Стрепсилс® (таблетки для рассасывания лимонные)

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020553
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Стрепсилс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған лимонды таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг,

амилметакрезол - 0.60 мг,

қосымша заттар: лимон хош иістендіргіші 74940-74, хинолинді сары бояғышы (Е 104), натрий сахарині, шарап қышқылы, сұйық мальтитол, изомальт.

Сипаттамасы

Екі жағында "S" әрпі бейнеленген, лимон дәмі бар дөңгелек пішінді сары түсті таблеткалар.

Карамельді массаның ішінде ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің аздап тегіс болмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дәрілік түрінде болатын фармакокинетикалық белсенді ингредиенттер ауыз-жұтқыншақ шегінде жергілікті әсер етеді.

Фармакодинамикасы

ЛОР-тәжірибеде жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат.

2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, антисептик болып табылады. Амилметакрезол – фенол туындысы, антисептик, микробқа қарсы белсенділікке ие. 2,4-дихлорбензил спирті мен амилметакрезолдың әсер ету механизмі микробтық және зең жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін анықтайды.

Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және жергілікті жансыздандырушы әсер етеді. Препарат жоғарғы тыныс алу жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабықтарының тітіркену симптомдарын, жұтқыншақта бөгде зат тұрғандай сезінуді, қышуын, жыбырлауды басады; шырышты қабыққа деконгестивтік әсер береді, мұрынның бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауыруын жеңілдетеді.

Препарат граммоң және граммтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына: стафилококк штамдарының көпшілігіне (S. epidermidis, S. pyogenes, S. aureus, S. salivarius), А, С және D топтарының стрептококтары, Diplococcus pneumoniae, Pseudomonas aerogenosa, Klebsiella aerogenes, Haemophilus influenzae, Proteus spp., Aerobacter aerogenes, Aerobacter cloacae және т.б. қатысты белсенді, сондай-ақ ашытқы тәрізді Candida albicans зеңдеріне антимикотикалық әсері бар.

Қолданылуы

- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ауыз қуысында соруға арналған.

Ересектер: әр 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Егде жастағы адамдар: егде жастағы адамдарда дозасын азайту қажет емес. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық

- Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Симптомдарының сақталуында, дәрігермен кеңесу керек.

Препараттың құрамында изомальт пен сұйық малитол бар, оларды күніне бірнеше рет қабылдаса, әлсіз іш жүргізгіш әсер етуі мүмкін.

Фруктозаны көтере алмаушылықтың сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауруы бар емделушілер дәрілік затты қабылдаудан бас тартуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолданудың қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер жоқ, сондықтан препаратты пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 8 немесе 12 таблеткадан салады.

Картон пәшкеге медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 2 пішінді қаптамадан салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,

Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,

Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ-сы., Достық к-сі, 85 «А», 116 кеңсе.

Тел.: +7 (727) 272 88 04; факс: +7 (727) 266 27 96

Жедел байланыс желісі: 8-800-505-1-500 (қоңырау шалу тегін) Электронды пошта: contact_ru@reckittbenckiser.com

 

Прикрепленные файлы

805237251477976694_ru.doc 52.5 кб
937613351477977831_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники