Хлородекс®

МНН: Дексаметазон, Хлорамфеникол
Производитель: ЛеКос ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018669
Информация о регистрации в РК: 26.04.2016 - 26.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Хлородекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 5 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 1.00 мг дексаметазон (дексаметазон натрий фосфаты түрінде), 5.00 мг хлорамфеникол

қосымша заттар: 19 мг бор қышқылы, натрий гидроксиді рН 6.5-7.5-ке дейін, инъекцияға арналған су 1 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сарғыш-жасыл түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы препараттармен біріктірілген қабынуға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттармен біріктірілген глюкокортикостероидтар. Микробқа қарсы препараттармен біріктірілген дексаметазон. 

АТХ коды S01СА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда жүйелік сіңуі – төмен.

Дексаметазон. Көзге тамызғаннан кейін мөлдір қабықтың эпителийіне және конъюнктиваға жақсы енеді; мұндайда көздің сулы ылғалында емдік концентрацияларға жетеді; шырыш қабынған кезде пенетрациялануы жылдамдығы артады.

Хлорамфеникол. Препаратты көзге тамызған кезде көзішілік және ішінара жүйелік сіңеді. Жергілікті қолданған кезде мөлдір қабықта, сулы ылғалда, нұрлы қабықта, шыны тәрізді денеде хлорамфениколдің емдік концентрациялары пайда болады; көз бұршағына препарат өтпейді.

Фармакодинамикасы

Офтальмологияда жергілікті қолдану үшін бактерияларға қарсы және қабынуға қарсы әсер ететін біріктірілген препарат.

Дексаметазон – глюкокортикостероид. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы айқын әсер етеді.

Нысана тіндерде ерекше ақуыздық рецепторлармен өзара әрекеттесіп, кортикоидқа тәуелді гендердің экспрессиясын реттейді және осылайша ақуыз синтезіне ықпал етеді. Лейкоциттер жарғақшасының лизосомальді ферменттерін тұрақтандырады; кининдердің синтезін, лейкоциттердің митозын және көшуін тежейді; антидене синтезін тежейді және антигеннің тануын бұзады. Барлық осы әсерлер тіндерде қабыну реакциясының басылуына қатысады.

Ерітіндінің 1 тамшысын тамызғаннан кейін қабынуға қарсы әсерінің ұзақтығы 4 сағаттан 8 сағатқа дейінді құрайды.

Хлорамфеникол – әсер ету өрісі ауқымды бактериостатикалық антибиотик. Микробқа қарсы әсер ету механизмі микроорганизмдер ақуызы синтезінің бұзылуымен байланысты. Майда еритін болғандықтан, бактериялардың жасушалық жарғақшасы арқылы енеді және бактериялық рибосоманың 50S суббірлігімен қайтымды түрде байланысады, онда амин қышқылдарының ұлғаюдағы пептидтік тізбектерде орын ауысуы кідіреді.

Хлорамфеникол Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter кейбір түрлері (Aerobacter), Neisseria түрлері, Staphylococcus aureus, Streptococcus spp. (соның ішінде Streptococcus pneumoniae, Streptococcus hemolyticus), Moraxella lacunata, риккетсияларға және микоплазмаларға қатысты тиімді.

Препарат пенициллинге, стреп­томицинге, сульфаниламидтерге, тетрациклиндерге төзімді бактерия штамммдарына қарсы белсенді. Қышқылға төзімді бактерияларға, көкіріңді таяқшаларға, клостридийге және қарапайымдыларға қарсы белсенділігі аз. Препаратқа дәрілік төзімділік біршама баяу дамиды, мұндайда, әдеттегідей, басқа химиотерапиялық дәрілерге айқаспалы төзімділік пайда болмайды.

Қолданылуы

- конъюнктивит, кератит, кератоконъюнктивиттің эпителийді зақымдамайтын іріңді емес түрлерінде

- аллергиялық конъюнктивитте

- аллергиялық блефаритте

- склеритте, эписклеритте

- иритте, иридоциклитте

- операциядан кейінгі асқынулар профилактикасында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға конъюнктивалық қалтаға 1 тамшыдан тәулігіне 3-5 рет 2 күн бойы, симптомдар азайған кезде – тәулігіне 1-3 рет 4-6 күн бойы тамызады.

Операциядан кейінгі кезеңде инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін препаратты көздің қылилығына, торқабықтың сыдырылуына, катарактаны алып тастауға байланысты операциядан кейін 8-ші күннен бастап 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет 10 күн бойы қолданады.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 1 тамшыдан тәулігіне 1-2 рет 7-10 күн бойы тамызады, қажет болған жағдайда, емдеуді 10-шы күні мөлдір қабықтың жағдайын бақылағаннан кейін жалғастырады.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде тамызу арасында кем дегенде 10 минуттық аралықты сақтау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • ауыздың ащы дәм татуы (дисгезия)

  • қабақтың ісінуі және қышуы, конъюнктивалық эритема

Ұзақ уақыт қолданған кезде сирек

  • көзішілік қысымның жоғарылауынан көру өткірлігінің және көру өрісінің нашарлауы

  • артқы субкапсулярлы катарактаның дамуы

  • мөлдір қабықтың тесілуі

  • екінші қайтара болған инфекция

Өте сирек

- ауыз бұрышындағы экзема

- көру жүйкесінің қайтымды невриті

- апластикалық анемия

- птоз

- мидриаз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • Нerpes simplex, Varicell zoster және басқа да вирустардан туындатқан мөлдір қабық және конъюнктива аурулары

  • көздің микобактериялық инфекциялары

  • көздің зеңдік аурулары

  • мөлдір қабықтың жарақаттары және ойық жаралы үдерістер

  • мөлдір қабықтың эпителиопатиясы

  • көзішілік қысымның жоғарылауы

  • қан айналу жүйесінің аурулары

  • сүйек кемігінің аплазиясы

  • көздің жедел ағымды іріңді аурулары

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дексаметазон мен хлорамфеникол фенитоинның, барбитураттардың және варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін.

Дексаметазон CYP3A4 изоферментін индукциялайды, осылайша кальций өзекшелері, хинидин және эритромицин бөгегіштерінің тиімділігін төмендетеді.

Дексаметазонды иодоксуридинмен ұзақ қолдану нұрлы қабық эпителийінде деструкциялық үдерістердің күшеюіне әкелуі мүмкін. М-холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттарды, үшциклді антидепрессанттарды), нитраттармен бір мезгілде тағайындау көзішілік қысымның жоғарылауының дамуына ықпал етеді.

Хлородекс препаратын, қарама-қайшылықтың мүмкін болуына байланысты, бактерияларға қарсы антибиотиктермен бір мезгілде қолданбайды.

Айрықша нұсқаулар

Катарактаны жоюға жасалған операциядан кейін бірден Хлородекс препаратын және глюкокортикостероидтарды бір мезгілде қолданған кезде соңғысы жазылу үдерісін баяулатуы мүмкін.

Тамшыны ұзақ уақыт қолдану нәтижесінде көзішілік қысым жоғарылауы мүмкін, көзішілік қысымды жүйелі түрде өлшеп отырған жөн.

Қант диабетіне шалдыққан науқастарға препаратты қолдану үшін, көзішілік қысымның жоғарылауы және/немесе катарактаның пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты, емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет.

Хлородекс препаратымен емдеу кезеңінде жұмсақ жанаспалы линзаларды қолдануға болмайды, өйткені олар инфекцияның таралуына мүмкіндік береді.

Егер емдеудің 3 күндік курсынан кейін жақсару байқалмаса, емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Дәрілік заттардың 6 жасқа дейінгі балаларға қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін көзден жас ағуы мүмкін болғандықтан, оны көлік басқару немесе механикалық құралдармен қызмет көрсету алдында қолдануға болмайды.

Тамызғыш-құтының ұштығын басқа заттарға тигізіп алмау қажет. Тамызып болғаннан кейін тамызғыш-құтыны нығыздап жабу керек.

Артық дозалануы

Препаратты жергілікті қолданған кезде артық дозалау жағдайларының мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпақпен герметикалық тығындалған полиэтилен тамшылатқыш-құтыға құйылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ru; www.lecos.kz

Прикрепленные файлы

199219381477976245_ru.doc 66 кб
844043911477977508_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники