Фарматекс (18.9 мг)

МНН: Бензалкония хлорид
Производитель: ИННОТЕРА ШУЗИ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Интравагинальные контрацептивы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009549
Информация о регистрации в РК: 01.04.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фарматекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензалконий хлориді

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторий құрамында

белсенді зат - 18,9 мг бензалконий хлоридіне сәйкес 37,8 мг бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі

қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, қатты май, Витепсол S51

Сипаттамасы

Ақ түсті, цилиндр пішінді, конус тәрізді ұшымен суппозиторийлер

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Жергілікті қолданылатын контрацептивтер.

Қынап ішілік контрацептивтер.

АТХ коды G02BB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бензалконий хлориді қынаптың шырышты қабығына сіңбейді. Ол қынап қабырғасының беткі қабатына ғана сіңіп, сонан соң қалыпты физиологиялық бөлінділермен шығарылады немесе жай ғана сумен жуып-шаю арқылы жойылады.

Фармакодинамикасы

Антисептикалық дәрілік зат, контрацептивтік жергілікті (сперматоцидтік) әсер етеді. In vitro препарат жыныстық жолмен берілетін аурулар туғызатын көптеген қоздырғыштарға, әсіресе гонококкқа, хламидияларға, 2 типті герпес вирусына, адам иммунтапшылығының вирусына, қынап трихомонадтарына, алтын түстес стафилококкқа қарсы тиімді.

Препарат микоплазмаларға әсерін тигізбейді және Gardnerella vaginalis, Candida albicans, Haemophilus ducrey және Treponemа pallidum-ға әлсіз әсер етеді.

Әсер етуші зат сперматозоидтардың жарғақшаларын бұзады. Сперматозоидтардың бұзылуы екі сатыда іске асады: басында жіпше үзіледі, содан соң басы бөлініп, бұл ұрықтануға мүмкіндік қалдырмайды.

Фарматекстің қолданылуы жүкті болу қаупін елеулі азайтады, дегенмен оны толығымен жоққа шығара алмайды.

Клиникалық тиімділігі, егер препарат дұрыс пайдаланылған жағдайда, 1-ден кем, түзетілген Перль индексімен анықталады.

Препарат қынаптың сапрофитті микрофлорасына, оның ішінде Додерляйн таяқшаларына әсер етпейді. Бензалконий хлориді антисептикалық әсерге ие.

Қолданылуы

Бала көтеретін жастағы және осыған қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген әйел жергілікті қолданатын контрацепция, сонымен қатар мына жағдайларда қолданылады:

- ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді немесе жатырішілік

спиральдарды (ЖІС) қолдануға уақытша немесе абсолютті қарсы

көрсетілімдердің болуы;

- босанудан кейінгі кезеңде және бала емізіп жүрген уақытта

- менопауза алдындағы кезеңде

- жүктіліктен мерзімді сақтану қажеттілігі туындағанда

- ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді тұрақты пайдалану барысында таблеткаларды қабылдау уақытын өткізіп немесе кешіктіріп алған жағдайда.

Қынаптық диафрагманы немесе жатырішілік спиральді пайдалану барысында қосымша жергілікті қолданылатын контрацепция ретінде (әсіресе, егер дәл осы уақытта қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер сияқты кейбір препараттар қабылданса) қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозасы

Қынапқа енгізу керек.

Жатқан қалыпта, жыныстық қатынасқа дейінгі 5 минуттан кешіктірмей суппозиторийді қынап ішіне тереңірек енгізеді. Препараттың әсер ету ұзақтығы – 4 сағат.

Әр қайталанған жыныстық қатынастың алдында міндетті түрде жаңа суппозиторий енгізу керек.

Бір реттік доза: бір суппозиторий бір жыныстық қатынасқа есептелген. Пайдалану дүркінділігі әсер етуші затқа жекелей төзімділікпен және жыныстық қатынастар жиілігімен шектелген.

Фарматексті қынаптық диафрагмамен немесе (ЖІС) бірге қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар

(күйдіріп-ашыту, қышыну)

- жанаспалы дерматит

Бұл белгілер білінген жағдайда Фарматексті қолдану тоқтатылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- психикалық бұзылулары бар немесе жыныс мүшелерінде контрацептивті пайдалануды кедергілейтін кез келген араласуға жол бермейтін тұлғалар Фарматексті дұрыс қолданбауы мүмкін жағдайларда

- контрацепцияның осы түрін түсінуге және келісуге қабілетсіз кез

келген тұлғаға

- кольпит

- қынап пен жатырдың шырышты қабықтарының ойылуы және тітіркенуі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қынаптың қолданылатын дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Қынапқа енгізілген кез-келген дәрілік зат Фарматекстің жергілікті спермицидтік әсерінің белсенділігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Фарматекс сабынның әсерінен бұзылады. Жыныстық қатынасқа дейін және одан кейін қынапты бүркіп-шаймаған жөн, өйткені сабын, тіпті оның іздері әсер етуші затты бұзады. Контрацепцияның тиімділігі оның пайдаланылуы жөніндегі ережелерді қатаң қадағалауға тығыз байланысты.

- Әр жыныстық қатынастың алдында жүйелі түрде қолданылады.

- Суппозиторийді, ол қынапқа мейлінше терең енетіндей етіп, жатқан қалыпта енгізген дұрыс.

- Суппозиторий кемінде 5 минут ішінде қынапта толық еріп, әсер етуші зат толығымен босап шыққанша күте тұру керек.

- Әр қайталанған жыныстық қатынас алдында міндетті түрде жаңа суппозиторий енгізіледі.

- Жуынып-шайыну үшін жыныстық қатынасқа дейінгі 2 сағатта және жыныстық қатынастан кейінгі 2 сағат ішінде сабынды пайдалануға тыйым салынады, өйткені сабын, тіпті оның аз мөлшерлі қалдығы Фарматекстің әсер етуші затын бұзады.

- Жыныстық қатынастан кейін бірден жыныс мүшелерінің сыртынан тек таза сумен жууға болады. Қынапты бүркіп-шаю алдында жыныстық қатынастан кейін 2 сағат күте тұрған дұрыс.

- Қынапқа енгізілген Фарматекспен ванна қабылдауға, бассейнде, теңізде және су қойнауларында шомылуға болмайды, өйткені бұлар әріқарайғы контрацептивтік әсер етудің төмендеу қаупін туғызады.

- Фарматекстің құрамында бензалконий хлориді бар болғандықтан қынаптың қандай да бір аурулары немесе олардың асқынуы білінгенде препаратты қабылдауды тоқтату қажет.

- Егер қынап ауруларын емдеу қажеттілігі туындаған және/немесе қынапқа енгізу үшін басқа дәрілік заттар тағайындалған жағдайда Фарматекстің көмегімен контрацепцияны жаңғырту (бастау) алдында емнің аяқталғанын күту керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың жүктілік кезінде пайдаланылуымен байланысты қандай да бір зиянды әсер етуі анықталған жоқ.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Иннотек Интернасиональ зертханасы, Иннотера Шузи өндірген.

Рю Рене Шантеро «Л Исль Вер», 41150, Шузи-Сюр-Сис, Франция.

Тіркеу куәлігінің иесі

Иннотек Интернасиональ зертханасы, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Иннотек Интернасиональ зертханасы С.А.С.» өкілдігі

050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 17, «Нұрлы Тау» бизнес-орталығы, 4 Б блогы, 606 кеңсе, тел./факс: +7-727-311-09-71, +7-727-311-09-72, электрондық пошта: innotech@innotech.kz

 

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

192832641477976260_ru.doc 52.5 кб
104490451477977461_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники