Тербитал®

МНН: Тербинафин
Производитель: Гриндекс АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015631
Информация о регистрации в РК: 05.11.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ТЕРБИТАЛ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 10 мг/г крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат10 мг тербинафин гидрохлориді,

қосымша заттар: изопропилмиристат, цетостеарил спирті, сорбитан стеараты, цетилпальмитат, полисорбат‑60, бензил спирті, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған басқа да зеңге қарсы препараттар. Тербинафин

ATХ коды D01AE15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда әсер етуші зат дозасының кемінде 5 %-ы сіңіріледі, сондықтан тербинафиннің жүйелі қан ағысына сіңірілуі елеусіз. Креммен 7 күн емдегеннен кейін фунгицидтік әсерге қажеттіден артатын тербинафин концентрациясы емді аяқтағаннан кейін терінің мүйізгек қабатында ең кемі 7 күн ішінде анықталады.

Фармакодинамикасы

Кремнің әсер етуші заты – аллилді амин туындысы әсер ету ауқымы кең зеңге қарсы дәрі тербинафин гидрохлориді дерматофиттерге, зең және белгілі бір диморфты зеңдерге қатысты фунгицидті әсерге ие. Ашытқы зеңдеріне қатысты белсенділігі зеңдер түріне байланысты фунгицидті немесе фунгистатикалық сипатқа ие. Зең жасушасындағы стерол синтезіне ерте сатысында спецификалық әсер етеді. Бұл эргостерол тапшылығына және скваленнің жасушаішілік жинақталуына әкеледі, соның салдарынан зең жасушасы қырылады. Тербинафин саңырауқұлақтың жасушалық жарғақшасында скваленэпоксидазаны тежейді. Скваленэпоксидаза энзимі P450 цитохромы жүйесімен байланыспаған, сондықтан тербинафин гормондар мен басқа да дәрілік заттар метаболизміне әсер етпейді.

Қолданылуы

- зеңдік табан жұқпасында (Tinea pedis)

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу ұзақтығы ауру көрсетілімдері мен ауырлығына байланысты.

Ең ықтималды емдеу курсы – 2‑4 апта

Препаратты қолданар алдында терінің зақымдалған бөлігін мұқият тазалап, құрғатып алу керек. Кремді жұқпаланған бөлікке және оның маңайындағы аумаққа жұқа қабатпен тәулігіне 1-2 рет сәл ысқылай отырып жағады. Тері қабаттарының баздану жұқпаларда аяқтың башпайлары арасына, зақымданған жерге, әсіресе түнге қарай дәке тампонын салуға болады. Емнің тиімділігі үшін зеңдік жұқпаланудың сыртқы көзін алып тастау маңызды. Клиникалық жақсару бірнеше күн емдегеннен кейін-ақ біліне бастайды. Дәріні тұрақты қолданбау немесе емді мерзімінен бұрын тоқтату аурудың қайта жаңғыруына себеп болуы мүмкін.

Егер ауру симптомдары 2 апта ішінде кетпесе, диагноздың дұрыстығын тексеру керек.

Егер Сіз Тербиталды қолдануды ұмытып кетсеңіз

Қолдануды мүмкіндігінше тезірек қайта жаңғыртыңыз және әдеттегідей қолдануды жалғастырыңыз. Егер келесі дозаны қолдану уақыты жақындап қалса, ұмытылған дозаны өткізіп жіберіңіз және қолдануды ұсыныстарға сәйкес жалғастыра беріңіз. Ұмытылған дозаның орнына қосарлы дозаны немесе күніне 2 реттен жиі қолданбаңыз.

Жағымсыз әсерлері

- терінің қызаруы, қышыну және күйдіру сезімі, крем жаққан жердегі тері гиперемиясы, алайда, әдетте емді тоқтатудың қажеті жоқ. Бұл құбылыстарды сирек кездесетін, бірақ емді тоқтатуды қажет ететін аллергиялық реакциялардан ажырата білу керек.

Сирек – терінің аллергиялық реакциялары, ісіну, тері бөртпесі.

Жағымсыз әсерлердің кез келген көріністері туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • тербинафинге немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тек сыртқа қолдану керек. Кремнің көзге түсуін болдырмау қажет.

Егде жастағы емделушілер

Дозаны таңдау қажет емес.

Педиатрияда қолдану

Балаларда жергілікті пайдаланғандағы клиникалық деректері шектеулі, сондықтан пайдалану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде қолданылуы туралы клиникалық деректер жоқ, сондықтан ана үшін емдеудің күтілетін оң әсері ұрық үшін әлеуетті қауіптен артатын жағдайлардан басқа жағдайда қолдану ұсынылмайды.

Тербинафин емшек сүтімен бөлініп шығарылады, бірақ жергілікті қолданғанда белсенді заттың азғантай мөлшері сіңірілуі салдарынан жаңа туған нәрестеге әсер ету ықтималдығы аз. Препаратты бала емізетін ананың емшек терісіне жағуға болмайды.

Кремнің құрамында қосымша зат цетостеарилді спирт бар, ол терінің жергілікті реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) туғызуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын басқару және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану туралы деректер жоқ. Препаратты кездейсоқ жұтып қойған кезде ас қорыту жолы тарапынан жүйелі жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін: жүрек айнуы, тәбеттің жоғалуы, іш ауыруы, диарея; бас ауыруы.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г-ден ішкі беткейі лакпен жабылған, мойнында қорғаныш алюминий жарғақшасы және полиэтиленнен немесе полипропиленнен жасалған бұралатын бушонда жарғақшаны тесуге арналған конус сияқты икемдегіші бар алюминий сықпада. Сықпа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 ºC- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Гриндекс» АҚ.

Крустпилс к-сі, 53, Рига, LV-1057, Латвия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Гриндекс» АҚ. Латвия

ҚР аумағында шағымдарды қабылдайтын ұйым

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

050010, Алматы қ., Достық д-лы, Бөгенбай батыр көшесінің бұрышы, үй 34а/87а, №1 кеңсе

т./ф. 291-88-77 291-13-84

e-mail: grindeks.asia.kz@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

904638121477976564_ru.doc 57.5 кб
875995551477977722_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники