Тарцева (150 мг)

МНН: Эрлотиниб
Производитель: Рош С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Erlotinib
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020901
Информация о регистрации в РК: 20.10.2014 - 20.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 15 077.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тарцева

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эрлотиниб

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 100 мг, 150 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 109,29 мг немесе 163,93 мг эрлотиниб гидрохлориді

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликолляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты

қабығы*: гипромеллоза, гидроксипропилцеллюлоза, титанның қостотығы Е 171, макрогол 400.

* үлбірлі жабын үшін дайын қоспа пайдаланылуы мүмкін (мысалы, гидроксипропилметилцеллюлозаны 40% (ЕФ*), гидроксипропилцеллюлозаны 30% (ЕФ*) қатитын Oрadry White Y-5-7068, макрогол 400 10% (ЕФ*), титанның қостотығы 10% (ЕФ*)). Қоспа үшін еріткіш ретінде тазартылған су (ЕФ*) пайдаланылады, ол үдеріс кезінде толық буланады.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақтан сарғыш түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында өрнектелген «Т 100» жазуы бар таблеткалар (100 мгдоза үшін).

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақтан сарғыш түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында өрнектелген «Т 150» жазуы бар таблеткалар (150 мгдоза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы басқа да препараттар. Протеинкиназа тежегіштері.

Эрлотиниб.

АТХ коды L01XЕ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

150 мг Тарцева таблеткаларын ішке қабылдағаннан кейін эрлотиниб қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияға Сmах 4 сағаттан соң жетеді және 1,995 нг/мл құрайды. Келесі дозаны қабылдар алдындағы эрлотинибтің қан плазмасындағы ең төмен концентрациясы – 1,238 нг/мл. Эрлотинибтің биожетімділігі 59 құрайды, ас қабылдау оның биожетімділігін арттыруы мүмкін. Сіңгеннен кейін эрлотинибтің 95-ы қан плазмасы ақуыздарымен (альбуминмен және альфа-1 қышқыл гликопротеинмен) байланысады, оның 5-ға жуық мөлшері бос күйінде кездеседі.

Көрінетін таралу көлемі 232 л. Эрлотиниб ісік тіндеріне жиналады. Ісік тіндеріндегі негізгі белсенді метаболиттердің концентрациясы – 160 нг/г, ол тепе-тең жағдайында қан плазмасындағы Сmах-ң 113-на сәйкес келеді.

Эрлотиниб бауырда Р450 цитохромы жүйесінің, ең алдымен, СҮР3A4 ферментінің және аз дәрежеде СҮР1A2 ферментінің қатысуымен метаболизденеді. Ішекте СҮР3A4, өкпелерде СҮР1A1 және ісік тіндерінде СҮР1B1 арқылы болатын бауырдан тыс метаболизмнің де эрлотинибтің метаболикалық клиренсінде маңызы бар. Метаболизмі үш жолмен жүреді: 1) карбон қышқылына дейін тотығуға ұласатын бүйір тізбектерінің бір немесе екеуінің О-диметилденуі; 2) молекуласының ацетиленді бөлігінің тотығып, кейін арилкарбон қышқылына дейін гидролизденуі; және 3) молекуласының фенилацетилен бөлігінің ароматтық гидроксилденуі. Негізгі метаболиттер бүйір тізбектерінің біреуінің О-диметилденуі нәтижесінде түзіледі және эрлотинибке ұқсас белсенділікке ие. Олар плазмада эрлотиниб концентрациясының  10 құрайтын концентрацияда қатысады; олардың фармакокинетикасы эрлотинибтің фармакокинетикасына ұқсас.

Эрлотинибтің метаболиттері және қалдық мөлшері көбінесе нәжістермен бірге ( 90) шығарылады, енгізілген дозаның аздаған мөлшері (9-дан азы) бүйрек арқылы шығарылады. Клиренсінің орташа мәні – сағатына 4,47 л. Орташа жартылай шығарылу кезеңі Т1/2 – 36,2 сағат. Сондықтан тепе-тең концентрацияға жету үшін 7-8 күн қажет болады. Науқастың клиренсі, жасы, дене салмағы, жынысы және нәсілі арасында байланыс байқалған жоқ. Эрлотиниб клиренсінің төмендеуі жалпы билирубиннің және альфа-1 қышқыл гликопротеиннің концентрациясын арттырған кезде білінді, ал темекі тартушыларда ол жоғарылайды.

Емделушілердің ерекше тобындағы фармакокинетикасы

Балаларға және егде емделушілерге арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр қызметінің орташа ауырлықтағы жеткіліксіздігі бар емделушілер мен бауыр функциясы қалыпты емделушілерде, бауырдың алғашқы обыры бар және бауыр метастазасы бар емделушілерді қоса, эрлотинибке экспозициясы бірдей. Бауыр қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде эрлотинибтің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Темекі тарту: Шылымқорларда эрлотинибтің клиренсі шамамен 24-ға артады, ал эрлотинибке экспозициясы, темекі тартпайтын емделушілердікімен салыстырғанда, шамамен 3 есе аз. Мұндайда шылымқорлардағы эрлотинибтің тепе-тең концентрациясы темекі тартпайтындарға қарағанда, шамамен 2 есе төменірек мәнге жетеді. Бұл өкпелерде СҮР1A1 және бауырда СҮР1A2 ферменттері деңгейлерінің жоғарылауымен түсіндіріледі. Тарцева дозасын 2 есе (күніне 150 мг-ден 300 мг-ге дейін) жоғарылату шылымқорларда эрлотинибтің концентрациясының темекі тартпайтындардың осындай көрсеткіштерімен ұқсас болуына мүмкіндік береді.

Фармакодинамикасы

Эрлотиниб НЕRI/EGFR эпидермальді өсу факторы рецепторлары тирозинкиназасының күшті тежегіші болып табылады. HERI/EGFR экспрессиясы қалыпты жасушаның да, обыр жасушаларының да бетінде байқалады. HERI/EGFR-ң жасушаішілік фосфорлану үдерісінің тежелуі ісік жасушалары тізбегінің өсуін тоқтатады және/немесе олардың өлуіне әкеледі. Тарцеваны өкпе мен ұйқы безінің обырында қолдану науқастың жалпы жауап көрсеткіштерін және аурудың қайталануынсыз тіршілік ету қабілетін жақсартады.

Қолданылуы

  • EGFR белсенді мутациясы бар өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздалатын ұсақ жасушалы емес обырын емдеуде бірінші желілі химиялық ем ретінде

  • өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздалатын ұсақ жасушалы емес обырын бірінші желілі химиялық емнен кейін ауруы үдемеген емделушілерде демеуші ем жүргізу үшін монотерапия ретінде

  • өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздалатын ұсақ жасушалы емес обырын ең кемінде химиялық емдеудің тиімді емес бір курсынан кейін. Тарцеваны тағайындаған кезде ұзақ тіршілік етуімен байланысты факторларға көңіл бөлу қажет. Ісіктің EGFR-теріс статусы (иммунды-гистохимиялық зерттеу деректері бойынша) бар емделушілерде тіршілік ету көрсеткіштері немесе басқа да клиникалық тұрғыдан маңызды әсерлері бойынша артықшылықтар байқалмады.

  • ұйқы безінің метастаздалатын обырында гемцитабинмен біріктіріп.

Тарцева препаратын тағайындаған кезде ұзақ уақыттық тіршілік ету қабілетімен байланысты факторларға көңіл бөлу қажет. Аурудың жергілікті таралған түрі бар емделушілерде тіршілік ету көрсеткіштерінде артықшылықтар байқалған жоқ.

Қолдану тәсілі және дозалары

Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздалатын ұсақ жасушалы емес обыры бар, бұрын химиялық ем қабылдамаған емделушілерде Тарцевамен емдеуді бастамас бұрын EGFR мутациясына зерттеулер жүргізу керек.

Ұсынылатын доза – ұзақ уақыт күн сайын 150 мг. Таблеткаларды ішке, тәулігіне бір рет, ас қабылдаудан кем дегенде бір сағат бұрын немесе ас қабылдағаннан кейін екі сағаттан соң судың мол мөлшерімен ішіп қабылдау керек.

Ұйқы безінің обыры

Күн сайын 100 мг-нан, ұзақ уақыт гемцитабинмен біріктіріп (Сондай-ақ гемцитабиннің нұсқаулығын қараңыз). Таблеткаларды ішке, тәулігіне бір рет, ас қабылдаудан кем дегенде бір сағат бұрын немесе ас қабылдағаннан кейін екі сағаттан соң судың мол мөлшерімен ішіп қабылдау керек. Егер емделушіде емнің алғашқы 4-8 аптасы ішінде тері бөртпесі пайда болмаса, Тарцевамен әрі қарай емдеуді қайта қарастырған жөн.

Препарат дозасын түзету қажет болғанда оны біртіндеп 50 мг-ден төмендету керек. Тарцева препаратын CYP3A4 субстраттарымен және модуляторларымен бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Дозалануы жөнінде айрықша нұсқаулар

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр қызметінің ауырлығы орташа жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша 7-9 балл) бар емделушілерде және бауыр функциясы қалыпты емделушілерде эрлотинибке экспозиция бірдей болса да, Тарцеваны бауыр функциясы бұзылған науқастарға сақтықпен тағайындайды. Ауыр жағымсыз реакциялар дамыған кезде Тарцева дозасын азайтқан немесе тіпті емдеуді тоқтатқан жөн. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (АсАТ және АлАТ көрсеткіштері қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе асады) емделушілерде эрлотинибтің тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылуларында Тарцевамен емдеуді тоқтату керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар науқастарда дозаны түзету қажет емес. Тарцева препаратын бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда қолдануға ұсыныс жасалмайды.

Балалар. 18 жасқа толмаған науқастарда Тарцеваның қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ.

Темекі тарту. Темекі тартқан кезде эрлотинибке экспозиция төмендейтін болғандықтан, Тарцева дозасы 2 апта бойы тәулігіне 300 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Емделу кезінде темекі тартуды жалғастырып жүрген емделушілерде Тарцеваның жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдаудың қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Өкпенің ұсақ жасушалы емес обырында Тарцевамен монотерапия:

Өте жиі (> 10%)

  • жұқпалар (нейтропениямен немесе онсыз ауыр жұқпалар, соның ішінде пневмония, сепсис, флегмона)

  • анорексия

  • конъюнктивит, құрғақ кератоконъюнктивит

  • жөтел, ентігу

  • диарея (сусыздануға, гипокалиемияға және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін), жүректің айнуы, құсу, стоматит, іштің ауыруы

  • бөртпе (эритематозды және папуло-пустулезді бөртпелер, олар күн сәулесінің әсерінен пайда болған немесе күшейген, безеу дерматиті), терінің қышуы, терінің құрғауы

  • шаршағыштық

Ұйқы безінің обыры (гемцитабинмен біріктірілген Тарцева):

Өте жиі (> 10%)

  • жұқпалар (нейтропениямен немесе онсыз ауыр жұқпалар, соның ішінде пневмония, сепсис, флегмона)

  • дене салмағының төмендеуі

  • депрессия, бас ауыру, нейропатия

  • жөтел

  • диарея (сусыздануға, гипокалиемияға және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін), стоматит, диспепсия, метеоризм

  • бөртпе (безеу дерматиті), алопеция

  • шаршағыштық, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау

Басқа категориялармен бірге болатын жағымсыз әсерлерінің жиілігі төменде жиынтықталып берілген:

Жиі (>1%, <10%)

  • мұрыннан қан кету

  • асқазан-ішектік қан кету, бірнеше фатальді жағдайларды қоса (варфаринді және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді бір мезгілде қабылдағанда)

  • билирубин, бауыр аминотрансферазасы деңгейлерінің жоғарылауы (негізінен, өздігінен жоғалатын елеусіз немесе орташа және бауыр метастазымен байланысқан)

  • кератит, конъюнктивит

  • алопеция,терінің құрғауы, паронихия, фолликулит, терінің сызаттануы

Жиі емес (>0,1% <1%)

  • өкпенің интерстициальді аурулары (интерстициальді пневмония, облитерлеуші бронхиолит, өкпе фиброзы, жедел респираторлы дистресс-синдром және өкпе инфильтрациясы, өліммен аяқталу жағдайын қоса)

  • АІЖ тесілуі

  • гирсутизм, қас пен кірпіктің зақымдануы, кірпіктің өсуінің бұзылуы, кірпіктердің өсіп кетуін қоса, кірпіктің шамадан тыс өсуі және қалыңдауы, тырнақтардың сынғыштығы және түсуі, тырнақ айналасындағы тіндердің қабынуы

  • гиперпигментация

  • нефрит, протеинурия

Сирек (>0,01, <0,1%)

  • бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, соның ішінде өліммен аяқталған (бұрыннан бауыр ауруында және гепатоуытты препараттарды бір мезгілде қабылдағанда)

  • алақан-табан синдромы, эритродизестезия синдромы

Өте сирек (<0,01%), жекелеген жағдайларды қоса

  • мөлдір қабықтың ойық жаралануы, мөлдір қабықтың тесілуі, увеит

  • гипокалиемия

  • дегидратация

  • бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

  • терінің буллезді/эксфолиативті зақымдалуы, Стивенс-Джонсон синдромы /уытты эпидермальді некролиз, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • эрлотинибке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • бауыр қызметінің ауыр жеткіліксіздігі

  • бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

  • жүктілік және бала емізу

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тарцеваны басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдағанда, егер олар Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттерінің белсенділігін төмендетсе немесе арттырса, немесе олардың метаболизмі осы ферменттер арқылы жүрсе, фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің мүмкін болатындығын ескеру қажет.

Эрлотиниб CYP 1A1 күшті тежегіші және CYP 3A4 және CYP 2C8 орташа тежегіші, сондай-ақ UGT 1A1 глюкуронизациясының in vitro күшті тежегіші болып табылады. Адам тіндерінде CYP 1А1 экспрессиясының өте шектеулі болуына байланысты, CYP 1A1 күшті тежелуінің физиологиялық маңызы белгісіз.

Тарцева препаратын ципрофлоксацинмен, CYP 1A2 ферментінің орташа тежегішімен бірге қолданғанда, эрлотинибтің Cmax 39%-ға артады, ал орташа ең жоғары концентрациясы статистикалық тұрғыдан анық өзгерген жоқ. Осылайша белсенді метаболиттердің AUC 60%-ға, ал орташа ең жоғары концентрациясы 48%-ға артады. Cmax осылайша артуының клиникалық маңызы анықталған жоқ. Сондықтан Тарцева препаратын ципрофлоксацинмен немесе CYP 1A2 күшті тежегіштерімен (мысалы, флувоксаминмен) бірге тағайындағанда сақ болу қажет. Мұндай жағдайда эрлотинибтің уыттылығы дамығанда Тарцева препаратының дозасын төмендету қажет.

Алдын ала емдеу немесе Тарцева препаратын бір мезгілде қолдану CYP 3A4 прототиптік субстраттарының — мидазоламның және эритромициннің клиренсінің өзгеруіне әкеп соққан жоқ. Алайда мидазоламды пероральді қабылдаған кезде биожетімділігінің 24%-ға төмендегені байқалды. Басқа клиникалық зерттеулер барысында бір мезгілде қолданғанда эрлотинибтің паклитаксел CYP 3A4/2C8 субстратының фармакокинетикасына ықпалын тигізбейтіндігі анықталды. Осыған байланысты басқа CYP 3A4 субстраттарының клиренсімен маңызды өзара әрекеттесу ықтималдылығы аз.

Глюкуронизацияның тежелуі UGT 1A1 субстраттары болып табылатын және олар үшін глюкурон қышқылымен конъюгация реакциясы метаболизмнің негізгі жолы болып табылатын препараттармен өзара әрекеттесуді тудыруы мүмкін. Қан плазмасында билирубин концентрациясы жоғарылауы мүмкін болғандықтан, Тарцева препаратын UGT1A1 экспрессияның деңгейі төмен немесе глюкуронизация реакциясының жылдамдығын азайтатын генетикалық бұзылулары (мысалы, Жильбер синдромы) бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу қажет.

Эрлотиниб бауыр цитохромдарының, негізінен CYP 3A4 ферменттерінің, аз дәрежеде CYP 1A2 ферменттерінің қатысуымен бауырда метаболизденеді. Ішекте CYP 3A4, өкпеде CYP 1A1 және ісік тіндерінде CYP 1B1 қатысуымен болатын бауырдан тыс метаболизм сондай-ақ эрлотинибтің метаболикалық клиренсіне потенциальді түрде мүмкіндік береді.

Эрлотинибті ферменттердің тежегіштерімен немесе индукторларымен, сондай-ақ осы ферменттердің жәрдемімен метаболизденетін препараттармен біріктіріп қолданғанда өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

CYP 3A4 белсенділігінің күшті тежегіштері эрлотинибтің метаболизмін төмендетеді және оның қан плазмасындағы концентрациясын арттырады. Кетоконазолдың (ішке 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 200 мг) әсерімен CYP 3A4 метаболизмінің тежелуі эрлотинибтің Cmax 86%-ға және орташа ең жоғары концентрациясының 69%-ға артуына әкеледі. Тарцева препаратын CYP 3A4 күшті тежегіштерімен, атап айтқанда зеңге қарсы азоль қатарының дәрілерімен (кетоконазол, итраконазол, вориконазол), протеаза тежегіштерімен, эритромицинмен, кларитромицинмен бірге тағайындағанда сақтық таныту қажет. Уыттылық дамыған жағдайда Тарцева препаратының дозасын төмендету қажет.

CYP 3A4 белсенділігінің күшті индукторлары эрлотинибтің метаболизмін арттырады және оның қан плазмасындағы концентрациясын едәуір төмендетеді. CYP 3A4 қатысуымен болатын метаболизм индукциясы рифампицинді (ішке 7 күн бойы тәулігіне бір рет 600 мг) бір мезгілде қабылдағанда эрлотинибтің Cmax медианасының 69%-ға төмендеуіне әкеледі. Рифампицинді бір реттік 450 мг доза «Тарцева» препаратымен бір мезгілде қабылдау рифампицинмен емдеу болмаған кезде 150 мг доза Тарцева препаратын бір реттік қабылдаудан кейінгі осындайдың 57,5%-ын құрайтын эрлотинибтің орташа Cmax алынуына әкеледі. Тарцева препаратын және CYP 3A4 индукторларын бір мезгілде қолданбаған жөн. Тарцева препаратымен және CYP 3A4 күшті индукторымен (мысалы, рифампицин) қатар емдеуді қажет ететін науқастар үшін, қауіпсіздігін (соның ішінде бүйрек, бауыр функцияларын және қан плазмасындағы электролиттерді) тиянақты қадағалай отырып, Тарцева препаратының дозасын 300 мг-ға дейін арттыру мүмкіндігін қарастырған жөн. Жағымдылығы жақсы болғанда 2 аптадан астам уақыт ішінде Тарцева препаратының дозасын, қауіпсіздігін тиянақты қадағалай отырып, 450 мг-ге дейін арттыруға болады. Жоғарырақ дозаларда қолдану осы көрсетілімдерде зерттелген жоқ. Эрлотиниб экспозициясының төмендеуі басқа CYP 3A4 индукторларымен (фенитоин, карбамазепин, барбитураттар, құрамында шайқурай бар препараттар) бірге қолданғанда білінуі мүмкін. Тарцева препаратын көрсетілген CYP 3A4 индукторларымен бірге тағайындағанда сақ болу қажет. Мүмкіндігінше CYP 3A4 күшті индукторлары болып табылмайтын баламалы дәрілік заттарды тағайындамаған жөн.

Варфарин, кумариннің басқа туындылары. ХҚҚ (халықаралық қалыпты қатынас) жоғарылауы және асқазан-ішектік қан кету білінеді, олардың кейбіреулері варфаринді бір мезгілде қабылдаумен байланысты болды. Варфаринді немесе кумариннің басқа туындыларын қабылдап жүрген науқастарда протромбин уақытын немесе ХҚҚ жүйелі бақылап отыру қажет.

Статиндер. Тарцеваны және статиндерді бір мезгілде тағайындау статин арқылы болатын миопатияның рабдомиолизге дейін даму мүмкіндігін арттыруы мүмкін.

Темекі тарту. Темекі тартпайтын емделушілердің және осы кезеңде темекі тартып жүрген шылымқорлардың қатысуымен жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулердің нәтижелері темекі тартудың қан плазмасында эрлотинибтің Сmin, орташа ең жоғары концентрациясын және концентрациясын 24 сағаттан соң, сәйкесінше, 2,8; 1,5 және 9 есе азайтатынын айғақтады. Сондықтан шылымқорларға, темекі тартуды жалғастырғанда қан плазмасындағы эрлотиниб концентрациясы төмендейтін болғандықтан, темекі тартуды Тарцева препаратымен емдеуді бастаудан мүмкіндігінше ертерек тастауға кеңес берген жөн. Эрлотиниб экспозициясының клиникалық төмендеу әсері формальді түрде зерттелген жоқ, бірақ олар сенімді түрде клиникалық маңызды болып табылады.

Р-гликопротеин тежегіштері. Эрлотиниб — Р-гликопротеиннің ақуыз-тасымалдаушысы үшін субстрат. Тарцева препаратын және Р-гликопротеин тежегіштерін (мысалы, циклоспорин және верапамил) бір мезгілде қолдану эрлотинибтың таралуының және/немесе шығарылуының бұзылуымен қатар жүруі мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесудің, атап айтқанда ОЖЖ үшін, зардаптары анықталған жоқ. Тарцева препаратын Р-гликопротеин тежегіштерімен бірге тағайындағанда сақ болу қажет.

Асқазан сөлінің рН-на ықпал ететін препараттар. Эрлотиниб рН >5 деңгейінде ерігіштігінің төмендеуімен сипатталады. АІЖ жоғары бөлімдерінде рН өзгертетін препараттар эрлотинибтің ерігіштігіне және оның биожетімділігіне ықпалын тигізуі мүмкін. Тарцева препаратын омепразолмен, протонды помпа тежегішімен бір мезгілде қолданғанда, эрлотинибтің AUC және орташа ең жоғары концентрациясы, сәйкесінше, 46 және 61%-ға азайды. Мұндайда жартылай шығарылу кезеңі өзгерген жоқ. Тарцева препаратын ранитидинмен (300 мг), Н2-рецепторлардың антагонистерімен бір мезгілде қолданғанда, эрлотинибтің AUC және орташа ең жоғары концентрациясы, сәйкесінше, 33 және 54%-ға азайды. Басқа препараттармен бірге қабылдағанда Тарцева препаратының дозасын арттыру оның AUC мәнінің төмендеуін компенсациялауы мүмкін екені екіталай. Алайда Тарцева препаратын әртүрлі уақытта, яғни ранитидинді (тәулігіне 2 рет 150 мг) қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 10 сағаттан соң тағайындаған жағдайларда, эрлотинибтің AUC және орташа ең жоғары концентрациясы, сәйкесінше, 15 және 17%-ға ғана азайды.

Антацидті дәрілердің эрлотинибтің сіңуіне ықпалы зерттелген жоқ, алайда эрлотинибтің сіңуі бұзылуы мүмкін, бұл қан плазмасында эрлотиниб деңгейінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Тарцева препаратын қолданған кезде антацидтік дәрілермен емдеу қажет болған жағдайда, бұл дәрілік заттарды Тарцеваның тәуліктік дозасын қабылдаудан кем дегенде 4 сағат бұрын немесе қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған жөн. Ранитидинмен бір мезгілде қолданғанда Тарцева препаратын ранитидинді қабылдаудан кем дегенде 2 сағат бұрын немесе қабылдаудан кейін 10 сағаттан соң қабылдаған жөн. Тарцева препаратын және протонды помпа тежегіштерін бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Гемцитабин. Ib фазаны зерттеу барысында гемцитабиннің эрлотиниб фармакокинетикасына және эрлотинибтің гемцитабин фармакокинетикасына елеулі ықпалы анықталған жоқ.

Карбоплатин/паклитаксел. Эрлотиниб қан плазмасында платинаның концентрациясын арттырады. Эрлотинибті карбоплатинмен және паклитакселмен бір мезгілде қабылдау жалпы платина (СКМ0-48) экспозициясының статистикалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ клиникалық тұрғыдан маңызды 10,6%-ға жоғарылауына әкеледі. Карбоплатин экспозициясының жоғарылауы басқа факторлармен, мысалы, бүйрек функциясының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Карбоплатиннің немесе паклитакселдің эрлотинибтің фармакокинетикасына елеулі ықпалы байқалған жоқ.

Капецитабин эрлотинибтің концентрациясын арттырады. Эрлотинибті капецитабинмен біріктіріп қолдану эрлотинибпен монотерапиямен салыстырғанда эрлотинибтің AUC және орташа ең жоғары концентрациясының елеусіз жоғарылауына әкеледі. Эрлотинибтің капецитабин фармакокинетикасына елеулі ықпалы байқалған жоқ.

Протеасом тежегіштері. Бортезомибті қоса, протеасом тежегіштерінің әсер ету принципінің ерекшелігін ескерсек, эрлотинибті қоса, EGFR тежегіштерінің әсеріне, бар мүмкіндігінше, ықпалын тигізуі мүмкін. Мұндай ықпалды шектеулі клиникалық деректер және протеасомның әсерінен EGFRбұзылуын көрсететін клиникаға дейінгі зерттеулердің деректері айғақтайды.

Айрықша нұсқаулар

Өкпенің интерстициальді аурулары. Өкпенің интерстициальді ауруларының (ӨИА) дамуы жөнінде, өліммен аяқталған ӨИА қоса, Тарцеваны қабылдаған өкпенің ұсақ жасушалы обыры, ұйқы безінің обыры немесе ауқымды басқа обырлары бар науқастарды емдеген кезде оның 0,6 жиілікте болғаны айтылған. ӨИА-ға интерстициальді пневмония, радиациялық пневмония, эозинофилді гранулема, өкпенің интерстициальді ауруы, облитерациялаушы бронхиолит, өкпенің фиброзы, жедел респираторлы дистресс-синдром, альвеолит және өкпе инфильтрациясы жатады. Бұл аурулар Тарцевамен емдеуді бастағаннан кейін бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі кезеңде дамыды. Көптеген ӨИА жағдайлары қатар жүретін немесе бұрын жүргізілген химиялық, сәуле емімен, өкпенің сыртартқыда көрсетілген паренхиматозды ауруымен, өкпенің метастатикалық зақымдануымен немесе жұқпалармен байланысты болады. Өкпенің жаңа және/немесе үдеген симптомдары (ентігу, жөтелу және қызба) дамыған кезде, оның себептері анықталғанша, Тарцеваны қабылдауды уақытша тоқтата тұру қажет. ӨИА диагнозы айғақталған жағдайда Тарцеваны тоқтату және қажетті ем жүргізу керек.

Диарея, дегидратация, электролиттік теңгерімнің бұзылуы және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі. Орташа немесе ауыр дәрежедегі диарея пайда болған кезде лоперамид тағайындау қажет. Кейбір жағдайларда Тарцева дозасын төмендету қажет етілуі мүмкін. Гипокалиемияның және бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің дамуы, соның ішінде өліммен аяқталуы жөнінде мәлімдемелер бар. Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің кейбір жағдайлары диарея, құсу және анорексия, сондай-ақ химиялық емдеу нәтижесінде ауыр сусыздану салдарынан дамыған. Сусыздандыратын ауыр немесе тұрақты диареяда, жүректің айнуында, анорексияда немесе құсуда Тарцеваны уақытша тоқтатады және регидратация жүргізеді. Дегидратация қаупінде (бейімді жағдайды және ауруды, егде жасты, қатар жүргізілетін химиялық емдеуді қоса) бауыр функциясына және қандағы калий мөлшеріне зертханалық бақылау жүргізген жөн.

Гепатит, бауыр қызметінің жеткіліксіздігі. Тарцевамен емдеген кезде бауыр қызметі жеткіліксіздігінің даму қаупінің факторлары бауырдың бұрыннан бар ауруы және гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдау болып табылады. Сондықтан қауіпті топтағы емделушілер бауыр функциясын мерзім сайын қадағалап отыруды керек етеді. Бауырдың ауыр зақымдануы дамыған кезде препарат қабылдауды тоқтату керек.

Асқазан-ішек жолының тесілуі. Тарцеваны қабылдау аясында, антиангиогенді препараттарды, кортикостероидтарды, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарды, таксандарды бір мезгілде тағайындағанда, сондай-ақ емделушінің сыртартқысында пептикалық ойық жаралар және дивертикулдер бар болғанда, асқазан-ішек жолы тесілуінің даму қаупі жоғары болады. АІЖ тесілуі дамыған кезде Тарцевамен емдеуді тоқтатқан жөн.

Терінің буллезді және эксфолиативті зақымдануы. Тарцевамен емдеу аясында, өте сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромын, өліммен аяқталуын қоса, терінің буллезді және эксфолиативті зақымдануының дамығаны жөнінде мәімдемелер бар. Терінің буллезді және эксфолиативті зақымдануы кезінде Тарцеваны қабылдауды тоқтата тұру немесе мүлдем тоқтату керек.

Көру мүшесінің зақымдануы. Өте сирек жағдайларда мөлдір қабықтың ойылуы немесе оның тесілуі жөнінде мәлімделді. Тарцеваны қабылдаған кезде байқалатын көру мүшесінің басқа да зақымданулары (кірпік өсуінің бұзылуы, құрғақ кератоконъюнктивит) сондай-ақ мөлдір қабықтың ойылуының немесе оның тесілуінің даму қаупін арттырады. Мұндай асқынулар дамыған жағдайда Тарцевамен емдеуді тоқтату керек.

Эрлотиниб рН >5 деңгейінде ерігіштігінің төмендігімен сипатталады. АІЖ жоғары бөлімдеріндегі рН өзгертетін препараттар (протонды помпа тежегіштері, Н2-рецепторлардың блокаторлары, антацидті дәрілер) эрлотинибтің ерігіштігіне және оны биожетімділігіне ықпал етуі мүмкін. Басқа препараттармен бір мезгілде қабылдағанда Тарцева препаратының дозасын арттыру оның төмендеген экспозициясын компенсациялауы мүмкін екені екіталай. Тарцева препаратын және протонды помпа тежегіштерін бір мезгілде қабылдамаған жөн. Эрлотинибті Н2-гистаминдік рецепторлардың блокаторларымен және антацидтік дәрілермен бір мезгілде қолданудың зардаптары белгісіз, алайда биожетімділігі төмендеуі мүмкін. Сондықтан Тарцева препаратын Н2-гистамидік рецепторлардың блокаторларымен және антацидтік дәрілермен бір мезгілде қолданбаған жөн. Антацидтік дәрілермен емдеу қажет болған жағдайда Тарцева препаратын қолданғанда бұл дәрілік заттарды Тарцеваның тәуліктік дозасын қабылдаудан кемінде 4 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған жөн.

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны тұқым қуалаған галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар науқастарға қолданбаған жөн.

Жүктілік және бала емізу

Тарцевамен емдеу кезінде, оны аяқтағаннан кейін, ең кемінде, 2 апта бойы сенімді контрацепция әдістерін қолданған жөн. Тарцеваны жүктілік кезінде қабылдамау керек. Тарцевамен емделу кезінде нәрестені емізуді тоқтату қажет.

Көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Зейінді жұмылдыру қабілетін бұзатын жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея, тері бөртпелері және бауыр трансаминазасы деңгейінің жоғарылауы мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем. Артық дозалануына күдіктенген жағдайда Тарцева препаратын қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Рош С.п.A., Cеграте (Mилан), Италия

Via Morelli 2, 20090 Segrate (Milano), Italy

Қаптаушы

Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Кайзераугст, Швейцария

Wurmisweg СН-4303 Kaiseraugst, Switzerland

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Базель, Швейцария

Grenzacherstrasse 124, СН-4070, Basel, Switzerland

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Рош Қазақстан» ЖШС

050000, Алматы қ-сы, Қонаев к-сі, 77

«Park View Office Tower» бизнес орталығы, 15-қабат

Тел.: +7 (727) 321 24 24

Факс: + 7 (727) 321 24 25

e-mail: kz.safety@roche.com, kz.quality@roche.com

   

 

 
   

 

 

Прикрепленные файлы

714263841477976638_ru.doc 111.5 кб
267648711477977786_kz.doc 144 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники