Темозоломид (20 мг)

МНН: Темозоломид
Производитель: Релаинс Лайф Сайенсыз Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Temozolomide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022249
Информация о регистрации в РК: 13.07.2016 - 13.07.2021
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Темозоломид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Темозоломид

Дәрілік түрі

20 мг, 100 мг, 140 мг, 180 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 20 мг, 100 мг, 140 мг, 180 мг темозоломид;

қосымша заттар: сусыз лактоза (Super Tab 21AN), натрий крахмалының гликоляты (А типі, Промижель), сусыз коллоидты кремний (Аэросил 200), түйіршіктелген шарап қышқылы (40 mesh), стеарин қышқылы (Speziol L2SM GF Pharma);

капсуланың құрамы (пайызбен):

20 мг үшін: желатин, титанның қостотығы (Е171), натрий лаурил сульфаты, темірдің сары тотығы (Е 172);

100 мг үшін: желатин, титанның қостотығы (Е171), натрий лаурил сульфаты, темірдің қызыл тотығы (Е 172);

140 мг үшін: желатин, титанның қостотығы (Е171), натрий лаурил сульфаты, кармоизин, патенттелген көк V;

180 мг үшін: желатин, титанның қостотығы (Е171), натрий лаурил сульфаты, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Өлшемі № 2, сары түсті мөлдір емес қақпағы және ақ түсті мөлдір емес корпусы бар, қақпағында қара түсті «TEMOZOLOMIDE» таңбасы және корпусында «20 мг» таңбасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ашық-қызғылт түске дейінгі ұнтақ (20 мг дозасы үшін).

Өлшемі № 1, қызғылт түсті мөлдір емес қақпағы және ақ түсті мөлдір емес корпусы бар, қақпағында «TEMOZOLOMIDE» таңбасы және корпусында «100 мг» таңбасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ашық-қызғылт түске дейінгі ұнтақ (100 мг дозасы үшін).

Өлшемі № 0, көгілдір түсті мөлдір емес қақпағы және ақ түсті мөлдір емес корпусы бар, қақпағында «TEMOZOLOMIDE» таңбасы және корпусында «140 мг» таңбасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ашық-қызғылт түске дейінгі ұнтақ (140 мг дозасы үшін).

Өлшемі № 0, қоңыр түсті мөлдір емес қақпағы және ақ түсті мөлдір емес корпусы бар, қақпағында «TEMOZOLOMIDE» таңбасы және корпусында «180 мг» таңбасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ашық-қызғылт түске дейінгі ұнтақ (180 мг дозасы үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Алкилдейтін препараттар. Алкилдейтін басқа да препараттар. Темозоломид.

АТХ коды L01AХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Темозоломид физиологиялық рН кезінде бастапқыда өздігінен белсенді зат 3-метил-(триазен-1-ил) имидазол-4-карбоксамидке (МТИК) гидролизденеді. МТИК пуриндер мен нуклеин қышқылдарының биосинтезінде кездесетін белгілі аралық қосылыс 5-амино-имидазол-4-карбоксамидке (АИК) дейін, және белсенді алкилдеуші түр деп саналатын метилгидразинге өздігінен гидролизденеді.

Сіңуі. Темозоломид ішке қабылданғаннан кейін тез сіңеді, ең жоғары шектегі концентрациялар енгізуден кейін 20 мин соң басталады (орташа уақыты 0.5-ден 1.5 сағатқа дейін). 14С-таңбаланған темозоломидті пероральді енгізуден кейін нәжіспен бірге 14С шығарылуының орташа көрсеткіші дозаны енгізгеннен кейін 7 күн ішінде 0.8% құрады, ол оның толық сіңгенін көрсетеді.

Таралуы. Темозоломидтің қандағы көрсеткіші дозаға байланысты артады. Орташа таралу көлемі ересек пациенттерде және балаларда темозоломидтің бір дозасынан кейін, сәйкесінше, 0.35-0.63 л/кг және 0.35-0.41 л/кг аралығында ауытқиды. Плазмалық клиренсі, таралу көлемі және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес, өте төмен болжамды және қайта жаңғыратын өзгергіштік коэффициенттері бар. Темозоломид тез шығарылады және препарат дозасын күн сайын көп реттік енгізуден кейін плазмада жиналмайды. Бала пациенттерде салыстырмалы дозада, ересек пациенттерге қарағанда, жоғарырақ концентрация болады.

Темозоломид ақуыздармен (12-16%) әлсіз байланысады. Қолда бар деректер гематоэнцефалдық бөгет арқылы тез өтуге және жұлын сұйықтығында жиналуға қабілетті деп болжам жасауға мүмкіндік береді.

Шығарылуы. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1.8 сағатты құрайды. Плазмадағы клиренсі, таралу көлемі және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес. Темозоломидтің шығарылуының негізгі жолы – бүйрек арқылы. Пероральді түрде қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң дозаның шамамен 5-10%-ы несепте өзгермеген күйінде анықталады; қалған бөлігі темозоломид қышқылы, 5-аминоимидазол-4-карбоксамид (АИК) немесе сәйкестендірілмеген полярлы метаболиттер түрінде шығарылады.

Плазмадағы препарат клиренсі жасқа, бүйрек функциясына, бауыр функциясына, темекі тартуына немесе дексаметазонды, прохлорперазинді, фенитоинды, карбамазепинді, ондансетронды, Н2-рецепторларының антагонистерін, немесе фенобарбиталды пайдалануға байланысты емес. Ең жоғары жағымды дозасы (ЕЖД) балаларда және ересектерде – бірдей және емдеудің бір циклінде 1000 мг/м2 құрайды.

Фармакодинамикасы

Темозоломид – бұл ісікке қарсы, алкилдеуші, иммунодепрессиялық әсер беретін имидазотетразиндік алкилдеуші препарат. Жүйелік айналымға түскеннен кейін физиологиялық рН мәндерінде ол химиялық өзгеріске тез түсіп, белсенді қосылыс – 3-метил-(триазен-1-ил) имидазол-4-карбоксамид (МТИК) түзеді. Осының салдарынан пайда болатын цитоуытты зақымданулар метил қалдығының аберрантты қалпына келу механизмін қосады (іске қосады).

Қолданылуы

Темозоломид мыналарды емдеу үшін қолданылады:

˗ мультиформалы глиобластомасы алғаш анықталған ересек пациенттерде сәулелік емі (СЕ) қолданылатын біріктірілген ем құрамында және одан кейінгі монотерапияда (20 мг, 100 мг, 140 мг және 180 мг дозалар үшін);

˗ мультиформалы глиобластома немесе анапластикалық астроцитома түрінде қатерлі глиомасы бар 3 жастағы және одан үлкен балаларда, жасөспірімдерде және ересек пациенттерде стандартты емнен кейін ауру қайталанғанда немесе өршігенде (20 мг, 100 мг және 180 мг дозалар үшін).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты мидың қатерлі ісігін емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы тиіс. Құсуға қарсы препараттарды тағайындау мүмкіндігін қарастырған жөн.

Мультиформалы глиобластомасы алғаш диагностикаланған ересек пациенттер. Темозоломидті фокальді сәулелік еммен біріктіріп (біріктірілген фаза) қолданады, одан кейін темозоломидпен монотерапияның 6 циклін жүргізеді (монотерапия фазасы).

Біріктірілген фаза. Темозоломидті ішке 42 күн бойы тәулігіне 75 мг/м2 дозада фокальді сәулелік ем жүргізумен бір мезгілде қолданады (30 фракцияда 60 Гр қолданылады). Дозаны төмендету ұсынылмаған, алайда апта сайын уыттылығының гематологиялық және гематологиялық емес критерийлеріне байланысты темозоломидті қабылдауды кейінге қалдыру немесе тоқтату жөніндегі мәселені қараған жөн. Темозоломидті қолдануды, егер төменде берілген шарттар сақталса, біріктірілген емнің барлық 42 күндік кезеңі бойы (49 күнге дейін) жалғастыруға болады:

- нейтрофилдердің абсолютті саны ≥1.5 × 109/л;

- тромбоциттер саны ≥100 × 109/л;

- ≤1-ші дәрежелі гематологиялық емес уыттылық үшін жалпы уыттылық критерийлері (ЖУК) (алопецияны, жүректің айнуы, құсуды қоспағанда).

Емдеу кезінде апта сайын қанға толық талдау жүргізген жөн. Темозоломидті қолдануды емдеудің біріктірілген фазасы кезінде 1 кестеде көрсетілгендей уыттылығының гематологиялық және гематологиялық емес критерийлеріне сәйкес уақытша доғару немесе толық тоқтату керек.

1 кесте. Біріктірілген ем (сәулелік ем және темозоломид) кезінде темозоломидті қолдануды уақытша тоқтату немесе тоқтату

Уыттылығы

Темозоломидті қолдануды уақытша тоқтатуа

Темозоломидті қолдануды тоқтату

Нейтрофилдердің абсолютті саны

0.5 және <1.5 × 109/л

<0.5 × 109/л

Тромбоциттердің саны

10 және <100 × 109/л

<10 × 109/л

Гематологиялық емес уыттылық ЖУК (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

2 дәрежелі ЖУК

3 немесе 4 дәрежелі ЖУК

а - темозоломидті бір мезгілде қолданып емдеуді төменде берілген барлық шарттарға сәйкес жалғастыруға болады: нейтрофилдердің абсолютті саны 1.5 × 109/л; тромбоциттер саны 100 × 109/л; ≤1-ші дәрежелі гематологиялық емес уыттылықтың ЖУК (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

Монотерапия фазасы. Темозоломид + сәулелік емімен емдеудің біріктірілген фазасы аяқталғаннан кейін 4 аптадан соң, темозоломид монотерапияның 6 циклі үшін қолданылады. 1 цикл кезіндегі (монотерапия) доза 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 150 мг/м2 құрайды, әрі қарай емдеусіз 23 күндік үзіліс жасалады. 2 цикл үшін, егер 1 цикл кезінде гематологиялық емес ЖУК ≤2-ші дәрежені (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда), нейтрофилдердің абсолютті саны 1.5 × 109/л, тромбоциттер саны 100 × 109/л құраса, Темозоломид препаратының дозасы 200 мг/м2 дейін жоғарылайды. Егер дозаны 2 Циклде жоғарылатпаса, кейінгі циклдерде де дозаны жоғарылатпайды. Егер доза жоғарыласа, уыттылықтың даму жағдайларынан басқасында, препаратты әрбір кейінгі циклдің алғашқы 5 күн бойы 200 мг/м2 дозада қолданады. Монотерапия фазасы кезінде Темозоломид препаратының дозасын төмендетуді немесе қолданылуын тоқтатуды 2 және 3 кестелерге сай жүргізу керек.

Емдеу кезінде 22-ші күні (темозоломидтің алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін 21 күннен соң) қанға жалпы толық талдау жасаған жөн. Темозоломид препаратының дозасын төмендетуді немесе қолданылуын тоқтатуды 3 кестеге сай жүргізу керек

2 кесте. Монотерапия кезіндегі темозоломид дозасының деңгейлері

Дозалар деңгейі

Доза (мг/м2/тәул.)

Ескерту

- 1

100

Бұған дейін уыттылық болса төмендету

 

150

1 Цикл кезіндегі доза

1

200

Уыттылық жоқ болғанда 2-6 Цикл кезіндегі доза

3 кесте. Монотерапия кезіндегі темозоломидтің дозасын төмендету немесе қолдануды тоқтату

Уыттылық

Темозоломид дозасын 1 деңгейгеа төмендету

Темозоломид қолдануды тоқтату

Нейтрофилдердің абсолютті саны

<1.0  109/л

b сілтемені қараңыз

Тромбоциттердің саны

< 50  109/л

b сілтемені қараңыз

Гематологиялық емес уыттылық ЖУК (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

3 дәрежелі ЖУК

4 b дәрежелі ЖУК

а - темозоломид дозасының деңгейлері 2 Кестеде көрсетілген;

b – темозоломидті тоқтатады, егер:

  • 1 (100 мг/м2) - доза деңгейінің қолайсыз уыттылықпен қатарласуы жалғасса

  • 3 дәрежелі гематологиялық емес уыттылық (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда) дозаны төмендеткеннен кейін қайталанса

Қатерлі глиомасы қайталанған немесе өршіген ересек пациенттер және 3 жастағы және одан үлкен балалар. Емдеу циклі 28 күнді құрайды. Бұрын химиотерапия жүргізілмеген пациенттерге, темозоломидті 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 200 мг/м2 дозада пероральді түрде тағайындайды, кейін емсіз 23 күндік үзіліс жасайды (жалпы 28 күн). Бұрын химиотерапия жүргізілген пациенттер үшін, бастапқы доза тәулігіне 1 рет 150 мг/м2 құрайды; екінші циклде, гематологиялық уыттылық жоқ болғанда, 5 күн бойы тәулігіне 1 рет доза 200 мг/м2 дейін арттырылуы мүмкін.

Пациенттердің жекелеген топтары

Балалар. 3 жастағы және одан үлкен пациенттерге темозоломидті қатерлі глиома қайталанғанда немесе өршігенде ғана тағайындауға болады. 3 жасқа толмаған балаларда темозоломидті қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Препаратты үлкен балаларға қолдану тәжірибесі өте шектеулі.

Бауыр немесе бүйрек бұзылулары бар пациенттер. Бауыр функциясы қалыпты және бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде темозоломидтің фармакокинетикасы ұқсас. Бауыр функциясының ауыр түрдегі бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша С класс) бар немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде темозоломидті қолдануға қатысты деректер жоқ. Темозоломидтің фармакокинетикалық қасиеттерін негізге алсақ, бауыр функциясы бұзылуларының ауыр түрі немесе бүйрек функциясының ауырлығы кез келген дәрежедегі бұзылуы бар пациенттер үшін дозаны төмендетудің қажет болуы екіталай. Алайда осы пациенттерге темозоломидті қолданған кезде сақтық шараларын жүргізген жөн.

Егде жастағы пациенттер. 19-78 жастағы пациенттерге қатысты популяциялық фармакокинетикалық талдауды негізге алсақ, темозоломидтің клиренсі жасқа байланысты өзгермейді. Алайда егде жастағы (70 жастан асқан) пациенттерде нейтропенияның және тромбоцитопенияның пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін.

Қолдану тәсілі

Темозоломид препараты, капсулаларын, ашқарынға стакан сумен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Капсуланы ашуға немесе шайнауға болмайды.

Егер дозаны қабылдағаннан кейін құсу пайда болса, сол күні екінші дозаны қабылдамаған жөн.

Препаратты сақтау және онымен жұмыс жасау жөнінде арнайы нұсқаулар

Капсуланы ашуға болмайды. Капсула бүлінген жағдайда оның ішіндегісін (ұнтақты) теріге немесе шырышты қабыққа тигізіп алмаған жөн. Темозоломид препараты теріге немесе шырышты қабыққа тиіп кеткен жағдайда осы жерді дереу сумен сабындап жуып-шаю керек.

Пациенттер капсулаларды балалардың қолы жетпейтін жерде, дұрысы құлыпталатын шкафта сақтауы тиіс. Сәби препаратты байқамай қабылдап қойса, өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Пайдаланылмаған препаратты немесе қалдықтарды жергілікті талаптарға сай жойған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Темозоломид препаратын қолданумен байланысты жағымсыз реакциялар олардың пайда болу жиілігіне сай берілген. Жиілігі жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100) және белгісіз (қолда бар деректермен анықтау мүмкін емес) ретінде белгіленген.

Монотерапия және біріктірілген ем кезінде алғаш диагностикаланған мультиформалы глиобластомасы бар пациенттердігі жағымсыз реакциялар

Өте жиі

- анорексия

- құрысулар, бас ауыру

- қажығыштық

- жүректің айнуы, құсу, іш қату

- алопеция, бөртпе

Жиі

- инфекция, қарапайым герпес, жарақат инфекциясы, фарингит, ауыз қуысының кандидозы

- нейтропения, тромбоцитопения, лимфопения, фебрильді нейтропения, лейкопения, анемия

- гипергликемия, салмақтың төмендеуі

- гемипарез, афазия, сананың бәсеңдеуі, ұйқышылдық, қимыл үйлесімінің бұзылуы, бас айналу, сананың шатасуы, жадының нашарлауы, зейінділіктің бұзылуы, дисфазия, неврологиялық бұзылыстар, нейропатия, шеткері нейропатия, парестезия, сөйлеу бұзылыстары, тремор

- мазасыздық, депрессия, эмоциональді құбылмалылық, ұйқысыздық

- көрудің бұлдырауы, көру аумағының кемістігі, диплопия

- естудің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы

- қан кету, тереңдегі көктамырлар тромбозы, аяқтардың ісінушілігі, ісіну

- жөтел, диспноэ

- стоматит, диарея, іштің ауыруы, диспепсия, дисфагия, ауыз ішінің құрғауы

- дерматит, терінің құрғауы, эритема, қышыну

- АЛТ жоғарылауы

- бұлшықет әлсіздігі, артралгия, сүйек-бұлшықет ауыруы, миалгия

- несептің жиі бөлініп шығуы, несепті ұстай алмау

- аллергиялық реакция, ыстықтау, радиациялық зақымдану, беттің ісінуі, ауыру, дәмнің бұзылуы

Жиі емес

- белдемелі герпес, тұмауға ұқсас симптомдар

- петехиялар

- кушингоид

- гипокалиемия, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы, дене салмағының артуы

- қозу, апатия, мінез-құлық бұзылысы, елестеулер, амнезия

- эпилепсиялық статус, экстрапирамидты бұзылыс, атаксия, когнитивті функцияның бұзылуы, жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылуы, гиперестезия, гипестезия, гемиплегия, атаксия, қимыл үйлесімінің бұзылуы, сезімталдықтың бұзылуы

- гемианопия, көру жітілігінің төмендеуі, көрудің нашарлауы, көздің ауыруы және құрғауы

- ортаңғы отит, гиперакузия, құлақтың ауыруы, кереңдік, вертиго

- жүректің қағуы, церебральді геморрагия, гипертензия, өкпе эмболиясы, шеткері ісіну

- пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, мұрынның бітелуі, бронхит, синусит

- терінің қабыршақтануы, жарыққа сезімталдық реакциясы, пигментацияның бұзылуы, қатты тершеңдік, эритема

- іштің кебуі, нәжісті ұстай алмау, асқазан-ішектік бұзылыс, гастроэнтерит, геморрой

- миопатия, арқаның ауыруы

- дизурия

- вагинальді қан кету, меноррагия, аменорея, вагинит, сүт безінің ауыруы, импотенция

- астения, қан кернеулер, ысынулар, жағдайдың нашарлауы, сіреспелілік, тілдің депигментациясы, паросмия, шөлдеу, тістердің кемістігі

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, ГГТ жоғарылауы, АСТ жоғарылауы

Зертханалық талдау нәтижелері. Темозоломидті қоса, цитоуытты препараттардың көбісінің дозаны шектейтін белгілі уыттылығы болып табылатын миелосупрессия (нейтропения және тромбоцитопения) байқалды. Біріктірілген емде және монотерапияда екі топтың да пациенттерінің арасындағы зертханалық өзгерістерді және жағымсыз реакцияларды салыстырғанда, нейтропенияны қоса, нейтрофилдер тарапынан 3-ші және 4-ші дәрежелі өзгерулер пациенттердің 8%-да байқалды. Тромбоцитопенияны қоса, тромбоциттер тарапынан 3-ші және 4-ші дәрежелі өзгерулер темозоломидті қабылдаған пациенттердің 14%-да байқалды.

Қайталанатын немесе өршитін қатерлі глиома. Клиникалық зерттеулерде емдеумен байланысты өте жиі пайда болған жағымсыз реакциялар асқазан-ішек бұзылулары, атап айтқанда жүректің айнуы (43%) және құсу (36%) болды. Бұл реакциялар әдетте 1-ші немесе 2-ші дәрежелі (24 сағаттан соң құсудың 0-5 эпизоды) болды және өздігінен қайтты немесе құсуға қарсы стандартты емнің жәрдемімен оңай бақыланды. Жүректің қатты айнуы және құсу жиілігі 4% құрады.

Қайталанатын немесе өршитін қатерлі глиомасы бар пациенттердегі жағымсыз реакциялар

Өте жиі

- нейтропения немесе лимфопения (3-4 дәрежелі), тромбоцитопения (3-4 дәрежелі)

- анорексия

- бас ауыру

- құсу, жүректің айнуы, іш қату

- қажығыштық

Жиі

- дене салмағының төмендеуі

- ұйқышылдық, бас айналу, парестезия

- диспноэ

- диарея, іш тұсының ауыруы, диспепсия

- бөртпе, қышыну, алопеция

- қызба, астения, қалтырау, дімкәстік, ауыру, дәмнің бұзылуы

Жиі емес

- панцитопения, анемия (3-4 дәрежелі), лейкопения

Сирек

- Pneumocystis jirovecii pneumonia қоса, оппортунистік инфекциялар

Өте сирек

- мультиформалы эритема, эритродермия, есекжем, экзантема

- аллергиялық реакциялар, анафилаксияны қоса, ангионевроздық ісіну

Зертханалық талдау нәтижелері. Тромбоцитопения мен нейтропенияның 3-ші немесе 4-ші дәрежесі қатерлі глиомаға байланысты ем қабылдаған пациенттердің, сәйкесінше, 19 және 17%-да байқалды. Бұл пациенттердің, сәйкесінше, 8 және 4%-да ауруханаға жатқызуға және/немесе Темозоломид препаратын тоқтатуға әкеп соқты. Миелосупрессия болжамды болды (әдетте алғашқы бірнеше циклде, 21 Күн мен 28 Күн арасында ең төмен деңгейде) және жағдай әдетте 1-2 апта ішінде тез жақсарды. Жинақталған миелосупрессия қаупінің қандай да болсын белгілері байқалған жоқ. Тромбоцитопенияның болуы қан кетудің туындау қаупін арттыруы мүмкін, ал нейтропенияның немесе лейкопенияның болуы инфекцияның даму қаупін ұлғайтуы мүмкін.

Постмаркетингтік зерттеу нәтижелері

Жиі

- бауырлық энзимдер деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- гипербилирубинемия, холестаз, гепатит, бауыр функциясының жеткіліксіздігін * қоса, бауырдың зақымдануы

- цитомегаловирустық инфекция және инфекцияның реактивациясы, мысалы, цитомегаловирустық инфекция және В вирустық гепатит* сияқты

- қантсыз диабет

Өте сирек

- ұзақ панцитопения, апластикалық анемия*,

- миелодисплазиялық синдромның дамуы, миелоидты лейкемияны қоса, салдарлық қатерлі жаңа түзілімдер

- интерстициальді пневмонит/пневмонит, өкпе фиброзы, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі*

- уытты эпидермальді некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы

*өліммен аяқталатын жағдайларды қоса

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- темозоломидке немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- дакарбазинге аса жоғары сезімталдық

- ауыр миелосупрессия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 3 жасқа дейінгі (қайталанатын немесе өршитін қатерлі глиома) немесе 18 жасқа дейінгі балалар алғаш байқалған мультиформалы глиобластома немесе қатерлі меланома) (20 мг, 100 мг және 180 мг дозалар үшін)

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (140 мг доза үшін).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер ересектердің қатысуымен ғана жүргізілді.

I фазаны жеке зерттегенде темозоломидті ранитидинмен бірге қолдану темозоломидтің сіңірілу дәрежесінің өзгеруіне немесе оның белсенді метаболиті - монометил триазеноимидазол карбоксамид (МТИК) экспозициясының өзгеруіне әкелген жоқ.

Темозоломидті тамақпен бірге тағайындау Cmax мәнінің 33%-ға артуына және қисық астындағы ауданның AUC 9%-ға артуына әкелді, сондықтан темозоломидті тамақсыз тағайындау ұсынылады.

II Фазаға жүргізілген зерттеулерде популяциялық фармакокинетиканы талдауды негізге алсақ, дексаметазонмен, прохлорперазинмен, фенитоинмен, карбамазепинмен, ондансетронмен, Н2-рецепторлардың антагонистерімен немесе фенобарбиталмен бір мезгілде қолданған кезде темозоломидтің клиренсі өзгермейді. Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолдану темозоломид клиренсінің әлсіз білінетін, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуін туындатады.

Темозоломидтің басқа препараттардың метаболизміне немесе шығарылуына ықпалын анықтауға зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, темозоломид бауырда метаболизденбейтін және ақуыздармен әлсіз байланысын көрсететін болғандықтан, оның басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына ықпалын тигізуі екіталай.

Темозоломидті сүйек кемігінің функциясын басатын басқа препараттармен біріктіріп пайдалану миелосупрессияның ықтималдылығын арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Оппортунистік инфекциялар және инфекциялық аурулардың реактивациясы. Темозоломидпен емдеген кезде оппортунистік инфекциялар (Pneumocystis jirovecii әсерінен туындаған пневмония сияқты) және инфекциялар реактивациясы (В вирустық гепатиті және цитомегаловирустық инфекция сияқты) жағдайлар байқалды.

Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмония. 42 күндік емдеу сызбасы бойынша іс-тәжірибелік зерттеулерде бір мезгілде темозоломидті және сәулелік емін қабылдаған пациенттерде Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмонияның даму қаупі ерекше. Сондықтан, лимфоциттер санына қарамай-ақ, 42 күндік (ең көп дегенде 49 күндік) сызба бойынша бір мезгілде темозоломидті және сәулелік емін қабылдап жүрген пациенттерде Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмонияға профилактика жүргізген жөн. Егер лимфопения пайда болса, профилактиканы ≤1 дәрежесіне жеткенше жалғастыру қажет.

Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмонияның даму жиілігі, егер темозоломид емдеудің өте ұзақ сызбасы бойынша қолданылса, жоғары болуы мүмкін. Темозоломид қабылдап жүрген барлық пациенттер, әсіресе стероидты препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде, емдеу сызбасына қарамай-ақ, Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмонияның дамуына қатысты жиі тексерген жөн. Темозоломидті, атап айтқанда, дексаметазонмен немесе басқа стероидтармен біріктіріп қабылдағанда өліммен аяқталатын тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары жөнінде мәлімделді.

В вирусты гепатит. Кейбір жағдайларда өлімге әкеп соғуы мүмкін В гепатиті вирусының реактивациясы жөнінде мәлімдемелер бар. В гепатиті вирусының бар-жоқтығына серологиялық тестінің оң нәтижелері бар пациенттерді, белсенді фазадағы ауруы бар пациенттерді қоса, темозоломидпен емдеуді бастар алдында тиісті мамандардан кеңес алу қажет. Емдеу кезінде пациент дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Гепатоуыттылық. Темозоломид қабылдаған пациенттерде өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігін қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары жөнінде мәлімдемелер бар. Әрбір емдеу курсын бастар алдында, бастапқы жағдайды анықтау үшін, бауыр функциясының көрсеткіштерін анықтаған жөн. Өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін екендігін ескеріп, мұндай пациенттерде емдеуді бастағанға дейін пайда/қаупі арақатынасына баға берген жөн. 42 күндік емдеу циклінің ортасында бауыр функциясын бақылау қажет. Әрбір емдеу курсын аяқтағаннан кейін барлық пациенттерде бауырлық тестілерді бақылау қажет. Бауыр функциясының елеулі ауытқулары бар пациенттерде емдеуді жалғастыру үшін пайда/қаупі арақатынасына баға беру қажет. Гепатоуыттылық темозоломидпен емдеу курсы аяқталғаннан кейін бірнеше және одан көбірек аптадан кейін көрініс беруі мүмкін.

Қатерлі жаңа түзілімдер. Миелоидті лейкозды қоса, миелодисплазиялық синдром немесе салдарлы қатерлі жаңа түзілімдер жағдайлары жөнінде өте сирек мәлімделді.

Құсуға қарсы ем. Жүректің айнуы және құсу темозоломидті қолданумен өте жиі астасады. Құсуға қарсы емді темозоломидті қолдануға дейін және қолданудан кейін жүргізуге болады.

Алғаш диагностикаланған мультиформалы глиобластомасы бар ересек пациенттер. Құсудың профилактикасын біріктірілген ем фазасында алғашқы дозаны қабылдар алдында және монотерапияның фазасы ішінде жүргізу табанды түрде ұсынылады.

Қайталанатын немесе өршитін қатерлі глиомасы бар пациенттер. Құсуға қарсы ем емдеудің бұрынғы циклдерінде ауыр (3-ші немесе 4-ші дәрежелі) құсу болған пациенттерге қажет болуы мүмкін.

Зертханалық көрсеткіштер. Темозоломид препаратын қабылдаған пациенттерде ұзақ панцитопенияны қоса, миелосупрессия дамуы мүмкін, ол апластикалық анемияға әкеп соғуы мүмкін, ал бірнеше жағдайларда өліммен аяқталуға әкелді. Кейбір жағдайларға баға беру апластикалық анемияны емдеуге арналған препараттарды қатарластыра қолданумен қиындады, олардың ішінде карбамазепин, фенитоин және сульфаметоксазол/триметоприм болды.

Препаратты қолданар алдында келесі зертханалық көрсеткіштер талаптарға сәйкес келуі тиіс: нейтрофилдердің абсолютті саны ≥1.5 × 109/л және тромбоциттер саны ≥100 × 109/л. 22-ші күні (алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін 21 күннен соң) немесе осы күннен кейін 48 сағат ішінде қанға толық талдау жүргізу қажет, оны нейтрофилдердің абсолютті саны > 1.5 × 109/л және тромбоциттер саны >100 × 109/л жеткенше апта сайын жүргізген жөн. Егер кез келген циклде нейтрофилдердің абсолютті саны <1.0 × 109/л дейін немесе тромбоциттер саны <50 × 109/л дейін төмендейтін болса, келесі циклге дейін дозаны бір деңгейге түсірген жөн. Дозалар деңгейлері 100 мг/м2, 150 мг/м2 және 200 мг/м2 қамтиды Ең төмен ұсынылған доза 100 мг/м2 құрайды.

Балалар. Темозоломидті 3 жасқа толмаған балаларға қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Препаратты үлкен балаларға қолдану тәжірибесі өте шектеулі.

Егде жастағы (>70 жас) пациенттер. Егде жастағы пациенттерде, жасырақ пациенттермен салыстырғанда, нейтропенияның және тромбоцитопенияның даму қаупі жоғары болады. Сондықтан темозоломидті егде жастағы пациенттерге қолданғанда сақтық шараларын жүргізген жөн.

Лактозаның жақпаушылығы және лактаза жеткіліксіздігі. Темозоломидтің құрамында лактоза бар, сондықтан ол галактозаның жақпаушылығымен, Лапп лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактозаның сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Темозоломидті жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Препаратты жүкті әйелдерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулерде темозоломидті 150 мг/м2 дозада енгізгенде егеуқұйрықтарда және үй қояндарында тератогенділік және/немесе фетальді уыттылық байқалды.

Пациентке шарана үшін зор қаупі жөнінде айту қажет. Бала көтере алатын жастағы әйелдерге темозоломидпен емделу кезінде жүктілікке жол бермеу үшін контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануды ұсыну қажет.

Лактация кезеңі. Темозоломидтің емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз, сондықтан темозоломидпен емделу кезінде бала емізуді тоқтатқан жөн.

Еркектердегі фертильділік. Темозоломид геноуытты әсер беруі мүмкін. Сондықтан темозоломидпен ем қабылдап жүрген еркектер препараттың соңғы дозасын қолданғаннан кейін 6 ай бойы бала ұрықтандыруды жоспарламауы тиіс. Емдеуді бастар алдында сперманы криоконсервациялауға қатысты кеңес алғаны жөн, өйткені темозоломидпен емделу аясында қайтымсыз белсіздік дамуы мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың ұйқышылдық және шаршау сезімі сияқты кейбір жағымсыз әсерлері көлік құралдарын басқару немесе зейінділіктікті және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін атқару қабілетіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: Темозоломид препаратын 500, 750, 1000, 1250 мг/м2 дозаларда (5 күндік емдеу циклі ішінде алынған жиынтық доза) қолданудың клиникалық деректері бар. Дозаны шектейтін уыттылық гематологиялық уыттылық болды, ол кез келген дозаны қабылдаған кезде байқалды, бірақ өте жоғары дозаларда өте айқын болды. 10000 мг (5 күннен астам цикл ішінде алынған жиынтық доза) артық дозаланудың жекелеген жағдайлары сипатталған, артық дозаланудың көріністері панцитопения, гипертермия, полиағзалық жеткіліксіздік және өліммен аяқталу болды. Сондай-ақ темозоломидті 5 күннен көбірек (64 күнге дейін) қабылдаған пациенттер жөнінде деректер бар, бұл инфекциялық аурулар, кейбір жағдайларда ауыр және ұзаққа созылып, өлімге әкеп соққан сүйек кемігі қызметінің бәсеңдетілуі сияқты көріністерді туындатқан.

Емі: гематологиялық бақылау, уыттық зақымдануының ауырлығына байланысты дозаны түзету немесе емдеу курсын тоқтату, және қажет болса, симптомдық ем ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Балалардың пайдалануынан қорғайтын функциясы бар ақ полипропиленді бұранда қақпағы бар, индукциялық дәнекермен жабдықталған, янтарь түсті шыны құтыда 5 капсуладан.

Құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Reliance Life Sciences Pvt. Ltd., Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Қазақстан Республикасындағы «APC Нelthcare Limited» өкілдігі

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Reliance Life Sciences Pvt. Ltd., Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«APC Healthcare Limited» өкілдігі

050040, Алматы қ., Попов к-сі 19, офис 301

Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25

E-mail: rahulsingh@apchealthcare.com

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«APC Healthcare Limited» өкілдігі

050040, Алматы қ., Попов к-сі 19, офис 301

Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25

E-mail: rahulsingh@apchealthcare.com

Прикрепленные файлы

969023651477976201_ru.doc 154.5 кб
568342981477977449_kz.doc 192 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники