Тербизил® (Таблетки) (Terbinafine)

МНН: Тербинафин
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004548
Информация о регистрации в РК: 13.05.2016 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 9537/01/06/11/15/19/20
Информация о регистрации в РБ: 13.07.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 293.97 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тербизил®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 250 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 250 мг тербинафин (281,25 мг тербинафин гидрохлориді түрінде)

қосымша заттар: кремнийдің сусыз коллоидты қостотығы, магний стеараты, гипромеллоза, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және екінші жағында «250» өрнегі бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Тербинафин

АТХ коды D01ВA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тербинафин 250 мг дозада ішке бір рет қабылданғаннан кейін ол плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Сmах) 1,5 сағаттан соң жетіп, 1,3 мкг/мл құрайды. Ішу арқылы қабылдаған соң тербинафин сіңуі >70% құрайды. Тербинафиннің абсолютті биожетімділігі жүйе алдындағы метаболизм нәтижесінде 50% жуық.

Тербинафинді тұрақты қабылдағанда оның ең жоғары концентрациясы, орта есеппен, бір рет қабылдаумен салыстырғанда 25% көбірек жоғарылады, қан плазмасындағы белсенді зат концентрациясының фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы 2.3 есе ұлғайды.

Таралуы

Тербинафин қан плазмасы ақуыздарымен берік байланысады (99%). Ол терінің дерма қабаты арқылы тез өтеді және липофильді мүйізгек қабатында жиналады. Май бездерінің секретіне өтеді, бұл түкті фолликулдарда, шаш пен майлы теріде жоғары концентрациялар түзілуіне әкеледі. Тербинафин ем басталған соң алғашқы бірнеше апта ішінде тырнақ қабаттарында жиналады.

Биотрансформациясы

Тербинафин Р450 цитохромының кем дегенде жеті изоферментінің қатысуымен тез және елеулі дәрежеде метаболизденеді, бұл орайда CYP2C9, CYP1A2, CYP3A4, CYP2C8 және CYP2C19 изоферменттері негізгі рөл атқарады. Биотрансформация нәтижесінде тербинафин зеңге қарсы белсенділігі жоқ метаболиттер түзеді.

Шығарылуы

Метаболиттер көбінесе несеппен шығарылады.

Плазманың АUС ұлғаюы негізінде есептелген жартылай шығарылу кезеңі 30 сағатқа жуық құрайды. Қайталама дозаларын қабылдаудан кейінгі қан үлгілерін зерттеу элиминация қисығының үш фазалы сипатта болатынын көрсетті, түпкілікті жартылай шығарылу кезеңі 16,5 күнге жуық құрайды.

Биожетімділігі

Жүйе алдындағы метаболизм нәтижесінде тербинафиннің абсолютті биожетімділігі шамамен 50% құрайды.

Пациенттердің ерекше санаттары

Пациенттердің жас ерекшелігімен байланысты фармакокинетикасының клиникалық мәнді өзгерістері анықталмаған.

Бүйрек функциясының қатарлас бұзылулары (креатинин клиренсі <50 мл/мин) және бауыр аурулары бар науқастардағы тербинафиннің бір реттік дозасының фармакокинетикалық зерттеулерінде препарат клиренсінің 50% төмендеу мүмкіндігі көрсетілген, соған сәйкес дозаны түзету талап етіледі.

Фармакодинамикасы

Тербизил® зеңге қарсы әсер ету ауқымы кең аллиламин болып табылады.

Тербизил® келесі зеңдер: Trichophyton (мысалы, T. rubrum, T.mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum (мысалы, M. canis) және Epidermophyton floccosum, Candida (C. albicans) және ашытқы тәрізді зеңдер тобынан Pityrosporium (мысалы, Candida albicans) тудырған терінің және тырнақтардың зеңді инфекцияларын емдеуге пайдаланылады.

Аз концентрацияларда препарат дерматофиттерге, ашытқы тәрізді зеңдерге және кейбір диморфты зеңдерге қатысты фунгицидті әсер көрсетеді. Ашытқы тәрізді, мысалы, Candida тектес зеңдерге қатысты белсенділігі, олардың түріне қарай, фунгицидті немесе фунгистатикалық сипатта болуы мүмкін.

Тербизил® зеңнің жасушалық жарғақшасында скваленэпоксидаза ферментін тежеу есебінен зең жасушасында стеролдар биосинтезінің ерте сатысын бәсеңдетеді, бұл скваленнің жасушаішілік жиналуына әкеледі және зең жасушасының қырылуын туғызады.

Ішу арқылы қабылдағанда препарат теріде, тырнақ пен шашта фунгицидті әсерді қамтамасыз ететін концентрацияларда жиналады.

Қолданылуы

- бастың шашты бөлігі микоздары

- дерматофиттер туғызған онихомикоздар (тырнақ қабатын зақымдайтын зеңді инфекциялар)

- Trichophyton, мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum, Microsporum canis және Epidermophyton floccosum зеңдері туғызған терінің, тырнақ қабаттарының және бастың шашты бөлігінің зеңді инфекциялары

- дененің тегіс терісінің, табандар мен шап аумағының жайылған микозын жүйелі емдеу

- Candida тектес зеңдер туғызған тері инфекциялары

Ескерту: Тербизил® кремімен жергілікті емдеуден ерекшелігі, Тербизил® таблеткалары Pityrosporum orbiculare (Malessezia furfur ретінде де белгілі) зеңі туғызған кебек тәрізді (түрлі-түсті) теміреткіні емдеу кезінде тиімсіз.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ем ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына қарай белгіленеді.

Ересектер

Тәулігіне 1 рет 250 мг (1 таблеткадан).

Онихомикоз

Қол ұштарының онихомикозында емдеу кезеңі, әдетте, 6 апта құрайды.

Табанның, әсіресе, бас бармақтың онихомикозында емдеу ұзақтығы 12 апта құрауы тиіс. Тырнақ баяу өсетін кейбір жағдайларда емдеу курсын ұзаққа созуға болады. Оңтайлы клиникалық әсері микологиялық сауығудан және емді тоқтатудан соң бірнеше ай өткенде байқалады. Бұл сау тырнақтың өсіп шығуына қажетті уақыт кезеңімен белгіленеді.

Тері жабындарының микоздары

Табан дерматомикоздарында (саусақаралық, ұлтандық немесе «мокаси» типі бойынша) ұсынылатын емдеу ұзақтығы – 2-ден 6 аптаға дейін; дененің тегіс терісінің, аяқ-қолдың дерматомикозында – 2-ден 4 аптаға дейін.

Тері кандидозында емдеу ұзақтығы 2-ден 4 аптаға дейін құрайды.

Бастың шашты бөлігінің зақымдануларында (бастың шашты бөлігі микоздары) ықтималды емдеу ұзақтығы 4 апта құрайды.

Зеңге қарсы ем жүргізуден кейін бірнеше апта өткен соң толық клиникалық сауығуды күтуге болады.

Пациенттердің айрықша қауымдары туралы қосымша ақпарат

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауырдың созылмалы немесе жедел аурулары бар пациенттерге тербинафин таблеткаларын тағайындауға болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тербинафин таблеткаларын қолдану жеткіліксіз шамада зерттелген, сондықтан да пациенттердің осы тобын емдеуге ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерді емдеу үшін жасырақ пациенттерге көрсетілген дозаларынан ерекшеленетін дозаларды тағайындау қажеттілігіне немесе оларда препаратты қабылдаудан болатын жағымсыз әсерлердің жиірек туындайтынына айғақтар жоқ. Осы жас тобындағы пациенттерге тербинафин таблеткаларын тағайындағанда оларда бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылуының болуы ықтимал екенін ескеру қажет.

Қолдану тәсілі

Таблеткаларды аздаған мөлшерде су ішумен шайнамай жұтады. Таблеткаларды күн сайын белгілі бір уақытта қабылдаған дұрыс. Таблеткаларды аш қарынға немесе тамақтан кейін қабылдауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі ( 1/10)

- тәбеттің төмендеуі

- бас ауырулары

- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (іштің кебуі, іштің әлсіз білінетін ауыруы, диспепсия, жүрек айну), диарея

- бөртпе, есекжем

- буындардың, бұлшықеттердің ауыруы

Жиі ( 1/100-ден <1/10 дейін)

- қажу

- гипогевзия, дәм сезудің төмендеуі, бұрмалануы және жоғалуы, бас айналу

- дәм сезудің бұзылуы салдарынан болатын депрессия

- көрудің нашарлауы

Жиі емес ( 1/1,000-нан <1/100 дейін)

- дәм сезудің бұзылуы салдарынан болатын үрейлену

- құлақтың шуылдауы

- қызба

- парестезия, гипестезия

- анемия

- фотосезімталдық реакциялары, фотодерматоз, аллергиялық реакциялар, фотосезімталдық, полиморфты экзантема

- дәм сезудің бұзылуы салдарынан болатын салмақтың кемуі

Сирек ( 1/10,000-нан <1/1000 дейін)

- гепатобилиарлы дисфункция (холестаз), бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, сарғаю, бауырдың протеолиз ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

Өте сирек (<1/10000)

- агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения, панцитопения

- псориаз тәрізді бөрту, псориаздың өршуі

- терідегі және жүйелі қызыл жегі ағымының өршуі

- анафилактоидтық реакциялар (соның ішінде, ангионевроздық ісіну), терідегі және жүйелі қызыл жегі ағымының манифестациясы немесе өршуі

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, шаштың түсуі, жедел жайылған экзентематоздық пустулез, мультиформалы эритема, токсидермия, эксфолиативті дерматит, буллезді дерматит

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- анафилаксиялық реакциялар, сарысу құю ауруы типті реакциялар

- аносмия, соның ішінде тұрақты түрі, гипосмия

- анық көрмеу

- көру өткірлігінің төмендеуі

- гипоакузия (естудің нашарлауы)

- васкулит

- панкреатит

- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен біріккен бөртпе

- тұмау тәрізді симптомдар

- рабдомиолиз

- креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға (осы жас тобында қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің шектеулі екеніне орай)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың тербинафинге әсер етуі

Тербинафиннің плазмалық клиренсін P450 цитохромын индукциялайтын дәрілік препараттар жеделдете алады және ферменттердің осы жүйесін тежейтін дәрілік препараттар баяулата алады.

Атап көрсетілген дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болатын жағдайларда Тербизил® препаратының дозасын тиісінше түзету талап етіледі.

Циметидин тербинафин клиренсін 33% төмендетеді. Рифампицин тербинафин клиренсін 100% арттырады.

Флуконазол – өзінің CYP 2C9 және CYP 3A4 ферменттерін тежеу әсеріне орай – тербинафиннің Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 52% және 69% арттырады. Тербинафин концентрациясының осыған ұқсас жоғарылауы кетоконазол мен амиодарон сияқты CYP2C9 және CYP3A4 тежейтін препараттарды тербинафинмен бір мезгілде қабылдағанда болуы мүмкін.

Тербинафиннің басқа дәрілік заттарға әсер етуі

Тербинафин, CYP2D6 арқылы метаболизденетін препараттарды қоспағанда, P450 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін көптеген препараттардың (мысалы, терфенадин, триазолам, толбутамид немесе ішуге арналған ұрықтануға қарсы дәрілер) клиренсін бәсеңдететін немесе күшейтетін айқындылығы әлсіз қуатымен сипатталады (төменнен қараңыз).

Тербизил® антипирин, дигоксин клиренсіне ықпал етпейді.

Тербизил® CYP2D6 цитохромының ферменті арқылы жүретін метаболизмді бәсеңдетеді. Сондықтан, ең алдымен, осы ферменттің қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттарды (мысалы, үш циклды антидепрессанттар, β-блокаторлар, серотонинді кері қармайтын іріктелген тежегіштер (СКҚІТ), В типті MAO тежегіштері және 1А, 1В және 1С класты аритмияға қарсы препараттар) бірге тағайындау кезінде сақ болу қажет.

Тербизил® көктамыр ішіне қолданылатын кофеин клиренсін 19% және дезипрамин клиренсін 82% төмендетеді.

Тербизил® циклоспорин клиренсін 15% арттырады.

Тербизил® антипирин, дигоксин клиренсіне ықпал етпейді.

Тербинафин декстрометорфанның (жөтелге қарсы дәрі және CYP2D6 субстраты) жылдам метаболизаторы болып табылады. Осылайша, тербинафин CYP2D6 жылдам метаболизаторларын баяу метаболизаторларға айналдыра алады.

Тербинафин, CYP2D6 арқылы метаболизденетін препараттарды қоспағанда, P450 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін көптеген препараттардың (мысалы, терфенадин, триазолам, толбутамид немесе ішуге арналған ұрықтануға қарсы дәрілер) клиренсін бәсеңдететін немесе күшейтетін айқындылығы әлсіз қуатымен сипатталады (жоғарыдан қараңыз).

Тербинафиннің флуконазол фармакокинетикасына ықпалы анықталмаған. Бұдан бөлек, тербинафин мен ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол), зидовудин немесе теофиллин сияқты препараттар арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Тербинафинді ішуге арналған ұрықтануға қарсы дәрілермен бір мезгілде қабылдаған кейбір пациент әйелдерде етеккір оралымы бұзылған бірнеше жағдайлар болған, алайда, бұл бұзылулар жиілігі тек ішуге арналған ұрықтануға қарсы дәрілер қабылдайтын пациент әйелдерге тән аядағы жиілік шамасында қалды.

 

Айрықша нұсқаулар

Бауыр функциясы

Тербизилді® бауырдың созылмалы немесе жедел аурулары бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды. Тербинафин ішке тағайындалғанша бауыр функциясына зерттеу (бауыр сынамалары) жүргізу қажет. Бауыр аурулары бұрыннан бар немесе онсыз пациенттерде гепатоуыттылық көріністері дамуы мүмкін, сондықтан бауыр функциясына мезгіл-мезгіл зерттеу (емнің әр 4-6 аптасы сайын) жүргізу қажет. Осы көрсеткіштер жоғарылаған жағдайда тербинафинмен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

Тербизил® препаратымен ішу арқылы ем тағайындалған пациенттерге шығу тегі анық емес тұрақты жүрек айну, тәбеттің болмауы немесе әлсіздік, құсу, іштің оң жақ жоғарғы аумағының ауыруы, сарғаю, несептің күңгірттенуі немесе нәжістің ақшылдануы сияқты кез келген белгілер немесе симптомдар туралы дереу хабарлау қажеттілігі жөнінде нұсқау берілуі тиіс. Осындай симптомдар білінгенде тербинафинді ішу арқылы қабылдауды тоқтатып, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін тексеру керек.

Дерматологиялық әсерлер

Тербинафин таблеткаларын қабылдаған пациенттерде ауыр тері реакцияларының (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некроз, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен біріккен тері бөртпесі) дамуы өте сирек байқалды. Үдемелі тері бөртпесі білінгенде тербинафин таблеткаларымен емдеуді дереу тоқтату қажет.

Псориаздан немесе жүйелі қызыл жегіден зардап шегетін пациенттерге тербинафинді абайлап тағайындау қажет, өйткені тіркеуден кейін қолдану кезінде псориаз дамыған немесе оның ағымы нашарлаған аса сирек жағдайлар болған.

Гематологиялық әсерлер

Тербизил® таблеткаларын алған пациенттерде қан тарапынан болатын бұзылулар жағдайлары (нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, панцитопения) өте сирек тіркелді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Тербизил® таблеткаларын алған пациенттерде қан тарапынан болатын әр бұзылудың себебі, Тербизилмен® емді тоқтатуды қоса, емдеу сызбасын өзгерту мүмкіндігі туралы шешім қабылдаумен талдануы тиіс.

Бүйрек функциясы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 50 мл/мин аз немесе қан сарысуындағы креатинин мөлшері 300 мкмоль/л көп) тербинафин таблеткаларын қолдану жеткіліксіз шамада зерттелген, осыған орай, ұсынылмайды.

Жүктілік

Жануарларда жүргізілген зерттеулерде тербинафиннің тератогенді қасиеттері және фертильділікке теріс ықпалы анықталмаған. Жүкті әйелдерде тербинафин қолданудың клиникалық тәжірибесі өте шектеулі екендіктен, Тербизил® таблеткалары препаратын егер әйелдің жағдайы осыны талап ететін және ана үшін көзделетін пайдасы ұрыққа төнуі мүмкін қауіптен асып кететін жағдайда ғана қолдану керек.

Лактация кезеңі

Тербизил® емшек сүтіне өтеді, сондықтан тербинафинді ішке қабылдайтын әйел бала емізуді тоқтатуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тербизилдің® автокөлік жүргізу немесе күрделі механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ететіні туралы қолжетімді деректер жоқ. Дегенмен де, жүргізілген ем аясында бас айналуын сезінетін пациенттер көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қажеттілігінен бас тартуы тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауырулары, бас айналу, жүрек айну, эпигастрий ауырулары.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау және симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: pv@richter.kz

Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23, 8-701-787-47-01

 

9

 

Прикрепленные файлы

736586691477976229_ru.doc 113 кб
852453311477977483_kz.doc 108.5 кб
9537_01_06_11_15_19_20_p.pdf 0.46 кб
9537_01_06_11_15_19_20_s.pdf 0.9 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ