Терасил™ формула от боли в горле (со вкусом апельсина)

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Plethico Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020904
Информация о регистрации в РК: 27.10.2014 - 27.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Терасил тамақ ауыруының формуласы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қара қарақат дәмімен, апельсин дәмімен, бал және лимон дәмімен соруға арналған мұзкәмпиттер

Құрамы

Бір мұзкәмпиттің құрамында

белсенді заттар: амилметакрезол 0.60 мг,

2.4-дихлорбензил спирті 1.20 мг;

қара қарақат дәмімен

қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, ацесульфам-К, Понсо 4R (Е124), ментол, бриллиантты көк (Е133), қара қарақат хош иістендіргіші 3198, тазартылған су.

апельсин дәмімен

қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, ацесульфам-К, сары сансет (Е110), ментол, апельсин майы, эвкалипт майы, тазартылған су.

бал мен лимон дәмімен

қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, ацесульфам-К, хинолинді сары (Е104), ментол, шоколадты-қоңыр бояғыш, бал мен лимон хош иістендіргіші 1857, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ашық-күлгіннен күңгірт-күлгін түске дейінгі, жартылай мөлдір, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес және қара қарақаттың салқындатқыш дәмі бар мұзкәмпиттер;

Ашық-қызыл сарыдан күңгірт-қызыл сары түске дейінгі, жартылай мөлдір, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес және апельсиннің салқындатқыш дәмі бар мұзкәмпиттер;

Ашық-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі, жартылай мөлдір, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес және бал мен лимонның салқындатқыш дәмі бар мұзкәмпиттер.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

ЛОР-тәжірибеде жергілікті қолдануға арналған антисептикалық біріктірілген препарат.

2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы болып табылады, антисептик. Амилметакрезол – фенол туындысы, антисептик, микробқа қарсы белсенділігі бар. 2,4-дихлорбензил спиртінің және амилметакрезолдың әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасушаларда ақуыз коагуляциясымен, сондай-ақ, жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесумен байланысқан, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін анықтайды.

Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және жергілікті жансыздандыратын әсер туғызады. Препарат жоғарғы тыныс алу жолдарының және ауыз қуысының шырышты қабығының тітіркену, бөгде денені сезіну, жұтқыншақтағы жыбырлау, қырналу симптомдарын қайтарады; шырышты қабыққа деконгестивтік әсер көрсетеді, мұрын бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуін және ауыруын жұмсартады.

Препарат граммоң және граммтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты белсенді: стафилококктың көптеген штамдары ( S. epidermidis, S. pyogenes, S. aureus, S. salivarius), А, С және D топтарының стрептококтары, Diplococcus pneumoniae, Pseudomonas aerogenosa, Klebsiella aerogenes, Haemophilus influenzae, Proteus spp., Aerobacter aerogenes, Aerobacter cloacae және басқалар, сондай-ақ, Candida albicans ашытқы тәрізді зеңдерге қатысты микозға қарсы әсерге ие.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ауыз қуысында соруға арналған.

Ересектер: 1 мұзкәмпиттен әр 2-3 сағат сайын баяу сору керек. 24 сағат бойы 12 мұзкәмпиттен артық қабылдауға болмайды. Емдеу курсы 5-7 күн.

Егде жастағы адамдар: егде жастағы адамдарда дозаны төмендетудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Симптомдары сақталған кезде дәрігермен кеңесу керек.

Қант диабетімен ауыратындар мұзкәмпиттің құрамында 1483 мг қант бар екенін ескерулері тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықты қаптамаға 12 мұзкәмпиттен қапталған. 1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Немесе бір мұзкәмпиттен поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған жеке қапшықтарға салынған.

250 қапшықтан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пластик банкілерге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Plethico Pharmaceuticals LTD.

Дхаравара, Калария – 453 001, Индор (М.П.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Plethico Pharmaceuticals LTD, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Резлов ЛТД» ЖШС, 100009 Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 110/2

тел.+7(212)48-16-44, факс +7(212)48-17-44

электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

 

Прикрепленные файлы

084601701477976689_ru.doc 47 кб
288502541477977845_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники