Сингуляр (5 мг)

МНН: Монтелукаст натрия
Производитель: Мерк Шарп и Доум Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016170
Информация о регистрации в РК: 22.04.2015 - 22.04.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 96.87 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Сингуляр

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 5.2 мг натрий монтелукасты (5 мг бос қышқылға баламалы) бар.

қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, темірдің қызыл тотығы (Е172), натрий кроскармеллозасы, шие хош иістендіргіші, аспартам, магний стеараты.

Сипаттамасы

Таблетканың бір жағында «SINGULAIR» және екінші жағында «MSD 275» өрнегі бар, екі беті дөңес, қызғылт түсті дөңгелек таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа да препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Монтелукаст ішу арқылы қолданғаннан кейін тез сіңіріледі. 10 мг дозада үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды аш қарынға қабылдағанда ересектерде қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрацияға (Cmax) препаратты қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң (Tmax) жетеді. Ішу арқылы қолданғанда орташа биожетімділігі 64% құрайды. Әдеттегіше тамақтану ішу арқылы қолданғанда биожетімділігі мен Cmax мәніне ықпал етпеген. Қауіпсіздігі мен тиімділігі, ас ішуге байланыссыз, үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар қолданылған клиникалық зерттеулерде расталған.

Шайнайтын 5 мг таблеткалар үшін Cmax мәніне ересектерде ашқарынға қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң жетеді. Ішу арқылы қолданғанда орташа биожетімділігі 73% құраған және стандартты тағаммен қабылдағанда 63% дейін төмендеген.

Таралуы. Монтелукаст қан плазмасы ақуыздарымен 99%-дан астам байланысады. Тепе-тең жағдайда монтелукаст таралу көлемі, орта есеппен, 8-11 литр құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукаст қолданумен жүргізілген зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өткенде тым аз таралуын көрсетеді. Бұдан бөлек, радиоактивті-таңбаланған зат концентрациялары доза қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң басқа тіндердің бәрінде аса төмен болды.

Метаболизмі. Монтелукаст белсенді метаболизденеді. Емдік дозаларды қолданған кезде монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары қан плазмасында ересектер мен балаларда тепе-тең жағдайларда анықталған шегінен төмен күйде болады. Монтелукаст метаболизмі, ең алдымен, P450 2С8 цитохромы жүйесі арқылы жүреді. CYP3А4 тежегіші болып табылатын итраконазол тағайындалғанда тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукаст алған дені сау еріктілерде монтелукаст фармакокинетикасы өзгермесе де, CYP 3А4 және 2С9 аздап ықпалын тигізеді. Адам бауыры микросомаларының іn vitro клиникалық зерттеулері қан плазмасындағы монтелукаст емдік концентрацияларының P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукаст емдік әсерінде метаболиттердің рөлі өте төмен.

Шығарылуы Дені сау ересектерде монтелукаст плазмалық клиренсі, орта есеппен, минутына 45 мл құрайды. Ішу арқылы қолданудан кейін радиоактивті-таңбаланған монтелукаст 86% радиоактивтілігі 5 күн бойы нәжіспен және <0.2% несеппен шығарылады, бұл монтелукаст және оның метаболиттері іс жүзінде толық өтпен бірге шығарылатындығын көрсетеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетика ерекшеліктері. Егде жастағы пациенттерде немесе ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр функциясының бұзылуында дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер қатысқан зерттеулер жүргізілмеген. Монтелукаст пен оның метаболиттері өтпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде монтелукаст дозасын түзету қажет болады деп жорамалданбайды. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түріне (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) шалдыққан пациенттерде монтелукаст фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукаст жоғары дозаларын (ересектерге ұсынылған дозадан 20 және 60 есе асып кететін) қолданғанда қан плазмасында теофиллин концентрациясының төмендеуі байқалды. Бұл әсер препаратты тәулігіне 1 рет ұсынылған 10 мг дозада қолданғанда байқалмаған.

Фармакодинамикасы

Цистеин лейкотриендері (LTC4, LTD4, LTE4), жуан жасушалар мен эозинофильдерді қоса, әртүрлі жасушалардан бөлініп шығатын қабыну эйкозаноидтары болып табылады. Осы демікпе алдындағы медиаторлар әсері адамның тыныс жолдарында болатын цистеин лейкотриен рецепторлары (CysLT) арқылы жүзеге асады және бронх түйілуімен, шырыш бөлінуімен, тамырлар өткізгіштігінің артуымен және эозинофильдер көшуімен көрініс береді.

Монтелукаст – CysLT1-рецепторларды жоғары таңдаумен және химиялық тектестікпен бәсекелі байланыстыратын белсенді қосылыс. Клиникалық зерттеулерде монтелукаст тіпті 5 мг дозада тағайындалғанда деммен ішке LTD4 тартудан болатын бронх түйілуін бәсеңдететіні және ішу арқылы қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде бронх дилатациясын туындататыны анықталды. Монтелукаст β-агонистер әсеріне аддитивті әсерін де көрсетеді. Монтелукастпен емдеу антигендерге реакцияны төмендетіп, бронх түйілуін ерте сатыларында да, кешеуілді сатыларда да бәсеңдетеді. Монтелукастпен емдеу бронх демікпесінің клиникалық ағымын бақылауды жақсартып, тыныс жолдарында (қақырық талдауымен расталған) және шеткергі қанда эозинофильдер мөлшерін елеулі төмендетеді.

Қолданылуы

  • талап бойынша ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа әсер ететін β-агонистермен емдеудің клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар 6 жастан бастап балаларға арналған бронх демікпесінің базалық еміне қосымша

  • бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеуде және дене жүктемесінен болатын бронх түйілуінің алдын алуда

  • бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық риниттерді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған дозасы тәулігіне 1 рет кешкілік 5 мг шайнайтын 1 таблетканы құрайды. Сингуляр препаратын ас ішуден 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Осы жас тобында дозаны түзету қажет емес.

Жалпы нұсқаулар. Бронх демікпесі ағымы көрсеткіштерінің өзгеруімен Сингулярдың емдік әсері 1 күн ішінде дамиды. Пациенттерге, демікпенің бақылануына жеткеннің өзінде де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде Сингуляр қабылдауды жалғастыру керектігін хабарлаған жөн. Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін бауыр функциясы бұзылған немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түріне шалдыққан пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ұлдар мен қыздар үшін дозалануы бірдей.

Сингуляр, ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлеуші демікпеде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына емдеудің баламалы әдісі ретінде. Сингуляр ауырлығы орташа дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар пациенттерде монотерапия ретінде ұсынылмайды. Ауырлығы жеңіл дәрежелі персистирлеуші демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде монтелукаст қолдану ішуге арналған кортикостероидтар қолдану қажет болатын және ингаляциялық кортикостероидтарды пайдалануға қабілетсіз, соңғы уақытта күрделі демікпе ұстамалары болмаған пациенттер үшін ғана қарастырылу керек. Ауырлығы жеңіл дәрежелі персистирлеуші демікпе демікпенің симптомдарының аптасына 1 реттен жиірек, бірақ күніне 1 реттен сирек пайда болуы, түнгі симптомдардың айына 2 реттен жиірек, бірақ аптасына 1 реттен сирек пайда болуы ретінде анықталған, көріністер арасындағы кезеңдерде өкпе функциясы қалыптағыдай болады. Егер соңғы тексерілуге қарай демікпені жеткілікті бақылауға қол жеткізілмесе (әдетте 1 ай бойы), демікпені емдеудің бірізді жүйесін негізге алып, қосымша немесе басқа қабынуға қарсы емнің қажеттілігін айқындаған жөн. Демікпені бақылауға қатысты пациенттердің жай-күйін мезгіл-мезгіл бағалап отыру керек.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне қарай Сингулярмен емдеу. Егер ингаляциялық кортикостероидтармен емдеуде Сингуляр қосымша ем ретінде қолданылса, Сингуляр препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды күрт алмастыруға болмайды.

15 жастағы және одан үлкен балалар үшін және ересектер үшін 10 мг дозаланған таблеткалар шығарылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері олардың пайда болуының келесі жиілігі бойынша топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • бас ауыру

  • абдоминальді ауыру

Постмаркетингілік деректер

Өте жиі (≥1/10)

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • диарея**, жүрек айну**, құсу**

  • бөртпе**

  • трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (АЛТ және АСТ)

  • пирексия*

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

    • аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксияны қоса

    • патологиялық түстер, шым-шытырық түстер көруді қоса, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, ажитация, озбырлық пен жауығуды қоса, депрессия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, ашушаңдық, мазасыздық, треморды қоса***

    • бас айналу, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

    • мұрыннан қан кету

    • ауыздың құрғауы, диспепсия

    • қанталаулар, есекжем, қышыну

    • артралгия, миалгия, бұлшықеттердің түйілулерін қоса

    • астения/шаршау, ісіну

    • балалардағы энурез

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

    • қанағыштыққа бейімділік

    • зейін шоғырландырудың бұзылуы, есте сақтау бұзылыстары

    • пальпитация

    • ангионевротикалық ісіну

Өте сирек (<1/10000)

  • бауырдағы эозинофильді инфильтраттар

  • елестеулер, бағдардан жаңылу, суицидтік ниеттер және мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

  • Чердж-Стросс синдромы

  • гепатит, холестатикалық, гепатоцеллюлярлы түрлерін және генезі әртүрлі бауыр зақымдануларын қоса

  • мультиформалы эритема, түйінді эритема

  • тромбоцитопения

* Бұл жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «өте жиі» кездескен.

** Бұл жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «жиі» кездескен.

*** «Сирек» жиілігімен кездескен.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

    • жүктілік және лактация кезеңі

    • фенилкетонурия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукастты әдетте демікпенің алдын алу және оны ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттармен қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде ұсынылған монтелукаст клиникалық дозасы мынадай дәрілік заттардың: теофиллин, преднизон, преднизолон, ішуге арналған контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин фармакокинетикасына клиникалық тұрғыда елеулі әсерін тигізбеген.

Қан плазмасындағы монтелукаст концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) бір мезгілде фенобарбитал қолданған пациенттерде шамамен 40% төмендеген. Монтелукаст CYP 3A4, 2С8 және 2С9 арқылы метаболизденетіндіктен, монтелукастты, әсіресе балаларға, фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2С8 және 2С9 индукторларымен бір мезгілде абайлап тағайындау керек.

Іn vitro зерттеулері монтелукасттың CYP 2C8 күшті тежегіші екенін көрсетті. Алайда монтелукаст пен росиглитазонды (маркерлі субстрат, көбінесе CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттар өкілі) қолдану зерттелген препараттармен өзара әрекеттесуін клиникалық зерттеудің деректері in vivo монтелукасттың CYP 2C8 тежемейтінін көріністеген. Сондықтан монтелукаст осы фермент арқылы метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын ықпал етеді деп күтілмейді.

Зертханадағы зерттеулер монтелукаст CYP 2C8 үшін, және төмен деңгейде 2C9 және 3A4 үшін субстрат болып табылатынын көрсетті. Монтелукаст пен гемфиброзилдің (әрі CYP 2C8, әрі 2C9 тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуге жүргізілген зерттеу деректері монтелукасттың жүйелік сенсибилизациясын гемфиброзил 4.4 есе арттыратынын көрсетті. Монтелукаст үшін дозаны түзету оны гемфиброзилмен немесе басқа да CYP 2C8 әлеуетті тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қажет емес, бірақ дәрігерлер жағымсыз реакциялардың артуы мүмкін екенін ескеру керек. Басқа CYP 2C8 белгілі тежегіштерімен (мысалы, триметоприм) клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі болжанбайды. Бұдан басқа, CYP3А4 күшті тежегіші болып табылатын итраконазолмен ғана бір мезгілде монтелукаст қолдану монтелукасттың жүйелік сенсибилизациясының елеулі жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттер ішу арқылы қолдануға арналған монтелукасттың ешқашан жедел демікпе ұстамаларын емдеуге пайдаланылмайтынын, сондай-ақ олардың тиісті жедел жәрдем препаратын үнемі өзімен алып жүру керектігін білуі тиіс. Жедел ұстамада қысқа әсер ететін ингаляциялық β‑агонистерді пайдалану керек. Егер олар қысқа әсерлі β‑агонисін әдеттегіден көп мөлшерде қажет етсе, пациенттер дәрігермен мүмкіндігінше тезірек кеңесуі тиіс.

Монтелукаст ингаляциялық немесе ішуге арналған кортикостероидтарды күрт алмастырмауы тиіс.

Монтелукаст бір мезгілде қолданылғанда ішуге арналған кортикостероидтардың дозасын азайтуға болатынын растайтын деректер жоқ.

Сирек жағдайларда Сингулярды қоса, демікпеге қарсы препараттармен ем алып жүрген пациенттерде жүйелі эозинофилия, кейде Чердж-Стросс синдромына (жүйелік кортикостероидтармен жиі ем жүргізілетін жағдайлар) тән васкулиттің клиникалық көріністерімен туындауы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар ішуге арналған кортикостероидтар дозасын тоқтатуға немесе азайтуға байланысты. Лейкотриен рецепторлары антагонистерімен емдеу мен Чердж-Стросс синдромының туындауы арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, васкулярлық бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болған жағдайда, қосымша тексеру және емдеу тактикасын қайта қарау қажет.

Сингуляр құрамында фенилаланин көзі болып табылатын аспартам бар. Фенилкетонурияда препаратты қабылдамау керек, өйткені Сингуляр препаратының әр 5 мг таблеткасында 0.842 мг фенилаланин бар.

Жүйке-психикалық бұзылыстар. Сингуляр қабылдаған ересектерде, жасөспірімдер мен балаларда психика тарапынан бұзылулар білінді. Психика тарапынан болатын бұзылуларға қозу, озбыр мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін шоғырландырудың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеу, ұйқысыздық, ашушаңдық, есте сақтаудың нашарлауы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса) және тремор сияқты жағымсыз әсерлер жатады. Постмаркетингілік есептерден алынған деректер дәрі-дәрмекпен емдеу барысында алынған клиникалық деректермен салыстырмалы. Пациенттер мен медицина қызметкерлері жағымсыз құбылыстардың пайда болуы мүмкін екенін білу керек. Пациенттерге осы жағымсыз әсерлер туындағанда өз емдеуші дәрігерін хабардар етуге кеңес беріледі. Аталған жағымсыз құбылыстар пайда болғанда Сингулярмен емді жалғастыру үшін пайда қауіп арақатынасын бағалау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: жүктілікке қатысты қолда бар деректер базасынан алынған шектеулі ақпарат Сингуляр қолдану мен бүкіләлемдік постмаркетингілік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған мальформацияның (аяқ-қол кемістіктері сияқты) туындауының арасында өзара себеп-салдарлы байланыс барын көрсетпейді.

Лактация кезеңі: монтелукасттың емшек сүтіне өтуі белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделушінің автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетіне монтелукаст ықпал етуі күтілмейді. Алайда сирек жағдайларда ұйқышылдық немесе бас айналу жөнінде хабарланған, осыған орай, автокөлік немесе аса қауіпті механизмдер басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайларының көпшілігінде жағымсыз реакциялар туындамаған.

Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Перитонеальді диализде немесе гемодиализде монтелукасттың шығарылуы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Пішінді 1 немесе 2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мерк Шарп және Доум Лимитед, Ұлыбритания

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы «Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7 (727) 330-42-66, +7 (727) 259-80-84

Факс +7 (727) 259-80-90

эл. пошта: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

S-WPC-MK0476-MF-012015

Прикрепленные файлы

514007871477976513_ru.doc 87.5 кб
294251431477977681_kz.doc 111.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники