Фарматон® Кидди® (Таблетки жевательные)

Производитель: Гинсана СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с микроэлементами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021230
Информация о регистрации в РК: 25.05.2015 - 25.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ФАРМАТОН® КИДДИ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

1 таблетка құрамында

белсенді заттар: лизин гидрохлориді 50.00 мг, бета-каротин 0.514 мг, ретинол пальмитаты (А витамині) 715 МЕ, тиамин нитраты (В1 витамині) 0.500 мг, рибофлавин (В2 витамині) 0.550 мг, пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) 0.550 мг, цианокобаламин (В12 витамині) 0.600 мкг, аскорбин қышқылы (С витамині) 22.00 мг, холекальциферол (Д3 витамині) 150 ХБ, α-токоферол ацетаты (Е витамині) 5.22 мг, фолий қышқылы 50.0 мкг, биотин 15.00 мкг, никотинамид (РР витамині) 6.00 мг, мыс 0.300 мг, кальций 65.00 мг, темір 2.50 мг, мырыш 2.50 мг, магний 12.50 мг,

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, аспартам, апельсин хош иістендіргіші, глюкоза моногидраты, Просвит®, сорбитол, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, гидрогенизделінген мақта майы.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісті және апельсин дәмді шеттері мен беткейі біртегіс дөңгелек пішінді қоңыр теңбілді кремді-сұр түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер. Поливитаминдер, минералды заттарымен. Поливитаминдер және микроэлементтер.

АТХ коды A11AA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Балалар мен жасөспірімдерде препарат фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

ФАРМАТОН КИДДИ шайнайтын таблеткалары балалар мен жасөспірімдер үшін арнайы әзірленген минералдар мен микроэлементтерден тұратын теңгерілген мультивитаминдік препарат.

Препарат компоненттерінің құрамы мен дозалары Еуропа Кеңесінің ұсынылған тәуліктік қажеттілігі (ҰТҚ) талаптарына сәйкес таңдалған.

Препарат тәуліктік қажеттілікті қамтамасыз етеді және балалар мен жасөспірімдерде витаминдер мен алмастырылмайтын амин қышқылы лизиннің өсіп жатқан қажеттілігінің, әсіресе белсенді өсу кезеңінде орнын толтырады.

ФАРМАТОН КИДДИ препаратының құрамындағы витаминдер мен минералдар жоғары қажеттілік жағдайында немесе теңгерілмеген тамақтану кезінде жасуша метаболизмінің бұзылуын реттейді және алдын алады.

Витаминдерді, минералдарды және лизин амин қышқылдарын аз қабылдау әлсіздік, шаршау, тәбеттің төмендеуі, тіршілік қызметінің төмендеуі, организм төзімділігінің төмендеуі және сауығудың баяулауы сияқты бұзылыстар туындатуы мүмкін.

B тобының витаминдері организмнің алмасу үдерістерінің қалыпты қызмет етуі үшін қажет.

Лизин алмастырылмайтын амин қышқылы болып табылады, ол өзге функцияларының арасында сүйектердің қалыптасуында маңызға ие. Лизин жеткіліксіздігі – балаларда байқалатын жиі құбылыс.

Қолданылуы

  • балалар мен жасөспірімдердегі витаминдер мен алмастырылмайтын амин қышқылы лизин жеткіліксіздігінде, әсіресе өсу кезеңінде

  • тамақтануды шектеу, сауығу кезеңінде, бастан өткізген аурудан, жұқпадан немесе хирургиялық араласымнан кейін тәбет жоғалғанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қабылдауды бастар алдында дәрігердің кеңесі қажет. Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.

13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер – күніне 3 шайнайтын таблеткаға дейін.

4-12 жас аралығындағы балалар– күніне 1-2 шайнайтын таблетка.

Таблеткаларды дұрысы таңғы ас алдында, тамақтану кезінде, жеткілікті мөлшердегі сумен ішіп қабылдаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Иммундық жүйенің бұзылуы, тері және тері асты клетчаткасы тарапынан болатын бұзылыстар

  • жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевротикалық ісіну, есекжем, бөртпе)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат құрамындағы кез келген ингредиентке жоғары сезімталдық

  • кальций алмасудың бұзылуы (гиперкальциемия және гиперкальциурия)

  • А немесе D гипервитаминозы, ретиноидтарды қабылдаумен немесе D витаминімен қатарлас ем (мысалы, акнені емдеу)

  • бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректе кальцинаттардың болуы

  • фенилкетонурия

  • мегалобласттық анемия, талассемия, гемохроматоз, сидеробласттық анемия

  • сирек туа біткен фруктоза, глюкоза-галактоза (галактоземия, мальабсорбция) жақпаушылығы

  • 4 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

B6 витамині леводопаның тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Темір құрамы жоғары препараттармен (> 40 мг/тәул = 16 шайнайтын таблеткадан астам) және тетрациклиндік қатардың антибиотиктерімен бір уақытта қабылдау әр препараттың сіңуін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

ФАРМАТОН КИДДИ препаратының құрамында ең жоғарғы ұсынылған тәуліктік дозасы 3 шайнайтын таблеткадан 1.8 г сорбитол және 6.0 мг сахароза бар. Фруктоза жақпаушылығы сияқты сирек туа біткен жағдайлары бар емделушілер бұл препаратты қабылдамаулары керек.

ФАРМАТОН КИДДИ препаратының құрамында ең жоғарғы ұсынылған тәуліктік дозасы 3 шайнайтын таблеткадан 0.83 г глюкоза бар. Глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы сияқты сирек туа біткен жағдайлары бар емделушілер бұл препаратты қабылдамаулары керек.

ФАРМАТОН КИДДИ препаратының құрамында ең жоғарғы ұсынылған тәуліктік дозасы 3 шайнайтын таблеткадан 0.84 мг лактоза бар. Галактоза (галактоземия) жақпаушылығы сияқты сирек туа біткен жағдайлары бар емделушілер бұл препаратты қабылдамаулары керек.

Диабетпен науқастарға қатысты ақпарат: 1 шайнайтын таблетка құрамында 275 мг глюкоза моногидраты бар, бұл 0.980 г көмірсуға сай келеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану бойынша жеткілікті деректер жоқ.

ФАРМАТОН КИДДИ препаратын жүктілік кезеңінде қабылдайтын жағдайда емнің анаға келетін әлеуетті пайдасын және ұрыққа төнетін ықтимал қаупін бағалаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және қауіпті деп саналатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: құсу, бас ауыруы, ұйқышылдық және диарея сияқты созылмалы уыттылық симптомдары (препарат дозасын А витамині үшін 140 шайнайтын таблеткаға, D витамині үшін 13 шайнайтын таблеткаға дейін арттырып ұзақ уақыт күнделікті қолданғанда). Жедел симптомдар тек бұдан да жоғарғы дозалар шегінде байқалады. Аталған препараттың уыттылығы едәуір артық дозалағанда май ерітетін D витаминінің әсерімен анықталады.

Емі: гиперкальциемия кезінде емдік шараларды қабылдау қажет болуы мүмкін, сондай-ақ қажет болғанда мұқият медициналық қадағалаумен симптоматикалық ем басталуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан алғашқы ашудан қорғанысы бар бұралатын полипропилен қақпақты полиэтилен құтыда.

Құтыға ылғал сіңіргіш салады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гинсана С.А., Биоджио, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ,

Бингер Штрассе 173,

55216 Ингельхайм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

ҚР «Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт м.б.Х» филиалы 

Заңды және пошталық мекенжайы:

050008, Алматы қ., Абай к-сі, 52

«Innova Tower» БО, 7 қабат

Тел:+7-727-250-00-77;

Факс:+7-727-244-51-77

PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

Прикрепленные файлы

158431671477976531_ru.doc 59 кб
546752801477977698_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники