Цитикопол (1000мг/4мл)

МНН: Цитиколин
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Citicoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№121884
Информация о регистрации в РК: 22.11.2018 - 22.11.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Цитикопол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цитиколин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 500 мг/4 мл, 1000 мг/4 мл

Құрамы

4 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат натрий цитиколині 522.5 мг (500 мг цитиколинге баламалы) немесе 1045.0 мг (1000 мг цитиколинге баламалы),

қосымша заттар: 1 М хлорсутек қышқылы немесе 1М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Басқа да психостимуляциялаушы және ноотропты дәрілер. Цитиколин.

АТХ коды N06В Х06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Цитиколин жақсы сіңіріледі,көктамыр ішінен енгізу мен ішке қабылдаудан кейін биожетімділігі шамамен бірдей.

Препарат холин және цитидин түзе отырып, бауырда метаболизденеді. Препаратты қабылдағаннан кейін плазмада холин концентрациясы едәуір жоғарылайды.

Цитиколин айтарлықтай дәрежеде холин фракцияларының құрылымдық фосфолипидтерге және цитидин фракциясының – цитидинді нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдарына жылдам енуімен ми құрылымында таралады. Цитиколин миға енеді және құрылымдық фосфолипидтер фракциясы бөлігін түзе отырып, жасушалық, цитоплазмалық және митохондриялық жарғақшаларға белсенді кірігеді. Цитиколиннің енгізілген дозасының 15% ғана адам организмінен: 3% аздауы – бүйрекпен және ішек арқылы және 12% демммен шығарылатын СО2 (көмірқышқыл газымен) шығарылады.

Фармакодинамикасы

Цитикопол холинергиялық нейрондарда жүйке импульстары берілісін жақсартады, нейрондық жарғақшалардың созылғыштығына және рецепторлар функциясына жағымды әсер етеді. Церебральді қан ағымын жақсартады, мида метаболиялық үдерістерді күшейтеді, мидың ретикулярлық формация құрылымын белсендіреді және мидың жарақаттық зақымдануында сананы қалыпқа келтіреді. Инсульттің жедел кезеңінде зақымданған тін көлемін азайтады, холинэргиялық берілісті жақсартады.

Цитикопол ацетилхолин синтезін арттыра отырып, холин көзі болып табылады және нейрондар жарғақшаларының құрылымдық (тірек) фосфолипидтері биосинтезін көтермелейді. Осылай әсер ету нәтижесінде цитикопол реттеусіз жүйке импульстарының қалыпты берілуі мүмкін емес иондық сорғылар мен рецепторлар сияқты жарғақшалық құрылымдардың функция атқаруын жақсартады.

Препараттың ісінуге қарсы әсеріне, сонысымен ми ісінуінің азаюына әкелетін нейрондар жарғақшасына тұрақтандыратын әсері де бар.

Цитикопол гипоксия және ми ишемиясы кезінде байқалатын есте сақтаудың нашарлауы, эмоционалдық құбылмалылық, жігерсіздік, күнделікті әрекеттерді орындаудағы және өзіндік қызмет көрсетудегі қиындықтар сияқты симптомдардың айқындығын азайтады.

Цитикопол шығу тегі дегенеративтік және қантамырлық когнитивтік, сезімтал және қимылдық неврологиялық бұзылыстарды емдеуде тиімді.

Қолданылуы

- инсульттің жедел кезеңінде

- ишемиялық және геморрагиялық инсульттің қалпына келу кезеңінде

- бассүйек-ми жарақатында, жедел және қалпына келу кезеңінде

- мидың дегенеративтік өзгерістері және қантамырлық бұзылулары туындатқан когнитивтік, сезімтал және қимылдық неврологиялық бұзылыстарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді.

Көктамыр ішіне баяу көктамырішілік инъекция (5 минут бойы) немесе көктамырішілік тамшылатып құю (минутына 40-60 тамшы) түрінде тағайындайды.

Инсульт және бассүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде емдеуді аурудың ауырлығына байланысты кейіннен күніне 1-2 инъекция (500 – 2000 мг) бұлшықет ішіне енгізуге немесе 45 – 90 күнге дейін курспен ішке қабылдауға ауыса отырып, екі апта бойы препаратты 1000 – 2000 мг дозада, күнделікті, көктамыр ішіне енгізуден бастайды. Препараттың дозасы мен емдеу курсы емдеуші дәрігердің ұсынымы бойынша өзгертілуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (< 1/10000)

- аллергиялық реакциялар, есекжем, экзантема, терінің күрең қызылға дейін боялып қызаруы, терінің қышынуы, ісінулер, анафилактикалық шок дамуы мүмкін

- бас ауыру, бас айналу, елестеулер, қозу, ұйқысыздық, температураның көтерілуі, ысыну сезімі, тремор

- диспноэ

- жүрек айну, құсу, диарея

- артериялық қысымның көтерілуі немесе қысқа мерзімді төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғары болатын жай-күй (ваготония)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цитиколин L-дигидроксифенилаланин әсерін күшейтеді.

Құрамында меклофексонат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Бассүйекішілік қан құйылу жағдайында көктамыр ішіне тамшылатып, минутына 30 тамшы жылдамдықпен баяу енгізілуі қажет болатын 1000 мг тәуліктік дозаны арттыруға болмайды.

Ампуладағы ерітінді бір рет қолдануға арналған. Ол ампула ашқаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс.

Препарат 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен, сондай-ақ 5% глюкоза ерітіндісіме үйлесімді.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар тәжірибесінде, егер күтілетін емдік пайдасы ықтимал қауіптен асып түсетін болғанда тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде, егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана, препаратты тағайындауға болады.

Препаратты лактация кезеңінде тағайындағанда бала емізуді тоқтату қажет, өйткені цитиколиннің әйел сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Цитиколин көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі.

Цитикополды ұзақ тағайындау енгізу тәсіліне байланыссыз уытты әсерлермен қатар жүрмеген.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 мл-ден бейтарап шыны ампулада.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.

Дозасы 500 мг/ 4 мл 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге А маркалы қораптық картоннан жасалған немесе хром-эрзац қорапшаларға салынады. Әрбір қорапшаға ампулалық скарификатор салынады. Кертігі, сақинасы және нүктелері бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар салынбайды.

Дозасы 1000 мг/ 4 мл 1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады. Әрбір қорапқа ампулалық скарификатор салынады. Кертігі, сақинасы және нүктелері бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картон қорапшаға салынбаған) қораптық немесе гофрланған қартоннан жасалған қораптарға салуға болады. Әрбір қорапқа қаптамалар саны бойынша медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулық салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15ºC-ден 30ºC-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

640368701477976316_ru.doc 60 кб
367084751477977562_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники