Терасил - Д™

МНН: Декстрометорфан, Левоментол, Фенилэфрин, Хлорфенирамина малеат (Хлорфенамин)
Производитель: Plethico Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020676
Информация о регистрации в РК: 18.06.2014 - 18.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Терасил-ДТМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

 

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: декстрометорфан гидробромиді 10,0 мг,

фэнилэфрин гидрохлориді 5,0 мг,

хлорфенирамин малеаты 2,0 мг,

ментол 1,0 мг,

қосымша заттар: сахароза, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, 70 % сорбитол ерітіндісі, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, пропиленгликоль, динатрий эдетаты, жеміс хош иістендіргіші КК-44, тазартылған су.

 

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі мен тәтті дәмі бар, түссізден ақшыл – сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді жоюға арналған препараттар. Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

ФармакокинетикасыДекстрометорфан гидробромиді асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жылдам сіңеді. Бауырда метаболизденеді, өзгермеген заттар және кейбір жөтелге қарсы қасиетке ие декстрорфанды қоса алғанда, деметилденген метаболиттер түрінде несеппен шығарылады. Препараттың әсері пероральді қабылдаудан кейін жарты сағат ішінде басталады да, 6 сағат бойы жалғасады.

Хлорфенирамин малеаты: ішке қабылдағаннан кейін препарат толық дерлік сіңеді және организм тіндеріне таралады. Плазмадағы шыңдық концентрациясына ашқарынға 12 мг бір реттік пероральді дозаны қабылдағаннан кейін 2-3 сағат ішінде жетеді.

Хлорфенирамин алғашқы өтудің орташа метаболизміне ұшырайды, бауыр-ішек рециркуляциясы болуы мүмкін. Өзгермеген хлорфенираминнің несеппен шығарылуы несептің рН мәніне байланысты.

Фенилэфрин гидрохлоридінің пероральді биожетімділігі үнемі сіңіп отырмауына және алғашқы өту метаболизміне (моноаминооксидазаның ішектегі және бауырдағы әсері есебінен) байланысты төмен.

Ментол: ментол сіңгеннен кейін глюкуронидтер түрінде несеппен және өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Декстрометорфан гидробромиді – құрғақ жөтелді жою үшін қолданылатын жөтелге қарсы дәрі; сопақша мида орналасқан жөтел орталығына әсер етеді. Сондай-қ Н-метил-д-аспарат рецепторлары антагонисі болып табылады.

Құрылымына қатысты морфинге жатқанымен, декстрометорфанның классикалық ауыруды басатын әсері жоқ, елеусіз ғана тыныштандыратын әсері болады.

Хлорфенирамин малеаты гистаминді Н1 рецепторларының бәсекелес антагонисі болып табылады, препарат гистаминнің әсеріне жауабы ретінде бронх тегіс бұлшықеттерінің жиырылуына кедергі жасайды.

Хлорфенирамин малеаты гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және жануарларда стимуляциялаушы немесе тыныштандыратын әсер береді.

Фенилэфрин гидрохлориді адренергиялық рецепторларға тікелей әсер ететін симпатомиметик болып табылады. Препарат емдік дозаларда ОЖЖ айтарлықтай стимуляциялайтын әсерінсіз, альфа-адренергиялық әсері бар. Фенилэфриннің тамыр тарылтатын әсері осы секілді норадреналиннің әсерімен салыстырғанда әлсіздеу, бірақ осы әсерінің ұзақтығы артықтау. Фенилэфрин шеткергі қан тамырларының тарылу әсерін туғызады және артериялық қысымды жоғарылатады. Препарат тері мен бүйрекке қанның ағып келуін азайтады.

Ментол мұрын бітелуінде оның сезімтал жүйкенің кальций өзекшесіне әсер етуі есебінен қолданылады.

Қолданылуы

- аллергия мен суық тиюден туындаған құрғақ және тітікендіретін жөтелді кетіру үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: 10 мл ( 2 шай қасықтан) тәулігіне 3-4 рет.

12 жастан асқан балаларға: 5 мл (1 шай қасықтан) тәулігіне 3-4 рет.

Жағымсыз әсерлері

Декстрометорфан гидробромиді:

- бас айналу, АІЖ тарапынан бұзылулар

Хлорфенирамин малеаты:

- тыныштандыратын әсері (ұйқышылдықтан терең ұйқыға дейін), әлсіздік, бас айналу және координацияның бұзылуы

- жүрек айну, құсу, диарея немесе іш қату, анорексия, тәбеттің артуы, эпигастрий тұсының ауыруы

Болуы мүмкін

- көрудің бұлдырауы

- ауырсынатын несеп шығару, дизурия

- ауыздың құрғауы, кеуденің қысылу сезімі

- гипотензия, бұлшықет әлсіздігі , құлақтың шуылдауы, эйфория және бас ауыру

-ұйқысыздық, ашушаңдық, тахикардия, тремор және құрысулар (балаларда)

- эпилепсия түріндегі құрысулар (ми қыртысының ошақты зақымдануы бар емделушілер)

- аллергиялық реакциялар және айқаспалы сезімталдық

Фенилэфрин гидрохлориді:

Болуы мүмкін

- мазасыздық, ентігу, гипергликемия, жүректің қағуының күшеюі, тахикардия, тремор, қатты терлеу, гиперсаливация, әлсіздік, бас айналу, бас ауыру, аяқ-қол температурасының төмендеуі, анорексия, жүрек айну және құсу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • қант диабеті және қант сіңуінің тұқым қуалайтын бұзылулары

  • тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • бір мезгілде үшциклді антидепрессанттар, монооксидаза тежегіштері, бета-адреноблокаторлар қабылдау

  • жабық бұрышты глаукома

  • жүрек аурулары, артериялық гипертония

  • эпилепсия, бронх демікпесі ұстамалары

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенилэфрин гирохлориді. Жағымсыз өзара әрекеттесуі моноаминооксидаза тежегіштері, α және β-блокаторлары, фенотиазин типті антигистаминдер, бронхолитикалық адреномиметиктер, үшциклді антидепрессанттар, гуанетидин немесе атропин, дигиталис, раувольфия алкалоидтары, индометацин, метилдопа, ОЖЖ стимуляторлары және теофиллинмен болуы мүмкін. Окситоксикалық дәрілермен үйлесімде жоғары прессорлық әсері байқалуы ықтимал. Жалпы әсер ететін кейбір жансыздандыратын дәрілерді пайдаланғанда аритмия даму мүмкіндігі сирек.

Хлорфенирамин малеаты. Алкогольмен және басқа да ОЖЖ депрессанттарымен (седативті, ұйықтататын, транквилизаторлар, тыныштандыратын дәрілер) бірге қабылдау олардың әсерін күшейтеді.

Декстрометорфан гидробромиді. Феналзинмен қауіпті өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозадан асыруға болмайды. Хал-жағдайының жақсаруы байқалмаса, препарат қабылдауды тоқтатқан және дәрігерге көрінген жөн.

Хлорфенирамин малеатының антимускаринді әсерін ескере отырып, несептің іркілуі мен простата гипертрофиясы секілді жағдайларда препарат тағайындағанда сақтық танытқан жөн. Моноаминооксидаза тежегіштерімен емдеу кезеңінде препаратты қабылдау ұсынылмайды. Алкоголь, барбитураттар, гипноздық дәрілер, есірткілік анальгетиктер, тыныштандыратын дәрілер мен транквилизаторлар сияқты ОЖЖ депрессанттарының седативті әсері күшеюі мүмкін. Депрессиядан, Паркинсон ауруынан және психиатриялық аурулардан ем алып жүрген емделушілерде декстрометорфанды МАО тежегіштерімен бірге пайдаланғанда ауыр және кейде фатальді реакциялардың дамуы туралы хабарланған.

Препаратты қант диабеті және тұқым қуалайтын қанттың сіңуін бұзылуымен байланысты аурулары бар емделушілерге қолдануға болмайды (5 мл шәрбаттың құрамында 2 г қант бар).

Антигистаминдік препараттар терінің аллергиялық оң сынамаларын басуы мүмкін, сондықтан препаратты тері тестілерін жүргізуден бірнеше күн бұрын тоқтатқан жөн.

Терасил-ДТМ бронх демікпесі, созылмалы бронхиті, эмфиземасы, простата аденомасы, коронарлық артерия, қалқанша без, бауыр және бүйрек аурулары немесе қуық обструкциясы бар емделушерлерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препараттың жағымсыз әсерлерін (седативті әсері, бас айналу) ескере отырып, көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, атаксия, нистагм, опистотонус және құрысулар. Фенилэфрин уытты дозада гипертония және жүрек ырғағының бұзылуын туындатуы, хлорфенирамин жоғары дозада депрессия немесе қозу арқылы (әсіресе балаларда) байқалуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, оксигенация, инфузиялық және симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан бұрандалы қақпағы мен алғашқы ашылуы бақыланатын механизмі бар янтарь шыныдан жасалған құтыда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге қапталады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңі – 2 аптадан артық емес.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Plethico Pharmaceuticals Ltd. Дхаравара, Калария – 453 001, Индор, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Plethico Pharmaceuticals Ltd., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Резлов Лтд» ЖШС, 100009, Қарағанды қ., Ермеков к-сі 110/2

тел.+7(212)48-16-44, факс +7(212)48-17-44

электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

115293301477976662_ru.doc 81 кб
381906081477977797_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники