Амивирен (150 мг)

МНН: Ламивудин
Производитель: АО Фармасинтез
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamivudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121752
Информация о регистрации в РК: 23.10.2015 - 23.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 65.01 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Амивирен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламивудин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг, 300 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –ламивудин 150 мг, 300 мг

қосымша заттар:

Ядросы: карбоксиметилкрахмал натрий (примогель), желатинделген крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил А-300 маркасы), магний стеараты, микрокристаллды целлюлоза.

Қабықтың құрамы: (дайын суда еритін үлбірлі қабық)

гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), коповидон (кополивидон), полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), глицерил каприлокапраты, титанның қостотығы (E171), полидекстроза.

Сипаттамасы

Ақ түсті, дөңгелек, екі беті дөңес үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (150 мг доза үшін).

Ақ түсті, сопақша, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (300 мг доза үшін).

Көлденең қиындысында таблетка ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Ламивудин.

ATХ коды: J05AF05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі Ламивудин асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Ламивудиннің ересектердегі биожетімділігі ішке қабылдағаннан кейін әдетте 80-85% құрайды. Ламивудиннің қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) жетуінің орташа уақыты (Тmax) 1 сағатқы жуықты құрайды. Ламивудинді емдік дозаларда (12 сағат аралықпен тәулігіне дене салмағына 4 мг/кг 2 қабылдауға) тағайындағанда Сmax 1-1,9 мкг/мл құрайды.

Ламивудинді аспен бірге қабылдау Тmax жоғарылауы және Сmax төмендеуіне (47% дейін) әкеледі, әйтсе де «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы аудан негізінде есептелген сіңуінің жалпы дәрежесіне әсер етпейді. Сондықтан ламивудинді аспен бірге қабылдағанда дозаны түзету талап етілмейді.

Таблеткаларды ұсақтау және оларды жартылай қатты тағамның немесе сұйықтықтың аздаған мөшерімен қабылдау препараттың фармакологиялық қасиетін және клиникалық әсерін өзгертпейді. Бұл шешімдер әсер ететін заттың физикалық-химиялық және фармакокинетикалық сипаттамасына негізделген.

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы және таралуы

Ламивудинді көктамыр ішіне енгізгенде таралу көлемі орташа 1,3 л/кг құрайды, ал жартылай шығарылу көлемі– 5-7 сағат.

Ламивудин дозаларының емдік диапазонында дозаға тәуелді фармакокинетика иеленеді және қан плазмасы ақуыздарымен аздаған мөлшерде байланысады.

Ламивудиннің орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) және жұлын-ми сұйықтығына өтетіні анықталған. Ішке қабылданғаннан кейін 2-4 сағаттан соң ламивудиннің ликвордағы және сарысудағы концентрациясының арақатынасы шамамен 0,12 құрады.

Метаболизмі және шығарылуы

Орташа ламивудиннің жүйелі клиренсі шамамен 0,32 л/кг/сағ. құрайды. Ламивудин негізінен белсенді өзекшелік сөлініс жолымен (органикалық катиондарды тасымалдау жүйесі), сондай-ақ бауырдағы метаболизмі арқылы (10% кемі) бүйректермен шығарылады (70% аса).

Ламивудиннің белсенді түрі, жасушаішілік ламивудин трифосфаты, оның плазмадан (5-7 сағат) жартылай шығарылауымен салыстырғанда жасушалардан ұзақ жартылай шығарылауы кезеңін (16-19 сағат) иеленген.

Ламивудин трифосфаты үшін 24 сағат ішінде (AUC24) «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы аудан және Сmax көрсеткіштері бойынша ламивудиннің фармакокинетикалық параметрлері тәулігіне 1 рет 300 мг дозада қабылдағанда тепе-тең жағдайында тәулігіне 2 рет 150 мг дозада қабылдағанға баламалы екендігі туралы деректер бар.

Бауырдағы шекетелген метаболизмі, плазма ақуыздарымен аздаған дәрежеде байланысуы және ламивудиннің бүйректермен толық дерлік өзгермеген түрінде шығарылуы салдарынан ламивудиннің басқа препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесу мүмкіндігі өте төмен.

Пациенттердің айрықша топтары

Балалар

Жалпы, ламивудиннің фармакокинетикасы балаларда ересектердегімен ұқсас. Алайда, абсолютті биожетімділігі (шамамен 55-65%) 12 жасқа дейінгі балаларда төмен және өзгермелі болды. Қосымша, жүйелі клиренсінің көрсеткіштері кіші жастағы балаларда жоғары және 12 жасқа келгенде ересек пациенттердегі деңгейіне жетіп өсуіне қарай төмендейді.

Үлбірлі қабықпен қапталған таблетка түріндегі ламивудиннің фармакокинетикалық зерттеулері көрсеткендей, препаратты күніне бір рет қабылдау AUC24 көрсеткіштері бойынша препаратты күніне екі рет қабылдауға баламалы. Ламивудинді ұсынылған дозаларда қабылдағанда AUC24 орташа көрсеткіштері шамамен 7,1-13,7 мкг* сағ/мл жетті, ол ересектерде препаратты күніне бір рет қабылдаудағы AUC24 көрсеткіштерімен салыстырмалы.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттерде ламивудиннің фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде ламивудиннің плазмадағы концентрациясы жоғары, өйткені оның организмнен шығарылуы баяулатылған. Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен науқастарға ламивудиннің дозасын төмендету керек.

Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер

Ламивудинді бауырдың орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігімен пациенттерде қолдану көрсеткендей, бауыр функциясының бұзылуы ламивудиннің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді.

Жүктілік

Жүктілерде ламивудиннің фармакокинетикасы жүкті еместердегіден айырмашылығы жоқ. Зерттеулер көрсеткендей, ламивудин плацента арқылы өтеді. Ламивудиннің жаңа туғандардың сарысуындағы концентрациясы туған кезінде анасының сарысуындағыдай және кіндік қанындағыдай.

Фармакодинамикасы

Ламивудин in vitro АИТВ-1 және АИТВ-2 репликациясының жоғары белсенді таңдамалы тежегіші болып табылады. Сондай-ақ зидовудинге төзімді АИТВ штамдарына қатысты белсенді.

Жасуша ішінде ламивудин жасушалардан жартылай шығарылуының кезеңі 16-19 сағатты құрайтын 5'-трифосфатқа дейін (белсенді түрі) метаболизденеді. Ламивудин-5'-трифосфат аздаған дәрежеде АИТВ-ның РНҚ- және ДНҚ- тәуелді кері транскриптазасын тежейді. Оның әсерінің негізгі механизмі – АИТВ-ның кері транскрипциясы үдерісінде ДНҚ-ның өсетін тізбегінің синтезін бөгейді. Ламивудиннің басқа антиретровирусты препараттарға, алдымен зидовудинге қатысты жасушалар өсіріндісінде АИТВ репликациясын бәсеңдетіп аддитивті немесе синергиялық әсер көрсететіні көрсетілген.

Ламивудин ДНҚ-ның қалыпты жасушалық метаболизмін бұзбайды және сүт қоректілердің жасушаларындағы ядролық және митохондриальді ДНҚ құрамына айтарлықтай әсер етпейді.

in vitro зерттеулерде ламивудин шеткергі қанның лимфоциттеріне, сондай-ақ лимфоцитарлық және моноцитарлық-макрофагальді жасушалық жүйелерге және сүйек кемігінің басқа да діңдік жасушаларына әлсіз цитоуытты әсер білдіреді. Осылайша, in vitro ламивудин жоғары емдік индекс иеленеді.

Фармакодинамикалық әсерлері

АИТВ-1 ламивудинге резистенттілігінің дамуының бір себебі – вирусты геномның M184V-да өзгерістердің пайда болуы, ол өз кезегінде АИТВ кері транскриптазасының белсенді орталығымен тығыз байланысты. M184V мутацияларымен АИТВ-1 штаммдары in vitro, сондай-ақ ламивудинді қоса, біріктірілген антиретровирусты ем қабылдайтын науқастың организмінде пайда болуы мүмкін. Вирустың осындай штаммдары ламивудинге төмен сезімталдықпен және in vitro репликациялануға әлсіз қабілетімен сипаталады. Бір мезгілде ламивудинге резистенттілік дамыған жағдайда, in vitro зидовудинге төзімді АИТВ штаммдары оған сезімталдық иеленуі мүмкін. Осы құбылыстың клиникалық мәні анықталған жоқ.

M184V кодонындағы мутациялар тек кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері тобындағы препараттарына АИТВ айқаспалы резистенттіліктің пайда болуына әкеледі. Зидовудин мен ставудин ламивудинге резистентті АИТВ-1 штаммдарына қатысты өзінің белсенділігін сақтайды. Абакавир M184V мутациясы бар, ламивудинге резистентті АИТВ-1 штаммдарына қатысты антиретровирусты белсенділікті сақтайды. M184V мутациясымен АИТВ штаммдарында диданозин мен залцитабинге сезімталдықтың 4-еседен аспайтын төмендеуі анықталды; осы құбылыстың клиникалық мәні анықталған жоқ. АИТВ-ның әртүрлі антиретровирусты препараттарға in vitro сезімталдығына тест стандартталмаған және сондықтан олардың нәтижесіне әртүрлі методологиялық факторлар әсер етуі мүмкін.

Клиникалық зерттеулер деректеріне сәйкес, ламивудинді зидовудинмен біріктіріп қолдану қанда АИТВ-1 вирустық жүктемесін азайтады және CD4-лимфоциттер құрамын жоғарылатады. Ламивудин зидовудинмен немесе зидовудинмен және басқа препараттармен біріктірілімде АИТВ-инфекцияның өршу қаупін және өліммен аяқталуды айтарлықтай төмендететіні анықталған. Ламивудин қабылдаған науқастардан алынған АИТВ штаммдарында ламивудинге сезімталдықтың in vitro төмендеуі байқалды.

Бұрын антиретровирусты ем қабылдамаған пациенттерде ламивудин және зидовудинмен біріктірілген ем зидовудинге резистентті АИТВ штаммдарының пайда болуын іркиді. Ламивудин кері транскриптазаның басқа нуклеозидті тежегіштері немесе басқа топтағы препараттармен (протеаза тежегіштері, кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері) біріктірілімде біріктірілген антиретровирусты ем компоненті ретінде кең таралды.

Ламивудинді қоса, біріктірілген антиретровирусты ем M184V кодонында мутациялармен АИТВ штаммдарына қатысты тиімді екені белгілі.

АИТВ-ның ламивудинге in vitro сезімталдығы мен емнің клиникалық әсері арасындағы өзара әрекеттесуді анықтау үшін, қосымша зерттеулер талап етіледі.

Қолданылуы

- АИТВ-инфекцияларын біріктірілген антиретровирусты ем құрамында балалар мен ересектерде емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИТВ инфекцияны емдеуде тәжірибесі бар дәрігер ғана тағайындауы керек.

Амивиренді тағаммен немесе онсыз қолдануға болады.

Толық дозасын қабылдауды қамтамасыз ету үшін, таблетканы(лар) ұсақтамай толығымен жұту ұсынылады.

Таблетканы жұта алмайтын пациенттер үшін балама ретінде, таблетканы(лар) ұсақтау және жартылай сұйық тағамның немесе сұйықтықтың аздаған мөлшеріне қосып дереу және толығымен қабылдау керек.

Ересектер, жасөспірімдер және балалар (салмағы 25 кг кем емес):

Амивиреннің ұсынылған дозасы күніне 300 мг құрайды. Күніне екі рет 150 мг немесе күніне бір рет 300 мг енгізіледі.

Балалар (салмағы 25 кг кем):

Амивирен таблеткасы үшін салмақ категориясы бойынша дозалау ұсынылады.

Салмағы ≥ 20 кг < 25 кг дейін балалар: Ұсынылған дозасы күніне 225 мг құрайды. Ертеңгісін 75 мг (150 мг таблетканың жартысы) және кешке қарай 150 мг (150 мг бір толық таблетка), немесе күніне бір рет 225 мг (150 мг бір жарым таблетка) қабылдауға болады.

Салмағы 14 кг < 20 кг дейін балалар: Ұсынылған дозасы күніне 150 мг құрайды. Күніне екі рет 75 мг (150 мг таблетканың жартысы) немесе күніне бір рет 150 мг (150 мг бір толық таблетка) қабылдауға болады.

Үш айға дейінгі балалар: Бар деректердің жеткіліксіз болуына байланысты, дозалауға қатысты ұсынымдар беру мүмкін емес

Күніне екі рет қабылдау режимін күніне бір рет қабылдауға ауыстырған пациенттер екі реттік режим бойынша соңғы дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағаттан кейін ұсынылған бір реттік күндік дозаны қабылдауы керек (жоғарыда көрсетілгендей), және содан кейін шамамен 24 сағаттан соң ұсынылған бір реттік дозаны (жоғарыда көрсетілгендей) қабылдауды жалғастыру керек.

Екі реттік режимге қайта ауысу үшін, пациенттер соңғы бір реттік күндізгі дозаны қабылдаудан кейін шамамен 24 сағаттан соң ұсынылған екі реттік күндізгі дозаны қабылдауы керек.

Айрықша топтар:

Егде адамдар

Басқалай деректер жоқ; әйтсе де, бауыр функциясының төмендеуі және гематологиялық көрсеткіштерінің өзгеруімен білінетін жасына байланысты өзгерістері себебінен осы топқа айрықша назар аудару керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде ламивудиннің плазмадағы концентрациясы клиренсінің төмендеуі салдарынан жоғары. Осыған байланысты доза өзгертілуі немесе креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттер үшін препаратты қабылдау тоқтатылуы керек.

Ересектер, жасөспірімдер және балалар үшін дозалауға қатысты ұсынымдар (салмағы 25 кг асатын):

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Бастапқы доза

Демеуші доза

≥50

300 мг

немесе

150 мг

300 мг күніне бір рет

150 мг күніне екі рет

30-<50

150 мг

150 мг күніне екі рет

Ламивудинді бүйрек функциясының бұзылуымен балаларда қолдануға қатысты деректер жеткіліксіз. Креатинин клиренсі және ламивудиннің клиренсі балалар мен ересектерде бірдей коррелляцияланады деп болжамдану негізінде, бүйрек функциясының бұзылуымен балаларда креатинин клиренсіне тәуелді ересектерге арналғандағыдай пропорцияда дозасын төмендету ұсынылады.

Жасы 3 айдан асқан және салмағы 25 кг төмен балаларға арналған дозалануы жөніндегі ұсынымдар:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Бастапқы доза

Демеуші доза

≥50

8 мг/кг

немесе

4 мг/кг

8 мг/кг күніне бір рет

4 мг/кг күніне екі рет

30 <50 дейін

4 мг/кг

4 мг/кг күніне бір рет

15 <30 дейін

4 мг/кг

2,6 мг/кг күніне бір рет

5 <15 дейін

4 мг/кг

1,3 мг/кг күніне бір рет

<5

1,3 мг/кг

0,7 мг/кг күніне бір рет

30 мл/минуттан кем креатинин клиренсінде басқа дәрілік түрін – ішуге арналған ерітіндіні қолдану ұсынылады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Орташа және ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерден алынған деректер көрсеткендей, бауыр функциясының бұзылуы ламивудиннің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді.

Осы деректер негізінде, егер ол бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе орташа және ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге арналған дозаны өзгерту талап етілмейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламивудинге немесе препараттың кез-келген басқа компонентіне белгілі жоғары сезімталдық;

- 6 жасқа дейінгі балаларға (дене салмағы 14 кг кем балалар);

- креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен бүйрек функциясының бұзылуы;

- емшекпен қоректендіру кезеңі

- жүктілік

Сақтықпен:

креатинин клиренсі 30 мл/мин жоғары және 50 мл/мин төмен бүйрек жеткіліксіздігі, жүктілік, егде жас.

Жағымсыз әсерлер

Төменде сипатталған жағымсыз реакциялар АИТВ-инфекциясын монотерапия ретінде ламивудинмен емдегенде, сондай-ақ оны басқа антиретровирусты препараттармен біріктіріп қолданғанда байқалды. Әйтсе де, көптеген жағымсыз реакцияларға қатысты, оның дәрілік препараттармен туындағаны немесе АИТВ-инфекциясының өзінің асқынулары екендігі белгісіз.

Құбылыстар жиілігі келесідегідей анықталады: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10,000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Қан түзу ағзалары тарапынан: жиі емес - нейтропения, анемия, тромбоцитопения; өте сирек –сүйек кемігінің эритроидты өсіндісінің аплазиясы

Зат алмасуы тарапынан: жиі – сарысудағы сүт қышқылы концентрациясының жоғарылауы; жиі емес – гипертриглицеридемия, гиперхолистеринемия, инсулинге резистенттілік; гипергликемия; сирек - лактоацидоз; теріасты шелмайының қайта таралуы/жинақталуы

- даму жиілігі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде антиретровирусты препараттардың белгілі біріктірілімінен

Жүйке жүйесі тарапынан: жиі- бас ауыруы, ұйқысыздық, өте сирек - парестезиялар; шеткергі нейропатия даму жағдайлары сипатталған, әйтсе де осы асқынудың ламивудинмен емдеумен байланысы дәлелденген жоқ.

Асқазан-ішек жолы тарапынан:жиі – жүрек айнуы, құсу, іштің жоғары бөлігінің ауыруы, диарея; сирек осы асқынудың ламивудинмен емдеумен байланысы дәлелденбесе де панкреатит; сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы,

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан: жиі емес - бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы (аланинаминотрансферазаның (АЛТ), аспартатаминотрансферазаның (АСТ)); сирек – гепатит.

Тері және оның қосалқылары тарапынан: жиі - бөртпе, алопеция.

Сүйек-бұлшықет және дәнекер тін жүйесі тарапынан: жиі- артралгия, бұлшықеттік бұзылыстар; сирек – рабдомиолиз.

Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі - жөтел, назальді симптомдар

Аллергиялық реакциялар: ангионевроздық ісіну.

Басқалары: жиі – шаршау сезімі, әлсіздік, қызба.

АИТВ-инфекцияның кеш сатысы немесе ұзақ уақыт біріктірілген антиретровирусты ем қабылдау (кездесу жиілігі белгісіз) секілді факторлармен пациенттерде остеонекроз жағдайлары туралы хабарланды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ламивудиннің басқа препараттармен метаболизмдік өзара әрекеттесу мүмкіндігі өте төмен, өйткені ламивудин өте әлсіз метаболизденеді, аздаған дәрежеде плазма ақуыздарымен байланысады және негізінен өзгермеген түрінде бүйректермен шығарылады.

Ламивудин организмнен негізінен белсенді өзекшелік сөлініс жолымен органикалық катиондардың тасымалдану жүйесі арқылы шығарылады. Ламивудиннің осындай шығарылу жолы механизмімен препараттармен, мысалы триметоприммен өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру керек. Басқа препараттар (мысалы, ранитидин, циметидин) аталған механизм көмегімен тек ішінара шығарылады және ламивудинмен өзара әрекеттеспейді.

Негізінен белсенді бүйректік сөлініс жолымен органикалық аниондардың тасымалдану жүйесі арқылы немесе шумақтық сүзіліс арқылы шығарылатын препараттар, ламивудинмен клиникалық мәні бар өзара әрекеттесуге түспейді деп болжамданады.

Зидовудин. Ламивудин мен зидовудинді бір мезгілде қолданғанда плазмадағы зидовудиннің Сmax орташа (28 %-ға) жоғарылауы байқалды, бұл кезде AUC айтарлықтай өзгермейді. Зидовудин ламивудиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Триметоприм/сулъфаметоксазол. Триметоприм/сульфаметоксазолды (ко-тримоксазолды)160/800 мг дозада бір мезгілде қолдану ламивудиннің қан плазмасындағы концентрациясын шамамен на 40 %-ға жоғарылатады (триметоприммен өзара әрекеттесуі есебінен). Әйтсе де бүйрек функциясының бұзылуы болмаған жағдайда ламивудиннің дозасын төмендету талап етілмейді. Ламивудин триметоприм мен сульфаметоксазолдың фармакокинетикасына әссер етпейді. Ламивудинді пневмоцисті пневмонияны емдеу үшін тағайындалған ко-тримоксазолдың жоғары дозаларымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Залцитабин. Ламивудин мен залцитабинді бір мезгілде тағайындағанда ламивудин соңғысының жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Осыған байланысты препараттардың аталған біріктірілімі ұсынылмайды.

Кладрибин. Ламивудин мен кладрибинді бір мезгілде тағайындағанда, ламивудин кладрибиннің жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Осыған байланысты препараттардың аталған біріктірілімі ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ламивудинмен емдеуді АИТВ-инфекциямен науқастарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі керек.

6 жасқа дейінгі балаларға таблеткадағы дәрілік түрді қолдану ұсынылмайды, сондықтан балаларды емдеу үшін басқа дәрілік түрін – ішуге арналған ерітіндіні қолдану ұсынылады. («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қара).

Ламивудинді монотерапия түрінде қолдану ұсынылмайды.

Пациенттерді антиретровирусты препараттармен, оның ішінде ламивудинмен емдеу, жыныстық қатынас кезінде немесе қан құйғанда АИТВ басқа адамдарға берілу қаупінің алдын алмайтыны туралы ескерту керек. Сондықтан пациенттер сәйкес сақтық шараларын сақтауы керек.

Ламивудин немесе басқа антиретровирусты препараттарды қабылдайтын пациенттерде оппортунистік инфекциялар немесе басқа да асқынулар дамуы мүмкін, сондықтан олар АИТВ-инфекциясын емдеуде тәжірибеі бар дәрігердің бақылауында болуы керек.

Остеонекроз.

Этиологиясы көп факторлы болып саналғанмен (кортикостероидтарды қолдану, алкоголь тұтыну, иммунитеттің ауыр бәсеңдеуі, дене салмағының жоғары индексін қоса), остеонекроз жағдайы АИТВ ауруының өршімелі сатысындағы пациенттерде және/немесе ұзаққа созылған біріктірілген антиретровирусты емде байқалды. Ауыру және буындардың сырқырауы, буындардың сіресуі немесе қимылдың қиындауы пайда болғанда пациенттерге медициналық көмекке жүгіну керек.

Нуклеозидтермен үштік ем.

Нуклеозидтермен үштік ем тағайындағанда (ламивудиннің тенофовир дизопроксил фумараты және абакавирдің, сондай-ақ ламивудиннің тенофовир дизопроксил фумаратымен және диданозинмен біріктірілімі) ерте сатыда препаратты тәулігіне бір рет қабылдауда вирусологиялық жауаптың болмауы және резистенттіліктің даму жағдайлары туралы хабарланды.

Митохондриальді дисфункция.

in vitro және in vivo жағдайларында нуклеотидті және нуклеозидті аналогтардың митохондриялардың әртүрлі дәрежеде зақымдануын туындататын қабілеті анықталды.

АИТВ-негативті балаларда нуклеозидті аналогтардың әсеріне жатыр ішілік немесе туғаннан кейін дереу ұшыраған митохондриальді дисфункция жағдайы байқалды.

Бүйрек функциясының бұзылуы.

Орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде препарат клиренсінің төмендеуі салдарынан плазмадағы ламивудин концентрациясы жоғарылайды, сондықтан дозаны түзету талап етіледі. Креатинин клиренсі <30 мл/мин бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде басқа дәрілік түрді– ішуге арналған ерітіндіні қолдану керек ( «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қара).

Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер

Егер тек бауыр функциясының бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе орташа және ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде ламивудиннің дозасын төмендету талап етілмейді.

Панкреатит.

Ламивудин қабылдайтын пациенттерде панкреатит дамуының бірнеше жағдайы байқалған. Әйтсе де бұл асқыну ламивудинмен немесе АИТВ-инфекциясының өзімен туындағаны белгісіз. Ламивудин қабылдаған пациенттерде іш ауыруы, жүрек айнуы, құсу немесе биохимиялық көрсеткіштерінің сәйкес өзгеруі пайда болғанда, панкреатитті жоққа шығару керек. Препарат қабылдауды панкреатит диагнозын жоққа шығарғанша тоқтату керек.

Лактат-ацидоз/бауырдың майлы дистрофиясымен айқын гепатомегалия .

Монотерапия ретінде немесе ламивудинмен біріктірілімде нуклеозидтер аналогтары тобынан антиретровирусты препараттар қабылдайтын АИТВ- жұқтырған пациенттерде (негізінен әйелдерде) әдетте айқын гепатомегалия және өліммен аяқталуы мүмкін бауырдың майлы дистрофиясымен қатар жүретін лактат-ацидоз жағдайы сипатталған.

Лактат-ацидоздың дамуын білдіретін симптомдарға: жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмақты кенеттен жоғалту, асқазан- ішек жолы және тыныс алу жүйесі (ентігу) тарапынан бұзылыстар жатады.

Әсіресе, пациентте бауыр ауруының дамуының қауіп факторы болғанда ламивудинмен емдеу әрдайым сақтық шараларын сақтауды талап етеді.

Лактат-ацидоздың немесе бауыр функциясының бұзылуының (гепатомегалия және бауырдың майлы дистофиясын қоса, тіпті бауыр трансаминазаларының белсенділігінің айқын жоғарылауы болмаған жағдайдың өзінде) клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болған жағдайда ламивудинді қабылдауды тоқтату керек. Лактат-ацидоз дамуының жоғары қаупіне байланысты интерферон альфа және рибавирин қабылдаған қатар жүретін С гепатитімен пациенттерге нуклеозидті аналогтарды тағайындағанда, сақтық шараларын сақтау керек. Осындай пациенттерге мұқият клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізу керек.

Тері асты шелмайының қайта таралуы.

Кейбір пациенттерде біріктірілген антиретровирусты ем тері асты шелмайының қайта таралуы/жинақталуымен қатар жүруі мүмкін, оның ішінде шеткергі шелмай мөлшерінің азаюымен және висцеральді майдың артуымен, аяқ-қол мен беттің жүдеуімен, сүт бездерінің ұлғаюымен және майдың мойынның артқы беткейінде және арқада жинақталуымен («буйвол өркеші»), сондай-ақ қан плазмасында глюкоза липидтері концентрациясының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Жиі липодистрофия деп аталатын жалпы синдромдармен байланысты жоғарыда аталған жағымсыз реакциялардың бір немесе бірнешеуін протеаза тежегіштері және кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері класының барлық препараттары туындатуы мүмкін болғанмен жиналған деректер препараттардың аталған кластарының кейбір өкілдерінің арасында осы жағымсыз реакцияларды туындату қабілетінде айтарлықтай ерекшеліктер барын білдіреді.

Липодистрофия синдромының көпфакторлы этиологиясы барын ескеру керек; мысалы, АИТВ-инфекциясының сатысы, егде жас және антиретровирусты емнің ұзақтығы аталған асқынудың дамуында маңызды, синергиялық роль атқаруы мүмкін. Аталған жағымсыз реакциялардың кейіннен болатын салдарлары қазіргі кезде анықталған жоқ. Пациенттерді клиникалық тексеру май тінінің қайта таралуының физикалық белгілерін бағалауды қамтуы керек. Сондай-ақ қан плазмасындағы глюкоза липидтері концентрациясын өлшеу керек. Липидті зат алмасуының бұзылуын, клиникалық біліністерді басшылыққа алып түзету керек.

Иммунитеттің қалпына келу синдромы.

Антиретровирусты емді бастау кезінде ауыр иммунтапшылығымен АИТВ- жұқтырған пациенттерде симптомсыз немесе баяу ағымды оппортунистік инфекциялармен өзара байланысты қабыну үдерісінің асқынуы мүмкін, ол жағдайының елеулі нашарлауы немесе белгілерінің күшеюінің себебі болуы мүмкін. Әдетте, аталған реакциялар антиретровирусты емді бастағаннан кейін алғашқы апталар немесе айлар ішінде байқалды. Маңыздырақ мысалдар - цитомегаловирусты ретинит, жайылған және/немесе оқшауланған микобактериялық инфекция және пневмоцисті пневмония. Қабынудың кез-келген симптомдарын дереу анықтау және емді дереу бастау керек.

Аутоиммунды аурулар (Грейвс ауруы, Вагнер синдромы, полимиозит, Гийен-Барре синдромы және басқалары секілді) иммунитеттің қалпына келу аясында байқалды, алайда алғашқы байқалу уақыты ауытқып отырды, және ауру емді бастағаннан кейін бірнеше айдан кейін дамуы және атипиялы ағым иеленуі мүмкін.

Бір мезгілде АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттер.

Бір мезгілде АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде ламивудинмен емді тоқтатқаннан кейін гепатиттің қайталануының клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болуы ол бауыр функциясының декомпенсациясында ауыр салдарлар иеленуі мүмкін. Ламивудинмен ем аяқталғаннан кейін АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін және В гепатиті вирусының репликациясы маркерлерін бірнеше ай ішінде қадағалау керек.

Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану

Ламивудинді басқа препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесу мүмкіндігі бауырда шектеулі метаболизміне, плазма ақуыздарымен мардымсыз дәрежеде байланысуы және ламивудиннің бүйректермен өзгермеген түрінде толық дерлік шығарылуымен байланысты өте төмен.

Ламивудин негізінен катионды тасымалдау жүйесі көмегімен шығарылады, сәйкесінше, ламивудиннің осындай шығарылу жолын иеленген дәрілік заттармен мысалы, триметоприммен өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы ұмытпау керек.

Ламивудиннің негізінен анионды тасымалдау жүйесі арқылы, немесе шумақтық сүзіліспен шығарылатын дәрілік препараттармен клиникалық мәні бар өзара әрекеттесу мүмкіндігі мардымсыз.

Ламивудинді залцитабинмен, кладрибинмен, сондай-ақ пневмоцисті пневмонияны емдеуде қолданылатын ко-тримоксазолдың жоғары дозаларымен бір мезгілде тағайындауға болмайды («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қара).

Ламивудин мен иммунодепрессанттарды (мысалы, циклоспорин А) стандартты дозаларда бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде, клиникалық мәні бар жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ. Арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ламивудин мен интерферон альфа арасында жағымсыз фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

АИТВ жұқтыру мүмкіндігінен кейінгі профилактика.

Халықаралық ұсынымға сәйкес (ауруды бақылауға қатысты Орталық, маусым 1998), қан арқылы жұқтыру мүмкіндігінде АИТВ - жұқтырған адамға (мысалы, инъекциялық ине арқылы), дереу (жұқтырғаннан кейін 1 -2 сағат) зидовудинмен және ламивудинмен біріктірілген ем тағайындау керек. Жұқтырудың жоғары қаупі жағдайында антиретровирусты ем сызбасына протеаза тежегіштері тобының препаратын қосу керек. Профилактикалық емді 4 апта ішінде жүргізу ұсынылады. Кездейсоқ АИТВ жұқтырғаннан кейін профилактикалық емнің тиімділігі жөніндегі деректер жеткіліксіз; бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Антиретровирусты препараттармен емді жылдам бастауға қарамастан сероконверсия мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Жүктілікте және емшекпен қоректендіру кезінде қолданылуы

Жүктілік

Қазіргі кезеңде ламивудиннің жүктілік кезінде қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз. Зерттеулер көрсеткендей, ламивудин плацента арқылы өтеді. Ламивудинді жүктілік кезінде егер анасы үшін күтілген пайдасы ұрық үшін әлеуетті қаупінен жоғары болған жағдайда қолдану керек. Жануарларға жүргізілген зерттеулерді әрдайым адамға жүргізу мүмкін болмағанымен, үй қояндарына жүргізілген зерттеулер деректері жүктіліктің ерте кезеңінде өздігінен болатын аборттың болу қаупін білдіреді.

Лактация

Барлық АИТВ-жұқтырған әйелдерге сарапшылардың кеңесі бойынша вирустың ана сүті арқылы баласына берілуінен аулақ болу үшін мүмкіндігінше емшекпен қоректендіруді тоқтату керек. Ішке қабылданғаннан кейін ламивудин емшек сүтімен шығарылады, бұл жағдайда оның емшек сүтіндегі концентрациясының іс жүзінде сарысудағыдан айырмашылығы жоқ (1-8 мкг/мл).

АИТВ мен ламивудин емшек сүтіне өткенімен, ламивудин қабылдайтын әйелдерге баланы емшекпен қоректендіруге болмайды.

Көлік құралын және қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын және қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне қатысты арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Әйтсе де, ламивудиннің фармакологиялық қасиеті осындай әсердің мүмкіндігі мардымсыз екендігін көрсетеді. Дегенмен пациенттің көлік құралын және қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетін бағалауда оның жалпы жағдайын, сондай-ақ ламивудиннің жағымсыз реакциялары сипатын ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ламивудиннің адамдағы жедел артық дозалануының салдарлары туралы аздаған деректер бар, өліммен аяқталған жағдай байқалған жоқ, барлық науқастардың жағдайы қалпына келді. Ламивудинмен артық дозаланудың қандай-да болмасын арнайы белгілері мен симптомдары анықталған жоқ.

Емі: асқазанды шаю, адсорбенттерді қабылдау, пациенттің жағдайын бақылау және стандартты демеуші ем жүргізу ұсынылады. Ламивудин организмнен диализдің көмегімен шығарылатын болғандықтан, үздіксіз гемодиализ қолдануға болады әйтсе де арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3, 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон қорапшаға салынған. Қорапшалар топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Өндірушінің түпнұсқалық қаптамасында 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармасинтез» ААҚ

664040, Иркутск, Роза Люксембург, 184

Электрондық поштасы: info@pharmasyntez.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармасинтез» ААҚ

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

 

Прикрепленные файлы

400339751477976377_ru.doc 119.5 кб
127341481477977575_kz.doc 184 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники