Холосас (сироп, 125 мл, Химфарм АО)

МНН: Шиповника плоды
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015171
Информация о регистрации в РК: 26.01.2015 - 26.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Холосас

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 125мл, 250мл, 150г

Құрамы

125мл 250мл 150г

белсенді зат - итмұрын жемістері 37г 74г 33г

қосымша заттар: қант, тазартылған су

Сипаттамасы

Қою, қара-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, шәрбат тәріздес сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды А05АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Холосас – итмұрынның қоюлатылған сулы сығындысы мен қанттан жасалған, табиғи өт айдайтын препарат.

Холосас препаратының әсері итмұрын жемістерінің құрамына кіретін оның ішінде, В1, В2, С, Е, К, РР витаминдері, А провитамині, қант 14-16%, алма және лимон қышқылдары, флавоноидтар, пектиндер - 25%, эфир майлары, декстрин, ванилин, лецитин, К, Са, Fе, Мg тұздары секілді компоненттер кешенінің әсеріне байланысты.

Холосас бауырдың функциональдік қабілетін жоғарылатады, өт сөлінісін жоғарылатады, өтте холаттардың мөлшерін жоғарылатады, өттің тұтқырлығын азайтады. Өт сөлінісінің күшеюімен қатар, өт қабының тонусын өт жолдарының және Одди және Люткенс сфинктерлерінің тегіс бұлшықеттерінің босаңсытумен бір мезгілде жоғарылатады. Препараттың өт айдайтын әсері флавоноидтардың құрамына байланысты. Холосас сондай-ақ организмнің басқа функцияларына айтарлықтай әсер иеленген – асқазан бездерінің, ұйқы безінің сөліністерін қалпына келтіреді және стимуляциялайды, асқазан шырынының ферменттік белсенділігін жоғарылатады, оның атониясында ішек перистальтикасын күшейтеді.

Құрамындағы аскорбин қышқылының (С витамині) есебінен қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

Микробқа қарсы әсері құрамындағы итмұрын жемістері мен витаминдер кешені есебінен.

Итмұрын жемістерінде органикалық қышқылдар мен пектиндердің болуының арқасында бүйрек эпителийінің тітіркенуімен қатар жүрмейтін, диуретикалық әсер көрсетеді.

Қолданылуы

- гепатитте ( кешенді емде)

- холециститте (калькулезді емес)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамаққа дейін 30 минут бұрын.

Ересектерге 1 шай қасықтан күніне 2-3 рет.

3-жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 1/4 шай қасықтан күніне 2-3 рет.

12-жастан бастап балаларға 1/2 шай қасықтан күніне 2-3 рет.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

-қыжыл

-аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, бөртпе)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- өт-тас ауруы

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өт шығару жолдарының түйілуінде спазмолитикалық және атропин тәріздес препараттар көрсетілімді. Өт шығару жолдарының және өт қабының жедел қабыну үдерістерінде микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындалады.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезеңінде Холосас препаратын сақтықпен тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: терінің қызаруы, бөртпе

Емі: симптоматикалық.

Шығару түрі және қаптамасы

125 мл немесе 150 г-дан бақылау сақинасы бар бұралатын металл қалпағымен тығындалған бұрандалы мойнымен стекломассадан жасалған құтыларда.

Бақылау сақинасы бар бұралатын металл қалпағымен тығындалған тағамдық сұйықтықтарға арналған шыны бөтелкелерде 250 мл-ден.

Әрбір құтыға немесе бөтелкеге заттаңбалық немесе жазатын қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Құтылар немесе бөтелкелер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған қорапшаларға салынған, құтылардың арасына сол картоннан жасалған қалқалар салынады. Топтық қаптамаға нұсқаулықтардың саны құтылардың санына сәйкес салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

987940041477976555_ru.doc 66 кб
995068871477977713_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники