Череда

МНН: Череды трава
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019240
Информация о регистрации в РК: 10.03.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Итошаған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Шөп 30 г, 50 г

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Код АТХ V03A

Қолданылуы

Сыртқа

- экссудативті диатездің терілік көріністерінде

- фурункулезде

- терінің іріңді ауруларында

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Балалар жасы

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қолданылмайды

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

10 г (3 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпақпен жабады, қайнап тұрған суда (су булауында) 15 мин қыздырады, бөлме температурасында 45 мин бойы салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Сыртқа ванна қабылдау үшін қолданылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Мүмкін

- аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат - 30 г, 50 г итошаған шөбі

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 8 мм електен өтетін жапырақ, сабақ, гүлшанақтар мен гүлдердің үзіктері. Түсі жасыл, қоңырлау-жасыл немесе қоңыр-сары теңбілдері бар жасылдау-күлгін. Иісі әлсіз. Дәмі ащылау, сәл тұтқыр.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г, 50 г препараттан полипропилен немесе полимер үлбірмен және біріктірілген материалдан жасалған пакеттерде, медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынған.

Қорапша полипропилен үлбірмен жабылады, одан кейін медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Зерде - Фито» ЖШС, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Химфармзавод шағын ауданы, ғимарат 2/1.

телефон/факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Зерде - Фито» ЖШС, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Химфармзавод шағын ауданы, ғимарат 2/1.

телефон/факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Зерде - Фито» ЖШС, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Химфармзавод шағын ауданы, ғимарат 2/1.

телефон/факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Прикрепленные файлы

Череда_трава_Каз_.docx 0.03 кб
Череда_трава_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники