Шиповника плоды

МНН: Шиповника плоды
Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№018862
Информация о регистрации в РК: 13.04.2016 - 13.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Итмұрын жемістері

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жемістер

Құрамы

50 г препараттың құрамында

белсенді зат – 50 г итмұрын жемістері

Сипаттамасы

Шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді немесе сопақша пішіннен қатты созылған ұршық тәрізді пішінге дейінгі әртүрлі бүтін, жалған жемістер. Жемістердің түсі сарғылт-қызылдан қоңыр-қызылға дейін. Иісі жоқ. Дәмі қышқылтым-тәтті, аздап тұтқырлау.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Аскорбин қышқылы

АТХ коды А11GA01

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік текті препарат. Итмұрын жемістерінің құрамында органикалық қышқылдар, флавоноидтар, каротиноидтар, пектиндік және иіткіш заттар, В, Р,К, С тобының витаминдері.

Жалпы нығайтатын әсер етеді, ағзаның арнайы емес резистенттілігін ынталандырады, тіндердің регенерациясын күшейтеді, тамырлардың өткізгіштігін азайтады, көміртектік және минералды зат алмасуына қатысады, қабынуға қарсы қасиеттері бар.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- С және Р гипо- және авитаминоздарының профилактикасы және ем

- жалпы нығайтатын дәрі (жедел және созылмалы инфекцияларда, дистрофияда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жемістерді 10 г (1 ас қ.) эмальданған ыдысқа салып, 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жауып және су бұлауында 15 мин қыздырып, бөлме температурасында 45 мин салқындатып, сүзіп, қалған өнімді сығу керек. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған су құю арқылы 200 мл-ге дейін жеткізу керек. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек. Ішке 50-100 мл-ден күніне 2-3 рет тамақтан кейін жылы күйінде қабылдау керек. Бір реттік доза 10 гр. Тәуліктік доза 30 гр.

Балаларға 5-7 жаста 10-15 мл-ден, 8-14 жастағыларға 20 мл-ден күніне 2 рет тамақтан кейін жылы күйінде қабылдау керек. Емдеу курсын дәрігер жеке анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

– аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препаратқа жекелеген жоғары сезімталдықта

– өт-тас ауруында

– тромбоздарда, тромбофлебиттерде, эндокардиттерде, қан айналымының жеткіліксіздігінде

– 5 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лямблиозды емдеу кезінде метронидазол және аминохинолдың белсенділігін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Дайындалған тұнбаны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтау керек. Қолданар алдында шайқау қажет

Жүктілік, лактация

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50г дәрілік препараттан фирмалық картон қорапшаға салынған полиэтиленнен жасалған пакеттерде, оларға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық мәтінін жазады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Жамбыл филиалы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би д-лы, 3

Тел/факс 8 (7262) 45-63-12: E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Тел/факс 8 (7252) 55-60-82; 55-60-89

Электрондық поштасы: office@ecopharm.kz

Прикрепленные файлы

088334291477976227_ru.doc 52.5 кб
457173361477977476_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники