Плегриди®

МНН: Пэгинтерферон бета-1а
Производитель: Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ & Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Пэгинтерферон бета-1а
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№022430
Информация о регистрации в РК: 07.07.2021 - 07.07.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Плегриди®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пэгинтерферон бета-1а

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді

Құрамы

Алдын ала толтырылған бір еккіш-қалам 0,5 мл құрамында:

белсенді зат пэгинтерферон бета-1a 63 мкг, 94 мкг және 125 мкг.

қосымша заттар: L-Аргинин гидрохлориді, натрий ацетат тригидраты, мұзды сірке қышқылы, полисорбат 20, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар және иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Интерферондар. Пэгинтерферон бета-1а.

АТХ коды L03AB13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан сарысуында пэгинтерферон бета-1а жартылай ыдырау кезеңі пегилирленбеген интерферон бета-1а салыстырғанда ұзағырақ болады. Бір доза пайдаланылған зерттеулерде және дені сау адамдарда біртіндеп арттырылатын доза пайдаланылған зерттеулерде қан сарысуындағы пэгинтерферон бета-1а концентрациясы 63-тен 188 мкг дейінгі диапазондағы дозаға пропорционалды болатыны анықталды.

Сіңуі

Жайылған склерозы бар пациенттерге пэгинтерферон бета-1а тері астына енгізгеннен кейін ең жоғары концентрациясына доза қабылдағаннан кейін 1 және 1,5 күн арасында жетеді. Әрбір 2 аптада 125 мкг көп рет қабылдағаннан кейін белгіленген ең жоғары концентрациясы (орташа мәні ± стандартты қате) 280 ± 79 пг/мл құрады. Тері астылық пэгинтерферон бета-1а әсері 30 мкг (6 ХМБ) пегилирленбеген бета-1а бұлшықет ішіне енгізумен салыстырғанда 4-, 9-, және 13 есе көп болған ((AUC168h) – қисық астындағы аудан 168 сағат) және тиісінше 63 мкг (6 ХМБ), 125 мкг (12 ХМБ) және 188 мкг (18 ХМБ) бір рет дозасынан кейін шамамен 2-, 3,5- және 5 есе ең жоғары концентрациясын (Cmax) көрсетті.

Таралуы

Әр екі аптада 125 мкг тері астына көп рет енгізгеннен кейін таралу көлемі

биожетімділігіне түзетуді есептемегенде (орташа мәні ± стандартты қатесі), 481 ± 105 л құрады.

Биотрансформациясы және шығарылуы

Несеппен клиренс (бүйрек арқылы) Плегриди® препаратының шығарылуының негізгі жолы болып саналады. PEG протеині бар бөлігінің ковалентті конъюгациялану үдерісі модификацияланбаған протеиннің in vivo қасиеттерін төмендеген бүйрек клиренсін және баяулаған протеолизды қоса, өзгертуі мүмкін, бұл жартылай ыдырау кезеңін ұлғайтуы мүмкін. Дені сау еріктілерде тиісінше пэгинтерферон бета-1а жартылай ыдырау кезеңі (Т1/2) пегилирленбеген интерферон бета-1а қарағанда шамамен екі есе ұзақ болады. Жайылған склерозы бар пациенттерде пэгинтерферон бета-1а жартылай ыдырау кезеңі (орташа мәні ± стандартты қатесі) тепе-тең күйінде 78 ± 15 сағат құрады. Тепе-тең күйіндегі пэгинтерферон бета-1а орташа клиренсі 4,1 ± 0,4 л/сағат құрады.

Тұрғындардың ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дені сау еріктілерде және бүйрек жеткіліксіздігінің әртүрлі сатысы бар (жеңіл, орташа және жедел бүйрек жеткіліксіздігі) еріктілерде, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы пациенттерде бір доза пайдаланылған зерттеу жеңіл (есептелген шумақтық сүзіліс жылдамдығы 50-ден ≤ 80 мл/мин/1,73 м2 дейін), орташа (есептелген шумақтық сүзіліс жылдамдығы 30 –дан 50 мл/мин/1,73 м2 дейін) және жедел (есептелген шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 30 мл/мин/1,73 м2) бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясы қалыпты (есептелген шумақтық сүзіліс жылдамдығы > 80 мл/мин/1,73 м2) еріктілермен салыстырғанда қисық астындағы ауданның (13-62 %) және ең жоғары концентрациясының Cmax (42-71 %) елеусіз ұлғаюын көрсетті.

Аптасына 2-3 гемодиализ талап етілетін бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы еріктілерде қисық астындағы аудан көрсеткіштері және ең жоғары концентрациялары дені сау еріктілерден алынғанға ұқсас болатыны тіркелді.

Әр гемодиализ пэгинтерферон концентрациясын шамамен 24%-ға төмендеткен, бұл гемодиализ пэгинтерферон бета-1а жүйелік қан ағынынан ішінара шығаратындығын көрсетеді.

Бауыр функциясы

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі пэгинтерферон бета-1а фармакокинетикалық функциясы зерттелмеген.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан үлкен жастағы пациенттерде клиникалық тәжірибе шектеулі. Алайда популяциялық фармакокинетикалық талдау (65 жасқа дейінгі жастағы пациенттерде) нәтижелері адам жасы пэгинтерферон бета-1а клиренсіне әсер етпейді деп болжайды.

Жынысы

Популяциялық фармакокинетикалық талдау барысында жынысының пэгинтерферон бета-1а препаратының фармакокинетикалық қасиетіне әсері анықталмады.

Нәсілі

Популяциялық фармакокинетикалық талдау барысында нәсілінің пэгинтерферон бета-1а препаратының фармакокинетикалық қасиетіне әсері анықталмады.

Фармакодинамикасы

Плегриди® препараты ақуыздың 1 моль полимер/моль орын басу дәрежесінде 20000 Da метокси поли (этиленгликоль) -O-2-метилпропиональдегид (20 кДа мПЭГ-О-2-метилпропиональдегид) жеке-дара желілік молекуласымен конъюгацияланған интерферон бета-1а болып табылады. Орташа молекулярлық масса шамамен 44 кДа құрайды, оның протеинді бөлігі шамамен 23 кДа құрайды.

Әсер ету механизмі

Жайылған склерозда (ЖС) пэгинтерферон бета-1а препаратының әсер етуінің дәл механизмі белгісіз.

Плегриди® жасуша беткейінде 1 типті интерферон рецепторлармен байланысады және жасушаішілік әсерлер каскадын туындатады, ол интерферонға сезімтал гендердің экспрессиясының реттелуіне әкеледі.

Плегриди® препаратының көмегімен қол жетуі мүмкін биологиялық әсеріне қабынуға қарсы цитокиндердің (мысалы, IL-4, IL-10, IL-27) стимуляциясын, қабынуға қарсы цитокиндердің (мысалы, IL-2, IL-12, IFN-γ, TNF-α) қабынуға қарсы супрессиясының стимуляциясын және гематоэнцефалдық бөгет арқылы белсендірілген Т-жасушаларының көшуін тежеу жатады, алайда қосымша механизмдер әсер етуі де мүмкін.

Жайылған склерозда Плегриди® препаратының әсер ету механизмі жоғарыда сипатталған биологиялық әсер сияқты жолмен (жолдармен) жүру-жүрмеуінің растығы белгісіз, өйткені жайылған склероздың патофизиологиясы тек жарым-жартылай зерттелген.

Фармакодинамикалық әсері

Плегриди® аминқышқылдарының N-ұшының қалдық альфа-аминотобындағы жеке-дара желілік 20 кДа метокси поли(этиленгликоль) молекуласымен конъюгацияланған интерферон бета-1а болып табылады.

Интерферондар биологиялық және химиялық стимулдарға жауап ретінде жасушалармен өндірілетін табиғи текті протеиндер қатарына жатады және өз табиғаты жағынан вирусқа қарсы, пролиферацияға қарсы және иммуномодуляторлық болып жіктелетін көптеген жасушалық реакциялардың берілісін жүргізеді. Плегриди® препаратының фармакологиялық қасиеттері интерферон бета-1а қасиеттеріне сәйкес келеді және молекуланың протеиндік бөлігімен беріледі деп есептеледі.

Фармакодинамикалық жауап 2',5'-олигоаденилатсинтетаза (2',5'-ОАS), миксовирус-резистентті A (MxA) ақуызы және кейбір хемокиндер және цитокиндер, сондай-ақ неоптерин (Д-эритро-1,2,3,-тригидроксипропилпретин), интерферон-индукциялайтын энзин өнім, ГТФ циклогидролаза 1 ретінде кодталатындарды қоса, интерферон-сезімтал реттегіш элемент тасымалдаушы гендер индукциясын өлшеу арқылы бағаланды. Дені сау адамдарда ген индукциясы пегилирленбеген интерферон бета-1а (бұлшықетішілік) препаратымен салыстырғанда Плегриди® препараты үшін шыңдық деңгейі және әсері бойынша (тиімділіктің қисық астындағы ауданы) жоғары болды, шарты бойынша екі препарат та әсері бойынша бірдей дозада (6 ХМБ) енгізілуі тиіс. Плегриди® препаратында бұл жауаптың ұзақтығы тұрақты және ұзартылған, бұл арада пегилирленбеген интерферон бета-1а препаратының 4 күнімен салыстырғанда тіпті 15 күнге дейінгі жоғарылауы тіркелген. Дені сау адамдарда және сондай-ақ Плегриди® препаратын қабылдаған жайылған склерозы бар пациенттерде жоғарылауы 10 күннен астам тұрақты және ұзақ болатын неоптерин концентрациясы жоғарылағаны белгіленген, сол кезде пегилирленбеген интерферон бета-1а препаратында жоғарылау 5 күнге созылды. Неоптерин концентрациясы екі аптадан кейін бастапқысына қайта оралады.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Плегриди® препаратының тиімділігі және қауіпсіздігі қайталанатын-ремиссиялы жайылған склерозы (ҚРЖС) бар (ADVANCE зерттеулері) пациенттердегі рандомизацияланған салыстырмалы жасырын клиникалық екі жылдық зерттеулерінің плацебо-бақыланатын бірінші жылы барысында бағаланды.

125 мкг Плегриди® препаратын тері астына әр 2 (n = 512) немесе 4 (n = 500) аптада немесе плацебо (n = 500) қабылдау үшін 1512 пациент рандомизацияланды.

Біріншілік ақырғы нүкте ретінде қайталаудың бір жылдық жалпы жыл бойынша жиілігі алынған. Клиникалық зерттеудің дизайны және пациенттердің жеке деректері төмендегі кестеде берілген.

Пегилирленген және пегилирленбеген интерферон бета-1а препаратының тікелей салыстырылуын көрсететін клиникалық тиімділігінің/қауіпсіздігінің зерттеулерінен деректер жоқ, сондай-ақ емін пегилирленгеннен пегилирленбеген интерферонға немесе керісінше ауыстырған пациенттер туралы деректер де жоқ.

Кесте: Клиникалық зерттеулер дизайны

Клиникалық зерттеулер дизайны

Ауру тарихы

ҚРЖС бар пациенттер, алдындағы үш жылда ең кемі 2 қайталау болған және алдындағы жыл үшін 1 қайталануы EDSS1 ≤ 5,0 шкаласы бойынша баллы бар

Кейінгі дәрігерлік бақылау

1 жыл

Зерттелетін популяция

Пациенттердің 83 %-ы алдын ала ем алмаған

47 % Алдындағы жылда ≥ 2 қайталанулар

38 % зерттеу басындағы сәтте гадолиниямен контрастыланатын (Gd+) ең кемі 1 зақымдану ошағы бар

92 % зерттеу басындағы сәтте ≥ 9 T2 ошағы бар

16 % EDSS ≥4 шкаласы бойынша балл болған

17 % бұрын ем алған

Зерттеуді бастау сәтіндегі деректер

Орташа жасы (жылмен)

37

Аурудың орташа/медианалық ұзақтығы (жылмен)

3.6/2.0

Алдыңғы 3 жыл үшін қайталанулардың орташа мөлшері

2.5

Зерттеу басындағы сәтте EDSS шкаласы бойынша орташа балл

2.5

1EDSS шкаласы – Мүгедектік жай-күйін бағалаудың кеңейтілген шкаласы

Әр 2 аптада қабылданатын Плегриди® зерттеу басында берілген және демографиялық көрсеткіштер бойынша анықталған қосалқы топтардағы тіркелген қайталаулардың жалпы жылдық жиілігінің тұрақты төмендеуі болатын бір жыл бойғы (3 кесте) плацебомен (р = 0,0007) салыстырғанда қайталанулардың жалпы жылдық жиілігін 36 %-ға елеулі төмендетті. Плегриди® сондай-ақ қайталанулардың пайда болу қаупін 39 % -ға (р = 0,0003), қабілетсіздіктің тұрақты үдеу қаупін 12-ші аптада 38 %-ға (р = 0,0383) және 24-ші аптада (post hoc талдауы) 54 %-ға (р = 0,0069), жаңа немесе ұлғайған T2 ошақтарының мөлшерін 67 %-ға (р < 0,0001), гадолиниямен контрастыланған зақымдану ошақтарының мөлшерін 86 %-ға (p < 0,0001) және T1 айқындылығы аз ошақтарының мөлшерін плацебомен салыстырғанда 53 %-ға (p < 0,0001) елеулі төмендетті. Әр 2 аптада 125 мкг Плегриди® қабылдағанда 6 айдан кейін-ақ емдік әсері белгілі болды, бұл арада плацебомен салыстырғанда жаңа немесе ұлғайған T2 ошақтары 61 %-ға (p < 0,0001) азайған.

Әр екі аптада Плегриди® 125 мкг қабылдағанда қайталанулардың ақырғы нүктесі және МРТ 1 жыл бойына әр 4 аптада қабылданған Плегриди® препаратымен салыстырғанда жалған артық емдік әсерін көрсеткен.

2 жылдың нәтижесі тиімділігінің плацебо-бақыланатын зерттеулердің бірінші жылынан кейін де сақталғандығын растады. Әр 2 аптада Плегриди® қабылдаған пациенттерді Плегриди® препаратын әр төрт аптада 2 жыл бойына қабылдаған пациенттермен салыстырғанда ақырғы нүктелер үшін post hoc талдауы барысында, оның ішінде қайталанулардың жалпы жылдық жиілігі бойынша (24 %, p = 0,0209), қайталанулар қаупімен (24 %, p = 0,0212), 24-ші аптада қабілетсіздіктің үдеу қаупімен (36 %, p = 0.0459) және МРТ (жаңа/ ұлғайған T2 ошақтары – 60 %, гадолиниямен контрастыланған ошақтар – 71 % және айқындылығы аз ошақтар T1 – 53 %, барлығы үшін p < 0,0001) статистикалық елеулі төмендеуін көрсетті.

Қолданылуы

- қайталанатын- ремиссиялы жайылған склерозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты дәрігер тағайындауы бойынша қолданады.

Емді жайылған склерозды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер қадағалауымен бастау керек. Плегриди® препараты плацебомен салыстырғанда өзінің тиімділігін дәлелдеген. Пегилирленбеген интерферон бетаны Плегриди® препаратымен салыстырғандағы тікелей деректер немесе пегилирленбеген интерферон бетадан Плегриди® препаратына ауысқаннан кейінгі тиімділігі туралы деректер жоқ. Бұл фактіні пациенттерде пегилирленген және пегилирленбеген интерферон арасындағы емдеу курсын ауыстырғанда ескеру керек.

Плегриди® препаратының әр 2 аптада тері астына енгізуге ұсынылатын дозасы 125 мкг құрайды.

Емнің басталуы

Пациенттерді емдеуді 1 дозада 63 мкг бастау, дозалауды 94 мкг дейін 2-ші дозада ұлғайтумен және 3-ші дозада 125 мкг дейін толық дозалауға өте отырып және екі аптада бір рет толық дозада қабылдауды жалғастыру (125 мкг) ұсынылады.

Емнің басында титрлеу режимі

Дозасы

Уақыты*

Мөлшері (мкг)

Шприц-қаламның таңбасы

1 доза

1 күн

63

Қызғылт сары

2 доза

2 апта

94

Көгілдір

3 доза

4 апта (және одан әрі)

125 (толық дозалау)

Сұр

*Әр 2 аптада қабылдау

Емнің бастапқы сатысында доза титрлеу интерферондармен ем басында туындауы мүмкін тұмауға ұқсас симптомдарды азайтуы мүмкін. Профилактикалық және қабынуға қарсы, ауыруды басатын және/немесе ыстық түсіретін емді қатарлас қолдану кейде интерферонмен ем уақытында пайда болатын тұмауға ұқсас симптомдарды болдырмауы немесе азайтуы мүмкін.

Егер кезекті дозаны өткізіп алса, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек.

- Егер келесі жоспарланған дозаға дейін 7 және одан да көп күн қалса: пациенттер өзінің өткізіп алған дозасын дереу қабылдауы тиіс. Содан кейін емді жоспар бойынша келесі жоспарланған дозада жалғастыру керек.

- Егер келесі жоспарланған дозаға дейін 7 күннен аз қалса: пациенттер өткізіп алған дозаны қабылдаған күннен бастап қайтадан препарат қабылдаудың 2 апталық жоспарын бастауы тиіс.

Пациент Плегриди® препаратының екі дозасын 7 күннен аз аралықпен қабылдауына болмайды.

Назар аударыңыз! Препарат қолданар алдында инъекция енгізуден 30 минут бұрын ерітіндісі бар еккіш-қалам ерітіндінің бөлме температурасына (15 0С - 25 0С) табиғи түрде жетуі үшін тоңазытқыштан шығарылуы тиіс.

Плегриди® препаратын жылыту үшін ыстық су сияқты сыртқы жылу көздерін қолдануға болмайды.

Плегриди® препараты егер алдын ала толтырылған еккіш-қаламның жай-күй терезесіндегі жасыл жолақ көрінбесе, егер сұйықтық боялса, күңгірттенсе немесе жүзінді бөлшектері болса пайдаланылмауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10)

- тұмауға ұқсас симптомдар: бұлшықет аурулары, қызба, қалтырау, жалпы әлсіздік, бас ауыруы

-енгізу орнындағы ауыру, қышыну және эритема

Жиі (≥1/100 - <1/10 дейін)

- жүрек айнуы, құсу

- енгізу орнындағы жергілікті реакциялар: қышыну, гипертермия, ауыру, ісіну, ысынып кету, гематома, бөртпе, ісік, түстің өзгерулері, қабыну

- зертхана көрсеткіштері: дене температурасының жоғарылауы, аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза және гамма-глутаминтрансфераза деңгейі жоғарылауы, гемоглобин деңгейі төмендеуі, ақ қан денешіктерінің мөлшері азаюы

- депрессия

Жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін)

- тромбоцитопения

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- есекжем

- тромбоциттер мөлшерінің азаюы

Сирек (≥1/10000 - <1/1 000 дейін)

- тромбозды тромбоцитопениялық пурпура / гемолиздік-уремиялық синдромды қоса, тромбозды микроангиопатия

- нефрозды синдром, гломерулосклероз

- инъекция орнындағы некроз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- табиғи немесе рекомбинантты интерферон бетаға, пегинтерферонға немесе препараттың басқа компоненттеріне (оның ішінде анамнезінде) жоғары сезімталдық

- ағымдағы ауыр депрессия және/немесе суицидтік ниет болуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Адамдардағы Плегриди® препаратының (пэгинтерферон бета-1а) басқа дәрілік заттармен, оның ішінде кортикостероидтармен немесе АКТГ өзара әрекеттесулерінің арнайы зерттеулері жүргізілмеген. Сонымен бірге, клиникалық сынақ тәжірибелері жайылған склерозы бар науқастардың ауру өршуі кезінде Плегриди® препаратын кортикостероидтармен немесе АКТГ бірге қабылдау мүмкіндігін көрсетеді.

Интерферондарда бауырдың Р-450 цитохроммен байланысты ферменттері белсенділігін төмендету қабілеті бары белгілі. Плегриди® препаратын клиренсі елеулі дәрежеде бауыр цитохром Р-450 жүйесіне тәуелді дәрілік препараттармен, мысалы эпилепсияға қарсы препараттармен және антидепрессанттардың кейбір кластары препараттарымен тағайындағанда сақтық жасау керек.

Айрықша нұсқаулар

Плегриди® препаратын қолдануды жайылған склерозды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бақылауында бастау керек. Ем бастар алдында науқастарды препарат қолдануға байланысты болуы мүмкін жағымсыз әсерлер туралы хабардар ету керек.

Интерферон-бета қолданғанда қан сарысуындағы бауыр ферменттері белсенділігі жоғарылауы, гепатит дамуы, оның ішінде аутоиммундық, жедел бауыр жеткіліксіздігі (сирек) сияқты бауыр функциясы бұзылуының белгілері туындауы анықталды. Сондықтан бауыр функциясын, әсіресе егер интерферон гепатоуыттылық препараттармен бірге қолданылса мұқият бақылау керек.

Плегриди® препаратын, басқа да интерферондар сияқты, депрессиялық бұзылыстарға бейімі бар науқастарды емдегенде сақтықпен қолдану керек.

Интерферондарды қолданғанда депрессия және суицидтік ойлар туындау мүмкіндігі белгілі, бұл жайылған склероздан зардап шегетін адамдар тобында бұндай құбылыстар жиілігі артады. Плегриди® препаратымен емдеудің кез келген уақытында депрессиялық жай-күй туындауы мүмкін.

Депрессия немесе суицидтік ойлардың кез келген белгілері туынғанда науқас дереу емдеуші дәрігеріне қаралуы тиіс. Бұндай науқастарға ем барысында мұқият бақылау жасау керек және қажет болғанда тиісті ем-шараларын шұғыл қолдану керек. Бірқатар жағдайларда препарат қолдануды тоқтату қажеттігі туындауы мүмкін.

Интерферон бета, оның ішінде Плегриди® препаратын қабылдағандағы сирек асқынулар ретінде аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциялары тіркелген. Бұл жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек.

Препаратты тері астына енгізгенде жергілікті реакциялардың, оның ішінде

некроздың пайда болуы мүмкін. Жергілікті тері реакциялары даму қаупін ең аз ету үшін енгізудің асептикалық техникасының талаптарын орындау керек.

Интерферон бетасы бар дәрілік препараттармен емдегенде емдеу кезеңінің әртүрлі уақыты аралығында және интерферон бета қабылдағаннан кейін бірнеше жылдан соң анықталған фокальді-сегментарлық гломерулосклерозды (ФСГС), липоидты нефрозды, жарғақшалық-пролиферациялық гломерулонефритті (МПГН) және жарғақшалық гломерулопатияны қоса, әртүрлі бастапқы себептерімен нефропатиясы бар нефроздық синдром білінуінің жағдайлары тіркелді. Ерте белгілері мен симптомдарын мысалы, ісінуін, протеинурияны және бүйрек функциясы бұзылуын, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғарылығы бар пациенттерде мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. Нефроздық симптомдары дер кезінде емделуі тиіс, тіпті Плегриди® препаратын тоқтату қажет.

Препаратты жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.

Интерферон бетасы бар препараттарды қабылдағанда өліммен аяқталу жағдайларын қоса, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура ТТП) немесе гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС) түрінде білінетін тромбоздық микроангиопатия даму жағдайлары тіркелген. Жағдайлар емдеу уақытының әртүрлі кесінді аралығында тіркелді және бірнеше аптадан немесе интерферон бетамен ем басталғаннан кейін бірнеше жылдан кейін басталуы мүмкін. Ерте клиникалық белгілеріне тромбоцитопения, алғашқы анықталған гипертония және бүйрек функциясы бұзылуы жатады. Тромбоздық микроангиопатияға сілтейтін зертханалық көрсеткіштерге тромбоциттер санының азаюы, қан сарысуындағы лактатдегидрогеназаның жоғары деңгейі және қан жағындыларындағы шизоцитоз (эритроциттердің фрагментациясы) жатады. Сондықтан тромбозды микроангиопатияның клиникалық белгілері пайда болғанда тромбоциттер деңгейіне, қан сарысуындағы лактатдегидрогеназа деңгейіне, талдау жүргізу, қан жағындысын алу және бүйрек функциясын тексеру ұсынылады. Тромбозды микроангиопатия диагностикаланғанда плазмаферезбен дер кезінде ем жүргізу және Плегриди® препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек.

Интерферондар қолданғанда зертханалық көрсеткіштерде ауытқу туындайды, сондықтан жайылған склерозы бар науқастарда жүргізілетін әдеттегі зертханалық талдаудан басқа, ем барысында қанның формалық элементтерінің (тромбоциттерді қоса), есебін жүргізу, лейкоцитарлық формуланы анықтау және қанның биохимиялық талдауын жасау (бауыр ферменттерін қоса) ұсынылады.

Миелосупрессиясы бар пациенттерге лейкограммасы бар қанның жалпы талдауына және тромбоциттер санын есептеуге аса қарқынды бақылау талап етілуі мүмкін. Сондай-ақ қалқанша безінің дисфункциясының бұрынғы тарихы бар пациенттерде немесе клиникалық көрсетілімдері болғанда қалқанша безінің функциясын ұдайы зерттеу ұсынылады.

Бұрын құрысу ұстамаларынан зардап шеккен науқастарға және тиісінше құрысуларға қарсы ем қабылдайтындарға, әсіресе құрысулар бұл еммен басылмайтын болса, Плегриди® препаратын тағайындағанда сақ болу керек.

Интерферон бета қабылдайтын пациенттерде жүрек ауруының үдегені тіркелді. Плегриди® препаратын (әрбір 2 аптада 125 мкг) қабылдаған пациенттер тобында жүрек-қан тамыр асқынулары дамуының жиілігі плацебо (екі топта 7 %) қабылдаған пациенттер тобындағы жиілікпен ұқсас болды. ADVANCE зерттеулері аясында Плегриди® препаратын қабылдаған пациенттер арасында күрделі жүрек-қан тамыр асқынулары тіркелмеген. Дегенмен анамнезінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы немесе аритмиясы сияқты айқын жүрек аурулары бар пациенттерге жүрек-қан тамыр жүйесінің жай-күйіне, әсіресе препарат қабылдаудың бастапқы кезеңінде бақылау талап етіледі.

Пациенттерде Плегриди® препаратына антидене өндіріле бастауы мүмкін.

Плегриди® емін 2 жылға дейін қабылдаған пациенттердің деректері пациенттердің 1 % азында (5/715) пэгинтерферон бета-1а компоненті бета-1а интерферонына персистентті бейтараптандырғыш антидене өндірілетіндігін көрсетті. Бейтараптандырғыш антидене клиникалық тиімділігін төмендетуі мүмкін. Иммуногенділік даму жиілігі төмендігіне байланысты талдау үшін деректер шектеулі болса да, алайда бета-1а пэгинтерферонының интерферонды бөлігіне қарсы антидене дамуы қауіпсіздігі мен клиникалық тиімділігіне елеулі әсер етпейді. Пациенттердің 3 % - да (18/681) бета-1а пэгинтерферонын құраушы ПЭГ-ке персистентті антидене өндірген. Жүргізілген клиникалық зерттеулерде бета-1а пэгинтерферонын құрайтын ПЭГ қарсы антидене дамуы қауіпсіздігі немесе клиникалық тиімділігіне (қайталанулардың жалпы жылдық жиілігін, МРТ ошақтарын және қабілетсіздігінің үдеуін қоса) елеулі әсер етпейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала тууға қабілеті бар әйелдер қажетті контрацепция шараларын қолдануы тиіс. Жүктілікті жоспарлағанда потенциалды қауіпті ескеру керек және препаратты қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Ем басталғанға дейін қайталаулардың жиілігінің жоғарылығы тіркелген пациенттерде жүктілік басталған жағдайда Плегриди® препаратын тоқтатқаннан кейін ауыр қайталанулар дамуы қаупін бағалау керек және оны болуы мүмкін өздігінен болатын түсіктің жоғары қаупімен салыстыру керек.

Плегриди® препаратын жүктілік кезінде қолдану туралы ақпарат шектеулі.

Қолда бар деректер өздігінен болатын түсіктің басталуының жоғары қаупі мүмкіндігін көрсетеді. Жүктілік кезінде Плегриди® препаратымен ем бастау қарсы көрсетілімде.

Пэгинтерферон бета-1 адам сүтіне бөлінетіндігі белгісіз. Емшек еметін балаларда күрделі жағымсыз реакциялар даму мүмкіндігіне байланысты бала емізуді тоқтату немесе Плегриди® препаратын тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Пэгинтерферон бета-1а адамның бала туатын функциясына әсері бойынша деректер жоқ. Жануарларда өте жоғары дозалағанда ановуляторлық әсері бақыланды. Пэгинтерферон бета-1а еркектердің фертильділігіне әсері туралы ақпарат жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Плегриди® препаратын қолдану кезеңінде жоғары зейінділікті талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Ұсыныстарды сақтағанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: дәрігерлік бақылау үшін ауруханаға жатқызу, тиісінше симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0.5 мл препараттан еккіш-қаламда. 63 мкг/0.5 мл дозаланған (қызғылт-сары таңбасы бар еккіш-қалам, бірінші доза) 2 еккіш-қаламды және 94 мкг/0.5 мл (көгілдір таңбасы бар еккіш-қалам, екінші доза) пластик тұғырға салады.

1 тұғырдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

0.5 мл препараттан еккіш-қаламда. 125 мкг/0.5 мл (сұр таңбасы бар еккіш-қалам) дозаланған 2 еккіш-қаламды пластик тұғырға салады.

1 тұғырдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде 2 0С-ден 8 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Жарықтан қорғалған жерде 2 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада 30 күн бойына сақтауға рұқсат етіледі.

30 күн ішінде пайдаланылмаған ерітінді жойылуы керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ & Ко. Кг, Равенсбург, Германия

Қаптаушы

Биоген Айдек (Дания) Мануфактуринг АпС, Хиллероед, Дания

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет» АҚ, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы)

Қазақстан Республикасындағы «Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет» АҚ өкілдігі

Алматы қ., 050051, Достық даңғ. 188, Кұлан БО, 903 кеңсе

тел.: 8 (727) 2599044, 2599043, 2599042

тел./факс: 8 (727) 2599039

e-mail: maral.ordabaeva@genilac.com

12

Прикрепленные файлы

016006851477975706_ru.doc 124.5 кб
367196241477977417_kz.doc 151 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники