Детралекс® (Ле Лаборатуар Сервье Индастри)

МНН: Гесперидин, Диосмин
Производитель: Ле Лаборатуар Сервье Индастри
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Диосмин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003444
Информация о регистрации в РК: 15.02.2016 - 15.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Детралекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 450 мг 90% диосминнен және 50 мг 10% гесперидин түріндегі флавоноидтардан тұратын тазартылған микрондалған флавоноидты фракция,

қосымша заттар: желатин, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликолаты, тальк, глицерол, макрогол 6000, метилгидроксипропилцеллюлоза, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы Е172, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы Е171, темірдің (ІІІ) сары тотығы Е172

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, қызғылт сары- қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар. Басқа препараттармен біріктірілген диосмин.

АТХ коды C05СА53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат организмде фенол қышқылдарына дейн биоөзгеріске ұшырайды. Детралекс® организмнен негізінен ішек арқылы шығарылады. Қабылданған дозаның 14% бүйрек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 11 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Детралекс® көктамыр ширататын және ангиопротекторлық әсер етеді. Көктамырлар созылғыштығын азайтады, олардың тонусын арттырады және көктамыр іркілісін азайтады; қылтамырлардың өткізгіштігін төмендетеді және олардың төзімділігін ұлғайтады, микроайналымды жақсартады; лимфалық дренажды жақсартады.

Детралексті® ұдайы қолданғанда аяқтың ағзалық және функционалды созылмалы көктамыр жеткіліксіздігінің, сондай-ақ геморрой ауруының клиникалық симптомдары айқындығының азаюы байқалады.

Қолданылуы

  • көктамыр-лимфалық жеткіліксіздікті (аяқтың ауырлау сезімі, ауыруы, ісінуі және құрысулар) симптоматикалық емдеуде

  • геморройдың жедел ұстамаларына байланысты функционалдық симптомдарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұсынылатын дозасы күніне 2 таблетканы құрайды, тамақтану кезінде түсте 1 таблетка және кешке 1 таблетка.

Геморройдың жедел ұстамасында: алғашқы 4 күнде күніне 6 таблетка (2 таблеткадан күніне 3 рет), одан кейін - келесі 3 күнде 4 таблеткадан (2 таблеткадан күніне 2 рет).

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Емдеудің орташа ұзақтығы 2-3 айды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу

Жиі емес

  • колит

Сирек

  • бас айналу, бас ауыру, жалпы дімкәстік

  • тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Жиілігі анықталмаған

- іштің ауыруы

- беттің, еріннің және қабықтың және Квинке ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жоқ

Айрықша нұсқаулар

Геморрой жедел ұстамаларында Детралекс® қолданылуы аноректальді аймақтың басқа ауруларын спецификалық емдеуді алмастырмайды. Препарат қысқа курспен тағайындалады. Жүргізілген емдеудің тиімсіздігінде қосымша тексеру жүргізу және терапияны түзету қажет.

Препаратты көктамыр қан айналымының бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда, оларға күн көзінде ұзақ болмау, ұзақ уақыт түрегеп тұру, дене салмағын төмендету және қан айналымын жақсартатын арнайы шұлық кию қажеттігі туралы ескерту керек.

Жүктілік

Сынақ зерттеулерде тератогендік әсері анықталмаған.

Препараттың жүкті әйелдерге қолданылуының қандай да бір жағымсыз әсерлері туралы қазіргі уақытқа дейін мәлімделмеген.

Автокөлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ету ерекшеліктері

Детралекс® автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы мәліметтер жоқ.

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан (№36 қаптама үшін) және 15 (№30 және №60 қаптама үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 4 (№30 және №60 қаптама үшін) немесе 3 (№36 қаптама үшін) пішінді ұяшықты қаптамада медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Les Laboratoires Servier Industrie (Ле Лаборатуар Сервье Индастри), Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Les Laboratoires Servier (Ле Лаборатуар Сервье), Франция

Прикрепленные файлы

944374181477976288_ru.doc 54.5 кб
818536171477977478_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники