Трависил™ (50 г)

МНН: Камфора, Левоментол, Масло терпентинное, Мускатный орех, Тимол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Plethico Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016640
Информация о регистрации в РК: 28.10.2015 - 28.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ТрависилТМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сылауға және ингаляция жасауға арналған жақпамай, 50 г

Құрамы

5 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: камфора 0.275 г

терпентин майы 0.2265 г

ментол 0.150 г

эвкалипт майы 0.0575 г

мускат жаңғағының майы 0.027 г

тимол 0.0055 г,

қосымша заттар – жақпамай негізі: ақ жұмсақ парафин, ашық сұйық парафин, қатты парафин.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар жартылай мөлдір, жартылай қатты масса

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа да біріктірілген препараттар. АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Төмен жүйелі сіңірілуіне және препараттың көп компоненттілігіне байланысты фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Камфораның қабынуға қарсы, жергілікті тітіркендіретін және антисептикалық қасиеттері бар, суық тиюді, тыныс алу жолдарының бітелуін, бас ауыруын, денедегі бұлшықеттің ауыруын емдеу кезінде пайдаланылады.

Терпентин майы сыртқа қолдануға арналған көптеген препараттардың құрамында қолданылады, қабынуға қарсы және жерігілікті тітіркендіретін әсері бар, суық тию және ауыру симптомдарын кетіруге пайдаланылады.

Ментол спазмолитикалық, аулақтатқыш және тыныштандыратын әсер береді. Теріге жаққанда суықты сезінумен қатар жүретін, әрі бұл ретте жергілікті ауырғанды басатын әсер ете отырып, жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады. Қабынуға қарсы және антисептикалық қасиеттері де бар.

Эвкалипт майы антисептикалық қасиеттерді иеленген. Бактерияға қарсы және вирусқа қарсы әсер етеді. Тыныс алу жолдары инфекцияларын, жөтелді, бронхитті, синустар қабынуын, мұрын бітелуін емдеуде, денедегі бұлшықет ауыруы кезінде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.

Мускат жаңғағының майы антисептикалық және жергілікті тітіркендіруші әсері бар. Ауыруды басу үшін, негізінен, аулақтатқыш дәрі ретінде пайдаланылады, жергілікті қолдану аумағында қан ағысын көтермелейді.

Тимолдың антисептикалық қасиеті бар.

Қоллданылуы

- тұмауратумен, мұрын, жоғары тыныс алу жолдары, синустардың бітелуімен, жөтелмен, бас ауыруымен, тамақтың ауыруымен, бұлшықет ауыруымен, белдің ауыруымен қатар жүретін суық тию ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 6 жастан асқан балалар

Суық тию ауруларында: тұмауратуда және мұрын мен жоғары тыныс алу жолдарының бітелуінде, тамақ ауырғанда, жөтел және денедегі бұлшықет ауырғанда ТрависилТМ жақпамайын мұрын желбезегі терісіне жағады, кеуде, тамақ және арқа аумағының терісіне сылайды. Жақпамайды кеудеге қалың қабатпен жағып, жылы таңғышпен жабады. Емшараны ұйықтар алдында немесе қажеттілікке қарай қайталайды.

Бұлшықет ауырғанда жақпамайды жергілікті ысқылайды және қыздыратын таңғышпен жабады.

Препаратпен ингаляциялар жасау: мұрынның бітелуін, тыныс алу жолдарының катаральді қабынуы, тоңазу симптомдарын жылдам жеңілдету үшін бу ингаляцияларын жасауға болады. Препараттың екі шай қасығын ыстық суда ерітіп (шамамен 750-1000 мл), бумен тыныс алады. Қоспаны ингаляция кезінде қыздыруға немесе қайта қыздыруға болмайды. ТрависилТМ жақпамайымен ментолды ингаляциялар жоғары тыныс алу жолдарының бітелуін жылдам кетіреді. Ингаляцияларды күніне екі рет, тек ересектер үшін жүргізеді. Емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі және қышынуы түріндегі аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Сақтандыру шаралары

  • препарат тек сыртқа қолдануға және ингаляция жасауға арналған

  • егер жоғары температура және суық тиюдің басқа да симптомдары 7 күн ішінде басылмаса, дәрігерге қаралу керек.

  • 6 жастан кіші балаларға ұсынылмайды

  • мұрын және ауыз қуысы шырышты қабықтарына жағуға болмайды, көзге тигізбеу керек, терінің зақымданған жерлеріне жағуға болмайды.

  • ингаляция жүргізгенде суы бар препаратпен бірге қыздыруға немесе ас үй плитасын немесе қысқа толқынды пешті пайдаланып, қайта қыздыруға болмайды. Қолдану жөніндегі нұсқаулықты орындамау бет пен дененің ыстық сумен күюіне әкеп соқтыруы мүмкін.

  • ингаляция тек ересектерге жасалады

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі хабарланбаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

6 жастан кіші балаларға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік ағымына және лактация кезеңіне әсер етуі жайлы деректер жоқ. Дегенмен, препаратты жүктілік және лактация кезінде қолданар алдында, дәрігерден кеңес алу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г жақпамайдан алюминий фольгамен герметикалық жапсырылған және жасыл түсті пластмасса қақпақпен жабылған көк түсті пластик контейнерде.

Бір контейнер медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Plethico Pharmaceuticals LTD.

Дхаравара, Калария – 453 001, Индор (М.П.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Plethico Pharmaceuticals LTD., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Резлов ЛТД» ЖШС, 100009, Қарағанды қ. Ермеков к-сі 110/2

тел.+7(212)48-16-44, факс +7(212)48-17-44

Электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

133355831477976368_ru.doc 48.5 кб
619646831477977562_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники