Таутакс (20 мг/1 мл)

МНН: Доцетаксел
Производитель: Лэнс-Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Docetaxel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021057
Информация о регистрации в РК: 31.12.2014 - 31.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Таутакс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Доцетаксел

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг/1 мл, 40 мг/2 мл, 80 мг/4 мл, 110 мг/5.5 мл концентрат

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – доцетаксел сусыз затқа шаққанда 20.0 мг,

қосымша заттар: полисорбат – 80, сусыз лимон қышқылы, сусыз этанол

Сипаттамасы

Ашық-сары түсті мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Өсімдік текті алкалоидтар. Таксандар. Доцетаксел.

АТХ коды L01CD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Доцетакселдің кинетикасы дозаға байланысты және жартылай шығарылу кезеңі сәйкесінше, 4 мин., 36 мин. және 11,4 сағ. құрайтын үш фазалы фармакокинетикалық модельге сәйкес келеді. Доцетакселдің 95%-дан астамы плазма ақуыздарымен байланысады.

7 күн ішінде доцетаксел Р450 цитохромының қатысуымен тертбутил эфир тобының тотығуынан кейін несеппен және нәжіспен бірге шығарылады; несеппен және нәжіспен экскрециясы дозаның сәйкесінше 6%-ын және 75%-ын құрайды. Нәжіспен бірге шығарылатын препараттың шамамен 80%-ы 48 сағат ішінде белсенді емес негізгі метаболит және маңызы азырақ белсенді емес үш метаболит түрінде және, өте аз мөлшерде, өзгермеген күйінде табылады. Доцетакселдің фармакокинетикасы емделушінің жасына және жынысына байланысты емес. Бауыр функциясының айқындылығы азырақ бұзылуларында (аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансаминаза (АСТ) деңгейлері >1,5 нормасының сілтілік фосфатаза >2,5 нормасы белсенділігінің жоғарылауымен біріккен) жалпы клиренс орташа көрсеткішпен салыстырғанда 27%-ға төмендейді. Доцетаксел клиренсі сұйықтықтың әлсіз немесе орташа іркілісінде өзгермейді; сұйықтықтың айқын іркілісіндегі препарат клиренсі жөнінде мәлімдемелер жоқ.

Фармакодинамикасы Доцетаксел – ісікке қарсы өсімдік текті препарат (таксоидтар тобынан). Микротүтікшелерде тубулин жиналып, олардың ыдырауына кедергі жасайды, бұл ісік жасушаларындағы митоз фазасын және фазааралық үдерістерді бұзады. Доцетаксел жасушаларда ұзақ уақыт сақталады, онда оның концентрациясы жоғары мәндерге жетеді. Бұдан басқа, доцетаксел көптеген тұрақты генмен кодталатын Р-гликопротеиннің шамадан тыс мөлшері өндірілетін біршама жасушаларға қатысты белсенді болып шықты.

Қолданылуы

-

регионарлы лимфа түйіндері зақымданатын сүт безінің операбельді обырын (СОО) адъювантты емдеуде доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріп

-

СОО ерте сатыларында алғашқы химиялық емді таңдаудың халықаралық бекітілген іріктеу критерийлеріне сәйкес химиялық ем жүргізілуі керек емделушілердегі, регионарлы лимфа түйіндерінің зақымынсыз, сүт безінің операбельді обырында (қайталану қаупінің бір немесе одан көбірек факторлары бар болғанда)

-

сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обырында (1-ші желілі ем ретінде доксорубицинмен біріктіріп немесе 2-ші желілі ем ретінде: монотерапияда, бұған дейін антрациклиндерді немесе алкилденетін дәрілерді қамтыған ем тиімсіз болғанда, және егер бұған дейінгі емде антрациклиндер қамтылса, капецитабинмен біріктіріп)

-

ісік экспрессиясы НЕR2 сүт безінің метастаздық обырында трастузумабмен біріктіріп, бұған дейін химиялық емдеу болмаған жағдайда

-

өкпенің операбельді емес, жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы обырында (цисплатинмен немесе карбоплатинмен біріктіріп) 1-ші желілі ем ретінде немесе, платина препараттарына негізделген химиялық емдеу тиімсіз болғанда, монотерапияда 2-ші желілі ем ретінде

-

аналық бездің метастаздық обырында бұған дейінгі 1-ші желілі ем тиімсіз болғанда (доцетаксел монотерапия ретінде, 2-ші желілі ем)

-

бас пен мойынның жергілікті таралған жалпақ жасушалы обырында (доцетаксел цисплатинмен және фторурацилмен біріктіріп, индукциялық ем)

-

қуықасты безінің метастаздық, гормонрезистентті обырында (преднизонмен немесе преднизолонмен біріктіріп)

-

кардиальді бөлімінің аденокарциномасын қоса, асқазанның метастаздық обырында (цисплатинмен және фторурацилмен біріктірілімі) 1-ші желілі ем ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таутакс ісікке қарсы химиялық емді қолдануда компетентті дәрігердің бақылауымен ғана енгізілуі тиіс.

Таутакс әрбір 3 апта сайын бір сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде енгізіледі.

Жоғары сезімталдық реакцияларына жол бермеу үшін, сондай-ақ сұйықтық іркілісін азайту мақсатында Таутакс препаратын енгізуге дейін барлық науқастарға (қуықасты безінің обыры бар науқастарды қоспағанда) глюкокортикостероидтармен, мысалы, Таутаксті енгізуден 1 күн бұрын дексаметазонмен 3 күн бойы тәулігіне 16 мг дозада (күніне екі рет 8 мг-ден), ішке премедикация жүргізу қажет.

Преднизонмен немесе преднизолонмен қатар ем қабылдап жүрген, қуықасты безінің обыры бар науқастарда Таутаксті енгізуден 12, 3 және 1 сағат бұрын 8 мг доза дексаметазонмен премедикация жүргізіледі.

Гематологиялық асқынулардың даму қаупін төмендету үшін гранулоцитарлы колониястимуляциялаушы факторды (Г‑КСФ) профилактикалық енгізу ұсынылады.

Сүт безінің обыры

Сүт безі обырының операбельді түрі бар науқастарды адъювантты түрде емдегенде Таутакс препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын доксорубицин (50 мг/м2) мен циклофосфамидті (500 мг/м2) енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң 75 мг/м2 құрайды. Барлығы 6 цикл.

Монотерапияда Таутакстің ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын 100 мг/м2 құрайды. Доксорубицинмен (50 мг/м2) немесе капецитабинмен (2 апта бойы тәулігіне 2 рет ішке 1250 мг/м2, әрі қарай апталық үзіліске ұласады) біріктіргенде Таутакс әрбір 3 апта сайын 75 мг/м2 дозада енгізіледі.

Трастузумабпен біріктіргенде Таутакс препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын 100 мг/м2 құрайды. Трастузумабтың дозасына және енгізу тәсіліне қатыстыны трастузумабтың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Таутакс монотерапияда және платина препараттарымен біріктіргенде әрбір 3 апта сайын 75 мг/м2 дозада енгізіледі.

Аналық бездердің метастаздық обыры

Таутакс әрбір 3 апта сайын 100 мг/м2 дозада енгізіледі.

Бас пен мойынның жұмсақ тіндерінің жергілікті таралған жалпақ-жасушалы обыры

Таутакс 75 мг/м2 дозада енгізіледі. Таутакс препаратымен инфузиядан кейін сол күні 1 сағат ішінде 75 мг/м2 доза цисплатинмен инфузия жүргізіледі, әрі қарай 5 күн бойы 24 сағаттық инфузия түрінде тәулігіне 750 мг/м2 дозада фторурацилмен инфузияға ұласады. Бұл режимді 3 аптада 1 рет тағайындайды және 4 циклге дейін қайталайды. Химиялық емдеу курсынан кейін сәулемен емдеу тағайындайды.

Бас пен мойынның жұмсақ тіндерінің метастаздық жалпақ жасушалы обыры

Таутакс әрбір 3 сағат сайын 100 мг/м2 дозада енгізіледі.

Қуықасты безінің метастаздық гормонрезистентті обыры

Таутакс 3 аптада 1 рет 75 мг/м2 дозада енгізіледі. Преднизон немесе преднизолон Таутакс препаратымен курстық емдеу кезеңінде ұзақ уақыт күніне 2 рет 5 мг-ден ішке тағайындалады.

Асқазанның метастаздық обыры, кардиальді бөлімнің аденокарциномасын қоса

Таутакс 3 аптада 1 рет 75 мг/м2 дозада енгізіледі. Таутакс препаратымен инфузиядан кейін сол күні 1-3 сағат бойы 75 мг/м2 доза цисплатинмен инфузия жүргізіледі, әрі қарай цисплатинмен инфузия аяқталған сәттен бастап, 5 күн бойы 24 сағаттық инфузия түрінде тәулігіне 750 мг/м2 доза фторурацилмен инфузияға ұласады.

Дозаны түзету

Таутакс нейтрофилдер саны >1500/мкл болғанда енгізіледі. Аптадан астам байқалған, нейтрофилдер саны <500/мкл төмендегенде, немесе доцетакселмен емдеу кезінде фебрильді нейтропения дамығанда, немесе айқын тері реакциялары дамығанда, немесе айқын шеткергі нейропатия дамығанда, келесі енгізілулер үшін осы препараттың дозасын 100-ден 75 мг/м2-ге дейін және/немесе 75-тен 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Егер осындай асқынулар 60 мг/м2 доза Таутаксті қолданған кезде де пайда болса, емдеуді тоқтатқан жөн.

Сүт безінің обырын біріктіріп емдегенде

Адъювантты ем қабылдап жүрген, сүт безі обырының операбельді түрі бар емделушілер фебрильді нейтропения дамыған кезде кейінгі циклдердің барлығында Г-КСФ-ті қабылдауы тиіс. Фебрильді нейтропения сақталған жағдайда Таутакс препаратының дозасын 60 мг/м2 дейін азайтып, Г-КСФ қабылдауды жалғастыруы қажет. Егер Г‑КСФ пайдаланылмаса, онда Таутакс препаратының дозасы 75 мг/м2-ден 60 мг/м2 дейін төмендетілуі тиіс. 3 және 4 дәрежедегі стоматиті бар емделушілерде (ДДҰ бойынша ісікке қарсы химиялық емдеу уыттылығының классификацтиясы) 60 мг/м2 дейін төмендету қажет.

Таутакс препараты мен капецитабинді біріктіріп қолданғанда, Таутакс/капецитабин препараттарымен емдеудің келесі циклін бастағанға дейін сақталатын 2 дәрежедегі уыттылық алғаш пайда болғанда емдеу уыттылық 0-1 дәрежеге дейін төмендегенше кейінге қалдырылуы мүмкін, мұндайда емдеудің келесі циклі кезінде Таутакс препаратының бастапқы дозасы 100% енгізіледі. Емдеудің кез келген циклінде 2 дәрежедегі уыттылық қайтадан дамитын немесе 3 дәрежедегі уыттылық көрінісі орын алатын емделушілерде ем уыттылық 0-1 дәрежеге дейін кейінге қалдырылады, содан кейін Таутакс препаратымен емдеу 55 мг/м2 дозада қайта басталады.

Уыттылықтың кез келген кейінгі көріністерінде немесе 4 дәрежедегі уыттылықтың кез келген түрлері пайда болғанда Таутакс препаратын енгізу тоқтатылуы тиіс.

Капецитабин дозасы оның медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына сәйкес төмендетіледі.

Өкпенің ұсақ жасушалы обырын біріктіріп емдегенде

Бастапқыда Таутаксті 75 мг/м2 дозада цисплатинмен немесе карбоплатинмен біріктіріп қабылдаған, алдыңғы емдеу циклінде тромбоциттер саны <25000/мкл дейін (цисплатинмен бірге) және <75000/мкл дейін (карбоплатинмен бірге) төмендеген емделушілерде, немесе фебрильді нейтропения дамыған емделушілерде, немесе гематологиялық емес уыттылықтың ауыр көріністері бар емделушілерде Таутакс препаратының дозасы келесі циклде 65 мг/м2 дейін төмендетілуі тиіс.

Таутакс препаратын цисплатинмен және фторурацилмен біріктіргенде фебрильді нейтропения дамыған немесе жұқпа қосылған жағдайда, Г-КСФ қабылдауға қарамастан, Таутакс препаратының дозасын 60 мг/м2 дейін азайтқан жөн. Әрі қарай асқынған нейтропения көріністері дамығанда Таутакс препаратының дозасын 60 мг/м2-ден 45 мг/м2 дейін азайтуға ұсыныс жасалады. 4 дәрежедегі тромбоцитопения дамыған кезде Таутакс препаратының дозасын 75 мг/м2-ден 60 мг/м2 дейін азайтуға кеңес беріледі. Таутакс препаратының келесі циклдері нейтрофилдер саны >1500/мкл және тромбоциттер саны >100000/мкл болғанда жалғастырылуы ықтимал; уыттылық сақталған жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн.

Уыттылықтың басқа түрлері дамығанда Таутакс препаратының дозасын түзету төменде берілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі:

Уыттылық

Дозаны түзету

3 дәрежедегі диарея

Алғашқы көрініс: фторурацилдің дозасын 20%-ға азайту керек.

Қайталанған көрініс: Таутакстің дозасын 20%-ға азайту керек.

4 дәрежедегі диарея

Алғашқы көрініс: фторурацил мен Таутакстің дозасын 20%-ға азайту керек.

Қайталанған көрініс: емдеуді тоқтату керек.

3 дәрежедегі стоматит

Алғашқы көрініс: фторурацил дозасын 20%-ға азайту керек.

Қайталанған көрініс: кейінгі циклдерде фторурацилді тоқтату керек.

Үшінші көрініс: Таутакс дозасын 20%-ға азайту керек.

4 дәрежедегі стоматит

Алғашқы көрініс: кейінгі циклдерде фторурацилді тоқтату керек.

Қайталанған көрініс: Таутакс дозасын 20%-ға азайту керек.

қолданылуы

Науқастардың айрықша топтары

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Қан плазмасындағы трансаминаза белсенділігі (АЛТ және/немесе АСТ) қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 еседен астамға жоғарылаған, және/немесе сілтілік фосфатазасы ҚЖШ-ден 2,5 еседен астамға жоғарылаған науқастарда, Таутакс препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Билирубин концентрациясы жоғарылаған және/немесе АЛТ мен АСТ белсенділігінің жоғарылауы (>3,5 ҚЖШ) ҚЖШ-ден 6 есе асатын сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауымен біріккен науқастарда Таутаксті қолдануға болмайды.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде доцетакселді басқа препараттармен біріктіріп қолдануға қатысты деректер қазіргі таңда жоқ.

Балалар

Балаларда доцетакселдің қауіпсіздігі және тиімділігі жеткіліксіз зерттелген, балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Егде жастағы адамдар

Фармакокинетикалық деректерге жасалған талдауды ескерсек, доцетакселді егде жастағы адамдарға қолдану жөнінде қандай да болсын нұсқаулар жоқ.

60 жастан асқан емделушілерде капецитабинмен біріктіргенде капецитабиннің старттық дозасын 75% дозаға дейін төмендетуге кеңес беріледі (капецитабиннің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Инфузия үшін ерітінді дайындау

Концентраттың қажетті көлемі қажет етілетін дозаға сәйкес 250 мл 5% декстроза ерітіндісінде немесе 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтылады. Егер доцетакселдің қажетті дозасы 200 мг-ден артық болса, онда доцетаксел концентрациясы 0,74 мг/мл-ден аспауы үшін инфузияға арналған сұйықтықты үлкен көлемде пайдаланған жөн.

Алынған ерітіндіні абайлап араластырған және бөлме температурасында және кәдімгідей жарықта 4 сағат ішінде пайдаланған жөн.

Инфузияға арналған Таутакс препаратын, парентеральді түрде қолдануға арналған кез келген басқа препараттар сияқты, енгізер алдында қарап көру қажет; шөгінді бар болған жағдайда ерітіндіні жойған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Доцетакселдің жағымсыз реакцияларының ауырлығы оны басқа химиялық емдеу дәрілерімен біріктіріп тағайындағанда өсуі мүмкін. Төменде монотерапияда, сондай-ақ Таутаксті доксорубицинмен, цисплатинммен, трастузумабпен, капецитабинмен, преднизонмен немесе преднизолонмен (емдеумен байланысты маңызды жағымсыз реакциялар берілген), доксорубицинмен және циклофосфамидпен (емдеумен байланысты маңызды жағымсыз реакциялар берілген), фторурацилмен (емдеумен байланысты маңызды жағымсыз реакциялар берілген) біріктірген кезде байқалған барлық жағымсыз әсерлер сипатталған.

Монотерапия ретінде 100 мг/м2 доза доцетаксел

Өте жиі

-

нейтропения (қайтымды және жиналып қалмаған, жасушалардың аздаған саны, орта есеппен, 7-күні байқалады, ауыр нейтропенияның орташа ұзақтығы, яғни < 500/мкл, 7 күнді құрады), анемия, алопеция, жүректің айнуы, құсу, стоматит, іштің өтуі және астения.

-

парестезиямен, дизестезиямен және ауырулармен, соның ішінде күйдіретін ауырулармен сипатталатын, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жүйке сезімталдығының бұзылу белгілері. Нейромоториканың бұзылулары, негізінен, әлсіздікпен білінеді. Симптомдар 3 ай ішінде өздігінен қайтады. Симптомдардың қайтымдылығы жөніндегі деректер монотерапия ретінде 100 мг/м2 доцетакселмен емдеуден кейін нейроуыттылығы сақталған науқастардың 35,3%-на қатысты. Ауыр шеткергі нейроуыттылық дамыған жағдайда дозаны түзету қажет.

-

жоғары сезімталдық реакциялары: гиперемия, бөртпе, қышитын немесе онсыз, кеудеде кернеу сезімі, арқаның ауыруы, ентігу, жоғары температура немесе қалтырау, әдеттегідей, доцетакселмен инфузияны бастағаннан кейін бірнеше минуттан соң дамиды және әдетте жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауырлықта болады. Ауыр реакциялар гипотензиямен және/немесе бронхтың түйілуімен немесе жайылған бөртпемен (эритемамен) өтеді.

-

әдеттегідей, жеңіл немесе орташа білінеді деп саналатын қайтымды тері реакциялары. Реакциялар бөртпемен, соның ішінде, негізінен, аяқ пен қолда (соның ішінде алақан-табан эритродизестезиясы синдромының ауыр түрі), сондай-ақ білекте, бетте және кеудеде, көбіне қышитын жергілікті бөртпелермен сипатталады. Әдетте, бөртпелер доцетаксел инфузиясынан кейін 1 апта ішінде пайда болады.

-

инфузия енгізілген жердегі реакциялар, әдетте, жеңіл түрде өтеді және гиперпигментация, қабыну, қызару немесе терінің құрғауы, флебит немесе қанталау және көктамырлардың ісінуі түрінде болады.

-

сұйықтық іркілісінің шеткергі ісінулер түрінде және сирек – плевралық жалқық, перкардиальді жалқық, асцит және дене салмағының артуы түрінде болуы. Шеткергі ісінулер әдетте аяқта басталады, дене салмағының 3 және одан көбірек кг артатын жайылған түрге ие болуы мүмкін. Сұйықтық іркілісінің жиілігі және ауырлық дәрежесі жинақталған сипатта өтеді. Орташа жинақталған доза емдеуді тоқтатқан сәтте 1000 мг/м2-ге жоғарылады, ал сұйықтықтың іркілісі қайтымдылығының орташа уақыты 16,4 аптаны (0-ден 42 аптаға дейінді) құрады. Сұйықтықтың жеңіл және ауыр дәрежедегі ауырлықтағы іркілісі, премедикациясыз науқастармен (орташа жинақталған доза: 489,7 мг/м2) салыстырғанда, премедикациядағы науқастарда (орташа жинақталған доза: 818,9 мг/м2) кеш басталады; алайда кейбір науқастарда ол емдеудің ерте курстарында байқалды.

-

жұқпалар (соның ішінде сепсис және пневмония, өліммен аяқталу 1,7 %)

-

нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия

-

жоғары сезімталдық

-

анорексия

-

шеткергі сенсорлы және шеткергі моторлы невропатия, дисгевзия

-

ентігу

-

стоматит, диарея, жүректің айнуы, құсу

-

алопеция, тері реакциялары, тырнақтардың бұзылуы

-

миалгия

-

сұйықтықтың іркілуі, астения, ауыру

Жиі

-

нейтропениямен байланысты жұқпалар

-

тромбоцитопения

-

аритмия

-

гипотензия, гипертензия, геморрагия

-

іштің қатуы, іштің ауыруы, асқазан-ішектік қан кету (соның ішінде ауыр түрі)

-

артралгия

-

инфузияны енгізген жердегі реакциялар, кеудеде жүректік емес ауырулар

-

қанда жоғары билирубин, қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, АСТ және АЛТ жоғарылауы

Кейде

-

жүрек функциясының жеткіліксіздігі

-

эзофагит

Сирек

-

десквамацияға ұласатын, сирек жағдайларда доцетакселмен емдеуді үзуге немесе тоқтатуға мәжбүр ететін бөртпелер

-

тырнақтың гипопигментациямен немесе гиперпигментациямен және кейде ауырсынумен, және онихолизиспен сипатталатын ауыр өзгерулері

-

тромбоцитопениямен қатар жүретін қан кету көріністері

Өте сирек

-

қайтымсыз алопеция

73% тері реакциялары 21 күн ішінде қайтады.

Монотерапия ретінде 75 мг/м2 доза доцетаксел

Өте жиі

-

жұқпалар

-

нейтропения, анемия, тромбоцитопения

-

анорексия

-

шеткергі сенсорлы невропатия

-

жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея

-

алопеция, тері реакциялары

-

астения, сұйықтық іркілісі, ауыру

Жиі

-

фебрильді нейтропения

-

жоғары сезімталдық (ауыр емес)

-

шеткергі моторлы невропатия

-

аритмия (ауыр емес)

-

гипотензия

-

іш қату

-

тырнақтардың бұзылуы (ауыр: 0,8%)

-

миалгия

-

қанда билирубиннің жоғарылауы

Доксорубицинмен біріктірілген 75 мг/м2 доцетаксел

Өте жиі

-

жұқпалар

-

нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения

-

шеткергі сенсорлы невропатия

-

жүректің айнуы, стоматит, диарея, құсу, іштің қатуы

-

алопеция

-

астения, сұйықтық іркілісі, ауыру, тырнақтардың бұзылуы, тері реакциялары

Жиі

-

жоғары сезімталдық

-

анорексия

-

шеткергі моторлы невропатия

-

жүрек функциясының жеткіліксіздігі, аритмия (ауыр емес)

-

миалгия

-

инфузия енгізілген жерде реакциялар

-

қанда билирубиннің, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Кейде

-

гипотензия

-

АСТ және АЛТ жоғарылауы

Цисплатинмен біріктірілген 75 мг/м2 доцетаксел

Өте жиі

-

жұқпалар

-

нейтропения, анемия, тромбоцитопения

-

жоғары сезімталдық

-

анорексия

-

шеткергі сенсорлы және шеткергі моторлы невропатия

-

жүректің айнуы, құсу, диарея, стоматит

-

алопеция, тырнақтардың бұзылуы, тері реакциялары

-

миалгия

-

астения, сұйықтық іркілісі, қызба

Жиі

-

фебрильді нейтропения

-

аритмия

-

гипотензия

-

іштің қатуы

-

енгізген жерде реакциялар, ауыру

-

қанда билирубиннің жоғарылауы, АЛТ жоғарылауы

Кейде

-

жүрек функциясының жеткіліксіздігі

-

қанда сілтілік фосфатазаның және АСТ жоғарылауы

Трастузумабпен біріктірілген 100 мг/м2 доцетаксел

Өте жиі

-

нейтропения, фебрильді нейтропения (соның ішінде антибиотиктер аясында қызбамен өтетін нейтропения) немесе нейтропениялық сепсис

-

анорексия

-

ұйқысыздық

-

парестезия, бас ауыру, дисгевзия, гиперестезия

-

көзден жас бөлінудің күшеюі; конъюнктивит

-

лимфоісіну

-

эпистаксис, фаринголарингеальді ауыру, назофарингит, ентігу, жөтелу, ринорея

-

жүректің айнуы, диарея, құсу, іштің қатуы, стоматит, диспепсия, іштің ауыруы

-

алопеция, эритема, бөртпе, тырнақтардың бұзылуы

-

миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, сүйектердің ауыруы, арқаның ауыруы

-

астения, шеткергі ісіну, пирексия, шаршау, шырышты қабықтардың қабынуы, ауыру, тұмау тәрізді жағдай, кеуде қуысының ауыруы, қалтырауы

-

дене салмағының артуы

Жиі

-

жүрек функциясының жеткіліксіздігі

-

летаргия

Капецитабинмен біріктірілген 75 мг/м2 доцетаксел

Өте жиі

-

нейтропения, анемия

-

анорексия, тәбеттің нашарлауы

-

дисгевзия, парестезия

-

көзден жас бөлінудің күшеюі

-

фаринголарингеальді ауыру

-

стоматит, диарея, жүректің айнуы, құсу, іштің қатуы, іштің ауыруы, диспепсия

-

алақан-табан эритродизестезиялары синдромы, алопеция, тырнақтардың бұзылуы

-

миалгия, артралгия

-

астения, пирексия, шаршау немесе әлсіздік, шеткергі ісінулер

Жиі

-

ауыз қуысының кандидозы

-

тромбоцитопения

-

дегидратация

-

бас айналу, бас ауыру, шеткергі невропатия

-

ентігу, жөтел, эпистаксис

-

іштің жоғарығы бөлімінің ауыруы, ауыздың кеберсуі

-

дерматит, эритематозды бөртпе, тырнақтардың түссізденуі, онихолизис

-

аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы

-

летаргия, ауыру

-

дене салмағының төмендеуі, қанда билирубиннің жоғарылауы

Преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілген 75 мг/м2 доцетаксел

Өте жиі

-

жұқпалар

-

нейтропения

-

анемия

-

анорексия

-

шеткергі сенсорлы невропатия, дисгевзия

-

жүректің айнуы, диарея, стоматит/фарингит, құсу

-

алопеция, тырнақтардың бұзылуы (ауыр емес)

-

шаршау, сұйықтық іркілісі (ауыр: 0,6%)

Жиі

-

тромбоцитопения, фебрильді нейтропения

-

жоғары сезімталдық

-

шеткергі моторлы невропатия

-

көзден жас бөлінудің күшеюі

-

сол жақ қарыншаның функциялық қабілетінің төмендеуі

-

эпистаксис, ентігу, жөтел

-

эксфолиативті бөртпе

-

артралгия, миалгия

Лимфа түйіндерінің зақымдануымен немесе зақымдануынсыз сүт безінің обыры бар науқастарда адъювантты емде доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктірілген 75 мг/м2 доцетаксел

Өте жиі

-

жұқпалар, нейтропениялық жұқпа

-

анемия, нейтропения, соның ішінде фебрильді, тромбоцитопения

-

анорексия

-

дисгевзия, шеткергі сенсорлы невропатия

-

конъюнктивит

-

қызулық ысынулар

-

жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея, іштің қатуы

-

алопеция, терілік бұзылулар, тырнақтардың бұзылуы

-

миалгия, артралгия

-

аменорея

-

астения, пирексия, шеткергі ісінулер

Жиі

-

жоғары сезімталдық

-

шеткергі моторлы невропатия

-

көзден жас бөлінудің күшеюі

-

аритмия

-

гипотензия, флебит

-

жөтел

-

іштің ауыруы

-

дене салмағының артуы немесе төмендеуі

Кейде

-

синкопе, нейроуыттылық, ұйқышылдық

-

лимфоісіну

Сирек

-

жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі

Асқазанның аденокарциномасында цисплатинмен және фторурацилмен біріктірілген 75 мг/м2 доцетаксел

Өте жиі

-

жұқпалар, соның ішінде нейтропениялық

-

анемия, нейтропения, соның ішінде фебрильді, тромбоцитопения

-

жоғары сезімталдық

-

анорексия

-

шеткергі сенсорлы невропатия

-

диарея, жүректің айнуы, стоматит, құсу

-

алопеция

-

летаргия, қызба, сұйықтық іркілісі (ауыр/өмірге қауіп төндіретін)

Жиі

-

бас айналу, шеткергі моторлы невропатия

-

көзден жас бөлінудің күшеюі

-

естудің нашарлауы

-

аритмия

-

іштің қатуы, асқазан-ішектік ауырулар, эзофагит/дисфагия/одинофагия

-

бөртпелі қышыну, тырнақтардың бұзылуы, терінің қабыршақтануы

Бас пен мойынның обырында цисплатинмен және фторурацилмен біріктірілген 75 мг/м2 доцетаксел

Радиоемге ұласатын индукциялық химиялық ем

Өте жиі

-

жұқпалар, соның ішінде нейтропениялық

-

нейтропения, анемия, тромбоцитопения

-

анорексия

-

дизгевзия/паросмия, шеткергі сенсорлы невропатия

-

жүректің айнуы, стоматит, диарея, құсу

-

алопеция

-

летаргия, гипертермия, сұйықтық іркілісі, ісінулер

Жиі

-

обырлық ауырулар

-

фебрильді нейтропения

-

жоғары сезімталдық (ауыр емес)

-

бас айналу

-

көзден жас бөлінудің күшеюі, конъюнктивит

-

естудің нашарлауы

-

миокард ишемиясы

-

көктамырлық өзгерулер

-

іштің қатуы, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іштің ауыруы, диспепсия, асқазан-ішектік қан кету

-

қышитын бөртпе, терінің құрғауы, терінің қабыршақтануы

-

миалгия

-

дене салмағының артуы

Кейде

-

аритмия

Химиорадиоемге ұласатын индукциялық химиялық ем

Өте жиі

-

жұқпалар

-

нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения

-

анорексия

-

дизгевзия/паросмия, шеткергі сенсорлы невропатия

-

естудің нашарлауы

-

жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іштің қатуы

-

алопеция, қышитын бөртпе

-

летаргия, пирексия, сұйықтық іркілісі, ісінулер, дене салмағының төмендеуі

Жиі

-

нейтропениялық жұқпа

-

обырлық ауырулар

-

бас айналу, шеткергі моторлы невропатия

-

көзден жас бөлінудің күшеюі

-

аритмия

-

диспепсия, асқазан-ішектік ауырулар, асқазан-ішектік қан кету

-

терінің құрғауы, терінің қабыршақтануы

-

миалгия

Кейде

-

жоғары сезімталдық

-

конъюнктивит

-

миокард ишемиясы

-

көктамырлық өзгерулер

-

дене салмағының артуы

Постмаркетингтік кезеңдегі тәжірибе

Жиі

-

сүйек кемігінің басылуы және басқа да жағымсыз гематологиялық реакциялар

-

диссеминацияланған қантамырішілік коагуляция (ДҚК), сепсиспен немесе полиоргандық жеткіліксіздікпен жиі байланысты

-

анафилактикалық шок, кейде өліммен аяқталатын

Сирек

-

доцетакселмен байланысты, оны басқа химиялық ем дәрілерімен және/немесе сәуле емімен біріктіріп қолданғанда, жедел миелоидты лейкемия және миелодиспластикалық синдром

-

доцетакселді қолданумен байланысты конвульсиялар немесе уақытша естен тану. Кейде бұл реакциялар дәрілік препаратпен инфузия кезінде дамиды

-

отоуыттылық, естудің нашарлауы және/немесе естудің жоғалуы

-

миокард инфарктісі

-

көктамырлық тромбоэмболия

-

жедел респираторлы дистресс синдромы, интерстициальді пневмония және өкпе фиброзы синдромы

-

радиациялық пневмонит, бір мезгілде сәуле емін қабылдап жүрген науқастарда

-

гастроинтестинальді өзгерулер, перфорациялар, ишемиялық колит, колит және нейтропениялық энтероколит нәтижесінде сусыздану

-

ішектердің түйілуі және ішек бітелісі

-

сәулеленуге ретроспективті реакция

-

жедел олигурия немесе гипотензия көріністерімен қатар жүрмейтін, сұйықтық іркілісі

-

сусыздану және өкпенің ісінуі

Өте сирек

-

дәрілік затпен инфузия кезінде және жоғары сезімталдық реакцияларымен бірге пайда болатын көрудің уақытша бұзылуы (жарықтың жарқылы, жарықтық дақ, скотома). Олар инфузияны тоқтатқанда қайтымды сипатта болды.

-

көзден жас бөлінудің күшеюі, соның ішінде көз жасы өзекшесінің обструкциясы нәтижесінде көз жасының шамадан тыс түзілуіне әкелетін конъюнктивитпен бірге

-

әсіресе мұның алдында бауыр аурулары болған науқастарда кейде өліммен аяқталатын гепатит

-

терілік қызыл жегі және көп пішінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз сияқты буллезді бөртпелер. Кейбір жағдайларда осы әсерлердің дамуында басқа да қатар жүретін факторлар рөл атқара алады.

-

доцетаксел қолданумен байланысты, әдетте шеткергі лимфа ісінулері ізашар болған склеродерма тәрізді өзгерулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-

доцетакселге немесе препараттың басқа да компоненттеріне айқын жоғары сезімталдық реакциялары

-

нейтрофилдердің бастапқы саны <1500/мкл

-

бауыр функциясының айқын бұзылулары

-

жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro зерттеулер доцетакселдің биотрансформациясы СYP3A4 изоферментімен индукцияланатын, тежелетін немесе метаболизденетін, мысалы, циклоспорин, терфенадин, кетоконазол, эритромицин және тролеандомицин сияқты заттармен бір мезгілде қолданғанда өзгеруі мүмкін екендігін көрсетті. Осыған байланысты, айқын өзара әрекеттесулер болуы мүмкін екендігін ескеріп, осындай препараттарды қолданғанда сақ болу қажет.

Плазма ақуыздарымен мықты байланысатын, мысалы, эритромицин, дифенгидрамин, пропранолол, пропафенон, фенитоин, салицилаттар, сульфаметоксазол және натрий вальпроаты сияқты іn vitro дәрілік заттар доцетакселдің плазма ақуыздарымен байланысуына ықпалын тигізген жоқ. Доцетаксел дигитоксиннің ақуызбен байланысуына да ықпал еткен жоқ.

Доцетакселді доксорубицинмен біріктіріп пайдаланғанда доцетакселдің клиренсі оның тиімділігі сақталғанда жоғарылады. Мұндайда доксорубициннің клиренсі және доксорубицинолдың (доксорубициннің метаболиті) плазмадағы концентрациясы өзгерген жоқ.

Цисплатинмен немесе карбоплатинмен біріктіріп емдегенде доцетаксел клиренсі доцетакселмен монотерапия кезінде байқалған осындайға ұқсас болды. Доцетакселдің көктамырішілік инфузиясынан кейін бірден енгізгенде цисплатиннің фармакокинетикалық бейіні бір ғана цисплатинді енгізген кезде байқалатын осындайға ұқсас болды.

Доцетакселдің капецитабиннің негізгі метаболитінің (5'-дезокси−5-фторуридиннің) фармакокинетикасына (қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданға (AUC)) ықпалы және капецитабиннің доцетакселдің фармакокинетикасына (Cmax және AUC) ықпалы анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Ем мамандандырылған аурухана жағдайында ісікке қарсы ем жүргізу тәжірибесі бар маманның бақылауымен ғана жүргізіледі.

Сүт безінің обыры және өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры бар науқастарда сұйықтық іркілісінің жиілігін және айқындылығын, сондай-ақ егер қарсы көрсетілімдері жоқ болса, доцетакселмен емдеуді бастаудан 1 күн бұрын бастай отырып, 3 күн ішінде глюкокортикостероидтарды пероральді түрде, мысалы, дексаметазонды тәулігіне 16 мг дозада (яғни күніне екі рет 8 мг-ден) тағайындаған жағдайда аса жоғары реакцияларды төмендетуге болады. Қуықасты безінің обыры үшін премедикация доцетаксел инфузиясынан 12 сағ., 3 сағ. және 1 сағ. бұрын қолданылатын 8 мг дексаметазон таблеткаларын қамтиды.

Гематология

Нейтропения доцетакселдің ең жиі жағымсыз реакциясы болып табылады. Нейтрофилдер саны ең төменгі мәніне орта есеппен 7-ші күні жетеді, бірақ бұрын химиялық емдеу курсын қабылдаған науқастарда ерте басталуы да мүмкін. Таутакспен ем қабылдап жүрген науқастарда қанның клиникалық талдауына мұқият бақылау жүргізген жөн. Доцетакселмен емдеуді нейтрофилдер саны ≥ 1500/мкл деңгейі қалпына келгеннен кейін ғана қайта бастаған жөн. Таутакспен емдеу курсы кезінде айқын нейтропения (7 және одан көбірек күн ішінде <500/мкл) дамығанда кейінгі курстарды препарат дозасын төмендетуге немесе талапқа сай симптоматикалық шараларды пайдалануға кеңес беріледі. Доцетакселдің цисплатинмен және фторурацилмен біріктірілімімен емделген науқастарда, егер науқастар алдын алу мақсатында Г-КСФ қабылдаса, фебрильді нейтропения және нейтропениялық жұқпалар сирек дамиды. Доцетаксел, цисплатин және фторурацил сызбасы бойынша ем қабылдаған науқастарда асқынған нейтропенияның (фебрильді нейтропения, ұзаққа созылған нейтропения немесе нейтропениялық жұқпа) даму қаупін төмендету үшін Г-КСФ-пен алдын алу жүргізген жөн. Доцетаксел, цисплатин және фторурацил сызбасы бойынша емделіп жүрген науқастарға қатаң мониторинг жүргізген жөн.

Доцетакселді доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріп емделіп жүрген науқастарда Г-КСФ жәрдемімен алғашқы алдын алу жүргізілген кезде фебрильді нейтропения және/немесе нейтропениялық жұқпалар сирек кездесті. Г-КСФ жәрдемімен алғашқы алдын алудың қажеттілігі жөніндегі мәселені асқынған нейтропения (фебрильді нейтропения, ұзаққа созылатын нейтропения немесе нейтропениялық жұқпа) қаупін төмендету үшін сүт безінің обырына байланысты, доцетаксел, доксорубицин және цисклофосфамид сызбасы бойынша адъювантты ем қабылдап жүрген науқастарда қарастырған жөн. Доцетаксел, доксорубицин және цисклофосфамид сызбасы бойынша ем қабылдап жүрген науқастарға мұқият бақылау жүргізу керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Жоғары сезімталдық реакцияларын анықтау мақсатында науқастарды әсіресе алғашқы және екінші инфузия кезінде мұқият қалағалаған жөн. Жоғары сезімталдық реакциялары доцетаксел инфузиясының алғашқы минуттарында пайда болуы мүмкін, сондықтан гипотензияны және бронхтың түйілуін емдеу үшін қажетті барлық дәрілер дайын тұруы тиіс. Аса жоғары сезімталдықтың жеңіл көріністері (беттің қызаруы немесе жергілікті тері реакциялары) препарат енгізуді тоқтатуды қажет етпейді. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (артериялық қысымның төмендеуі, бронхтың түйілуі немесе бронхтың түйілуі немесе жайылған бөртпе/эритема), препарат енгізуді дереу тоқтатуды және осы асқынуларды басу үшін тиісті емдік шараларды қолдануды қажет етеді. Мұндай емделушілерге Таутаксті қайтадан қолдануға жол берілмейді.

Тері реакциялары

Аяқ-қолда (қолдың алақанында және табанда) орныққан ісіну және әрі қарай десквамацияға ұласатын тері эритемасы байқалды. Доцетакселді қолдануды үзуге немесе тоқтатуға әкеп соғатын, десквамацияға ұласатын бөртпе сияқты ауыр симптомдар тіркелді.

Бауыр функциясы бұзылған науқастар

100 мг/м2 доза доцетакселді монотерапия ретінде қабылдап жүрген және қандағы трансаминаза (АЛТ және/немесе АСТ) деңгейі қалыптың жоғары шегінен (ҚЖШ) 1,5 еседен астам көбірек деңгейі ҚЖШ-ден 2,5 еседен астам көбірек болатын сілтілік фосфатаза деңгейімен біріккен науқастарда ауыр жағымсыз әсерлердің (өлімге әкелетін сепсис, өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектік қан кетулер, фебрильді нейтропения, жұқпалар, тромбоцитопения, стоматит және астения) даму қаупі жоғары. Осылайша, бауыр функциясының көрсеткіштері жоғарылаған (БФЖ) науқастар үшін доцетакселдің ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Бауырдың функциональді сынамалары ем жүргізуді бастамас бұрын және Таутакспен емдеудің әрбір кейінгі циклінің алдында жүргізілуі тиіс.

Қандағы билирубин деңгейі қалыптан жоғары болғанда және/немесе сілтілік фосфатазаның ҚЖШ-дан 6 есе жоғары деңгейімен қатар, АЛС және АСТ деңгейі ҚЖШ-дан 3,5 есе жоғары болғанда дозаны түзетуге ұсыныс жасалмайды – егер қатаң көрсетілімдері жоқ болса, доцетакселді қолдануға болмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастар

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарды доцетакселмен емдеу жөнінде деректер жоқ.

Жүйке жүйесі

Ауыр шеткергі нейроуыттылық дамыған жағдайда дозаны төмендету қажет.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі әсіресе құрамында антрациклин (доксорубицин немесе эпирубицин) бар химиялық емдеуден кейін доцетакселді трастузумабпен біріктіріп қабылдаған науқастарда байқалды. Жеткіліксіздік ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежеде болуы және өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Таутаксті трастузумабпен біріктіріп емдеу жоспарланғанда жүрек қызметінің бастапқы жағдайына баға берген жөн. Әрі қарай, емдеу кезінде жүрек функциясы бұзылуының дамуы мүмкін науқастарды анықтау мақсатында жүрек функциясын (мысалы, әрбір 3 ай сайын) бақылау қажет. Нақтырағын трастузумабтың медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулығынан қараңыз.

Сұйықтықтың іркілуі

Сұйықтықтың іркілуі ықтимал болғандықтан, плевралық қуысында, перикардта жалқығы бар немесе асцитке шалдыққан науқастарды тиянақты бақылау қажет. Ісінулер пайда болғанда тұзды және сұйықтықты тұтынуды шектеген жөн және диуретиктер тағайындау керек.

Басқалары

Таутакс ісікке қарсы препарат болып табылады; басқа да потенциальді уытты заттар жағдайындағы сияқты, оны қолданғанда және ерітінділерін дайындағанда сақ болу қажет. Қолғаптарды пайдалану керек. Препарат теріге немесе шырышты қабықтарға тиіп кеткенде теріні сабынды сумен, шырышты қабықты сумен мұқият жуып-шайған жөн.

Сүт безінің обырын адъювантты түрде емдеген жағдайдағы қосымша сақтандырулар

Асқынған нейтропения

Асқынған нейтропения (ұзаққа созылған нейтропения, фебрильді нейтропения немесе жұқпа) жағдайында Г-КСФ қолдануды және доцетаксел дозасын төмендетуді қажет етуі мүмкін.

Асқазан-ішек жолы тарапынан реакциялар

Іштің мезгілсіз ауыруы және басқан кезде сезімталдығы, жоғары температура, нейтропениялы немесе онсыз іш өту сияқты симптомдар ауыр асқазан-ішек уыттылығының ерте көріністері болуы мүмкін, олар тексерілуі және дереу емделуі тиіс.

Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі (ЖІЖ)

Емдеу кезінде және одан кейінгі кезеңде жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі симптомдарын анықтау мақсатында бақылау жүргізген жөн.

Лейкемия

Баяу миелодисплазияның немесе миелоидты лейкемияның даму қаупі салдарынан доцетаксел, доксорубицин және циклофосфамид қабылдаған науқастардың гематологиялық көрсеткіштеріне бақылау жүргізу қажет.

4 және одан көп лимфа түйіндері зақымданған науқастар

Аралық талдау барысында 4 және одан көп лимфа түйіндері зақымданған науқастарда доцетаксел, доксорубицин және циклофосфамид сызбасының пайдасы мен қаупінің арақатынасы дәл анықталған жоқ.

Егде жастағы науқастар

70 жастан асқан науқастарда Таутаксті доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріп қолдану жөнінде деректер шектеулі. Доцетаксел, доксорубицин және циклофосфамид сызбасын қолданған кезде егде жастағы науқастардың қатаң бақылануын қамтамасыз еткен жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Емделушілер емделу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін ең болмағанда үш ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануы қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Бала емделушілерге доцетаксел қолданылмайды (балаларда қолданылуы жөнінде деректер жеткіліксіз).

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті және механикалық құрал-жабдықтарды басқару үшін қажет қабілетке доцетакселдің ықпалы зерттелген жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялар көріністерінің күшеюі, сүйек кемігінің бәсеңдеуі, шеткергі нейропатия және шырышты қабықтардың қабынуы.

Емі: науқасты аурухананың мамандандырылған бөліміне жатқызып, өмір үшін маңызды ағзалардың функцияларын мұқият бақылаған жөн. Науқасқа мүмкіндігінше тезірек Г-КФС енгізу керек. Қажет болғанда басқа да симптоматикалық шаралар қолданылады

Өзіне тән арнайы у қайтарғысы: белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен герметикалық тығындалған, ішкі инертті фторполимерлі жабыны бар, алюминий немесе алюмо-пластик қалпақшамен қаусырылған I гидролитикалық класқа жататын шыны құтыларда 1 мл, 2 мл, 4 мл, 5.5 мл-ден.

Әрбір құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба, немесе өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдыстарына арналған хром маркалы немесе хром-эрзац картон қорапшаға салынған.

3 немесе 5 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдыстарына арналған хром маркалы немесе хром-эрзац картоннан жасалған, ішінде аралық бөліктері немесе арнайы ұялары бар қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

2-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.

Заңды мекенжайы: 601125, Владимир облысы, Петушин ауданы, Вольгинский к., 67 корпус.

Өндірістің және шағымдарды қабылдау мекенжайы: 601125, Ресей, Владимир облысы, Петушин ауданы, Вольгинский к., 95 корпус және 67 корпус, тел. (49243) 7-17-53

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВЕРОФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Сайын к-сі, 30 үй, 116 кеңсе

тел.: (727) 273-1634, (727) 230-09-09

 

Прикрепленные файлы

126615301477976531_ru.doc 236.5 кб
550385151477977689_kz.doc 290.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники