Таваник (5 мг/мл)

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009968
Информация о регистрации в РК: 26.11.2020 - 26.11.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Таваник

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 5 мг/мл, 100 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 5,1246 мг левофлоксацин гемигидраты (5,0000 мг левофлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: натрий хлориді, концентрацияланған хлорлысутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Жасыл-сары түсті мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар.

Микробтарға қарсы препараттар - хинолон туындылары. Фторхинолондар

Левофлоксацин.

АТХ коды J01MA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Левофлоксацинді ішке қабылдаған кезде 1-2 сағат ішінде плазмада ең жоғары концентрациясына жете отырып, жылдам және толығымен дерлік сіңеді. Абсолютті биожетімділігі 99 - 100% құрайды.

Тамақ левофлоксациннің сіңуіне елеулі әсер етпейді.

Препарат тұрақты концентрациясына сызба бойынша тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг дозада қабылданғаннан кейін 48 сағат ішінде жетеді.

Таралуы

Левофлоксациннің 30 - 40% жуығы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады.

Левофлоксациннің орташа таралу көлемі бір реттік және қайталанған 500 мг дозаны енгізуден кейін шамамен 100 л құрайды, бұл организмнің тіндеріне кең таралатынын көрсетеді.

Тіндерге және дене сұйықтығына өтуі

Левофлоксациннің бронх шырышты қабығына, эпителиальді төсеніш сұйықтығына, альвеолярлық макрофагқа, өкпе тініне, тері (интерстициальді сұйықтық), простата тіндеріне және несепке өтетіні айғақталды. Алайда левофлоксацин жұлын сұйықтығына нашар өтеді.

Биотрансформация

Левофлоксацин толық дерлік метаболизденеді, дезметил-левофлоксацин және N-оксид левофлоксацин метаболиті болып табылады. Бұл метаболиттер ішінде препараттың <5% дозасы бар және несеппен шығарылады. Левофлоксацин стереохимиялық тұрғыда тұрақты және хиральді инверсияға ұшырамайды.

Шығарылуы

Левофлоксацинді ішке қабылдаудан кейін немесе к/і енгізуден кейін препарат плазмадан салыстырмалы түрде баяу (t/2: 6 - 8 сағ) шығарылады. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады (енгізілген дозаның >85%-ы).

Левофлоксациннің 500 мг бір реттік дозасын енгізуден кейін болжамды орташа жалпы клиренсі 175 +/- 29,2 мл/мин құрайды.

Көктамыр ішіне және пероральді түрде қолдану тәсілінде левофлоксацин фармакокинетикасында елеулі айырмашылық болмайды, бұл олардың өзара алмастырылатынын растайды.

Дозаға байланыстылығы

Левофлоксацин фармакокинетикасы 50-ден 1000 мг дейінгі дозалар ауқымында дозаға байланысты болып табылады.

Пациенттердің ерекше тобы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Левофлоксацин фармакокинетикасына бүйрек жеткіліксіздігі әсер етеді. Бүйрек функциясы төмендегенде препараттың бүйрек арқылы шығарылуы және бүйрек клиренсі азаяды және төменде келтірілген кестеде көрсетілгендей, жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды.

Бір реттік 500 мг дозаны пероральді түрде қабылдағаннан кейінгі бүйрек жеткіліксіздігіндегі фармакокинетикасы.

Clкр [мл/мин]

<20

20 - 49

50 - 80

Clбүйрек. [мл/мин]

13

26

57

t1/2 [сағ.]

35

27

9

Егде жастағы пациенттерде

Жас және егде жастағы пациенттер арасында креатинин клиренсімен байланысқан айырмашылықтарды қоспағанда, левофлоксацин фармакокинетикасында елеулі айырмашылықтар жоқ.

Жыныстық айырмашылықтары

Еркек және әйел жынысты пациенттер арасында жеке-жеке жүргізілген талдаулар әртүрлі жыныстағылар арасында левофлоксацин фармакокинетикасынан өте елеусіз айырмашылықты анықтады. Бұл жыныстық айырмашылықтардың клиникалық мәні барының айғағы жоқ.

Фармакодинамикасы

Таваник офлоксациннің рацемиялық дәрілік затының фторхинолондар және S(-) энантиомерлер сыныбының синтетикалық бактерияға қарсы дәрісі болып табылады. Таваник бактерияға қарсы фторхинолон бола отырып, ДНҚ-ДНҚ-гираза мен IV топоизомераза кешеніне әсер етеді.

Таваник препаратының бактерицидті белсенділігінің дәрежесі қансарысуындағы (Сmax) ең жоғары концентрациясының немесе қисық асты алаңының (AUC) және минимальді тежейтін концентрацияның (МТК) арақатысына байланысты болады.

Төзімділігінің негізгі механизмі gyr-A өзгеруімен негізделген. Таваник және басқа да фторхинолондар арасында айқаспалы төзімділік болады.

Осындай әсер ету механизмі нәтижесінде Таваник пен бактерияға қарсы дәрілердің басқа да кластары арасында айқаспалы төзімділік жоқ.

Левофлоксациндер үшін МIС критерийінің ұсынылған EUCAST орташа сезімталдықтан және төзімділіктен орташа сезімталдыққа дейін сезімтал микроорганизмдерге шек қою МIС тест (мг/л) нәтижелеріне арналған, төменде көрсетілген кестеде ұсынылған.

EUCAST бойынша левофлоксацинге арналған МIС клиникалық критерийлері (20.06.2006 ж.)

Патогендік организм

Сезімтал

Төзімді

Enterobacteriacae

≤ 1 мг/л

> 2 мг/л

Pseudomonas spp.

≤ 1 мг/л

> 2 мг/л

Acinetobacter spp.

≤ 1 мг/л

> 2 мг/л

Staphylococcus spp.

≤ 1 мг/л

> 2 мг/л

S. pneumoniae1

≤ 2 мг/л

> 2 мг/л

Streptococcus A, B, C, G

≤ 1 мг/л

> 2 мг/л

H. influenzae M. cararrhalis2

≤ 1 мг/л

> 1 мг/л

Әртүрлілікпен3 байланыспаған критерийлер

≤ 1 мг/л

> 2 мг/л

1- СС критерийі МIС дистрибуциясының кең түрін болдырмас үшін 1,0-ден 2,0-ге дейін ұлғайтылған. Критерийлер жоғары дозалы емдермен байланысқан.

2- Критерийден жоғары МIС көрсеткіштері бар штаммдар С/ЖС-де өте сирек кездеседі, және олар туралы әлі хабарланған жоқ. Осындай изоляттардың кез келгеніне ұқсастығы және микробқа қарсы сезімталдығы бойынша тесттерді қайталау керек, және егер нәтижесі расталса, изолятты беделді зертханаға жіберу керек.

3- Критерийлер, әртүрлілікпен байланыспаған, олар белгіленген, ең бастысы, фармакокинетикалық (фармакодинамикалық) деректер негізінде белгіленген, және олар жеке штаммдардың МIС көрсеткіштерінің дистрибуциясына байланысты болмайды.

Олар критерий штаммы үшін әлі ерекше көрсетілмегендерге қатысты штаммдарға арналған, олар сезімталдығын тестілеуге ұсынылмаған штаммдарға, немесе зерттеу үшін жарамды объект болу мәселелері шешілмеген, дәлелдері жеткіліксіз мөлшердегі штаммдарға қатысты арналмаған (Enterococcus, Neisseria, грамтеріс анаэробтар).

Клиникалық және зертханалық стандарттар институты ұсынған CLSI (бұрынғы NCCLS), МИК критерийлері Таваник үшін орташа сезімталдықтан және төзімділіктен орташа сезімталдыққа дейін сезімтал микроорганизмдерге шек қою МIС тест (мг/л) нәтижелеріне немесе дисктегі диффузия тестіне (мм-дегі аумақ диаметрі Таваниктің 5 мкг дискімен бірге қолданылған) арналған төменде көрсетілген кестеде ұсынылған.

МIС критерийлері және CLSI бойынша Таваникке арналған дисктегі диффузиялар (М100-S17, 2007 ж.)

Патогенді организм

Сезімтал

Төзімді

Enterobacteriacae

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

≥ 8 мкг/мл

≤ 13 мм

Enterobacteriacae емес

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

≥ 8 мкг/мл

≤ 13 мм

Acinetobacter spp.

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

≥ 8 мкг/мл

≤ 13 мм

Stenotrophomonas matophilial

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

≥ 8 мкг/мл

≤ 13 мм

Staphylococcus spp.

≤ 1 мкг/мл

≥19 мм

≥ 4 мкг/мл

≤ 15 мм

Enterococcus spp.

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

≥ 8 мкг/мл

≤ 13 мм

H. influenzae, M. cararrhalis1

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

 

Streptococcus pneumoniae

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

≥ 8 мкг/мл

≤ 13 мм

бета-гемолитикалық Streptococcus

≤ 2 мкг/мл

≥17 мм

≥ 8 мкг/мл

≤ 13 мм

1_ төзімді штаммдардың болмауы немесе сирек кездесушілігі «сезімтал емес» санаттар туралы ойға салатын нәтижелер беретін, штаммдарға арналған «сезімтал» санаттан жақсысы, қандайда бір санаттың анықталуын болдырмайды; микроорганизмдердің ұқсастығы жөніндегі және микробқа қарсы белсенділігіне тесттер нәтижелерін CLSI ұсынған сұйылтудың референционды әдісті пайдалана отырып беделді зертханаларда растау керек.

Нақты түрлерінде төзімділікке ие болу географиялық орналасуына және уақытына байланысты өзгеруі мүмкін; нақты бір аумақтарда төзімді болатыны туралы деректері болған жөн, әсіресе, ауыр инфекцияларды емдеген кезде. Нақты аумақта төзімділігіне ие болуы дәрілік заттан болатын пайда күмәнді болса, қалай болғанда да, инфекциялардың кейбір түрлерінде сарапшыдан ұсынымдар алу қажет.

Сезімтал микроорганизмдер:

Аэробты грамоң бактериялар

Staphylococcus aureus* метициллинге сезімтал, Staphylococcus saprophyticus, C және G топтарының стрептококктары, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae*, Streptococcus pyogenes*

Аэробты грамтеріс бактериялар

Burkholderia cepacia°, Eikenella corrodens, Haemophilus influenzae*, Haemophilus para- influenzae*, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae*, Moraxella catarrhalis*, Pasteurella multocida, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri

Анаэробты бактериялар

Peptostreptococcus

Басқалары

Chlamydophylia pneumoniae*, Chlamydophylia psittaci, Chlamydia trachomatis, Legionella pneumophila*, Mycoplasma pneumoniae*, Mycoplasma hominis, Ureaplasma urealyticum

Жүре пайда болған төзімділігі бар микроорганизмдер

Аэробты грамоң бактериялар

Enterococcus faecalis*, Staphylococcus aureus метициллинге төзімді, Коагулазо-теріс Staphylococcus spp.

Аэробты грамтеріс бактериялар

Acinetobacter baumannii*, Citrobacter freundii*, Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae*, Escherichia coli*, Morganella morganii*, Proteus mirabilis*, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa*, Serratia marcescens*

Анаэробты бактериялар

Bacteroides fragilis, Bacteroides ovatus°, Bacteroides thetaiotamicron°, Bacteroides vulgatus°, Clostridium difficile°.

*- клиникалық тиімділігі мақұлданған клиникалық зерттеулердегі сезімтал изоляттарға қатысты белгіленген.

° - табиғи орташа сезімталдық.

Pseudomonas aeruginosa туындатқан ауруханалық инфекциялар кезінде біріктірілген ем жүргізу қажет болуы мүмкін.

Қолданылуы

Көктамырішілік ем қолайлы деп саналатын ересектерге Таваник инфузияға арналған ерітіндісі левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілімде:

- ауруханадан тыс пневмонияда

- тері мен жұмсақ тіндер инфекцияларында

- асқынулары бар несеп шығару жолдарының инфекцияларында, оның ішінде пиелонефритте

- созылмалы бактериялық простатитте

Бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқауларды басшылыққа алу керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамырішілік қолданылуы:

Таваник, инфузияға арналған ерітіндісін күніне 1 немесе 2 рет тек қана баяу көктамырішілік инфузия түрінде тағайындайды. Дозалауы инфекцияның түрі мен ауырлығына және шамаланған қоздырғыштар сезімталдығына байланысты болады. Бастапқы, көктамыр ішілік емнің бірнеше күнінен кейін науқастың хал-жағдайына қарай пероральді емге көшуге болады (Таваник 250 мг немесе 500 мг таблеткалары). Пероральді және парентеральді түрлерінің биобаламалылығын ескере отырып, дәл сол дозаны қолдануға болады.

Көктамырішілік инфузия ұзақтығы:

Таваник 250 мг ерітіндісі үшін құю ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы керек, ал инфузияға арналған 500 мг ерітіндісі үшін – 60 минуттан кем болмауы керек («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

Инфузияға арналған басқа ерітінділермен үйлесімділігі:

Таваник, инфузияға арналған ерітіндісі инфузияға арналған келесі ерітінділермен үйлесімді:

- 0,9% физиологиялық ерітінді

- инъекцияға арналған 5% глюкоза ерітіндісі

- Рингер ерітіндісіндегі 2,5% глюкоза ерітіндісі,

- парентеральді қоректендіруге арналған біріктірілген ерітінділер (амин қышқылдары, көмірсулар, электролиттер).

Үйлесімсіздігі

Таваник 5 мг/мл, инфузияға арналған ерітіндісі гепаринмен және сілтілік ерітінділермен (мысалы, натрий гидрокарбонаты) араластыруға жатпайды.

Бұл дәрілік препаратты жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда басқадай дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Емнің ұзақтығы:

Емнің ұзақтығы аурудың өту барысына қарай болады (төмендегі кестені қараңыз). Кез келген басқа да бактерияға қарсы емдер тәрізді Таваник препараты (ерітінді және таблетканы) тағайындауды афебрильді жағдайдың басталуынан немесе бактерия эрадикациялары белгілерінің пайда болуынан кейін тағы да 48-72 сағаттан кем емес уақыт жалғастыру керек.

Қалыпты бүйрек функциясы бар пациенттерде дозалау (креатинин клиренсі > 50 мл/мин)

Қолданылуы

1Емнің ұзақтығына көктамырішілік плюс пероральді ем қосылады. Көктамырішіліктен пероральді қабылдауға өту үшін қажет уақыт клиникалық жағдайға байланысты, 2 күннен 4 күнге дейін.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы кезіндегі дозалар (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

 

Креатинин клиренсі

Дозалау режимі

250 мг/24 сағ.

500 мг/24 сағ.

500 мг/12 сағ.

бірінші доза:

250 мг

бірінші доза:

500 мг

бірінші доза:

500 мг

50-20 мл/мин

одан әрі:

125 мг / 24 сағ.

одан әрі:

250 мг / 24 сағ.

одан әрі:

250 мг / 12 сағ.

19-10 мл/мин

одан әрі:

125 мг / 48 сағ.

одан әрі:

125 мг / 24 сағ.

одан әрі:

125 мг / 12 сағ.

<10 мл/мин (оның ішінде гемодиализ және САПД)1

одан әрі:

125 мг / 48 сағ.

одан әрі:

125 мг / 24 сағ.

одан әрі:

125 мг / 24 сағ.

1 Гемодиализден және созылмалы амбулаториялық перитонеальді диализден (САПД) кейін препараттың қосымша дозасының қажеті болмайды.

Бауыр функциясы бұзылуы бар аурулар

Бұндай науқастар үшін доза түзету талап етілмейді, өйткені Таваник бауырда елеулі метаболизмге ұшырамайды және негізінен бүйрекпен шығарылады.

Егде жастағы науқастар

Егде жастағы науқастарда доза түзетілуі талап етілуі мүмкін бүйрек функциясы бұзылуы жағдайын қоспағанда, доза түзету талап етілмейді («Айрықша нұсқауларын» - «Тендинит және сіңір үзілуі» және «QT аралығының ұзаруы» қараңыз).

Балалар

Таваник балаларға және өсу үдерісіндегі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімде.

Жағымсыз әсерлері

Төменде келтірілген ақпарат 8300-ден астам пациенттер қатысқан клиникалық деректерге, сондай-ақ постмаркетингтік бақылау тәжірибесіне негізделген.

Туындау жиілігіне қарай қалыптастырылған әр топтың ішіндегі жағымсыз әсерлер олардың ауырлығының төмендеу тәртібімен берілген.

Жиі (≥1/100, <1/10)

- ұйқысыздық, бас ауыру, бас айналу

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- бауыр ферменттері мысалы, аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфатаза (СФ), гамма-глутамилтранспептидаза (ГГТП)) деңгейлерінің жоғарылауы

- флебит

- инфузия орнындағы реакциялар (ауыру, қызарулар)

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- Candida инфекциясын қоса, зеңдік инфекция

- патоген резистенттілігі

- лейкопения, эозинофилия

- анорексия

- мазасыздық

- сананың шатасу жағдайы, жоғары қозғыштық

- ұйқышылдық, тремор, дисгевзия

- вертиго

- ентігу

- іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іштің қатуы

- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, қышыну, есекжем, гипергидроз

- артралгия, миалгия

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- астения

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- тромбоцитопения, нейтропения

- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- гипогликемия, әсіресе диабеті бар пациенттерде («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- психоздық реакциялар (мысалы, елестеулер, параноя болатын)

- депрессия, ажитация

- әдеттен тыс түстер көру, шым-шытырықтар

- конвульсиялар («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- парестезия

- анық көрмеу сияқты көрудің бұзылуы («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- тиннитус

- тахикардия, жүректің қағуы

- гипотензия

- сіңір аурулары («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Айрықша нұсқауларды» қараңыз), тендинитті қоса (мысалы, ахилл сіңірі)

- миастения грависпен науқас пациенттерде ерекше маңызы болуы мүмкін бұлшықет әлсіздігі («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі (мысалы, интерстициальді нефрит салдарынан)

- пирексия

Жиілігі белгісіз

- панцитопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия

- анафилактикалық шок (анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар тіпті кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындауы мүмкін)

- анафилактоидтық шок (тері-шырыштық реакциялары тіпті кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындауы мүмкін)

- гипергликемия

- гипогликемиялық кома («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- суицидтік ойларды немесе суицидтік әрекеттерді қоса («Айрықша нұсқауларды» қараңыз) пациенттің өзіне қауіпті мінез-құлық туындататын психоздық бұзылыстар

- шеткергі сенсорлық нейропатия («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- шеткергі сенсомоторлық нейропатия («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- аносмияны қоса паросмия

- дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыстар

- агевзия

- естен тану

- қатерсіз бассүйекішілік гипертензия

- уақытша көрмей қалу («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- естудің жойылуы, бұзылуы

- жүректің тоқтап қалуына әкеп соғуы мүмкін қарыншалық тахикардия.

- қарыншалық аритмия және қарыншалық дірілдеу-жыпылықтау (негізінен QT аралығының ұзару қаупі факторы бар пациенттерде байқалады), ЭКГ –де QT аралығының ұзаруы («Айрықша нұсқауларды» және «Артық дозалануын» қараңыз)

- бронхтың түйілуі, аллергиялық пневмонит

- диарея – геморрагиялық, өте сирек жағдайларда жалған жарғақшалы колитті қоса, энтероколиттің бар екендігін көрсетуі мүмкін («Айрықша нұсқауларды» қараңыз), панкреатит

- сарғаю және негізгі ауруы ауыр, ең алдымен, өліммен аяқталатын бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі жағдайын қоса, бауырдың ауыр зақымдануы («Айрықша нұсқауларды» қараңыз»), гепатит

- уытты эпидермальді некролиз Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, фотосенсибилизация реакциясы («Айрықша нұсқауларды» қараңыз,

лейкоцитокластық васкулит, стоматит

- рабдомиолиз, сіңірдің үзілуі (мысалы, ахилл сіңірі) («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- байламдардың, бұлшықеттің жыртылуы

- артрит

- ауыру (арқаның, кеуденің және аяқ-қолдың ауыруын қоса)

Фторхинолондарды қолдануға байланысты болған басқа да қолайсыз әсерлерге, соның ішінде:

- порфириясы бар науқастардағы порфирия ұстамалары жатады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- левофлоксацинге немесе басқа да хинолондарға, сондай-ақ басқа да қосымша заттарға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер

- эпилепсиясы бар пациенттер

- сыртартқысында фторхинолондар қолдануға байланысты сіңір аурулары бар пациенттер

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік

- лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Таваник келесі дәрілік заттармен бірге қолданылғанда Левофлоксацин фармакокинетикасы клиникалық елеулі дәрежеде өзгермеген: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидин.

Дәрілік препараттардың Таваник препаратымен өзара әрекеттесуі:

Теофиллин, фенбуфен немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа да ұқсас дәрілер (ҚҚСД)

Теофиллин, фенбуфен немесе қабынуға қарсы стероидты емес осыған ұқсас препараттар

Клиникалық зерттеулер барысында левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Алайда фторхинолондар мен теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да дәрілерді бір мезгілде қолданғанда эпилепсиялық дайындық шегі едәуір төмендеуі мүмкін.

Препаратты фенбуфенмен бір мезгілде қолданғанда левофлоксациннің концентрациясы шамамен 13%-ға жоғары болды.

Пробенецид және Циметидин

Пробенецид және Циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық тұрғыдан елдәуір әсерін тигізді. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолданғанда төмендеді. Бұл екі дәрілік препараттың да левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеуге қабілеттілігімен түсіндіріледі. Алайда зерттеулер барысында пайдаланылған дозаларда қолданғанда статистикалық тұрғыдан маңызды кинетикалық айырмашылығының клиникалық тұрғыдан маңызды болу ықтималдығы аз.

Левофлоксацинді пробенецид және циметидин сияқты өзекшелік секрецияға әсер етуші препараттармен бірге, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа да маңызды ақпарат

Клиникалық фармакология жүргізген зерттеулер аталған препаратты келесі: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидин сияқты дәрілік заттармен бірге қолдану левофлоксациннің фармакокинетикасына ешқандай клиникалық елеулі әсерін тигізбейтінін көрсетті.

Таваник препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бірге қолданғанда 33%-ға ұлғайған.

K витаминінің антагонистері

Левофлоксацин мен K витаминінің антагонистері (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолдана отырып, ем жүргізілген пациенттерде коагуляциялық сынақ көрсеткіштерінің жоғарылау жағдайлары (ПУ/ХҚҚ) және/немесе ауыр болуы мүмкін қан кетулердің туындағаны жөнінде мәлімделген. Осылайша, және K витаминінің антагонистерімен емделіп жүрген пациенттерде коагуляциялық сынақ нәтижелеріне мониторинг жүргізу керек («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар

Левофлоксацинді, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығының ұзаруын туындататын препараттар қабылдаушы пациенттерде сақтықпен қолдану керек (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класының препараттары, үшциклдік антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) («Айрықша нұсқаулар» QT аралығының ұзаруын қараңыз).

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулеріне жүргізілген зерттеулерде левофлоксацин теофиллин фармакокинетикасына әсерін тигізбеген (CYP1A2 маркерлік субстраты), бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші емес екендігін көрсетеді.

Айрықша нұсқаулар

Метициллин-резистентті алтын түсті стафилококктің де левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болуының ықтималдығы жоғары. Осыған байланысты, левофлоксацинді метициллин-резистентті стафилококктен туындаған инфекцияны емдеуде немесе оған күдік болса, егер зертханалық талдаулар нәтижесі микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын айғақтамаса (сондай-ақ, егер метициллин-резистентті стафилококктен туындаған инфекцияларды емдеуге әдетте тағайындалатын бактерияларға қарсы дәрілер мақсатқа сай емес деп саналса) қолдану ұсынылмайды.

Несеп шығару жолдарының инфекциясын туындататын, көбірек таралған патоген E. сoli-дің фторхинолондарға резистенттілігі Еуропалық одақ елдерінде ауытқып отырады. Препаратты тағайындағанда E. сoli фторхинолондарға резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.

Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: адамда қолданылуы Bacillus anthracis-ге сезімталдығы жөнінде in vitro деректерге, және мөлшері шектеулі клиникалық деректермен қатар, клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға сүйенгені жөн.

Инфузия ұзақтығы

Таваник 250 мг инфузиялық ерітіндісі үшін 30 минуттан кем емес және 500 мг инфузиялық ерітіндісі үшін 60 минуттан кем емес ұсынылатын инфузиялық құю уақытының ұзақтығын сақтау керек. Офлоксацин туралы оның инфузиясы кезінде тахикардия дамуы және артериялық қысымның уақытша төмендеуі мүмкіндігі белгілі. Сирек жағдайларда, артериялық қысымның қатты түсуі нәтижесінде жедел қантамыр жеткіліксіздігі (циркуляторлық коллапс) болуы мүмкін

Левофлоксацин (офлоксацин l-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның түсуі белгілері болғанда құюды дереу тоқтату керек.

Натрий құрамы

Берілген препараттың құрамында 7,8 ммоль (181 мг) натрий 50 мл доза және 15,8 ммоль (363 мг) 100 мл доза. Бұл натрий диетасы бақыланатын пациенттерде назарда болуы тиіс.

Тендинит және сіңірдің үзілуі

Тендинит сирек жағдайларда туындауы мүмкін. Ахилл сіңірі өте көп зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Тендинит және кейбір жағдайларда сіңірдің екі жақты үзілуі левофлоксацинмен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ бұл патологияның емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде туындау жағдайлары туралы мәлімделген. Тендиниттің және сіңірдің үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, тәуліктік 1000 мг дозада қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтар қабылдағанда артады. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне қарай түзету керек («Қолдану тәсілі және дозаларын» қараңыз). Демек, бұндай пациенттерге левофлоксацин тағайындауда мұқият мониторинг жүргізу керек. Барлық пациенттер тендинит симптомдары туындағанда емдеуші дәрігерге қаралуы керек. Тендинитке күдіктенген жағдайда левофлоксацинді қолдануды дереу тоқтату керек және зақымданған сіңірге тиісінше ем бастау керек (мысалы, оны жеткілікті иммобилизациямен қамтамасыз ету) («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Clostridium difficile әсерінен туындаған аурулар

Левофлоксацинмен емделу кезіндегі немесе одан кейінгі, әсіресе ауыр, тұрақты және/немесе қан араласқан диарея (емді аяқтағаннан кейінгі бірнеше аптаны қоса) Clostridium difficile әсерінен туындаған аурудың симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile әсерінен туындаған ауру ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қауіп төндіруге дейін ауытқуы мүмкін, және мұндайда жалған жарғақшалы колит ең ауыр түрі болып табылады («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Сондықтан, егер пациенттерде левофлоксацинді қолданып емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, бұл диагнозды ескеру маңызды. Clostridium difficile әсерінен туындаған ауруға күдіктенген жағдайда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтату керек, және кешіктірмей тиісті емді бастаған жөн. Осындай клиникалық жағдайларда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.

Құрысудың туындауына бейім пациенттер

Хинолондар құрысу шегіне дайындықты төмендетуі және құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацинді сыртартқысында эпилепсиясы бар («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз) пациенттерге қолдануға болмайды, және басқа да хинолондар сияқты бұл препаратты құрысудың туындауына бейімділігі бар пациенттерге немесе белсенді заттары (мысалы, теофиллин) құрысуға дайындық шегін төмендететін («Дәрілермен өзара әрекеттесулерін» қараңыз) дәрілік заттарды қолданып қатар ем жүргізгенде ерекше сақ болу керек.

Конвульсивті құрысулар туындаған жағдайда («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз) левофлоксацинді қолданып жүргізілетін емді тоқтату керек.

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе ашық бұзылулары бар пациенттерде бактерияларға қарсы хинолонды препараттармен ем жүргізгенде гемолитикалық реакцияларға бейімділік

байқалуы мүмкін. Сондықтан бұндай пациенттерде левофлоксацин қолдану қажет болғанда оларды гемолиздің туындауы тұрғысында бақылау жүргізу керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы экскрецияланатын болғандықтан, оның функциясы бұзылған пациенттерде Таваник дозасын түзету керек («Қолдану тәсілі және дозаларын» қараңыз).

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин ауыр және потенциальді түрде өлімге әкеп соғатын аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін болатын ангионевроздық ісінуді) туындатуы мүмкін, ол кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін-ақ туындайды («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Пациенттер емді дереу тоқтатуы тиіс және емдеуші дәрігермен немесе тиісті шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем дәрігерімен байланысуы керек.

Ауыр буллезді реакциялар

Левофлоксацин қолданғанда Стивенс–Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз сияқты («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз) ауыр буллезді тері реакцияларының туындау жағдайлары жөнінде мәлімделді. Тері/шырышты қабықта реакциялар туындаған жағдайда, пациенттерге емдеуді жалғастырмас бұрын емдеуші дәрігермен дереу байланыс жасауына кеңес берген жөн.

Дисгликемия

Барлық хинолондарды қолданғандағы сияқты, гипо-, сондай-ақ гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшерінің бұзылғаны жөнінде мәлімделген, бұл әдетте пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қолданып қатар ем қабылдап жүрген, диабеті бар пациенттерде байқалды. Гипогликемиялық кома жағдайлары жөнінде мәлімделді. Диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Фотосенсибилизацияның алдын алу

Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның туындағаны жөнінде мәлімделді («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Фотосенсибилизацияның дамуына жол бермеу үшін пациенттерге емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат бойына, қажет болмаса, күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулелену (мысалы, УК шамы, солярий ) әсеріне жол бермеу ұсынылады.

К витамині антагонистерін қолданып ем қабылдап жүрген пациенттер

Коагуляциялық сынақ (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің жоғарылауы және/немесе қан кетулердің туындауы мүмкін болғандықтан, левофлоксацин және K витамині антагонистері (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолданып ем қабылдап жүрген пациенттерде осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда («Дәрілермен өзара әрекеттесулерін» қараңыз) коагуляциялық сынақ нәтижелеріне мониторинг жүргізу керек.

Психоздық реакциялар

Левофлоксацинді қоса, хинолонды қабылдап жүрген пациенттерде психоздық реакциялардың туындау жағдайлары жөнінде мәлімделген. Өте сирек жағдайларда тіпті левофлоксацинді бір рет қолданғаннан кейін де осыған ұқсас реакциялар суицидтік ойлар және пациенттің өзіне қауіпті мінез-құлық пайда болғанға дейін үдеген («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Осыған ұқсас реакциялар пайда болған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды тоқтатқан және тиісті шараларды қолданған жөн. Психозы бар науқастарда немесе сыртартқысында психиатриялық аурулары бар науқастарда левофлоксацинді абайлап қолдану керек.

QT аралығының ұзаруы

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды төмендегідей QT аралығының ұзару қаупінің белгілі бір факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн:

- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы

- QT аралығы ұзаруын туындататын дәрілік заттарды (мысалы аритмияға қарсы, IA және III класқа жататын препараттар, үшциклдік антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қатар қолдану

- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

Егде жастағы науқастар және әйелдер QT аралығы ұзаруын туындататын препараттарға сезімталдау болуы мүмкін. Демек, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің аталған тобында сақтықпен қолдану керек («Қолдану тәсілі және дозаларын» Егде жастағы пациенттер, «Дәрілермен өзара әрекеттесуін», «Жағымсыз әсерлерін», «Артық дозалануын» қараңыз).

Шеткергі нейропатия

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде жеткілікті түрде жылдам дамуы мүмкін шеткергі сенсорлық нейропатия және шеткергі сенсомоторлық нейропатияның туындағаны жөнінде мәлімделген («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Нейропатия симптомдары пайда болғанда қайтымсыз бұзылулардың дамуына жол бермеу үшін левофлоксацинді қолдануды тоқтату керек.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Ауыр негізгі ауруы бар, мысалы сепсис сияқты, пациенттерде левофлоксацинді қолданғанда өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігіне дейін болатын бауыр некрозы жағдайлары жөнінде мәлімделді («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Пациенттерге анорексия, сарғаю, несеп күңгірттенуі, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері пайда болғанда емдеуді тоқтатып және емдеуші дәрігермен байланысу ұсынылады.

Гравис миастениясының асқынуы

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықетті бөгегіш белсенділікке ие және гравис миастениядан зардап шегіп жүрген пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайын қоса, күрделі қолайсыз реакциялар және постмаркетингтік кезеңдегі бақылауда туындаған өкпені қосымша жасанды желдетудің қажеттігі гравис миастениядан зардап шегіп жүрген пациенттерде фторхинолондар қолданумен байланысты болды. Сыртартқысында гравис миастения бар пациенттерде левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.

Көрудің бұзылуы

Көрудің бұзылуы туындағанда немесе препаратты қабылдаудың көзге әсері пайда болғанда дереу офтальмологке қаралу керек.

Асқын инфекциялар

Левофлоксацинді қолдану, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Емдеу кезеңінде асқын инфекциялар туындағанда тиісті шаралар қолдану керек.

Зертханалық зерттеу нәтижелеріне әсері

Левофлоксацинді қолданып ем қабылдап жүрген пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға арналған талдау жалғаноң нәтижелер беруі мүмкін.

Талдаулар нәтижесінде апиындар бар екендігіне спецификалық жетілдірілген әдістерді пайдаланып айғақтау қажет болуы мүмкін.

Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетуі мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалғантеріс нәтижесінің алынуына себеп болуы мүмкін.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде левофлоксацин қолдану жөніндегі деректердің мөлшері шектеулі. Клиникаға дейінгі зерттеулер репродуктивті уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама зиянды әсерлерін анықтаған жоқ. Алайда клиникалық деректердің болмауы, сондай-ақ өсіп келе жатқан организмдегі салмақ жүктемесін көтеретін сіңірлердің фторхинолондардан зақымдану қаупін эксперименталдық деректер айғақтағандықтан, левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолданбаған жөн.

Лактация кезеңі

Таваник препаратын бала емізу кезеңіндегі әйелдерге қолдануға болмайды. Қазіргі таңда левофлоксациннің емшек сүтімен бірге бөлініп шығатындығы туралы ақпарат жеткіліксіз; алайда басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлініп шығатындығы белгілі. Клиникалық деректер жоқ болғандықтан, өсіп келе жатқан организмдегі салмақ жүктемесін көтеретін сіңірлердің фторхинолондардан зақымдану қаупін айғақтайтын эксперименталдық деректерге байланысты левофлоксацинді бала емізу кезеңінде әйелдерге қолдануға болмайды.

Фертильділігі

Левофлоксацин клиникаға дейінгі зерттеулерде фертильділігінің немесе репродуктивті функциясының бұзылуын туындатқан жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір қолайсыз әсерлер, мысалы, бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы науқастың зейін қою қабілетін нашарлатуы және оның реакциясының жылдамдығын төмендетуі мүмкін, бұл қабілеттер (мысалы, автокөлікті басқаруда және механизмдермен жұмыс істеуде) өте маңызды жағдайларда қауіп тудыруы мүмкін.

Артық дозалануы

Препараттың аса жоғары емдік дозасын қолданып клиникаға дейінгі уыттылығына жүргізілген зерттеулер немесе клиникалық фармакологиясына жүргізілген зерттеулер нәтижесіне сәйкес, Таваник® препараты таблеткаларының өте артық дозалануынан кейін пайда болады деп күтілетін маңыздырақ белгілерге сананың шатасуы, бас айналу, сананың бұзылуы және конвульсиялық құрысулар, QT аралығының ұзаруы сияқты жүйке жүйесі тарапынан болатын симптомдар, сондай-ақ жүректің айнуы және АІЖ шырышты қабығының эрозиясы сияқты асқазан-ішек жолдары тарапынан болатын реакциялар жатады.

Постмаркетингтік бақылаулар барысында сананың шатасу жай-күйі, конвульсиялар, елестеулер және тремор сияқты ОЖЖ тарапынан болатын әсерлер байқалды.

Артық дозаланған жағдайларда симптоматикалық ем жүргізу керек. QT аралығының ұзаруы мүмкін болғандықтан, ЭКГ-мониторингін жүргізу керек. Асқазанның шырышты қабығын қорғау үшін антацидтік дәрілер қолдануға болады. Перитонеальді диализді және ТАПД қоса, гемодиализ левофлоксацинді организмнен шығару үшін тиімсіз. Спецификалық у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған түссіз шыныдан жасалған құтыларға құйылады.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдануы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Инфузияға арналған ерітіндіні жарықтан қорғалмайтын бөлмеде 3 күннен асырмай сақтауға болады!

Қолдануға дейін ерітінді әркез қаптамада сақталуы керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақталу мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ, Германия

Орналасқан мекенжайы: Brüningstrasse, 50, D-65926 Frankfurt am Main, Germany

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы

050013 Алматы қ., Фурманов к-сі 187Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-26-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

 

Прикрепленные файлы

172379081477976303_ru.doc 160 кб
406100041477977495_kz.doc 181.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники