Стриверди® Респимат®

МНН: Олодатерол
Производитель: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Селективные бета-2-адреномиметики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121771
Информация о регистрации в РК: 05.11.2015 - 05.11.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 13 257.97 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Олодатерол

Дәрілік түрі

Ингаляцияға арналған 2,5 мкг ерітінді РЕСПИМАТ ингаляторымен жиынтықта

Құрамы

1 ингаляцияның құрамында

белсенді зат – 0,0027 мг олодатерол гидрохлориді (0,0025 мг олодатеролға баламалы)

қосымша заттар: бензалконий хлориді (50% ерітінді), динатрий эдетаты, сусыз лимон қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Көлемі 4.5 мл картридждің ішінде мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау, РЕСПИМАТ жүйесіне арналған алюминий цилиндрге құйылған сұйықтық бар, жоғарғы жағы ашудан қорғалған және цилиндрдің түбінде тесігі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Ингаляциялық симпатомиметиктер. Селективті бета2-адреностимуляторлар. Олодатерол.

АТХ коды R03AC19

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Олодатеролдың фармакокинетикасы дені сау субъектілерден, сондай-ақ ӨСОА және демікпесі бар паци­енттерден препараттың емдік және жоғарылатылған дозасының ингаляциясынан кейін зерттелді.

Олодатеролдың ерітіндінің емдік дозаларының ауқымындағы ингаляциясынан кейінгі фармакокинетикасы - 5-тен 70 микро­грамға дейінгі бір реттік ингаляциялық дозаларынан және 2-ден 20 микрограмға дейінгі бірнеше реттік дозаларынан кейін дозаға тәуелділігімен сипатталады.

Күніне бір рет қайталап ингаляциялаған кезде олодатерол плазмадағы тұрақты концентрациясына 8 күннен соң жетті, ал әсер ету дәрежесі бір реттік дозасымен салыстырғанда 1,8  есе артты.

Сіңірілуі. Олодатерол плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына әдетте ингаляциядан кейінгі 10 және 20 минут арасында жетеді. Олодатеролдың ингаляциядан кейінгі жүйелі жетімділігі көбінесе өкпе арқылы сіңуіне негізделеді.

Таралуы. Таралу көлемі өте ауқымды және 1110 л құрайды, бұл тіндерде кеңінен таралатындығын көрсетеді. Олодатеролдың адам плазмасы ақуызында in vitro [14C] байланысуы концентрациясына тәуелді емес және 60 %-ға жуықты құрайды.

Олодатерол P-гликопротеиннің, OAT1, OAT3 және OCT1 тасымалдағыштары үшін субстрат болып табылады және BCRP, MRP, OATP2, OATP8, OATP-B, OCT2 және OCT3 тасымалдағыштары үшін субстрат болып табылмайды.

Биоөзгерісі. Олодатерол негізінен тікелей глюкурондалу және О-деметилдену жолымен конъюгациядан кейінгі метоксильді топтарға метаболизденеді. Анықталған алты метаболитінің ішінен, тек конъюгацияланбаған демитилдену өнімдері ғана бета2-рецепторлармен байланысады. Алайда бұл метаболит ұсынылған емдік дозасының немесе одан 4 есе артық дозаларының тұрақты ингаляцияларынан кейін плазмада анықталмайды.

P450 цито­хромының CYP2C9 және CYP2C8 изоферменттері (сондай-ақ әсері елеусіз CYP3A4) олодатеролдың О-диметилдену үдерісіне қатысады, ал уридиндифосфат-гликозилтрансферазаның UGT2B7, UGT1A1, 1A7 және 1A9 изоформалары олодатерол глюкуронидтарының қалыптасу үдерісіне қатысады.

Шығарылуы. Олодатеролдың жалпы клиренсі дені сау еріктілерде 872 мл/мин, бүйректік клиренсі — 173 мл/мин құрайды.

[14C]-таңбалы олодатеролды көктамыр ішіне енгізгеннен кейін дозасының 38 %-ы несеппен және 53 %-ы нәжіспен бөлініп шығады. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін несептегі өзгермеген олодатерол көлемі 19 % құрайды. Пероральді енгізуден кейін несеппен тек 9 %-ы (0,7 % өзгермеген олодатерол), ал нәжіспен – көп бөлігі (84 %) бөлініп шығады. Көктамыр ішіне және пероральді енгізгеннен кейін дозасының 90 %-дан астамы сәйкесінше 6 және 5 күн ішінде бөлініп шығады. Олодатеролдың плазмадағы концентрациясы ингаляциядан кейін сатылап төмендеді, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 45 сағатқа жуықты құрады.

Пациенттердің ерекше топтары.

ӨСОА бар пациенттер үшін препараттың дозасын жас шамасына, жынысы мен салмағына байланысты түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жүйелі әсерінің клиникалық маңызды артуы байқалған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер. Бауырдың жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер мен дені сау еріктілер арасында фармакокинетикасындағы айырмашылықтарға дәлел жоқ. Бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеу жүргізілген жоқ.

Нәсіл. Әр зерттеудің фармакокинетикалық мәліметтерін салыстырған кезде, еуропалықтармен салыстырғанда, азиялықтарда күштірек жүйелі әсеріне бейімділік анықталған. СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратын ұсынылған екі емдік дозаларына жететін дозада қолданған кездегі қауіпсіздік бейіні бір жыл бойы сақталды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Олодатеролдың аффинділігі жоғары және адамның бета2‑адренорецепторларға жоғары деңгейдегі селективтілікке ие. In vitro зерттеулер, олодатерол бета1‑адренорецепторлармен салыстырғанда, бета2-адренорецепторларға күштірек әсері бар агонистер екендігін, сондай-ақ агонистерінің бета3-адренорецепторлармен салыстырғанда күштірек әсер ететін агонистер екендігін көрсеткен.

Фармакологиялық әсері ингаляция арқылы жергілікті енгізгеннен кейін бета2-адренорецепторлардың байланысуы мен белсенуі есебінен байқалады.

Тыныс жолдарындағы аталған рецепторлардың белсенуі жасушаішілік аденилциклазаның — циклдық-3’,5’ аденозинмоно­фосфаттардың (цАМФ) синтезін қамтамасыз ететін ферменттің стимуляциясына алып келеді. цАМФ жоғары деңгейі тегіс бұлшықет жасушаларының босаңсуының есебінен бронхтардың кеңеюіне алып келеді.

Клиникаға дейінгі зерттеулер, олодатеролдың әсер етуі тез басталатын және 24 сағатқа созылатын, ұзақ әсер ететін бета2‑адренорецепторлардың (ҰӘБА) селективті агонисі болып табылатындығын көрсетті.

Бета2-агонинстер бронхтарды кеңейтеді. Бета2-адрено­рецепторлар көбінесе тыныс жолдарының тегіс бұлшықеттерінде орналасатындығына қарамастан, олар жасушалардың басқа түрлерінің беткейінде де, соның ішінде эпителий мен эндотелий жасушаларында, сондай-ақ жүректе кездеседі. Жүректегі бета2-адренорецепторлардың нақты функциясы белгісіз.

Кардиоэлектрофизиологияға әсер етуі

Олодатеролдың ЭКГ-дағы QT/QTc аралығына әсері салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, плацебо және белсенді препаратпен (мокси­флоксацин) бақыланатын зерттеулер аясында бағаланды, оларға ер және әйел жынысты дені сау еріктілер қатысты. Олодатеролдың бір реттік дозасын (10, 20, 30 және 50 мкг) қолдануды зерттеу, плацебомен салыстырғанда, QT аралығының бастапқы мәнінен орташа өзгерісі дозасын қабылдағаннан кейінгі 20 минуттан 2 сағатқа дейінгі уақыт аралығынан соң дозасына байланысты 1,6 мс-дан (10 мкг олодатерол) 6,5 мс дейін (50 мкг олодатерол) артқанын көрсетті. Бұл кезде дозаларының барлық деңгейлері үшін жекелей корригирленген QT (QTcI) аралықтары жағдайында екіжақты 90 %-дық сенімді аралықтардың жоғарғы шегі 10 мс аз құрады.

СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратының 5 мкг және 10 мкм дозасының жүректің соғу жиілігіне және жүрек ырғағына әсері тәуліктік ЭКГ (холтерлік мониторингілеу) нәтижелерінің негізінде, 48 апталық, плацебо-бақыланатын 3 фазалы зерттеулер аясындағы пациенттерден тұратын қосалқы топта бағаланды. Дозасымен немесе уақытпен байланысты трендтер, жүректің соғу жиілігінің немесе экстрасистолияның орташа өзгеру шамасы болмаған. Емдеудің аяғына қарай экстрасистолия шамасының бастапқы мәнінен жылжуы 5 мкг, 10 мкг дозадағы олодатерол мен плацебо арасында елеулі айырмашылықтар барын көрсетпейді.

Қолданылуы

- өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары (ӨСОА) бар пациенттердегі бронхолитиктік демеуші емде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тек ингаляцияға арналған. Картриджді тек РЕСПИМАТ ингаляторына ғана салуға және сонымен ғана пайдалануға болады.

СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратының екі ингаляциясы бір дозаны құрайды.

Ересектер.

Ұсынылатын дозасы 5 мкг олодатеролды немесе РЕСПИМАТ ингаляторындағы ерітіндінің күніне бір рет, күннің белгілі бір уақытындағы екі ингаляциясын құрайды.

Ұсынылған дозасын арттырмау керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратының ұсынылған дозасын қолдана алады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауырдың жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратының ұсынылған дозасын қолдана алады.

СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратын бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану жөнінде мәліметтер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратының ұсынылған дозасын қолдана алады. Препаратты бүйректің жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы жөніндегі мәліметтер шектеулі.

Балалар

СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препараты балаларда (18 жасқа дейінгі) қолдануға арналмаған.

СТРИВЕРДИ РЕСПИМАТ препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулық

Мына нұсқаулықтарды оқып шығуыңызды және оларды мұқият басшылыққа алуыңызды өтінеміз.

Прикрепленные файлы

008124531477976364_ru.doc 1374 кб
660814021477977570_kz.doc 1421 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники