Тенофовира дизопроксила фумарат (300 мг, Aurobindo Pharma Limited)

МНН: Тенофовир
Производитель: Aurobindo Pharma Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tenofovir disoproxil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020718
Информация о регистрации в РК: 23.07.2014 - 23.07.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 381.3 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тенофовир дизопроксилінің фумараты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тенофовир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат- 300.00 мг тенофовир дизопроксилінің фумараты,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (Avicel РН 101), желатинделген крахмал, магний стеараты,

қабығының құрамы Опадри ақ 32 К18425: лактоза моногидраты,

гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин.

Сипаттамасы

Бір жағында «36» және екінші жағында "I" ойылып жазылған, екі беті дөңес, сопақша пішінді ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы дәрілер. Кері транскриптазаның нуклеозид-тежегіштері. Тенофовир дизопроксилі.

АТХ коды J05AF07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Тенофовир дизопроксил фумараты – тенофовирдің суда еритін диэфирі. Оны аш қарынға ішке қабылдағанда тенофовирдің биожетімділігі шамамен 25% құрайды. АИВ-1 жұқтырған емделушілер оның 300 мг бір реттік дозасын аш қарынға ішке қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 1,0  0,4 сағаттан кейін жетеді. Cmax және AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) мәндері сәйкесінше 296  90 нг/мл және 2287  685 нг·сағат/мл құрады. Тенофовир дизопроксил фумаратының фармакокинетикасы 75-тен 600 мг дейінгі шамаларда дозаға пропорциональды; препаратты қайталап енгізу фармакокинетикасына әсер етпейді.

Тағамның ішке қабылдаған кезде сіңуіне әсері. Тенофовир дизопроксил фумаратын құрамында майдың жоғары мөлшерімен (~ 700-ден 1000 Ккал дейін, майдың құрамы 40 – 50 %) тағамды қабылдағаннан кейін қабылдау Тенофовир дизопроксил фумаратының AUC0‑ және Cmax сәйкесінше бір мезгілде шамамен 40% және 14% жоғарылатумен пероральді биожетімділігін жоғарылатады. Әйтсе де Тенофовир дизопроксил фумаратын төмен калориялы тағаммен қабылдау аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда тенофовирдің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді. Ас қабылдау тенофовирдің Cmax жетуін шамамен 1 сағатқа баяулатады. Тағамның құрамы бақыланбаған жағдайда 300 мг Тенофовир дизопроксил фумаратының дозасын тағамнан кейін күніне бір рет қайталап енгізгеннен кейін, (Cmax) ең жоғары концентрациясы және тенофовирдің сіңу (AUC) деңгейі сәйкесінше 0,33  0,12 мкг/ мл және 3,32  1,37 мкг·сағат/мл құрайды.

Таралуы. Тенофовирдің плазмамен немесе сарысулық ақуыздармен In vitro байланысуы тенофовирдің 0,01 - 25 мкг/мл концентрациясы шегінде сәйкесінше, 0,7 және 7,2% төменді құрайды. 1,0 мг/кг және 3,0 мг/кг тенофовирді көктамыр ішіне енгізгеннен кейін тепе-теңдік жағдайында таралу көлемі сәйкесінше 1,3  0,6 л/кг және 1,2  0,4 л/кг, құрайды.

Метаболизмі және шығарылуы. in vitro зерттеулер көрсеткендей, тенофовир дизопроксил фумараты да, тенофовир де CYP ферменттерінің субстраты болып табылмайды. Препарат дозасын бір рет пероральді қабылдағаннан кейін тенофовирдің жартылай шығарылуының терминальді кезеңі шамамен 17 сағат құрайды. Тенофовир дизопроксил фумаратының күніне бір рет 300 мг дозасын (ас қабылдағаннан кейін) қайталап қабылдағаннан кейін қабылданған дозаның 32  10 % 24 сағат ішінде несепте анықталады. Тенофовир шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс жолымен шығарылады. Тенофовир мен бүйрекпен шығарылатын басқа да заттар арасында бәсекелестік жүруі мүмкін.

Тенофовирдің фармакокинетикасы орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бауыр функциясының бұзылуымен АИВ жұқтырмаған емделушілерде 300 мг бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін зерттелді.

Тенофовирдің фармакокинетикасында бауыр функциясының бұзылуымен емделушілерде осындай бұзылыстарсыз емделушілермен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер жоқ. Бауыр функциясының бұзылуымен емделушілерде дозасын өзгертудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілерде тенофовирдің фармакокинетикасы өзгереді. Креатинин клиренсі 50 мл/минуттан төмен немесе диализ жүргізуді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы емделушілерде, тенофовирдің Cmax және AUC0- жоғарылайды. Креатинин клиренсі 50 мл/минуттан төмен немесе диализ жүргізуді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы емделушілерде препарат дозаларын енгізу аралығын реттеу керек. Креатинин клиренсі <10 мл/мин гемодиализ жүргізілмейтін емделушілерде фармакокинетикасы бағаланған жоқ, сондықтан оларда препаратты қабылдау ұсынылмайды. Тенофовир дизопроксил фумаратының фармакокинетикалық қасиеттері дені сау еріктілерде және АИВ-жұқтырған емделушілерде бағаланған. Тенофовирдің фармакокинетикасы осы топтағыларда ұқсас болған. АИВ-1 жұқтырған емделушілерде (12-ден <18 жасқа дейін) тенофовирдің фармакокинетикасын зерттеуде орташа Cmax және AUC сәйкесінше 0,38  0,13 мкг/мл және 3,39  1,22 мкг·сағат/мл құрайды. 300 мг Тенофовир дизопроксил фумараты препаратының ішке қабылданатын тәуліктік дозасын қабылдаған аталған жас тобындағы тенофовирдің қол жеткен экспозициясы күніне 1 рет қабылдайтын режіммен 300 мг Тенофовир дизопроксил фумаратының тәуліктік дозасын қабылдаған ересектердің қолы жеткен экспозициясына ұқсайды.

Фармакодинамикасы

Тенофовир дизопроксил фумараты фумар қышқылының және тенофовирдің туындысы, бис-изопропоксикарбонилоксиметилдің күрделі эфирінің тұзы болып табылады. Тенофовир дизопроксил фумараты In vivo циклдік емес фосфонатты нуклеозид (нуклеотид) – аденозин 5’-монофосфаттың аналогы тенофовирге айналады. Тенофовир дизопроксил фумараты АИВ-1-дің кері транскриптазасына тежеуші әсер етеді. Тенофовир дизопроксил фумараты тенофовирге айналу үшін алдымен диэфирлік гидролизге және кейіннен тенофовир дифосфаты түзілгенге дейін жасушалық ферменттермен фосфорлануға ұшырайды. Тенофовир дифосфаты табиғи субстрат деоксиаденозин 5'-трифосфатпен бәсекелесіп және ДНҚ молекуласына тіркелгеннен кейін оның тізбегінің үзілуін туындатып, АИВ-1 кері транскриптазаның белсенділігін тежейді.

Вирусқа қарсы белсенділігі. АИВ-1-дің зертханалық және донорлық штаммдарына қатысты тенофовирдің вирусқа қарсы белсенділігі лимфобласты жасушалар өсірінділерінде, алғашқы моноциттер/макрофагтарда және шеткергі қанның лимфоциттерінде бағаланды. Тенофовирдің ЕК50 (50 % тиімді концентрациясы) 0,04 мкмоль-ден 8,5 мкмоль-ге дейінгі шекте болды. Тенофовир препараттарының кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерімен (абакавир, диданозин, ламивудин, ставудин, зальцитабин, зидовудин), кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерімен (делавирдин, эфавиренз, невирапин), сондай-ақ протеаза тежегіштерімен (ампренавир, индинавир, нелфинавир, ритонавир, саквинавир) біріктірілген зерттеулерінде қосымша синергиялық әсер байқалды.

Тенофовир АИВ-1-дің A, B, C, D, E, F, G және О (ЕК50 0,5–2,2 мкмоль шегінде) қосалқы типтеріне қарсы жасушалар өсірінділерінде вирусқа қарсы белсенділік білдірді және АИВ-2-нің кейбір штамдарына қарсы (ЕК50 1,6 мкмоль-ден 5,5 мкмоль шегінде) таңдап белсенділік білдіреді. В гепатиті вирусына (ВГВ) қатысты тенофовирдің вирусқа қарсы белсенділігі HepG2 жасушалық өсірінділерінде бағаланған. Тенофовирдің ЕС50 (50 % тиімді концентрациясы) мәні 0,14 мкмоль-ден 1,5 мкмоль-ге дейінгі шекте болған, ал СС50 мәні (50 % цитоуытты концентрациясы) > 100 мкмоль.

Тенофовир препараттарының кері транскриптазасының нуклеозидті тежегіштермен, кері транскриптазасының анти-HBV, эмтрицитабинмен, энтекавирмен, ламивудинмен және телбивудинмен біріктірілген зерттеулерінде антагонистік белсенділік байқалған жоқ.

Төзімділік. Жасушалар өсіріндісінен тенофовирге төмен сезімталдықпен АИВ-1 штамдары бөлініп алынған. Бұл вирустар кері транскриптазада K65R орын басуын иеленген және тенофовирге сезімталдықтың 2-4 есе азаюын білдірген.

Айқаспалы төзімділік. Кейбір кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері арасында айқаспалы төзімділік анықталған. Тенофовирді қабылдағаннан кейін дамыған K65R орын алмастыруы сондай-ақ абакавир, диданозин немесе зальцитабин қабылдаған кейбір АИВ-1 жұқтырған емделушілерде дамыған. Осы орын басумен АИВ-1 штаммдары эмтрицитабинге және ламивудинге сезімталдықтың төмендеуін білдірген. Осылайша К65R орын басумен, вирус жұқтырған емделушілерде осы препараттарға айқаспалы резистенттілік пайда болуы мүмкін

Қолданылуы

- ересектердегі АИВ-1 жұқпада кешенді антиретровирусты ем құрамында:

• бұрын емделмеген емделушілерде, АИВ РНҚ жоғары вирусологиялық супрессиясымен (> 100 000 копий/мл) емделушілерді қоса

• бұрын антиретровирусты ем алған және бұрын алған емнің вирусологиялық тиімсіздігімен (АИВ РНҚ<10000 копий/мл вирусологиялық супрессиясымен; бұл жағдайда емделушілердің көбінде АИВ РНҚ вирусологиялық супрессиясы <5000 копий/мл құрады) емделушілерде. Емделушінің вирусқа жекелей қарсы тұруын тексеру үшін талдаулардың нәтижесін және/немесе емделушінің ауру тарихын ескеру ұсынылады

- ересектердегі созылмалы вирусты В гепатитінде, төмендегілермен:

• бауырдың қалпына келетін ауруларымен, вирустың белсенді репликациясы белгілерімен, аланинаминотрансферазаның (АЛТ) ұдайы жоғары деңгейімен және белсенді қабыну және /немесе фиброздың гистологиялық белгілерімен

• бауырдың қалпына келмейтін ауруларымен

Қолдану тәсілі және дозалары

АИВ-1 немесе созылмалы В гепатитін емдеу үшін ұсынылған дозасы ішке, ас қабылдау кезінде күніне бір рет 300 мг бір таблетканы құрайды.

Сирек жағдайларда жұту қиындық тудыратын емделушілерге Тенофовир дизопроксил фумаратының таблеткасы су, апельсин немесе жүзім шырындарының 100 мл-де еріткеннен кейін енгізілуі мүмкін. Егер емделуші таблетканы уақытылы қабылдамаса (әдеттегі қабылдаудан кейін 12 сағаттың ішінде), онда ол Тенофовир дизопроксил фумараты таблеткасын тағаммен мүмкіндігінше тезірек қабылдауы керек және содан кейін дозалаудың әдеттегі режиміне оралуы керек. Егер емделуші таблетканы қабылдауды өткізіп алса, және 12 сағаттан астам уақыт өтсе, және келесі таблетканы қабылдайтын уақыт келсе, екі еселенген дозаны қабылдауға болмайды, дозалаудың әдеттегі режиміне оралу керек.

Егер емделуші препарат таблеткасын қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң құсып қойса, басқа таблетканы қабылдауы керек. Егер препаратты қабылдаған уақыттан құсқанға дейін 1 сағаттан артық уақыт өтсе, Тенофовир дизопроксил фумараты таблеткасын қайта қабылдау қажет емес.

Егде емделушілер: 65 жастан асқан емделушілер үшін ұсынылатын дозаларына қатысты деректер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Орташадан елеулі сатыға дейінгі бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілерде Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдағанда препарат экспозициясының айтарлықтай жоғарылауы байқалған. Сондықтан бастапқы креатинин клиренсі < 50 мл/мин емделушілер үшін 1 кестеде берілген ұсынымдарды қолданып, Тенофовир дизопроксил фумаратының дозалау аралығын реттеу керек. Бұл ұсыныстар диализді қажет ететін бүйрек ауруының соңғы сатысын қоса, бүйрек функциясының әртүрлі дәрежедегі бұзылуымен, АИВ жұқтырмаған және ВВГ жұқтырмаған тұлғаларда бір реттік дозасы үшін модельді фармакокинетикалық нәтижелерге негізделген.

Бүйрек функциясының орташа немесе елеулі бұзылуымен емделушілерде дозалаудың осы аралығының қауіпсіздігі және тиімділігі бағаланған жоқ, сондықтан осындай емделушілер үшін емдеуге клиникалық жауапты және бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. Бүйрек функциясының аздаған бұзылуымен емделушілер үшін (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) дозасын реттеудің қажеті жоқ, бірақ есептелген креатинин клиренсі және сарысулық фосфордың әдеттегі мониторингін жүргізу керек.

1 кесте. Креатинин клиренсінің өзгеруімен емделушілерде дозаны түзету

 

Креатинин клиренсі (мл/мин) 1

Гемодиализдегі емделушілер

 

≥ 50

30-49

10-29

300 мг дозалар аралығындағы ұсынылған интервал

Әрбір 24 сағатта

Әрбір 48 сағатта

Әрбір 72-96 сағатта

Әрбір 7 күнде немесе диализден2 кейін шамамен 12 сағаттан соң

1Нақты дене салмағына есептелген.

2 Әдетте аптасына ұзақтығы шамамен 4 сағаттан гемодиализдің үш сеансы жүргізіледі. Тенофовир дизопроксил фумаратын диализ аяқталғаннан кейін енгізу керек.

Гемодиализ жасалмайтын креатинин клиренсі <10 мл/мин емделушілерде фармакокинетикасы бағаланған жоқ, сондықтан олар үшін дозасына қатысты ұсыныстар жоқ. 12 жастағы және одан асқан бүйрек функциясының бұзылуымен педиатриялық емделушілер үшін ұсынымдар жасауға болатын деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Емдеу режимімен байланысты болуы мүмкін және олар туралы кешенді ем құрамында ұсынылған дозада тенофовир дизопроксил фумаратының клиникалық зерттеулерінде хабарланған орташа немесе ауыр жағымсыз құбылыстар төменде келтірілген. Құбылыстардың жиілігі келесі болжамдар көмегімен анықталады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100); сирек (≥ 1/10000 < 1/1 000); өте сирек (< 1/10000).

Өте жиі (>1/10)

- бас айналуы

- диарея, жүрек айнуы, құсу

- лактоацидоз

- гипофосфатемия

Жиі (>1/100, <1/10)

  • метеоризм

  • гипокалемия

  • ұйқысыздық

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- әлсіздік

- артралгия, миалгия, миопатия

- остеомаляция, рабдомиолиз

- арқаның ауыруы

- депрессия

Сирек (≥1/10, 000 және <1/1000)

- панкреатит

- бүйрек функциясының төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі, Фанкони синдромы, проксимальді ренальді тубулопатия

- креатинин деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, ангионевротикалық ісінуді қоса, аллергиялық реакциялар

- сүтқышқылды ацидоз

Өте сирек (<1/10, 000)

- астения, қызба, салмақты жоғалту

- гепатит, бауыр стеатозы, бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы

- липодистрофия

- бүйрек өзекшелерінің жедел некрозы, полиурия, интерстициальді нефрит (жедел жағдайларды қоса)

- нефрогенді қантты емес диабет

- ентігу, синусит, жоғары тыныс жолдарының жұқпалары, пневмония, назофарингит, кеуденің ауыруы

Кейбір АИВ-жұқпамен науқастарда біріктірілген антиретровирусты ем аясында организмде майдың қайтатаралуы (липодистрофия) байқалған. Біріктірілген антиретровирусты терапия гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, инсулинге резистенттілік, гипергликемия және гиперлактатемия секілді метаболикалық бұзылыстармен байланысты.

Ауыр иммунтапшылығымен АИВ-жұқтырған емделушілерде біріктірілген антиретровирусты терапияның (БАРТ) басында, симптомсыз немесе қалдық оппортунистік жұқпаларға қабыну реакциялары пайда болуы мүмкін. Остеонекроз жағдайлары, әсіресе АИВ- ауруларының дамыған сатысының немесе ұзақ БАРТ (КАРТ) қауіп факторымен емделушілерде байқалған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тенофовир дизопроксил фумаратына немесе препарат компоненттерінің кез келген біреуіне жоғары сезімталдық

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)

- туа біткен галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы секілді сирек кездесетін тұқым қуалаған аурулар

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану диданозиннің жүйелі әсерінің жоғарылауына әкеледі. Тенофовир дизопроксил фумаратының диданозинмен біріктірілімін қабылдайтын емделушілерді диданозинмен (панкреатит, лактоацидоз) байланысты жағымсыз әсерлеріне қатысты мұқият бақылау керек. Тенофовир дизопроксил фумаратын диданозинмен тәулігіне 400 мг қабылдаған емделушілерде, CD4 жасушалар санының супрессиясы байқалған. Дене салмағы 60кг асатын ересектерде диданозиннің дозасын 250мг дейін төмендету керек. Дене салмағы 60 кг кем емделушілерде диданозиннің дозасын түзету туралы деректер жоқ. Атазанавир мен лопинавир/ритонавир тенофовирдің концентрациясын жоғарылатуға қабілетті. Осы өзара әрекеттесудің механизмі белгісіз. Атазанавир/ритонавир мен Тенофовир дизопроксил фумаратын немесе лопинавир/ритонавир мен Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдайтын емделушілер Тенофовир дизопроксил фумаратымен астасқан жағымсыз реакциялар болу жағдайына бақылауда болуы керек. Тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты жағымсыз реакциялар дамыған емделушілер, препаратты қабылдауды тоқтатуы керек. Тенофовир дизопроксил фумараты «концентрация/уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданды және атазанавирдің ең төмен концентрациясын (Cmin) азайтады. Тенофовир дизопроксил фумаратымен бір мезгілде тағайындағанда 300 мг атазанавирді 100 мг ритонавирмен бірге қабылдау ұсынылады.

Атазанавирді ритонавирсіз Тенофовир дизопроксил фумаратымен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Тенофовир дизопроксил фумараты негізінен шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс арқылы бүйрекпен шығарылады. Осы дәрілік затты бүйрек функциясын төмендететін немесе белсенді өзекшелік сөлініс үшін бәсекелесетін препараттармен бір мезгілде қолдану, тенофовирдің немесе онымен бір мезгілде қолданылатын препараттың қан сарысуындағы концентрациясын шығарылудың осы жолына бәсекелестікке байланысты жоғарылатуы мүмкін.

Адефовир дипивоксилі, цидофовир, ацикловир, валацикловир, ганцикловир, валганцикловирді мысалға келтіруге болады, бірақ жағдай осы тізіммен шектелмейді. Тенофовирдің ең жоғары концентрациялары бүйрек жұмысының бұзылуын қоса, Тенофовир дизопроксил фумаратымен астасқан жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Лактоацидоз және гепатоуыттылық

Тенофовир дизопроксил фумаратын қоса, нуклеозидтер аналогын, басқа антиретровирусты препараттармен бірге қабылдағанда өлім жағдайларын қоса, лактоацидоз, стеатозбен бауырдың айқын үлкеюі туралы хабарланды. Осындай жағдайлар көбінесе әйелдерде байқалған. Семіру және нуклеозидтерді ұзақ уақыт қабылдау қауіп факторы болуы мүмкін, әйтсе де осы жағдайлар белгілі қауіп факторынсыз емделушілерде де байқалған. Бауыр аурулары дамуының қауіп факторымен емделушілерді емдеу үшін, нуклеозидті аналогтарды қолданғанда ерекше сақтық шараларын сақтау керек. Лактоацидоздың немесе айқын гепатоуыттылықтың (трансаминазалардың белсенділігінің жоғарылауы айқын болмаған жағдайда бауырдың үлкеюі және стеатоз) клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болғанда препаратпен емдеуді тоқтату керек.

АИВ-1 және В гепатиті вирусының (ВГВ) Ко-жұқпасы. АИВ-1 және ВГВ бір мезгілде жұқтырған емделушілерде АИВ-1 резистенттіліктің даму қаупіне байланысты, Тенофовир дизопроксил фумаратын тек сәйкес біріктірілген антиретровирусты ем сызбасында қолдану керек. ВГВ жұқтырған барлық емделушілерге Тенофовир дизопроксил фумаратымен антиретровирусты емді бастар алдында АИВ-1 антиденелеріне тест жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ АИВ-1-мен барлық емделушілер Тенофовир дизопроксил фумаратымен емді бастар алдында созылмалы В гепатитінің барына тексерілуі керек.

Сүйектердің минералдық тығыздығының азаюы

Патологиялық сүйек сынулары немесе остеопороздың басқа да қауіп факторымен немесе сыртартқысында сүйек рарефикациясымен емделушілерде сүйектердің минералдық тығыздылығына (СМТ) бағалау жүргізуді қарастыру керек. Остеопороздың қауіп факторымен АИВ-жұқтырған емделушілерде кальций препараттары мен Д витаминінің тиімділігіне қатысты деректердің болмауына қарамастан, осы препараттарды барлық емделушілерге қабылдау ұсынылады. Егер сүйектегі өзгерістерге күмән туындаса дереу сәйкес тексерілулер жасау керек. Созылмалы вирусты В гепатитімен емделушілерде препараттың сүйек тініне әсері зерттелген жоқ. Тенофовир дизопроксил фумаратының сүйек тінінің жағдайына әсері (СМТ және остеопороздың серологиялық маркерлері) және болуы мүмкін сынулардың даму қаупі белгісіз. Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауға байланысты остеомаляция жағдайлары туралы хабарланған, ол проксимальді бүйрек тубулопатиясымен байланысты және сынулардың пайда болу қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Емді тоқтатқаннан кейін В гепатитінің асқынуы

Тенофовир дизопроксил фумаратын қоса, ВГВ қарсы емдік дәрілерді қабылдауды тоқтату гепатиттің күрделі жедел асқынуымен астасуы мүмкін. Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды тоқтатқан ВГВ жұқтырған емделушілер үшін, емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде қатаң клиникалық және зертханалық мониторинг қажет. Қажет болғанда ВГВ қарсы емді жаңғырту мақсатқа сай болуы мүмкін.

Нефроуыттылық

Тенофовир дизопроксил фумараты негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Препаратты қабылдағанда бүйрек функциясының жедел бұзылуы мен Фанкони синдромын қоса (айқын гипофосфатемиямен бүйрек өзекшелерінің зақымдануы) бүйрек бұзылыстары байқалған. Тенофовир дизопроксил фумаратымен емді бастар алдында барлық емделушілерде, ал Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеу кезінде клиникалық көрсетілімдері болған жағдайда креатинин клиренсіне бағалау жүргізу керек. Бұрын адефовир дипивоксилді (Гепсерді) қабылдағанда бүйрек функциясының бұзылуы байқалған емделушілерді қоса, бүйрек бұзылыстары қаупі бар емделушілерде креатинин клиренсі мен сарысулық фосфорды әлсін әлсін мониторингілеу керек.

Басқа препараттармен бірге қолдану

Тенофовир дизопроксил фумаратын құрамында тенофовир дизопроксил фумараты + эмтрицитабиннің (Атрипла және б.) немесе тенофовир дизопроксил фумараты + эмтрицитабин + эфавиренздің (Трувада және б.) бекітілген дозасының біріктірілімі бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені осы препараттардың компоненті де тенофовир дизопроксил фумараты болып табылады. Тенофовир дизопроксил фумаратын адефовир дипивоксилмен (Гепсера және б.) біріктірілімде қолдануға болмайды.

Май тіндерінің қайта таралуы

Антиретровирусты ем қабылдаған емделушілерде іш аймағының семіруі, майдың дорсоцервикальді жинақталуы (“бизон өркеші”), аяқ-қолдағы май тіндерін жоғалту, беттегі май тіндерін жоғалту, кеуденің үлкеюі және семірудің “кушинг" типтес денедегі май тіндерінің қайта таралуы/жинақталуы байқалған. Осы құбылыстардың кейінгі салдары және механизмі қазіргі уақытта белгісіз. Себеп-салдарлық байланысы анықталмаған.

Иммундық реактивация синдромы

Біріктірілген антиретровирусты терапия, оның ішінде Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған емделушілерде иммунды реактивация синдромы туралы хабарланған. БАРТ бастапқы фазасында, иммунды жүйесі емге жауап бермейтін емделушілерде, баяулаған немесе қалдық оппортунистік жұқпаларға (Mycobacterium avium туындаған жұқпалар, цитомегаловирусты жұқпа, Pneumocystis jirovecii (РСР) туындаған пневмония немесе туберкулез) қабыну реакциясы дамуы мүмкін, ол өз кезегінде ары қарай тексерілу мен емдеуді қажет етеді.

Вирусологиялық ерте белсенділендіру

АИВ-жұқтырған емделушілерде клиникалық зерттеулер көрсеткендей, құрамында тек кері транскриптазаның үш нуклеозидті тежегіші (КТНТ) бар кейбір сызбалар, жалпы, құрамында кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегішімен (КТНЕТ) немесе АИВ-1 протеаза тежегішімен (ПТ) біріктірілімде екі КТНТ бар үштік дәрілік сызбамен салыстырғанда тиімділігі төмен. Атап айтсақ, вирусологиялық ерте белсенділендіру және резистентті штаммдардың жоғары дәрежедегі түзілуі туралы хабарланды. Сондықтан үштік нуклеозидті сызбалар сақтықпен қолданылуы керек. Үштік нуклеозидті режимді қолданумен емдегі емделушілерді қатаң мониторингілеу керек. Осындай емделушілер үшін емдік сызбаны өзгертуді қарастыру мақсатқа сай.

Егде жастағы емделушілер: бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясының бұзылуының жоғары жиілігін, сондай-ақ қатар жүретін ауруларды немесе басқа дәрілік заттарды қабылдауды ескеріп, егде жастағы емделушілер үшін дозаны сақтықпен таңдау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі: Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау алдында, сондай-ақ клиникалық жағдайларға байланысты барлық препаратты қабылдау кезеңінде емделушілердің барлығында креатинин клиренсін анықтау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі қаупімен емделушілерде қан сарысуында креатинин клиренсі мен фосфордың деңгейін үнемі бақылау керек. Креатинин клиренсі 50 мл/минуттан төмен барлық емделушілерде және диализ жүргізуді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысымен (ESRD) емделушілерде Тенофовир дизопроксил фумараты дозаларының арасындағы интервалды түзету және бүйрек функциясын мұқият бақылау ұсынылады.

Креатинин клиренсі <10 мл/мин гемодиализсіз емделушілерде фармакокинетикасы бағаланған жоқ, сондықтан осы науқастарға препарат қарсы көрсетілімде. Дозаға қатысты аталған ұсынымдарды ұстанған, бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерге тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер жоқ. Сондықтан Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаудың пайдасын бүйрекке уытты әсерінің әлеуетті қаупімен салыстыра отырып бағалау керек. Тенофовир дизопроксил фумаратын нефроуытты препараттармен бір мезгілде немесе жақын арада қабылдағаннан кейін тағайындамаған жөн. Тенофовир дизопроксил фумаратын құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар препараттармен біріктірілімде қолдануға болмайды. Тенофовир дизопроксил фумаратын үш нуклеозидті препараты бар емдеу сызбасының компоненті ретінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерін ескеріп автокөліктерді және басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, шаршағыштық, қызба, бас ауыруы, ұйқысыздық, жүрек айнуы, өкпе инфильтраттары, бөртпе, бас айналуы, құсу, салмақты жоғалту, аллергиялық реакция.

Емі: гемодиализ, уыттылық белгілеріне қатысты емделушілерді мониторингілеу және қажет болғанда демеуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг.

30 таблеткадан жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған контейнерге салынған. 1 контейнерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Aurobindo Pharma Limited

Unit III, Survey No. 313, Bacupally Village, Quthubullapur Mandal, Ranga Reddy District, (A. P.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Aurobindo Pharma Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050046, Алматы қ-сы, Солодовников к-сі, 21/289

Тел. (727) 392-74-05

 

Прикрепленные файлы

911935541477976721_ru.doc 116.5 кб
597518061477977880_kz.doc 152 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники