуын сезіну

  • гиперемия

  • ауыздың құрғауы

  • аяқ-қолдағы жайсыздықты сезіну, бұлшықет түйілулері

  • ыстықты сезіну, кеуденің ауыруы, пирексия, ісіну, инъекция орнындағы қышыну, инъекция орнындағы қанталау

  • шеткергі ісіну

Зертханалық параметрлердің патологиялық өзгерістері

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

  • гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, бауыр сынамалары нәтижесінде патологиялық өзгерістер

  • Сирек (≥1/10 000, <1/1000)

- сарысудағы1) ферритин деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы

1) Темірмен артық дозалану немесе темірмен артық жүктеме салдары ретінде болуы мүмкін

Тіркеуден кейінгі кезеңде байқалатын жағымсыз реакциялар, олардың кейбірі өлімге әкелуі мүмкін

Жиілігі белгісіз:

  • анафилактоидты реакциялар, ангионевроздық ісіну

  • сананың төмен деңгейі, сананың шатасуы, естен тану, үрей, тремор

  • брадикардия, тахикардия

  • тамыр коллапсы, беткейлік көктамыр тромбозы

  • бронх түйілуі

  • есекжем, эритема

  • бұлшықеттер гипотониясы

  • гипергидроз, суық тер шығу, жалпы демікпе, бозару

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • «Құрамы» бөлімінде жазылған темір-сахароза кешеніне, Венофер® препаратына немесе қосымша заттардың қандай да біріне жоғары сезімталдық

  • басқа парентеральді темір препараттарына белгілі аса жоғары сезімталдық

  • темір тапшылығымен байланысты емес анемия

  • темірмен аса жүктеме белгілерінің болуы немесе оны утилизациялау үдерістерінің туа біткен бұзылулары

  • жүктіліктің алғашқы триместрі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Темірдің барлық парентеральді препараттарын қолданғандағыдай Венофер® препаратын темірдің пероральді препараттарымен бір уақытта қолдану ұсынылмайды, себебі пероральді темірдің сіңірілуі төмендеуі мүмкін.

Венофер® тек стерильді 0,9% (салмақ/көлем) натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтылады. Басқа ерітінділермен немесе дәрілік препараттармен араластырған кезде преципитация және/немесе өзара әрекеттесу қаупі бар. Шыныдан, полиэтиленнен және поливинилхлоридтен бөлек, басқа материалдардан жасалған контейнерлермен үйлесімділігі зерттелген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Венофер® препаратымен емді емдеуші дәрігер диагнозды мұқият қойғаннан кейін ғана тағайындау керек.

Парентеральді енгізілетін темір препараттары өлім қаупін төндіретін анафилактикалық/анафилактоидтық реакциялар туғызуы мүмкін. Темірдің парентеральді кешендерін, соның ішінде темір-сахароза кешенін алдында асқынбаған енгізулерінен кейін де жоғары сезімталдық реакциялары байқалды. Венофер® препаратын әрбір енгізер алдында препараттың жағымсыз әсерлеріне қатысты пациенттерден белсенді түрде сауалнама алу керек. Венофер® препаратын анафилактикалық реакцияларды анықтауға және қайтаруға оқытылған қызметкерлер ғана пайдалануы тиіс, олардың қолында аллергияға қарсы препараттар, сондай-ақ, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған жабдықтар мен тиісті емшаралар болуы тиіс. Венофер® препаратын әр инъекциялағаннан кейін барлық пациенттерді кемінде 30 минут бойы жағымсыз құбылыстардың жоқтығына бақылау керек.

Аллергиялық реакциялар дамыған жағдайда емді тез арада тоқтату керек. Шокқа қарсы ем жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс (0,1% адреналин ерітіндісі, антигистаминді және/немесе кортикостероидты препараттар).

Аса жоғары сезімталдық реакциялар қаупі дәрілік аллергияны қоса белгілі аллергиялары бар пациенттерде, бронх демікпесі, экземасы немесе басқа да атопиялық аллергиялық реакциялары бар пациенттерде жоғарылайды. Сонымен қатар, иммунологиялық және қабыну аурулары (мысалы, жүйелік қызыл жегі, ревматоидтық артрит) бар пациенттерде парентеральді темір кешеніне аса жоғары сезімталдық реакциялар қаупі артқан.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге парентеральді темірді қауіп пен пайда арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана қолдану керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге темірмен аса жүктеме түрткі болатын фактор болып табылғанда, әсіресе терінің кеш порфириясы дамуында парентеральді темірді қолдануға болмайды. Темірмен аса жүктемені болдырмас үшін организмдегі темір деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Парентеральді темірді жедел немесе созылмалы инфекция болғанда сақтықпен қолдану керек. Ұзаққа созылған бактеремиясы бар пациенттерге Венофер® препаратын қолдануды тоқтату ұсынылады. Созылмалы инфекциясы бар пациенттерде эритропоэзді басу мүмкіндігін есепке ала отырып, қауіп пен пайда арақатынасын бағалау қажет.

Егер препарат тым жылдам енгізілген болса, гипотензия көріністері дамуы мүмкін. Кейде артралгияны қоса аллергиялық реакциялар ұсынылған дозаны асырған кезде жиі байқалды. Көктамыр маңында ағып кетуді болдырмау керек, себебі инъекция орнында Венофер® препаратының ағып кетуі ауырудың пайда болуына, қабынудың дамуына, тіндер некрозына және терінің қоңыр түске боялуына әкелуі мүмкін.

Контейнерді алғашқы ашқаннан кейінгі қолдану ерекшеліктері

Микробиологиялық тұрғыдан алғанда препаратты тез арада пайдалану керек.

0,9% натрий хлориді ерітіндісін (NaCl) (салмақ/көлем) сұйылтқаннан кейін қолдану ерекшеліктері

Сұйылтқаннан кейін химиялық және физикалық тұрақтылық бөлме температурасында 12 сағатты құрайтыны көрсетілген. Микробиологиялық тұрғыдан алғанда препаратты тез арада пайдалану керек. Егер препарат сұйылтқаннан кейін бірден пайдаланылмаса, пайдаланушы сұйылтқаннан кейінгі сақтау шарттары мен уақытына жауап береді, ол сұйылту бақыланатын және валидацияланған асептикалық жағдайларда орындалғандардан басқа кез келген жағдайда бөлме температурасында 3 сағаттан аспауы тиіс.

Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Жүктілік кезеңі

Жүкті әйелдерде Венофер® препаратын қолданудың бақыланатын зерттеулері қазіргі уақытқа дейін жүргізілген жоқ. Жүктілік кезінде өршіген темірдің парентеральді препараттарына аллергиялық реакциялар ана мен бала өміріне қауіп төндіреді. Егер өте қажет болмаса, көктамыр ішіне енгізуге арналған темір препараттары жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс. Анасы үшін әлеуетті пайдасы ұрық үшін ықтималды қауіптен асатын болса ғана Венофер® препаратын жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде қолдану керек.

Препаратты жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға болмайды.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер нәтижесі жүктілікке, эмбрионның/ұрықтың дамуына, босануларға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерлерді анықтаған жоқ. Жүкті әйелдердің шектеулі санынан алынған деректер Венофер® препаратының жүктілікке немесе ұрықтың/жаңа туған нәрестенің денсаулығына жағымсыз әсерінің жоқтығын көрсетеді.

Лактация кезеңі

Темір-сахароза кешенін көктамыр ішіне енгізгеннен кейін темірдің адамның емшек сүтімен бөлінуі бойынша деректер саны шектеулі. 10 дені сау, темір тапшылығы бар бала емізетін аналардың бір клиникалық зерттеулер аясында темір-сахароза кешені түрінде 100 мг темір алған. Емдеуден кейін 4 күннен кейін емшек сүтіндегі темір мөлшері артқан жоқ және бақылау тобымен (n=5) салыстырғанда айырмашылықтар байқалған жоқ. Венофер® препаратының темірі жаңа туған нәрестеге/сәбиге анасының сүтімен баруы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан препаратты қауіп пен пайда арақатынасын бағалауды есепке ала отырып сақтықпен тағайындау керек.

Клиникаға дейінгі зерттеулер нәтижесі емшек еметін сәбиге тікелей немесе жанама зиянды әсерлерін анықтаған жоқ. Таңбаланған 59Fe темір-сахароза кешені енгізілген лактациялайтын егеуқұйрықтарда темірдің сүтке секрециясының және темірдің тұқымға берілуінің төмен деңгейі байқалды. Метаболизденбеген темір-сахароза кешенінің емшек сүтіне түсу ықтималдығы аз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Венофер® препаратының автокөлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне қолайсыз әсерін тигізу ықтималдығы аз. Дегенмен, Венофер® препаратын қолданғаннан кейін бас айналу, сананың шатасуы немесе жартылай естен тану сияқты симптомдар дамыған кезде пациенттер осы симптомдар басылғанша көлік құралдарын басқармауы немесе басқа да автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істемеулері тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануы гемосидероз симптомдары түрінде көрініс беретін темірмен артық жүктемеленуді туындатуы мүмкін.

Емі: артық дозалануды темір хелаторын пайдалана отырып немесе стандартты медициналық тәжірибеге сәйкес емдеуші дәрігердің шешіміне қарай емдеу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан ампуланың мойынындағы жиек немесе қос жиек және ампула мойнында нүкте түріндегі кертігі бар түссіз мөлдір шыны ампулаларға салынған.

5 ампуладан поливинилхлоридтен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Препаратты мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ИДТ Биологика ГмбХ, Германия

Am Pharmapark, 06861 Dessau-Rosslau, Germany

Ам Фармапарк, 06861 Дессау-Рослау, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі және шығарылу сапасын бақылаушы

Вифор (Интернэшнл) Инк., Швейцария

Rechenstrasse 37, 9014 St. Gallen, Switzerland /

Рехенштрассе 37, 9014 Санкт-Галлен, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының Қазақстандағы өкілдігі

Алматы, Шашкин к-сі 44

Телефон: (727) 2444004

Факс: (727) 2444005

Электронды поштасы: DSO-KZ@takeda.com

 

 

Прикрепленные файлы

339936831477976278_ru.doc 147.5 кб
389096171477977463_kz.doc 137.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники