Фармазолин® Н

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015731
Информация о регистрации в РК: 19.05.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фармазолин® Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі 1 мг/мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 100 % затқа шаққанда ксилометазолин гидрохлориді 1 мг;

қосымша заттар: бензалконий хлориді; натрий хлориді; натрий дигидрофосфат дигидраты; натрий гидрофосфат додекагидраты; инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгенстанттар және басқа да жергілікті қолдануға арналған препараттар. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат негізінен жергілікті әсер етеді, әдеттегідей қолданған кезде шырышты қабықтар арқылы болымсыз мөлшерде сіңеді. Әсері қолданғаннан кейін 10-15 минут өткенде басталады, 1-2 сағаттан кейін ең жоғарысына жетіп, 5-6 сағат бойы жалғасады.

Фармакодинамикасы

Фармазолин® Н шырышты қабықтың тамырларын тарылтатын және қабыну үдерістерінің айқындығын азайтатын селективті емес α-адреномиметиктерге жатады. Мұрынның шырышты қабығына жаққанда ісінуге қарсы әсер етеді, гиперемия мен экссудаттануды азайтады, бұл мұрынмен демалудың жеңілдеуіне, веноздық синустардағы қан ағысының азаюына әкеледі.

Қолданылуы

- суық тию, пішен қызбасы, аллергиялық риниттер, синуситтер кезінде мұрын бітелуін симптоматикалық емдеуде

- мұрын қосалқы қойнаулары аурулары кезінде секрет ағып шығуын жеңілдету үшін

- ортаңғы отит жағдайында қосымша емдеуде (шырышты қабықтың ісінуін кетіру үшін)

- риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға әр мұрын қуысына тәулігіне 3 рет 1 бүркуден тағайындайды. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 бүркуден. Препаратты 5 күн бойы қабылдайды.

Тікелей қолданудың алдында оны дене температурасына дейін жылыту үшін препарат бар құтыны алақанда біраз ұстап тұру керек. Препаратты енгізудің алдында мұрынды абайлап тазарту қажет. Препаратты қолдану кезінде бүріккішін жоғары қаратып, құтыны тік ұстайды. Қолдану үшін құтының қорғағыш қалпақшасын шешеді, ұштығын мұрын жолына салып, шалт қимылмен құтыны сығып және ұштықты мұрыннан шығарып, қыспай босатады. Бүрку кезінде аздап мұрынмен тыныс алу керек. Препаратты қолданудан кейін қорғағыш қалпақшасымен жауып қояды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

  • шымылдату сезімі, шаншу, мұрынның құрғауы

Сирек:

  • мұрын шырышты қабығының ісінуі, мұрын шырышының атрофиясына дейін иіс сезінудің бұзылуы (көбіне ұзақ қолданғанда)

  • бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық

  • құсу

  • артериялық қысымының көтерілуі, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы

Өте сирек:

  • көрудің уақытша бұзылуы, көзішілік қан қысымы жоғарлауы мүмкін

  • аллергиялық реакциялар

  • депрессиялық жағдай

Жиілігі белгісіз:

  • мұрынның ауыруы, жергілікті тітіркену, қышыну

  • түшкіру

  • көздің қышуы

  • жүрек айну

  • ентігу

  • ангионевротикалық ісіну, жүйелік аллергиялық реакциялар (оның ішінде анафилатикалық шок, жайылған есекжем түрінде).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • гипертиреоз

  • жедел коронарлық аурулар, коронарлық демікпе

  • глаукоманың жабық бұрышты түрі

  • атрофиялық ринит

  • ми қабықтарына хирургиялық араласулар (сыртартқыда)

  • МАО тежегіштерімен оларды қолдану тоқтатылғаннан 2 апта бойы қатар жүретін емдеу

  • 6 жасқа дейінгі дейінгі балаларға

Сақтықпен – қант диабетінде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармазолин® Н тек резорбтивті әсер болғанда ғана басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттеседі. Басқа топтың адреномиметик препараттары Фармазолин® Н әсерін күшейтеді. Адренолитиктер мен симпатолитиктер, кальций антагонистері оның әсерін төмендетеді. Препарат үшциклді антидепрессанттардың (ниаламид, бефол) және МАО тежегіштерінің жүрек-қан тамыр жүйесіне гипертензиялық әсерін, сонымен қатар антидепрессанттардың психостимуляциялайтын әсерін күшейтеді. Симпатомиметиктерді тыныштандырғыш дәрілермен бірге қолдануға болмайды (әсерін төмендетеді).

Айрықша нұсқаулар

Жарыс кезінде спортшылар α-адреномиметиктерді абайлап қолданулары керек.

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз белгіленген мерзімінен ұзақ қолданбаңыз! Ұзақ қолданғанда төзімділігі жылдам дамиды ( әсерінің азаюы немесе мүлде болмауы).

Педиатрия тәжірибесінде қолданылуы

Препаратты бұл дәрілік түрінде 6 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Тамыр тарылтатын әсеріне байланысты препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Препаратты лактация кезеңінде ана үшін күтілетін пайдасы балаға төнетін ықтимал қаупінен асып түскенде ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыруы, мұрынның құрғауы, жүрек айнуы, депрессия, артериялық қысымының жоғарлауы, көрудің қысқа мерзімді бұзылуы, тамыр соғуының жиілеуі және тұрақты болмауы, ұйқышылдық, тыныстың тарылуы, естен тану.

Емі: препарат қолдануды тоқтату және антагонист-препараттарды тағайындау: симпатолитиктер және α-адреноблокаторлар (фентоламин, тропафен), симптоматикалық ем.

Егер препарат кездейсоқ ішке қабылданса, асқазанды шаю, іш жүргізетін дәрілер мен энтеросорбенттер қабылдау, α-адреноблокаторларымен емдеу, симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

1 мг/мл мұрын спрейі. 15 мл-ден дозалағышы бар қондырмамен және қорғағыш қалпақшамен жарақталған полиэтилен құтыда. Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі 59 "А" «Шартас» бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел : +7 (727) 267 64 63, факс +7 (727) 267 63 73

Е-mail: a.liadobruk@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

614576421477976537_ru.doc 61.5 кб
762943791477977705_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники