Укроп-Зерде

МНН: Укропа огородного плоды
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения функциональных нарушений со стороны ЖКТ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018042
Информация о регистрации в РК: 11.03.2015 - 11.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Аскөк - Зерде

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай 2 г

Құрамы

1 сүзгі-пакеттің ішінде

белсенді зат – 2.0 г аскөктің майдаланған жемістері

Сипаттамасы

Аскөк жемісінің ірі майдаланған жасыл-қоңырдан сарғыш дақтары бар қызыл қоңыр түске дейін болатын, диаметрі 2 мм елек арқылы өтетін және диаметрі 0.5 мм електен өтпейтін бөлшектері. Күшті хош иісті. Тәтті-татымды, аздап күйдіргіш дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциялары бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А03

Фармакологиялық қасиеттері

Аскөктің тұқымында эфир майы (карвон, анетол), терпеноидтар (диллапиол, дигидрокарвон, карвеол, дигидрокарвеол, изоэвгенол), флавоноидтар, майлылығы жоғары майлар (линол, пальмитин, олеин, петроселин қышқылдары), фенолкарбон қышқылдары (хлороген, кофе), кумариндер, азотты заттар, балауыз, шайырлар, ақуыз, клетчатка бар. Препарат жел айдағыш әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді емде:

- метеоризмде жел айдағыш дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

1 - 2 сүзгі - пакетті қайнап тұрған 150-200 мл суға салып, 15-20 минут тұндырады.

Тұнбаны жылы күйінде тәулігіне 3-4 рет ішке қабылдайды: ересектер мен 12 жастан асқан балалар – 1/3 стақаннан, 7-ден 12 жасқа дейінгі балалар – 1-2 ас қасықтан, 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар – 1 ас қасықтан, 3 жасқа дейінгі балалар – ½ - 1 шай қасықтан. Тұнбаны қолданар алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аскөк жемістеріне жекелей жоғары сезімталдық

- артериялық гипотензия

- жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Лактация кезеңі

Препарат лактация кезеңінде ана үшін пайдасы балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолданылады.

Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 г препарат өндіруші кәсіпорынның тауар белгісінің жазба белгісі бар бір рет қолдануға арналған сүзгі - пакетте. Бір рет қолдануға арналған сүзгі - пакет полипропилен үлбірінен жасалған пакетке салынған. Полипропилен пакеттердегі 20 сүзгі - пакеттен немесе 20 сүзгі – пакеттен қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде қысқаша аннотация жазылған картон қорапшаларға салынған.

Қорапшаны полиэтилен немесе полипропилен үлбірмен жабады, содан соң медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтамалық тасымалдау ыдысына салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Босатылу шарттарыРецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан,  Оңтүстік Қазақстан облысы, 160019, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, 160019, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

 

 

Прикрепленные файлы

003202861477976501_ru.doc 43 кб
483758091477977661_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники