Фотил® форте

МНН: Пилокарпин, Тимолол
Производитель: Сантен АО, по лицензии Дайчи Санкио Ко. Лтд, Япония
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Пилокарпин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003610
Информация о регистрации в РК: 08.02.2016 - бессрочно

Инструкция

ФОТИЛ ФОРТЕ

Саудалық атауы

Фотил® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшылары, 5 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 40 мг пилокарпин гидрохлориді, 6,84 мг тимолол малеаты (5 мг тимололға баламалы),

қосымша заттар: бензалконий хлориді, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, гипромеллоза, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Басқа препараттармен біріктірілген пилокарпин. АТX коды S01EB51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пилокарпин мөлдір қабық арқылы тез өтеді. Сулы ылғалдағы концентрациясы ең жоғарғы шегіне 30 минуттан соң жетеді. Пилокарпин көздің көптеген тіндерімен байланысады. Көз ортасынан жартылай шығарылу кезеңі 1,5 – 2,5 сағатты құрайды. Алайда препараттың гипотензиялық әсері бірнеше сағат бойы сақталады.

Пилокарпин көзішілік сұйықтықпен өзгермеген күйде шығарылады. Сулы ылғалдың түзілуін азайтатын тимололмен бірігуі пилокарпиннің шығарылу жылдамдығын баяулатады.

Пилокарпин белсенді емес түрлерін түзе отырып, қан плазмасында және бауырда тез гидролизденеді. Оның жартылай шығарылу кезеңі 0,5 сағаттан азды құрайды.

Тимолол мөлдір қабық арқылы көздің алдыңғы камерасының сулы ылғалына тез өтеді.

Жергілікті қолданылған тимололдың шамамен 80%-ы жүйелі қан ағысына өтеді. Тимололдың плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Сmax) тимололды инстилляциялағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң анықталады. Жартылай шығарылу кезеңі 2-5 сағатты құрайды. Тимолол негізінен P450 2D6 (CYP2D6) цитохромы ферментінің әсерімен бауырда метаболизденеді. Көбінесе бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фотил® форте көз тамшыларының құрамында екі белсенді зат бар. Пилокарпин м-холинергиялық рецепторларды стимуляциялайтын парасимпатомиметик болып табылады. Көзге тамызғаннан кейін пилокарпин миоз, аккомодацияның түйілуін туғызады және көзішілік қысымды төмендетеді. Көзішілік қысымның төмендеуі цилиарлық бұлшықет пен көздің нұрлы қабығының бұлшықетінің жиырылуымен байланысты, бұл сулы ылғалдың ағып кетуін жеңілдете отырып, көздің алдыңғы камерасы бұрышының кеңеюіне және трабекулярлық желінің физикалық құрылымының өзгеруіне әкеледі. Бұл әсер 4-тен 14 сағатқа дейін сақталады.

Тимолол бета-адреноблокатор болғандықтан, симпатомиметиктік нейромедиаторлардың бета1- және бета2-адренорецепторлармен байланысуын болдырмайды. Ол сулы ылғал өнімін азайта отырып, көзішілік қысымды төмендетеді. Тимолол әсерінің нысанасы цилиарлық денедегі бета2-адренергиялық рецепторлар болып табылады. Көзішілік қысымның айтарлықтай төмендеуіне Фотилдің® бір реттік дозасынан кейін 1 сағат ішінде қол жеткізуге болады. Ең жоғарғы әсері, әдетте, 3 сағат ішінде байқалады.

Қолданылуы

Монотерапия тиімсіз болғанда және тимолол мен пилокарпинді біріктіру қажет болғанда глаукомада немесе көзішілік қысымның жоғарылауында:

  • ашық бұрышты және жабық бұрышты глаукомада

  • афакиядағы глаукомада

  • екіншілік глаукомада

  • көзішілік қысым айқын жоғарылаған жағдайда басқа емдеу тәсілімен біріктірілімде

  • офтальмологиялық операциялардан кейін көзішілік қысымның жоғарылауында

Қолдану тәсілі және дозалары

Әдеттегі доза – зақымдалған көзге тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан. Кейбір пациенттерде Фотил® препараты туғызған көзішілік қысымның тұрақты төмендеуіне тек бірнеше аптадан кейін ғана қол жетеді, сондықтан емдеуді бағалауға көзішілік қысымды емді бастағаннан кейін шамамен 4 аптадан кейін өлшеу кіруі тиіс.

Егер Фотил® көз тамшыларымен емдеген кезде пациенттің көзішілік қысымы жоғары болып қала берсе, тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан Фотил® форте көз тамшыларымен емді жалғастыру ұсынылады. Дозаны бұдан ары арттыру әдетте көзішілік қысымды төмендетпейді. Егер дәрілік заттың көрсетілген дозасын қолданған кезде көзішілік қысым қанағаттанарлық деңгейді сақталмаса, дәрігер емдеу сызбасын қайта қарауы тиіс.

Мұрын-көз жасы жолы окклюзиясы немесе 2 минутқа қабақты жабу пайдаланылған кезде дәрілік заттың жүйелік сіңірілуі төмендейді. Нәтижесінде жүйелі жағымсыз реакциялардың даму қаупі төмендейді және жергілікті әсері күшейеді.

Жағымсыз әсерлері

Тимолол малеаты

Жергілікті қолданғанда офтальмологиялық бета-адреноблокаторлар жүйелі қан ағысына сіңіріледі, бұл оларды жүйелі қолданғанда байқалатындарға ұқсас жағымсыз әсерлердің дамуына әкелуі мүмкін. Жүйелі жағымсыз реакциялардың даму қаупі жүйелі қолданғанға қарағанда жергілікті офтальмологиялық қолданғанда төмен. Төменде атап көрсетілген жағымсыз әсерлер офтальмологиялық қолдануға арналған бета-адреноблокаторлардың барлық тобына тән.

Иммундық жүйе: Квинке ісінуін, есекжемді, жергілікті және жайылған бөртпені, қышынуды, анафилаксиялық реакцияларды қоса жүйелі аллергиялық реакциялар.

Метаболизмдік бұзылулар: гипогликемия.

Психиатриялық бұзылулар: ұйқысыздық, депрессия, түнгі шым-шытырық түстер, жадыны жоғалту.

Жүйке жүйесі бұзылыстары: естен тану, цереброваскулярлық асқынулар, церебральді ишемия, миастения белгілері мен симптомдары көрінісінің күшеюі (астениялық бульбарлық салдану), бас айналуы, парастезиялар, бас ауыруы.

Көздің бұзылулары: көздің тітіркену белгілері мен симптомдары (ашу, шаншу, қышыну, көзден жас ағу, қызару), блефарит, кератит, жіті көрудің төмендеуі және сүзу операциясынан кейінгі көздің тамырлы қабығының ыдырауы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі, көздің құрғауы, мөлдір қабық эрозиясы, птоз, диплопия.

Жүрек бұзылулары: брадикардия, кеуденің ауыруы, жүректің жиі соғуы, ісінулер, аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық блокада, жүректің тоқтап қалуы, жүрек жеткіліксіздігі.

Тамыр бұзылулары: гипотония, Рейно синдромы, қол мен аяқтың салқындауы.

Тыныс алу бұзылулары: бронх түйілуі, (көбінесе сыртартқыда бронхоспазмдық аурулары бар пациенттерде), ентігу, жөтел.

Асқазан-ішек бұзылыстары: дәм сезудің бұрмалануы, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, құсу.

Тері және теріасты шелі: алопеция, псориаз тәрізді бөртпе, псориаздың өршуі, тері бөртпесі.

Сүйек-бұлшықет жүйесі: миалгия.

Ұрпақ өрбіту жүйесі: сексуалдық дисфункциялар, либидоның төмендеуі.

Жалпы бұзылулар: астения/әлсіздік.

Жоғарыда атап көрсетілгендерге қосымша келесі жағымсыз әсерлер офтальмологиялық бета-блокаторларды қолданғанда сипатталған, олар Фотил® форте көз тамшыларын пайдаланғанда да туындауы мүмкін:

Көз тарапынан:

Жиі емес (≥ 1/1 000 < 1/100 дейін): мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, беткейлік нүктелік кератит.

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): «құрғақ көз» синдромы, блефароконъюнктивит, көрудің бұзылуы, көзге қосарланып көріну, птоз.

Жүрек жүйесі тарапынан

Жиі емес (≥ 1/1 000 < 1/100 дейін): брадикардия.

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): жүрек жеткіліксіздігі, аритмия.

Қантамыр жүйесі тарапынан

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): гипотензия, шеткергі және церебральді қан ағысының төмендеуі.

Жүйке жүйесі бұзылыстары

Жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін): бас ауыруы.

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): бас айналуы.

Респираторлық, торакальді және медиастинальді бұзылулар

Жиі емес (≥ 1/1 000 < 1/100 дейін): диспноэ.

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): бронх түйілуі (көбінесе демікпе немесе жүрек жеткіліксіздігі сияқты сыртартқыда бронхоспазмдық аурулары бар пациенттерде), мұрынның бітелуі.

Психиатриялық бұзылулар:

Жиі емес (≥ 1/1 000 < 1/100 дейін): депрессия.

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): елестеулер, үрей, түнгі шым-шытырық түстер, сананың шатасуы.

Тері және теріасты шелі:

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): аса жоғары сезімталдық реакциялары: бөртпе, есекжем, алопеция.

Жалпы бұзылулар

Жиі емес (≥ 1/1 000 < 1/100 дейін): әлсіздік.

Сирек (≥ 1/10 000 < 1/1 000 дейін): астения.

Пилокарпин гидрохлориді

Көз тарапынан:

Жиі (≥1/100 <1/10 дейін): өтпелі шаншуы немесе ашуы, көру жітілігінің төмендеуі, көзден жас ағудың ұлғаюуы, цилиарлық бұлшықеттің түйілуі, торлы қабық тамырындағы іркіліс, конъюнктива гиперемиясы, көздің ауыруы, қышыну, тітіркенуі, самай және супраорбитальді аумақтағы бас ауыруы, жарық нашар түскен жердегі көру жітілігінің төмендеуі (әсіресе катарактасы бар пациенттерде миоз дамуына байланысты), миопия немесе аккомодацияның бұзылуы.

Сирек (≥1/10 000 <1/1 000 дейін): торлы қабықтың ажырауы, шыны тәріздес денеге қан құйылу, нұрлы қабықтың сіреспесі, нұрлы қабық кистасы, нұрлы қабық тамырларының кеңеюі, қабақтың жиырылуы, алдыңғы камераның тарылуы, көз бұршағының қайтымды бұлыңғырлануы (пилокарпинді ұзақ қолданғанда).

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:

Жиі емес (≥1/1 000 <1/100 дейін): артериялық қысымның төмендеуі.

Асқазан-ішек жолы:

Жиі емес (≥1/1 000 <1/100 дейін): жүрек айнуы.

Сирек (≥1/10 000 <1/1 000 дейін): құсу, көп сілекей бөліну, диарея.

Жалпы бұзылулар:

Сирек (≥1/10 000 до <1/1 000): қатты терлеу.

Жағымсыз әсерлер, соның ішінде осы нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • алдыңғы увеит

  • синустық брадикардия

  • синустық түйін әлсіздігі синдромы

  • жүректің синоаурикулярлық блокадасы

  • ырғақ жетегімен бақыланбайтын II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

  • айқын жүрек жеткіліксіздігі

  • кардиогенді шок

  • бронх демікпесін қоса, тыныс алу жолдарының реактивтік аурулары немесе сыртартқыдағы бронх демікпесі

  • өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары

  • 18 жасқа дейінгі балалар (18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер болмауына байланысты)

  • белсенді заттарға (тимолол малеат/пилокарпин гидрохлориді) немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • тікелей офтальмологиялық операциялардан және миозды болдырмау қажет басқа да көз ауруларынан кейінгі жай-күй

  • нұрлы қабықтың жедел қабынуында холинергиялық қосылыстарды (пилокарпин) қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тимолол мен пилокарпиннің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу реакцияларының дамуы жөнінде ешқандай арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Катехоламиндердің жинақталуын бұзатын препараттар (резерпин) артериялық гипотензияның (соның ішінде ортостатикалық), брадикардияның және бас айналуының дамуына ықпал етеді.

Тимололды құрамында адреналин (эпинефрин) бар көз тамшыларымен бірге пайдалану мидриаз (қарашықтың ұлғаюуы) туғызуы мүмкін.

Бета-адреноблокаторларды, жүйелі әсер ететін «баяу» кальций өзекшелері блокаторларын, аритмияға қарсы дәрілік заттарды (амиодаронды қоса), оймақгүл гликозидтерін, парасимпатомиметиктерді және гуанетидинді бір мезгілде қолдану олардың фармакологиялық әсерінің күшеюіне әкеледі және жүрек өткізгіштігі бұзылуының және артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады.

Тимололды CYP2D6 тежегіштерімен (мысалы, хинидин, флуоксетин, пароксетин) бір мезгілде пайдаланғанда жүйелі жағымсыз реакциялардың (жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі, депрессия) даму қаупінің жоғарылағаны туралы хабарланған, себебі CYP2D6 тежегіштері плазмада тимололдың концентрациясын арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Басқа көз тамшыларын пайдалану Фотил форте препаратымен емдеуді бастамай тұрып тоқтатылуы тиіс: алдыңғы глаукомаға қарсы дәріні қолдану тоқтатылуы тиіс, ал Фотил форте көз тамшыларымен емдеу келесі күні басталуы тиіс.

Әсер ету тиімділігін бағалауды көзішілік қысымды ұдайы бақылап отырғанда емді бастағаннан кейін 4 аптадан соң жүргізу керек.

Ары қарай емдеуді де көзішілік қысымды ұдайы бақылай отырып жүргізу керек.

Жергілікті қолдануға арналған басқа да офтальмологиялық препараттар сияқты тимолол малеаты және пилокарпин гидрохлориді жүйелі сіңіріледі. Тимолол сияқты жүйелі қолдануға арналған бета-блокаторлар жүйелі бета-адреноблокаторларды қолданғандағы сияқты жүрек-қантамыр, өкпе және басқа да жүйелер тарапынан жағымсыз реакциялардың дамуын туғызуы мүмкін. Көз тамшыларын бета-блокаторлармен қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың даму жиілігі оларды жүйелі пайдалануға қарағанда төмен:

Жүрек аурулары: Жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы, жүрек жеткіліксіздігі) және артериялық гипотензиясы бар пациенттерде бета-блокаторлармен емдеу қатер шегінде бағалануы тиіс және өзге белсенді заттары бар басқа да дәрілік препараттармен емдеу қарастырылуы тиіс. Симпатикалық жүйке жүйесін стимуляциялау миокардтың жиырылу қабілеті төмен пациенттерде қан айналымын демеу үшін маңызды фактор болуы мүмкін және оның бета-блокаторлармен тежелуі жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясын туғызуы мүмкін. Бірінші дәрежелі жүрек блокадасы бар пациенттерге бета-блокаторларды қозудың өту уақытына жағымсыз әсер ететіндігіне байланысты сақтықпен тағайындау қажет. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерді осы аурулардың симптомдары мен жағымсыз реакциялардың нашарлауы бар-жоғына бақылап отыру қажет.

Қантамыр аурулары: Шеткергі айналымдағы бұзылулары/аурулары (Рейно ауруының ауыр түрі немесе Рейно синдромы) бар пациенттерді сақтықпен емдеу керек.

Тыныс алу функцияларының бұзылуы: Құрамында бета-блокаторлар бар көз тамшыларын қолданғанда бронх демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуі салдарынан өлімді қоса, респираторлық реакциялардың дамуы туралы хабарланған. Жеңіл және орташа дәрежедегі өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар пациенттерде және әлеуетті пайдасы қауіптен артқанда ғана Фотил форте препаратын сақтықпен қолдану қажет.

Гипогликемия/диабет: Өздігінен болатын гипогликемия дамуы расталған пациенттерге немесе тұрақты емес диабеті бар пациенттерге бета-блокаторларды сақтықпен қолдану керек, себебі бета-блокаторлар жедел гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Бета-блокаторлар гипертиреоз симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Мөлдір қабық аурулары: Офтальмологиялық бета-блокаторлар көздің құрғауын туғызуы мүмкін. Мөлдір қабық аурулары бар пациенттерді сақтықпен емдеу керек.

Басқа да бета-блокаторлар: пациент жүйелі бета-блокаторларды қолданып жүргенде бета-блокаторлардың көзішілік қысымға әсер етуі немесе белгілі жүйелі әсері үдеуі мүмкін. Осы дәрілік заттарды қабылдауға жауапты мұқият бақылау қажет. Жергілікті қолдануға арналған екі бета-адреноблокаторды қолдану ұсынылмайды («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Анафилаксиялық реакциялар: Сыртартқысында түрлі аллергендерге аллергиялық немесе ауыр анафилаксиялық реакциялар анықталған жергілікті бета-блокаторлар қабылдайтын пациенттер аллергендерді қайталап енгізуге жоғары реакциямен жауап беруі және анафилаксиялық реакцияны емдеген кезде адреналин дозасына жауап бермеу мүмкін.

Көздің тамырлы қабығының ажырауы: сүзу операцияларынан кейін көзішілік сұйықтықтың түзілуіне кедергі келтіретін дәрілік заттарды (мысалы, тимолол, ацетазоламид) қолданғанда көздің тамырлы қабығының ажырауы жағдайлары сипатталған.

Хирургиялық анестезия: Офтальмологиялық бета-блокаторлар бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің жүйелік әсерін бөгеуі мүмкін. Егер пациент Фотил форте қабылдаса, анестезиолог бұл туралы білуі тиіс.

Жүйелік сіңірілуін төмендету тәсілін «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінен қараңыз.

Фотил форте көз тамшыларының құрамында консервант ретінде бензалконий хлориді бар және оларды жанаспалы линзаларды таққан кезде пайдалану ұсынылмайды. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау керек және оларды тек 15 минуттан соң қайтадан салу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Тимололдың немесе пилокарпиннің жүкті әйелдерде қолданылуы туралы деректер жеткіліксіз. Фотил форте көз тамшыларын өте қажет жағдайдан басқа жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүйелік сіңірілуін төмендету тәсілін «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінен қараңыз.

Эпидемиологиялық зерттеулер бета-блокаторлардың ұрықта туа біткен даму ақауларының дамуына әсерін (тератогенді әсері) анықтаған жоқ, алайда пероральді қолданғанда жатырішілік өсу тежелісін көрсетті. Егер бета-блокаторлар босанғанға дейін қолданылса, бета-блокаданың белгілері мен симптомдары (брадикардия, гипотензия, респираторлық дистресс-синдром, гипогликемия) жаңа туған нәрестелерде байқалды. Егер Фотил форте тікелей босанар алдында қолданылса, онда жаңа туған нәрестелер туғаннан кейін бірнеше күн бойы мұқият бақылауда болуы тиіс.

Бета-блокаторлар емшек сүтімен бөлініп шығарылады. Алайда жаңа туған нәрестелерде бета-блокаданың клиникалық симптомдарының дамуын туғызу үшін тимололдың жеткілікті мөлшерде емшек сүтінде болу ықтималдығы аз.

Жүйелік сіңірілуін төмендету тәсілін «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінен қараңыз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фотил форте көз тамшылары автокөлік басқару қабілетіне және күрделі жабдықты пайдалануға әсер етуі мүмкін. Миоз әдетте қараңғыға бейімделу қиындығын туғызады. Пациент тәуліктің қараңғы мезгілінде автокөлік басқарудан бас тартуы тиіс. Тимолол артериялық қысымды төмендетуі мүмкін, бұл кейбір пациенттерде өтпелі шаршауға және бас айналуына әкелуі мүмкін. Емдеуді бастағанда мұны пациентке түсіндіру керек. Көрудің қысқа мерзімдік бұлыңғырлануы Фотил® форте көз тамшыларының инстилляциясынан кейін байқалуы мүмкін.

Егер жүйке немесе көз жүйесі тарапынан көрсетілген жағымсыз әсерлер байқалса, пациентке автокөлік жүргізуден немесе күрделі механизмдермен, станоктармен немесе зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін басқа да күрделі жабдықтармен жұмыс істеуден бас тарту керек.

Артық дозалануы

Препарат көз бен мұрынның шырышы арқылы тез сіңірілетіндіктен, Фотил® форте препаратының бірнеше тамшысы аритмия, тамыр соғысының транзиторлы баяулауы, артериялық қысымның түсуі, бронх түйілуі немесе жүрек жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін.

Артық дозалану жағдайында дереу дәрігерге қаралу керек.

Емі, негізінен, симптоматикалық. Атропин пилокарпиннің у қайтарғысы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Айқын брадикардияны немесе бронх түйілуін басу үшін изопреналинді, артериялық гипотензияны емдеу үшін добутаминді көктамыр ішіне енгізуге болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден бұрандалы қақпақтары бар пластик тығындармен тығындалған полиэтилен тамшылатқыш-құтыларда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

+ 2-ден + 8C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Ашық құтыны 25 ºС-ден аспайтын бөлме температурасында сақтайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін – 1 ай.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Сантэн АҚ, Нииттюхаанкату 20, 33720 Тампере, Финляндия

Тіркеу куәлігінің иесі

Сантэн АҚ, Финляндия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Cантен» АҚ қазақстандағы өкілдігі

Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 129/65 , 56 пәтер

Телефон нөмірі – 250-39-17

Факс нөмірі - 250-39-17

Электронды поштасы : atlana_kz@rambler.ru

 

Прикрепленные файлы

821227351477976293_ru.doc 77 кб
095117441477977485_kz.doc 101.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники