Ципла клопивас

МНН: Клопидогрел
Производитель: Ципла Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clopidogrel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122121
Информация о регистрации в РК: 18.03.2016 - 18.03.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 135.85 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ЦИПЛА КЛОПИВАС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клопидогрел

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 97,854 мг клопидогрел бисульфаты (75,000 мг клопидогрелге баламалы),

қосымша заттар: маннитол-DC класс, кросповидон, сусыз коллоидты кремний, микрокристалды целлюлоза, макрогол, гидратталған майсана майы,

қабығының құрамы: Опадри YS-1-14778-A (гипромеллоза, титанның қостотығы Е 171, макрогол 400, темірдің сары тотығы), полисорбат 80.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, екі жағы тегіс, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Гепариннен басқа, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері. Клопидогрел

АТХ коды ВО1АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Күніне 75 мг дозада ішу арқылы бір рет және қайталап қабылдағаннан кейін клопидогрел жылдам сіңеді. Өзгермеген клопидогрелдің плазмадағы орташа ең жоғарғы концентрациялары (75 мг дозада ішу арқылы бір рет қабылдағаннан кейін 2,2-2,5 нг/мл жуық) шамамен қабылдағаннан кейін 45 минуттан соң байқалған. Клопидогрелдің несеппен бөлініп шығатын метаболиттеріне қарап болжағанда, сіңуі 50%-дан кем емес.

Таралуы

Клопидогрел мен оның қан ағымындағы негізгі (белсенді емес) метаболиті, адам плазмасы протеиндерімен қайтымды байланыс түзеді (сәйкесінше 98% және 94%). Концентрацияларының кең ауқымында байланысуы қанықпаған болып табылады.

Метаболизмі

Клопидогрел бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды. Клопидогрел екі негізгі жолмен метаболизденеді: біреуіне эстеразалар түрткі болады және карбон қышқылының белсенді емес туындысын түзе отырып, гидролизге алып келеді (қан ағымындағы метаболиттерінің 85%-ы), екіншісіне Р450 түрлі цитохромдары түрткі болады. Алдымен клопидогрел аралық метаболиті, 2-оксо-клопидогрелге дейін метаболизденеді. Аралық метаболиті 2-оксо-клопидогрелдің кейінгі метаболизмі белсенді метаболиті, клопидогрелдің тиол туындысының түзілуіне алып келеді. Метаболизмінің бұл жолына CYP3А4, CYP2С19, CYP1А2 және CYP2В6 түрткі болады. Белсенді тиолдық метаболиті тромбоциттер рецепторларымен жылдам және қайтымсыз байланысады, сол арқылы тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді.

Белсенді метаболитінің Cmax клопидогрелдің бір реттік жүктемелік 300 мг дозасынан кейін де, 4 күн бойы 75 мг демеуші дозасын қабылдағаннан кейін де 2 есе артады. Cmax қабылдағаннан кейін шамамен 30-60 минуттан соң байқалады.

Шығарылуы

Клопидогрелді қабылдағаннан кейін, 50%-ға жуығы несеппен және 46%-ға жуығы енгізгеннен кейін 120 сағат ішінде нәжіс массаларымен бөлініп шығады. Бір реттік пероральді 75 мг дозасынан кейін клопидогрелдің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6 сағатты құрайды. Қанда айналымдағы негізгі (белсенді емес) метаболитінің жартылай шығарылу кезеңі бір рет және қайталап қабылдаулардан кейін 8 сағатты құрайды.

Фармакогенетикасы

CYP2С19, белсенді метаболитінің де, аралық метаболиті, 2-оксо-клопидогрелдің де түзілуіне қатысады. Клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы мен антитромбоциттік әсерлері CYP2С19 генотипіне байланысты өзгеріп отырады.

CYP2С19*1 аллелі толығымен функционалдық метаболизміне сәйкес келеді, ал CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері функционалды болып табылмайды. CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері еуропалық (85%) және азиялық (99%) баяу метаболизаторларының функциясы төмен аллельдердің көп бөлігімен өзара байланысты. Метаболизмінің жоқтығымен немесе төмендеуімен астасқан басқа аллельдер сирек кездеседі және CYP2С19*4, *5, *6, *7 және *8 қамтиды. CYP2С19 аллельдерінің басымдығы, нәсілге /этникалық ерекшелікке байланысты әртүрлі болды, оның нәтижесі CYP2С19 орташа және баяу метаболизмі болып табылады. Баяу метаболизатор статусы бар пациентте жоғарыда сипатталғандай, функциясы жоғалған екі аллель болады. CYP2С19 баяу метаболизаторы генотиптерінің жиілігі еуропалықтар үшін шамамен 2%-ға, африкалық нәсіл үшін 4%-ға және қытайлықтар үшін 14%-ға сәйкес келеді. Пациенттің CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тестілер бар.

Ультражылдам, жылдам және орташа метаболизаторлары арасында белсенді метаболитімен экспозициясы мен орташа алғандағы тромбоциттер агрегациясы бәсеңдеуінің (ТАБ) елеулі айырмашылықтары байқалған жоқ. Баяу метаболизаторларда белсенді метаболитімен экспозициясы жылдам метаболизаторлармен салыстырғанда 63-71%-ға төмен болды. 600 мг/75 мг дозалық режимін қолданғаннан кейін баяу метаболизаторларында тромбоцитке қарсы жауап реакциясы төмен болды, бұл кезде орташа ТАБ (5 мкМ АДФ) жылдам метаболизаторлардағы 39% ТАБ (24 сағат) және 58% (5 күн) және орташа метаболизаторларда - 37% (24 сағат) және 60% (5 күн) салыстырғанда 24% (24 сағат) және 37 % (5 күн) құрады. Баяу метаболизаторлары 600 мг/150 мг режимінде болған кезде, белсенді метаболитімен экспозициясы, 300 мг/75 мг режиміндегіге қарағанда жоғары болды. Бұдан өзге, ТАБ 32% (24 сағат) және 61%-ды (5 күн) құрады, бұл 300 мг/75 мг режиміндегі баяу метаболизаторларға қарағанда көп, бірақ 300 мг/75 мг режиміндегі CYP2С19 метаболизаторларының баса топтарына ұқсас болды. Науқастардың бұл популяциясы үшін сәйкесінше дозалық режимі анықталған жоқ.

Белсенді метаболитімен экспозициясы орташа метаболизаторларында 28%-ға және баяу метаболизаторларында 72%-ға төмендеді, бұл кезде тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі (5 мкМ АДФ) жылдам метаболизаторларымен салыстырғанда, ТАБ сәйкесінше 5,9% және 21,4% айырмашылығымен төмендеді.

Ерекше популяциялары

Бұл ерекше популяцияларда клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы белгісіз.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Клопидогрелдің күніне 75 мг қайталап қабылданған дозаларынан кейін бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі 5-тен 15 мл/мин дейін) науқастарда АДФ (аденозиндифосфат) туғызған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау субъектілерде байқалғаннан әлсіздеу (25%) болды. Әйтсе де қан кету уақытының ұзаруы күніне 75 мг клопидогрелді қабылдаған дені сау субъектілердегіге ұқсас болды. Бұдан өзге, барлық науқастарда клиникалық көтерімділігі жақсы болды.

Бауыр функциясының бұзылуы

Клопидогрелдің күніне 75 мг 10 күн бойы қайталап қабылданған дозаларынан кейін бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарда АДФ туғызған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау субъектілерде байқалғанмен ұқсас болды. Екі топтағы қан кету уақытының орташа ұзаруы да ұқсас болды.

Нәсіл

Аралық және нашар CYP2C19 метаболизміне алып келетін CYP2C19 аллельдерінің кең таралуы, нәсілге / этникалық ерекшелігіне байланысты өзгешеленеді.

Фармакодинамикасы

Клопидогрел әсер етуші затының ізашары болып табылады, оның метаболиттерінің бірі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады. Клопидогрел CYP2С19 энзимдері арқылы метаболизмге ұшырайды, соның нәтижесінде тромбоциттер агрегациясын бәсеңдететін белсенді метаболиті түзіледі. Клопидогрелдің белсенді метаболиті аденозиндифосфатың (АДФ) өзінің тромбоциттік Р2Y12 рецепторымен байланысуын және келесі, АДФ-тен туындаған GPIIb/IIIa гликопротеиндік кешенінің белсенділенуін іріктеп тежейді, сол арқылы тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіреді. Байланысуының қайтымсыздығы салдарынан, әсерге ұшыраған тромбоциттер тіршілігінің қалған мерзімі бойына (шамамен, 7-10 күн) зақымданады, ал тромбоциттердің қалыпты функциясының қалпына келуі тромбоциттік циклға сәйкес жылдамдықпен жүзеге асырылады. АДФ-тен өзге агонистерден туындаған тромбоциттер агрегациясы да босап шыққан АДФ әсерінен жүзеге асатын тромбоциттер белсенуінің күшеюін бөгеу арқылы бәсеңдейді. Белсенді метаболиті CYP450 энзимдерінің көмегімен түзілетіндіктен, олардың кейбіреуі полиморфты немесе басқа дәрілік қосылыстардың әсерінен бәсеңдейді, науқастардың барлығында бірдей тромбоциттердің бәсеңдеу дәрежесі жеткілікті бола бермейді.

Күніне 75 мг қайталанатын дозалары бірінші күннен бастап АДФ туғызған тромбоциттер агрегациясының елеулі бәсеңдеуіне алып келді. Тежегіштік әсері үдемелі түрде күшейді және 3-7 күннен соң тепе-теңдік жағдайына жетті. Тепе-теңдік жағдайы сатысында күніне 75 мг дозасы кезінде байқалған орташа тежелу деңгейі 40%-дан 60%-ға дейінді құрады. Тромбоциттер агрегациясы мен қан кету уақыты бастапқы деңгейіне біртіндеп, әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін 5 күннен соң қайтып келді.

Қолданылуы

Атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы үшін

- миокард инфарктісінде (бірнеше күннен кемінде 35 күнге дейін), ишемиялық инсультте (7 күннен кемінде 6 айға дейін), шеткергі артериялардың аурулары

- жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромымен: ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), соның ішінде коронарлық қантамырларға тері арқылы жүргізілген араласулар барысында коронарлық стент орнатылған науқастарда ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп; тромболизистік ем жүргізуге болатын, дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген науқастарда ST сегментінің жоғарылауымен жедел миокард инфарктісінде АСҚ-мен біріктіріп;

Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасы үшін

- қантамыр ауруларының кем дегенде бір қауіп факторы бар, жыпылықтағыш аритмияға шалдыққан ересек науқастарда, (КВА) К витаминінің антагонистерін көтере алмаушылығы бар және қан кету қаупі жоғары емес науқастарға, ми инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғаларды болдырмау үшін, АСҚ-мен біріктірілімде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған. Ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Ересектер мен егде жастағы науқастар

Клопидогрелді тәулігіне бір рет 75 мг-ден қабылдау керек.

Жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромынан зардап шегетін науқастарда:

- ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеу бір реттік жүктемелік 300 мг дозасымен басталуы, содан соң тәулігіне бір рет 75 мг дозасымен жалғастырылуы тиіс (ацетилсалицил қышқылымен тәулігіне 75-325 мг дозада). АСҚ жоғарырақ дозалары қан кету қаупінің жоғарылығымен астасатындықтан, АСҚ дозасын 100 мг асырмау ұсынылады. Емдеудің оңтайлы ұзақтығы ресми түрде белгіленбеген. Клиникалық зерттеу мәліметтері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз болады, ең жоғарғы оң әсері 3 ай емдеуден соң байқалады.

- ST сегментінің жоғарылауымен жедел миокард инфарктісі: клопидогрелді бір реттік 75 мг тең тәуліктік дозада, 300 мг жүктемелік дозасынан бастап, АСҚ-мен және басқа тромболизистік дәрілермен біріктіріп немесе оларсыз қабылдау керек. 75 жастан асқан науқастарда клопидогрелмен емдеуді жүктемелік дозасынсыз бастау керек. Біріктіріп емдеуді симптомдары пайда болғаннан кейін барынша ертерек бастау және кемінде, төрт апта бойы жалғастыру керек. Аталған ауру кезінде 4 аптадан кейін клопидогрелді АСҚ-мен біріктіріп емдеудің оң әсері зерттелген жоқ.

Жыпылықтағыш аритмиясы бар науқастарға клопидогрелді бір реттік 75 мг тең тәуліктік дозада тағайындау керек. АСҚ қабылдауды бастау (тәулігіне 75-100 мг) және оны қолдануды клопидогрелмен біріктіріп жалғастыру керек.

Егер дозасы өткізіліп алса:

- дәріні қабылдаудың әдеттегі жоспарлы уақытынан 12 сағаттан аз уақыт өтсе: науқастар дозасын дереу қабылдауы және содан кейін келесі дәріні қабылдаудың әдеттегі жоспарлы уақытында қабылдауы керек

- 12 сағаттан артық уақыт өтсе: науқастар келесі дозасын дәріні қабылдаудың әдеттегі жоспарлы уақытында қабылдау керек, бірақ қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарды емдеу тәжірибесі шектеулі («Айрықша нұсқаулар» қараңыз).

Бауыр функциясының бұзылуы

Геморрагиялық диатездері болуы мүмкін, бауыр функциясының орташа бұзылуы бар науқастарды емдеу тәжірибесі шектеулі.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100, 1/10)

- гематома және жарақаттық соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішектен қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция орнынан қан кету

Жиі емес (≥1/1000,<1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған бірнеше жағдай туралы хабарланды), бас ауыруы, парестезия, бас айналуы

- көздің қанталауы (конъюнктивалық, окулярлық, ретинальді)

- асқазан мен он елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айнуы, іштің қатуы, метеоризм

- бөртпе, қышыну, терінің қанталауы (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер мөлшерінің төмендеуі,

тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- нейтропения, соның ішінде ауыр түрі

- вертиго

- ретроперитонеальді қан кету

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, гранулоцитопения, жүре пайда болған гемофилия А, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидтық реакция, тиенопиридиндер арасындағы дәрілік айқаспалы-реактивті аса жоғары сезімталдық (мысалы, тиклопидин, прасугрель)

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезудің бұзылулары

- ауыр қан кету, операциялық жарадан қан кету, васкулит,

гипотензия

- респираторлық жолдан қан кетулер (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит, эозинофильді пневмония

- өліммен аяқталатын асқазан-ішектен және ретроперитонеальді қан кету, панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралы және лимфоциттік), стоматит

- бауырдың жедел жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясы талдауларының патологиялық көрсеткіштері

- буллёздік дерматит (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема), Квинке ісінуі, дәрі-дәрмектік аса жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен жүретін дәрілік бөртпе және жүйелі симптомдар, эритематоздық бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі, ангиоэдема

- қаңқа-бұлшықеттік қан кету (гемартроз), артрит, артралгия, миалгия

- гломерулонефрит, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- қызба

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы

- пептидтік ойық жарадан қан кету сияқты жедел қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар: клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл біріктірілім қан кетуді күшейтуі мүмкін. Тәулігіне 75 мг клопидогрелді қабылдау варфаринмен ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген науқастарда S-варфариннің фармакокинетикасы мен халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) өзгертпегендіктен, клопидогрел мен варфаринді бір мезгілде қолдану екі препараттың да гемостазына әсер етуіне байланысты, қан кету қаупін арттырады.

Гликопротеин IIb/IIIа тежегіштері: клопидогрелді гликопротеин IIb/IIIа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген науқастар жағдайында сақтықпен қолдану керек.

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ): АСҚ клопидогрел түрткі болған, АДФ индукциялаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуін өзгертпейді, алайда клопидогрел АСҚ-ның коллагенмен индукцияланған тромбоциттер агрегациясына әсерін күшейтеді. Дегенмен, АСҚ тәулік бойына күніне екі рет 500 мг бір мезгілде қабылдау клопидогрелді қабылдаудан туындаған қан кету уақытының айтарлықтай артуын туғызған жоқ. Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылы арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін, ол қан кету қаупінің жоғарылауына алып келеді. Сәйкесінше, бұл препараттарды бір мезгілде қолдануды абайлап жүзеге асыру керек. Дегенмен, клопидогрел мен АСҚ бір жылға дейін бірге тағайындалып отырған.

Гепарин: клопидогрел гепариннің дозасын өзгертуді қажет еткен жоқ немесе гепариннің қан ұюына тигізетін әсеріне ықпал еткен жоқ. Гепаринді бір мезгілде қолдану, клопидогрелден туындаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне әсер еткен жоқ. Клопидогрел мен гепариннің арасында қан кету қаупінің жоғарылауына алып келетін фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін. Соған орай, бұл препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.

Тромболизистік дәрілер: клопидогрелді фибринспецификалық және фибринспецификалық емес тромболизистік дәрілермен және гепариндермен бірге қолданудың қауіпсіздігі жедел миокард инфарктісімен науқастарда тексерілді. Клиникалық маңызды қан кетулердің жиілігі, тромболизистік дәрілер мен гепаринді АСҚ-мен бірге қолданған кезде байқалғанға ұқсас болды.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): клопидогрел мен напроксенді бірге қолдану асқазан-ішек жолынан жасырын қан жоғалтуды арттырды. Алайда, басқа ҚҚСД-мен өзара әрекеттесулері жөнінде жеткілікті клиникалық зерттеулер болмағандықтан, қазіргі кезде асқазан-ішектен қан кетулер қаупі барлық ҚҚСД-ға тән немесе тән еместігі белгісіз. Сәйкесінше, ҚҚСД, соның ішінде ЦОГ-2 тежегіштері мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану сақтықты талап етеді.

Басқа қатарлас ем: клопидогрел өзінің белсенді метаболитіне дейін ішінара CYP2С19 арқылы метаболизденетіндіктен, бұл энзимнің белсенділігін бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдану, клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрацияларының төмендеуіне алып келеді деп күтіледі. Бұл өзара әрекеттесуінің клиникалық маңызы айқын емес. Сақтық шарасы ретінде CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданудан бас тарту керек.

Р450 2С19 цитохромы (CYP2С19)

CYP2C19 тежейтін дәрілік заттар: омепразол мен эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбазепин және хлорамфеникол.

Протондық помпа тежегіштері (ППТ):

Тәулігіне бір рет 80 мг дозадағы, клопидогрелмен бір мезгілде немесе екі дәрілік препаратты қабылдау арасындағы 12 сағаттық аралықты сақтай отырып қабылданған омепразол белсенді метаболитінің экспозициясын 45%-ға (жүктемелік доза) және 40%-ға (демеуші доза) төмендетті. Төмендеуі 39%-ға (жүктемелік доза) және 21%-ға (демеуші доза) тромбоциттер агрегациясы бәсеңдеуінің төмендеуімен байланысты болды. Клопидогрелмен бір мезгілде қабылданған эзомепразол да белсенді метаболиті экспозициясының төмендеуіне алып келеді деп күтіледі.

Маңызды кардиоваскулярлық оиғалармен білінген бұл фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесулерінің клиникалық маңыздылығы туралы қарама-қайшы мәліметтер, бақылау зерттеулерінен де, және клиникалық зерттеулерден алынды. Сақтық шарасы ретінде омепразол немесе эзомепразолды клопидогрелмен бір мезгілде қолданбау керек.

Метаболит экспозициясының айқындығы аз төмендеулері пантопразол мен лансопразол жағдайында байқалды.

Белсенді метаболитінің плазмалық концентрациялары күніне бір рет 80 мг дозада пантопразолмен емдеу кезінде 20%-ға (жүктемелік доза) және 14%-ға (демеуші доза) төмендеді. Бұл тромбоциттер агрегациясының орташа тежелуінің сәйкесінше 15% және 11%-ға төмендеуімен қатар жүрді. Бұл нәтижелер, клопидогрелді пантопразолмен бірге қолдануға болатындығын білдіреді.

Н2-рецепторлардың блокаторлары (CYP2С19 тежегіші болып табылатын циметидиннен басқа) және антацидтер сияқты асқазан қышқылдылығын төмендететін дәрілік заттардың клопидогрелдің антитромбоциттік белсенділігіне әсер ететіндігіне дәлелдер жоқ.

Басқа дәрілік препараттар:

Клопидогрел атенололмен немесе нифедипинмен немесе екеуімен де бірге қолданылған кезде клиникалық маңызды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері байқалған жоқ. Фенобарбиталды немесе эстрогенді бір мезгілде қолдану клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігіне елеулі әсер еткен жоқ.

Клопидогрелді бір мезгілде қолданғанда дигоксин мен теофиллиннің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.

Антацидтік дәрілер клопидогрелдің сіңірілу дәрежесін өзгерткен жоқ.

CYP2С9 көмегімен метаболизденетін фенитоин мен толбутамидті клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдануға болады.

Жоғарыда сипатталған дәрілік заттың клопидогрелмен өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша нақты ақпараттан бөлек, әдетте атеротромбоздық ауруы бар пациенттерге енгізілетін кейбір дәрілік заттарға зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда клиникалық сынақтарда пациенттерге клопидогрел көптеген қатарлас дәрілік заттармен, соның ішінде диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФт, кальций антагонистері, холестерин деңгейін төмендететін препараттар, коронарлық вазодилататорлар, диабетке қарсы дәрілер (соның ішінде, инсулин), эпилепсияға қарсы агенттер мен ГП IIb / IIIa антагонистерімен енгізілді және клиникалық елеулі жағымсыз өзара әрекеттесулердің белгілері болған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Қан кетулер және гематологиялық бұзылулар

Емдеу кезіндегі қан кету мен гематологиялық жағымсыз реакциялар қаупіне байланысты, қан кетуді білдіретін клиникалық симптомдар пайда болған жағдайда, бірден жалпы қан талдауын және/немесе басқа сәйкесінше талдауларды жүргізу керек. Басқа антитромбоциттік дәрілер сияқты, жарақатпен, хирургиялық немесе басқа патологиялық жағдайлармен байланысты қатты қан кету қаупіне ұшырауы мүмкін науқастар жағдайында, сондай-ақ АСҚ, гепаринмен, гликопротеин IIb/IIIа тежегіштерімен немесе ЦОГ-2 тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) емделіп жүрген науқастар жағдайында клопидогрелді сақтықпен қолдану керек. Науқастарда, әсіресе, емдеудің алғашқы апталарында және/немесе жүрекке жасалған инвазивтік емшаралардан немесе хирургиялық араласудан кейін жасырын қан кетуді қоса, қан кетудің кез келген белгілерінің бар-жоқтығын мұқият бақылау қажет. Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кетуді күшейтуі мүмкін.

Егер науқасты элективті хирургиялық араласуды бастан өткеру күтіп тұрса, және антитромбоциттік әсері уақытша қажетсіз болса, клопидогрелді қабылдауды операцияға дейін 7 күн бұрын тоқтату керек. Кез келген жоспарлы операция мен кез келген жаңа дәрілік препаратты қабылдар алдында науқастар терапевттер мен стоматологтарға, клопидогрелді қабылдап жүргендігін ескертуі тиіс. Клопидогрел қан кету уақытын ұзартады және қан кетуге бейімділігі бар (әсіресе, асқазан-ішектік және көзішілік) патологиялық өзгерістері бар науқастарда сақтықпен қолданылуы тиіс.

Науқастарға, ЦИПЛА КЛОПИВАСТЫ қабылдаған кезде (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктіріп) қан кетуді тоқтату үшін көп уақыт қажет болуы мүмкін екендігін, және егер оларда болжанбаған қан кету (орналасуы немесе ұзақтығы бойынша) туындаса, өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлау керектігін айту керек.

Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)

Аса сирек жағдайда, ЦИПЛА КЛОПИВАСты қолданғаннан кейін, ал кейде ұзаққа созылмаған экспозициясынан кейін де тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) жағдайлары сипатталған. Ол тромбоцитопениямен және, неврологиялық өзгерістер, бүйрек дисфункциясы немесе қызба қатар жүретін микроангиопатиялық гемолиздік анемиямен сипатталады. ТТП, плазмаферезді қоса, дереу емдеуді қажет ететін, өмірге қауіп төндіретін жағдай болып табылады.

Жүре пайда болған гемофилиялар

Клопидогрелді қолданған кезде жүре пайда болған гемофилия туралы хабарламалар болды. Қан кетумен немесе қан кетусіз Ішінара Тромбопластиндік Уақыттың (ІТУБ) ұзаруының оқшау белсенділенуі расталған жағдайларда, жүре пайда болған гемофилия қарастырылуы тиіс. Жүре пайда болған гемофилия диагнозы қойылған науқастарға мамандар жетекшілік етуі, және клопидегрил тоқтатылуы тиіс.

Жедел ишемиялық инсульт

Мәліметтер жоқ болғандықтан, ЦИПЛА КЛОПИВАС жедел ишемиялық инсульттен кейін алғашқы 7 күн ішінде ұсынылмауы мүмкін.

Р450 2С19 цитохромы (CYP2С19)

Фармакогенетикасы: CYP2С19 баяу метаболизаторлары болып табылатын науқастар жағдайында ұсынылған дозалары кезінде клопидогрелде тромбоциттер функциясына аз әсер ететін белсенді метаболиттер аз түзіледі. Науқастарда CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тестілер бар.

Тиенопиридиндер арасындағы айқаспалы реакциялар

Пациенттер тиенопиридиндер арасындағы (клопидогрел, тиклопидин, прасугрель сияқты) айқаспалы реактивтілігі бар тиенопиридиндерге аса жоғары сезімталдыққа тексеруден өтуі тиіс. Тиенопиридин бөртпе, Квинке ісінуі сияқты жеңілден ауырға дейінгі аллергиялық реакцияларға, немесе тромбоцитопения және нейтропения сияқты гематологиялық айқаспалы реакцияларға алып келуі мүмкін. Бұрын бір ғана тиенопиридинге аллергиялық реакциялары және/немесе гематологиялық реакциялары бар пациенттерде басқа тиенопиридинге дәл осы немесе реакцияның даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Тиенопиридиндерге аллергиясы белгілі пациенттерге жоғары сезімталдық белгілерінің бар-жоқтығына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда клопидогрелмен емдеу тәжірибесі шектеулі. Соған сәйкес, мұндай науқастар жағдайында клопидогрелді сақтықпен қолдану керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Препаратты геморрагиялық диатезге бейім, бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежелі бұзылуы бар науқастарда қолдану тәжірибесі шектеулі. Осыған байланысты, бұл популяцияда ЦИПЛА КЛОПИВАС сақтықпен қолданылуы тиіс.

Қосымша заттар

Бұл дәрілік препараттың құрамында майсана майы бар, ол асқазан бұзылысы мен диареяны туғызуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Клопидогрелді балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клопидогрелдің жүктілік кезіндегі әсері туралы клиникалық мәліметтер жоқ болғандықтан, сақтық шарасы ретінде клопидогрелді жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.

Лактация кезеңі

Клопидогрелдің адамның емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Клиникаға дейінгі зерттеулер, клопидогрелдің емшек сүтіне өтетіндігін көрсетті. Сақтық шарасы ретінде, ЦИПЛА КЛОПИВАСпен емдеу кезінде бала емізуді жалғастырмаған дұрыс.

Фертильділік

Клиникаға дейінгі зерттеулерде, клопидогрелдің фертильділікке әсер ететіндігі дәлелденбеген.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сирек құбылыстарға немесе аса сирек жағымсыз әсерлеріне байланысты, препаратты автокөлік және жұмыс механизмдерін басқару кезінде сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: клопидогрелді қабылдағаннан кейінгі артық дозалану қан кету уақытының ұзаруына және қан кетудің кейінгі асқынуларына алып келуі мүмкін.

Емі: қан кеткен жағдайда сәйкесінше ем қажет болуы мүмкін. Клопидогрелдің фармакологиялық белсенділігінің у қайтарғысы табылған жоқ. Егер қан кету уақытының ұзақтығын жылдам түзету қажет болса, тромбоциттер трансфузиясы клопидогрелдің әсерлерін тоқтатуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Ципла Лтд., Үндістан

L-139 to L-146, Verna Industrial Estate, Verna Goa, India

L-139-дан L-146 дейін, Верна, Верна Гоа өндірістік учаскесі, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Ципла Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-ЛТД» ЖШС, Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67

e-mail: reg@avitsena.kz

 

Прикрепленные файлы

974886981477976279_ru.doc 52.08 кб
410170271477977488_kz.doc 170.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники