Спирт этиловый 70% (Даулет-Фарм)

МНН: Этанол
Производитель: Даулет-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019713
Информация о регистрации в РК: 27.07.2020 - 27.07.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 56.42 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті 70 %Этил спирті 90 %

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

70 % және 90 % сұйықтық, 50 мл

Құрамы

1 литр препараттың құрамында

белсенді зат 70% 90 %

 

96 % этил спирті 665 мл 913 мл

қосымша зат

тазартылған су 335 мл 87 мл

 

Сипаттамасы

Спиртке тән иісі және күйдіретін дәмі бар, жылдам тұтанатын ұшпа, түссіз, мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялық басқа да препараттар. Этанол.

АТХ коды D08AX08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ерітіндісінің тері жабындыларына әсерінен кейін тіндер ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлық әрекеті туындайды. Спирттің теріні иіту әсері оның сезімталдығы мен тер бөлінуін азайтып, ауыруын басуға және қышынуын тоқтатуға ықпал етеді.

Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.

Қолданылуы

Медициналық практикада этил спирті негізінен сүртінуге, компресстерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданылады.

- хирургтың қолын, операция жасалатын аумақты, медициналық құралдарды тазалап-өңдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа – мақта тампондар, сүрткілердің көмегімен теріге жағады. Компресс жасайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- теріні, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарын тітіркендіру және күйдіру

- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

- ОЖЖ бәсеңдету

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңдететін препараттар әсерін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіріп алмас үшін) этанолды 1 : 1 (70 %, 90 %) арақатынасында сумен сұйылту керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек

Балаларға

Компресс жасау үшін балаларға сұйылтып қолданылуы мүмкін - 1 : 4 (спирт және су) - 90 % ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70 % ерітінді үшін.

Хирургиялық құралдарды стерилдеуге сұйылтылмаған 95 % спирт пайдаланылады.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан полиэтилен тығынмен және бұралып кигізілетін пластмасса қақпақпен немесе алюминий қалпақшалармен тығындалған, мойны бұрандалы қызғылт сары шыны құтыда. Құтылар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге құтылар санымен қораптық картоннан жасалған тасымалдау қорабына салынады.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада, оттан алыс жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Даулет-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Даулет-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Даулет-Фарм» ЖШС, Тополевская к-сі 157 К, тел/ факс: 8(727) 383-95-08, E-mail: daulet-farm@mail.ru

Прикрепленные файлы

547019241477976397_ru.doc 46 кб
283393711477977611_kz.doc 41.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники