Хондроитин-АКОС (мазь)

МНН: Хондроитина сульфат
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015663
Информация о регистрации в РК: 25.02.2015 - 25.02.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ХОНДРОИТИН-АКОС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5% жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 5,0 г хондроитин натрий сульфаты (құрғақ затқа шаққанда)

қосымша заттар: диметилсульфоксид, сусыз ланолин, медициналық вазелин, тазартылған су

Сипаттамасы

Диметилсульфоксидтің иісі бар ашық-сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қозғалыс аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды М02АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Іс жүзінде жүйелі түрде сіңірілмейді.

Фармакодинамикасы

Хондроитин-АКОС – сүйек тіні резорбциясын баяулататын және кальций жоғалтуды төмендететін жоғары молекулалық мукополисахарид. Шеміршек тінінде фосфор-кальций алмасуын жақсартады, оның қалпына келу үдерістерін жеделдетеді, шеміршек және дәнекер тіндер дегенерациясы үдерістерін тежейді. Шеміршек тінінің зақымдануын туындататын ферменттерді бәсеңдетеді, гликозаминогликандар синтезін көтермелейді, буын қалтасының және буындардың шеміршек беткейінің регенерациясына ықпал етеді, буынішілік сұйықтығының өнімін арттырады. Құрылымы жағынан гепаринге жақын екендігін ескергенде, синовиальді және субхондральді шағын айналым арнасындағы фибринді тромбтардың түзілуіне кедергі болады. Ауырсыну азаяды және зақымданған буындардың қозғалғыштығы артады.

Остеоартроздың үдеуін баяулатады.

Жақпамайдың құрамына кіретін диметилсульфоксид қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және фибринолитикалық әсер береді, жасуша жарғақшалары арқылы хондроитин сульфатының жақсы өтуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- негізінен ірі буындардың зақымдануы болатын остеоартрозда

- омыртқа аралық остеохондрозда

Қолдану тәсілі және дозалары

СЫРТҚА!

Хондроитин-АКОС жақпамайын зақымдану ошағының үстіңгі терісіне күніне 2-3 рет жағады және толық сіңгенге дейін 2-3 минут бойы ысқылап жағады. Емдеу курсы 2-3 апта. Қажет болғанда емдеу курсын қайталайды.

Ауыр жағдайларда ішке қабылдауға арналған немесе бұлшықет ішіне инъекцияға арналған хондроитин сульфаты препараттарын бір мезгілде тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар болуы мүмкін, бұл ретте препаратты тоқтатады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа және оның компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жағылатын жердегі тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Буындар және омыртқа бағанасының дегенеративті ауруларын жалпы қабылданған сызбаға қосылған басқа да дәрілік заттармен емдеу аясында жақпамайды тағайындаған кезде жағымсыз дәрілік өзара әрекеттесу жағдайлары анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: Хондроитин-АКОС жақпамайын жүктілік және лактация (емшекпен қоректендіру) кезеңінде дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Жасөспірімдер жасы 18 жасқа дейін.

Жақпамайды шырышты қабыққа және ашық жараға түсірмеу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшекпен қоректендіру (лактация) кезеңінде Хондроитин-АКОС жақпамайы тек дәрігердің кеңесінен кейін және сақтықпен тағайындалады, емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Хондроитин-АКОС жақпамайы көлік құралдарын басқару және зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Хондроитин-АКОС жақпамайын сыртқа қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз (препараттың жүйелі сіңірілуі болмауының салдарынан). Қазіргі кезге дейін Хондроитин-АКОС жақпамайының артық дозалану оқиғалары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г-ден алюминий сықпада.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 20°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

640008, Қорған қ., Конституция д-лы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

Прикрепленные файлы

946795101477976572_ru.doc 46 кб
740050011477977732_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники