ХеппиДерм-Здоровье

МНН: Декспантенол
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexpanthenol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020754
Информация о регистрации в РК: 02.09.2014 - 02.09.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 584.4 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ХеппиДерм-Здоровье

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декспантенол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5% крем

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді зат - 50 мг декспантенол,

қосымша заттар: Euxyl® PE 9010 (феноксиэтанолға шаққанда), DL

пантолактон, цетостеарил спирті, калий цетилфосфаты,

изопропилмиристат, пропиленгликоль,

ланолин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Әлсіз иісі бар, біртекті консистенциядағы ақтан ақ дерлік түске дейінгі крем

Фармакотерапиялық тобы

Жара мен ойық жаралы зақымдануларды емдеуге арналған препараттар. Аса қатты тыртықтануды емдеуге арналған препараттар. Декспантенол.

АТХ коды D03A X03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол терімен жылдам сіңіріледі, жасушаларда пантотен қышқылына айналады. Қанда пантотен қышқылы қан плазмасы протеиндерімен (негізінен β-глобулиндерімен және альбуминмен) байланысады. Пантотен қышқылы организмде метаболизденбейді және өзгермеген түрде шығарылады, дозаның 60-70% несеппен, қалғандары – нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Декспантенол – пантотен қышқылы суда еритін витаминінің синтетикалық туындысы. Декспантенолдың төмен молекулалық салмағы, гидрофилдігі және төменгі полярлығы оның терінің барлық қабаттарына өтуін мүмкін етеді. Пантотен қышқылы - эссенциалды коэнзим А компоненті болып табылады. Ацетилкоэнзим А түрінде жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады және тері регенерациясын жақсартады.

Қолданылуы

- құрғақ, қызарған теріні немесе жарылған теріні профилактикалық өңдеуде

- микрозақымданулар кезінде терінің жазылуы мен эпителизациясын жеделдетуде (ауыр емес күйіктер мен сызаттар)

- терінің тітіркенуінде (фототерапия немесе ультракүлгін сәулелердің салдарынан)

- үлбірлі дерматитте

- терінің созылмалы ойық жаралары және тесілулерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді зақымданған немесе қабынған тері бөлігіне күніне 1-2 рет жағады. Жазылуы мен эпителизациясын жеделдету, тұрақты тері күтімі: кремді қажеттілігіне қарай тәулігіне 1 немесе бірнеше рет қолдану керек.

Емшектегі баланың күтімі: кремді жөргекті (жаялықты) әрбір ауыстырған сайын жағады.

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдер мен емнің тиімділігіне байланысты болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- тері тарапынан аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит, аллергиялық дерматит, қышыну, эритема, экзема, бөрту, есекжем, терінің тітіркенуі және сулы бөртпе)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • - декспантенолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  •  

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Декспантенол ацетохолин синтезін көтермелеуіне байланысты деполяризациялаушы миорелаксанттардың (суксаметоний, декаметоний) әсерін күшейтуі және деполяризацияламайтын миорелаксанттардың (D-тубокурарин, галамин) әсерін азайтуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолданғанда көзге жанасуын болдырмаған жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты нәрестелерді қоса, әр түрлі жастағы балалар тобында қолданады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады. Емшек ұшының жарылуын емдеу үшін қолданғанда емшекпен қоректендіру кезінде бала емізердің алдында жуып тастау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г немесе 30 г алюминий сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

­Өндіруші

“Фармацевтикалық компания “Здоровье” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

«УкрФармЭкспорт» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фарм-Евро» ЖШС

050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Тел.: +7(727) 271-10-17

Факс: +7(727) 271-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

246353201477976700_ru.doc 46 кб
461757441477977840_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники