Сертикан® (0.25 мг)

МНН: Эверолимус
Производитель: Новартис Фарма Штейн АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Everolimus
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121920
Информация о регистрации в РК: 15.09.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 749.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Сертикан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эверолимус

Дәрілік түрі

0,25 мг және 0,75 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0,25 мг немесе 0,75 мг эверолимус,

қосымша заттар: гипромеллоза (2910 типі) (гидроксипропилметилцеллюлоза), лактоза моногидраты, бутилгидрокситолуол (бутилденген гидрокситолуол), сусыз лактоза, кросповидон (А типі), магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, жайпақ беткейлі, ақтан сарғыш түске дейінгі, теңбілдері бар, бір жағында ойығы және «С» (0,25 мг доза үшін) немесе басқа жағында «NVR» өрнегі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Селективті иммунодепрессантар. Эверолимус.

АТХ коды L04A A18

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Эверолимустың шыңдық концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін 1-2 сағат өткенде қол жетеді. Пациенттерде қандағы эверолимус концентрациясы трансплантациядан кейін дозаның 0,25 мг-15 мг диапазонында дозаға пропорционал болады. AUC көрсеткіші негізінде ұсақталатын таблеткалардың әдеттегі таблеткалармен салыстырғандағы салыстырмалы биожетімділігі 0,90 (90%, CI 0,76-1,07) құрайды.

Тамақ ішудің әсері

Препаратты өте майлы тамақпен қабылдағанда эверолимустың Cmax және AUC тиісінше 60% және 16%-ға азайған. Ауытқуын ең төмен ету үшін Сертикан® препаратын тамақпен бір мезгілде немесе онсыз қабылдау керек.

Таралуы

Қандағы және плазмадағы эверолимус концентрациясының арақатынасы 17%-дан 73% дейінді құрайды және 5 нг/мл -ден 5000 нг/мл дейінгі диапазондағы концентрацияға тәуелді. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы дені сау еріктілерде және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде шамамен 74% құрайды. Бүйрек трансплантациясын өткерген және демеуші емде жүрген пациенттерде ақырғы фазадағы таралу көлемі (Vz/F) 342 ± 107 л құрайды.

Метаболизмі

Эверолимус CYP3A4 және P-гликопротеин үшін субстрат болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін эверолимус адам қанындағы айналыста болатын негізгі компонент болып табылады. Эверолимустың негізгі алты компоненті адам қанында табылған, оның ішінде үш моногидроксилденген метаболит, гидролиздік ашық сақиналы екі метаболит және эверолимустың фосфатидилхолинмен конъюгаты бар. Бұл метаболиттер сондай-ақ уыттылық зерттеулерінде жануарларда анықталды, олар эверолимустің өзіне қарағанда шамамен 100 есе аз белсенділік көрсеткен. Осылайша бастапқы зат эверолимустың жалпы фармакологиялық белсенділігінің үлкен бөлігіне жауапты болып есептеледі.

Шығарылуы

Циклоспорин қабылдаған трансплантациядан кейінгі пациенттерде радиоизотоппен белгіленген эверолимустың бір реттік дозасынан кейін радиоактивтіліктің негізгі бөлігі (80%) нәжісте анықталған, және тек елеусіз бөлігі ғана (5%) несеппен шығарылды. Өзгермеген дәрілік зат нәжісте де, несепте де анықталмаған.

Гомеостаз фармакокинетикасы

Күніне 2 рет эверолимус және микроэмульсия түріндегі циклоспорин қабылдаған жүрек трансплантациясын өткерген пациенттерде және бүйрек трансплантациясын өткерген пациенттерде фармакокинетикалық параметрлер салыстырарлық болды. Бірінші дозадан кейін қандағы концентрациясы 2-3 есе артатын тепе-теңдік жай-күйге қандағы концентрациясының кумуляциясымен 4-ші күні қол жетеді. Tmax мәніне доза қолданғаннан кейін 1-2 сағаттан соң жетеді. Күніне 2 рет 0,75 мг және 1,5 мг дозада қабылдағанда Cmax тиісінше орташа 11,1 ± 4,6 нг/мл және 20,3 ± 8,0 нг/мл құрады, ал AUC тиісінше орташа 75 ± 31 нг сағ/мл және 131 ± 59 нг сағ/мл құрады. Күніне 2 рет 0,75 мг және 1,5 мг дозада қандағы ең төмен деңгей (Cmin) тиісінше орташа 4,1 ± 2,1 нг/мл және 7,1 ± 4,6 нг/мл (таңертең кезекті дозасын қолданғанға дейін) құрады. Эверолимус әсері трансплантациядан кейін 1 жыл ішінде тұрақты болып қалды. 0,86 және 0,94 арасында коэффициенттің өзара байланыстылығын тудыра отырып, Cmin мәні AUC елеулі байланысты болды. Популяцияның фармакокинетикалық параметрлерінің талдауын негізге алып пероральді қабылдағаннан кейін клиренсі (CL/F) 8,8 л/сағ (пациенттер арасындағы үлестірілуі - 27%), ал орталықтық таралу көлемі (Vc/F) 110 л (пациенттер арасындағы үлестірілуі - 36%) құрады. Қандағы препарат концентрациясының қалдық ауытқуы 31% құрады. Жартылай шығарылу кезеңі - 28 ± 7 сағат.

Бауыр функциясының бұзылуы

Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр функциясының (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А класы) бұзылуы бар 7 пациентте эверолимустің AUC орташа мәні бауыр функциясы бұзылуы жоқ пациенттерге қарағанда 1,6 есе жоғары болды. Ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В класы) бар 8-9 пациенті бар екі тәуелсіз топта эверолимустың AUC орташа мәні 2,1 және 3,3 есе жоғары.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар 6 пациентте (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класы) эверолимустің AUC орташа мәні 3,6 есе жоғары болды. Бауыр функциясының жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі бұзылуында орташа жартылай шығарылу кезеңі тиісінше 52, 59 және 78 сағат құрады. Ұзарған жартылай шығарылу кезеңі қандағы эверолимус деңгейінің тепе-теңдік жай-күйіне жетуін баяулатады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қарау).

Бүйрек функциясының бұзылуы

Трансплантациядан кейінгі пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы

(креатинин клиренсінің диапазоны 11-107 мл/мин) эверолимустың фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпеді.

Педиатриядағы қолданылуы

Эверолимус клиренсі пациенттің жасына байланысты (1 жастан 16 жасқа дейін), дене беткейінің ауданына (0,49-1,92 м2) және дене салмағына (11-77 кг) дозаға тәуелді жоғарылады. Тепе-теңдік жай-күйінде клиренсі 10,2 ± 3,0 л/сағ/м2, жартылай шығарылу кезеңі - 30 ± 11 сағат құрады.

Бүйрек трансплантаты бар балалық жастағы (1 жастан 16 жасқа дейін) 19 пациентте de novo Сертикан® препаратының ұсақталатын таблеткаларын күніне 2 рет 0,8 мг/м2 дозада (ең көбі 1,5 мг) микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен бір мезгілде қабылдаған. Пациенттердің бұл санатында эверолимустің AUC мәні 87 ±27 нг сағ/мл құрады және күніне 2 рет 0,75 мг препараттан қабылдаған ересектерде де осындай болды. Тепе-теңдік жай-күйінде ең төмен концентрация (С0) 4,4 ± 1,7 нг/мл құрады.

Егде пациенттер

Пероральді қабылданатын эверолимустің CL - 0,33% дейінгі бір жылға шектік төмендеуі ересектерде бағаланды (зерттелетін жастың диапазоны 16-70 жасты құрады). Доза түзету талап етілмейді.

Этникалық тобы

Популяциядағы фармакокинетикалық параметрлердің талдауларына сәйкес пероральді қабылданғаннан кейін препарат клиренсі (CL/F) орташа алғанда трансплантация өткерген негроид нәсілінде 20%-ға жоғары болды.

Препаратқа жауаптың экспозицияға тәуелділігі

Бүйрек және жүректің трансплантациясынан кейін бастапқы 6 ай ішінде эверолимустың орташа ең аз концентрациясы (С0) және жедел ажырау мен тромбоцитопенияның биопсиямен расталған жағдайларының жиілігі арасында байланыс бақыланады. Бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерде эверолимустың ең аз концентрациясы мен клиникалық құбылыстар арасындағы өзара байланыс анықтығы төмен, алайда жоғарырақ экспозиция жағымсыз құбылыстар жиілігі артуымен өзара байланыссыз (1 кестені қараңыз).

1кесте

Бүйрек трансплантациясы

Ең төмен деңгей (С0) (нг/мл)

≤3,4

3,5-4,5

4,6-5,7

5,8-7,7

7,8-15,0

Ажыраудың болмауы

68 %

81 %

86 %

81 %

91 %

Тромбоцитопения

(<100 x 109/л)

10 %

9 %

7 %

14 %

17 %

Жүрек трансплантациясы

Ең төмен деңгей (С0) (нг/мл)

 3,5

3,6-5,3

5,4-7,3

7,4-10,2

10,3-21,8

Ажыраудың болмауы

65 %

69 %

80 %

85 %

85 %

Тромбоцитопения (<75 x 109/л)

5 %

5 %

6 %

8 %

9 %

Бауыр трансплантациясы

Ең төмен деңгей (С0) (нг/мл)

 3

3-8

≥ 8

BPAR емінің болмауы

88%

98%

92%

Тромбоцитопения (<75 x 109/л)

35%

13%

18%

Нейтропения (<1.75 x 109/л)

70%

31%

44%

Фармакодинамикасы

Эверолимус, Т-жасуша активациясының тежегіші, кеміргіштердегі және адамға ұқсамайтын приматтардағы аллотрансплантация модельдерінде аллогенді трансплантаттың ажырауын болдырмайды. Ол Т-жасушаларының және Т-жасушаларының арнайы интерлейкиндерінен, мысалы, интерлейкин-2 және интерлейкин-15 туындайтын клональді экспансиясын тиісінше антиген-белсендірілген пролиферациясын тежеу жолымен иммуносупрессивтік әсер етеді. Эверолимус дабылдың жасуша ішілік берілуін тежейді, бұл әдетте Т-жасушаларының осы факторларының олардың рецепторларымен байланысуымен босатылатын жасушалардың пролиферациясына әкеледі. Бұл дабылдың эверолимуспен блокадасы G1-жасушалық циклы сатысында жасуша бөлінісінің бәсеңдеуін туындатады.

Молекулярлық деңгейде эверолимус цитоплазмалық ақуызбен FKBP-12 кешен түзеді. Эверолимус қатысуымен өсу факторымен стимуляцияланатын р70 S6-киназа фосфорлануы басылады. р70 S6-киназа фосфорлануы FRAP (mTOR деп аталатын) бақылауында болатындықтан бұл деректер эверолимус-FKBP-12 кешенінің FRAP байланысуын болжайды және осылайша соңғысының функциясын бәсеңдетеді. FRAP – жасушалар метаболизмін, өсуін және пролиферациясын басқаратын негізгі реттегіш ақуыз; осылайша, FRAP функциясының бұзылуы эверолимустен туындаған жасушалық циклдың бәсеңсуіне әкеледі.

Осылайша эверолимустің циклоспориннен айырмашылығы әсер ету механизмінде. Клиникаға дейінгі модельде әр қосылысты жеке алғанға қарағанда, эверолимус және циклоспориннің біріктірілімі аллотрансплантацияға тиімдірек.

Эверолимус әсері Т-жасушалармен шектелмейді. Негізінен эверолимус қан түзетін жасушалардың және тамырлардың тегіс бұлшықеттік жасушалары сияқты қан түзбейтін жасушалардың өсу факторымен стимуляцияланатын пролиферациясын бәсеңдетеді. Эндотелиальді жасушалардың зақымдануынан туындайтын және неоинтимдер түзілуіне әкелетін тамырлардың тегіс бұлшықеттік жасушаларының өсу факторымен стимуляцияланатын пролиферациясы созылмалы ажырау патогенезінде басты рөл атқарады. Эверолимустың клиникаға дейінгі зерттеулері егеуқұйрықтың аорта аллотрансплантаты моделіне неоинтимдер түзілуі бәсеңдеуін көрсетті.

Қолданылуы

- төмен және орташа иммунологиялық қаупі бар ересек реципиенттердегі бүйрек және жүректің аллогенді трансплантатының ажырауының профилактикасында, микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде

- бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерде трансплантат ажырауының профилактикасында, такролимус және кортикостероидтармен біріктірілімде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сертикан® препаратымен емдеуді қандағы эверолимус деңгейін анықтау мүмкіндігі бар, органдар трансплантациясынан кейін иммуносупрессивтік емде тәжірибесі бар дәрігер ғана тағайындауы және жүргізуі тиіс.

Ересектер

Препараттың бүйрек немесе жүрек трансплантациясын өткерген пациенттерге ұсынылған күніне 2 рет бастапқы 0,75 мг дозасын трансплантациядан кейін мүмкін болғанша жылдам тағайындау керек. Бауыр трансплантациясында трансплантациядан кейін 4 аптадан соң бастапқысы ретінде күніне 2 рет 1,0 мг дозада ұсынылады. Сертикан® препаратының тәуліктік дозасын 2 рет қабылдауға (тәулігіне 2 рет) бөліп, пероральді тағайындау керек. Сертикан® препаратын әркез не тамақпен, немесе тамақ ішу арасында, бір ғана уақытта, микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен немесе такролимуспен қабылдау керек («Емдік концентрацияның мониторингін» қараңыз).

Сертикан® препараты тек ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды пайдаланар алдында бөлмей, тұтас; стақан сумен ішіп қабылдау керек.

Сертикан® препаратын қабылдайтын пациенттер үшін эверолимустың қандағы жеткен деңгейіне, жағымдылығына, жеке жауап реакциясына, қатарлас емдегі және клиникалық бейнесіндегі өзгерістеріне қарай доза түзету талап етілуі мүмкін. Доза түзетуді 4-5 күн аралықпен жүргізуге болады («Емдік концентрацияның мониторингін» қараңыз).

Негроид нәсілінде қолданылуы

Биопсиямен расталған жылдам ажырау дамуы жағдайларының жиілігі қалғандарымен салыстырғанда қара нәсілді пациенттерде жоғары болды.

Қара нәсілді пациенттерге қатысты қолда бар шектеулі ақпараттарға сәйкес препаратты ересектерге ұсынылатын дозаларда қабылдайтын қалған пациенттердегідей әсерге жету үшін Сертиканның жоғарырақ дозасы талап етілуі мүмкін. Қазіргі уақытта тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша қолда бар деректер қара нәсілді пациенттерге эверолимус пайдалану бойынша арнайы ұсыныстар жасау үшін жеткіліксіз.

Балаларда және жасөспірімдерде қолданылуы

Осы жастағы топқа препаратты тағайындаудың дұрыстығын растауға балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін Сертикан® препаратын қолдану туралы талапқа сай деректер жоқ.

Егде пациенттер ( 65 жас)

Препаратты жасы 65 асқан пациенттерде клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі. 65-70 жастағы және одан үлкен жастағы пациенттерде жасырақ жастағы пациенттермен салыстырғанда эверолимус фармакокинетикасында көрінетін айырмашылықтар жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер

Доза модификациясы талап етілмейді.

Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерге эверолимустің қандағы ең төмен (С0) концентрациясын мұқият бақылау керек. Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл (Child-Pugh бойынша А класы ) бұзылуы бар пациенттерге дозаны қалыпты дозаның шамамен 2/3 дейін азайту керек. Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі орташа (Child-Pugh бойынша В класы ) бұзылуы бар пациенттерге дозаны қалыпты дозаның шамамен жартысына дейін азайту керек. Бауыр функциясының ауыр (Child-Pugh бойынша С класы ) бұзылуы бар пациенттерге дозаны қалыпты дозаның ең кемінде жартысына дейін азайту керек. Дозаны одан әрі қарай титрлеу емдік мониторинг деректеріне негізделуі тиіс. Емдік концентрациялар мониторингі Қандағы эверолимустың емдік деңгейін бақылау ұсынылады. Талдаулар деректеріне сәйкес экспозиция-тиімділігі және экспозиция-қауіпсіздігі анықталған, пациенттерде қандағы эверолимустың ең төмен концентрациясы (С0) ≥ 3 нг/мл жеткенін, ең төмен концентрациясы (С0) 3 нг/мл төмен болған пациенттерге қарағанда бүйрек, сондай-ақ жүрек трансплантатының жылдам ажырауының биопсиямен расталған төменірек жиілігі бақыланды.

Эверолимустың емдік концентрациясы диапазонының ұсынылатын жоғары шегі - 8 нг/мл. 12 нг/мл-ден жоғары концентрация зерттелмеген. Эверолимустың бұл ұсынылатын концентрация диапазоны хроматографиялық әдістермен алынған деректерге негізделеді.

Әсіресе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде CYP3A4 күшті индукторларын және тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда, сондай-ақ оларды қолдануды аяқтағаннан кейін; циклоспориннің дозасын елеулі төмендеткенде немесе оны қолдануды тоқтатқанда қандағы эверолимустың концентрациясын бақылау маңызды .

Сертикан® препаратының дозасын түзетудің алдыңғы доза түзетуден кейін кемі 4-5 күн өткен соң өлшенген ең төмен концентрациясын (С0) біреуден астам анықтау негізінде жүзеге асырылуы оңтайлы. Циклоспорин эверолимуспен өзара әрекеттесетіндіктен, циклоспорин деңгейі азайғанда (яғни С0 <50 нг/мл) эверолимус деңгейі төмендеуі мүмкін.

Бүйрек трансплантациясындағы циклоспориннің ұсынылатын дозасы

Сертикан® препаратын циклоспориннің толық дозасымен бір мезгілде ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды. Сертикан® препаратын қабылдайтын, бүйрек трансплантаты бар пациенттерде циклоспорин деңгейінің төмендеуінде бүйрек функциясы жақсарады. A2309 зерттеулерінде алынған тәжірибені негізге алып, келесі ұсынылған циклоспорин концентрациясының (С0, нг/мл): 1-ші айда: 100 - 200; 2-3-ші айларда: 75 - 150; 4-5- ші айларда: 50-100; 6-12- ші айларда: 25-50 ең аз диапазонын ескере отырып, циклоспорин деңгейін төмендетуді трансплантациядан кейін дереу бастау керек.

Циклоспорин дозасын төмендетудің алдында жаңа алынған қандағы эверолимустің тепе-тең ең аз концентрациясының (С0) теңдігіне немесе 3 нг/мл жоғарылығына көз жеткізу керек. Сертикан® препаратының дозасына қатысты шектеулі деректер бар, ол демеуші емде циклоспориннің 50 нг/мл төмен, немесе 350 нг/мл төмен С2 деңгейдегі ең аз концентрациясымен бірге қолданылады. Егер пациент циклоспорин деңгейінің төмендеуін көтере алмаса, Сертикан® препаратын қолдану ұзақтығы туралы мәселені қайта қарау керек.

Жүрек трансплантациясындағы циклоспориннің ұсынылатын дозасы

Бүйрек функциясын жақсарту үшін жүрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде емнің демеуші фазасында трансплантациядан 1 айдан кейін жағымдылығын ескере отырып, циклоспорин дозасын төмендетуді бастау керек. Егер бүйрек функциясының бұзылуы үдесе немесе егер өлшенетін креатинин клиренсі < 60 мл/мин болса, емнің режимін түзету талап етіледі.

Жүрек трансплантациясын өткерген пациенттерде циклоспорин дозасы 2411 зерттеуінің деректеріне негізделеді және Сертикан® препараты қандағы циклоспориннің келесі ұсынылатын: 1- ші айда: 200 - 350; 2- ші айда: 150-200; 3-4- ші айда: 100-200; 5-6 ші айлар: 75-150; 7-12-ші айлар: 50-100 ең аз деңгейін (С0, нг/мл) ескере отырып, циклоспоринмен қабылданатын 2310 зерттеуімен расталады.

Циклоспорин дозасын төмендетудің алдында жаңа алынған қандағы эверолимустің тепе-тең ең аз концентрациясының (С0) теңдігіне немесе 3 нг/мл жоғарылығын анықтау керек.

Жүрек трансплантациясында 12 айдан кейін Сертикан® препаратына және циклоспориннің (С0) 50-100 нг/мл төмен ең аз концентрациясына қатысты шектеулі деректер бар. Егер пациенттің циклоспорин деңгейінің төмендеуін көтеруі нашар болса, Сертикан® препаратын одан әрі қарай қолдану мүмкіндігін қайта қарау керек.

Бауыр трансплантациясындағы такролимустің ұсынылатын дозасы

Бауыр трансплантациясын өткерген пациенттер кальцийнейринге байланысты бүйрек уыттылығын төмендету үшін такролимустың азайтылған дозасын қабылдауы тиіс. Такролимус дозасы Сертикан® препаратымен бірге емді бастағаннан кейін қандағы такролимус концентрациясының (С0) ең аз деңгейін 3-5 нг/мл мәніне дейін жеткізу мақсатында шамамен 3 аптадан соң азайтылуы тиіс. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде Сертикан® препаратын такролимустың толық дозасымен қолдануды бағалау жүргізілмеген.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз құбылыстар туындауы иммуносупрессивтік ем дәрежесіне және ұзақтығына байланысты. Сертикан® препараты циклоспорин микроэмульсиясының толық дозаларымен біріктірілімде қолданылған зерттеулерде бақылау тобына қарағанда қан сарысуындағы креатинин концентрациясы жоғарылағаны жиі бақыланды. Қан сарысуындағы креатинин концентрациясының жоғарылау жиілігі аз болды, ал қан сарысуындағы креатининнің орташа және медианалық мәні Сертикан® препараты циклоспориннің төмендетілген дозаларымен қолданылған зерттеулерде төмен болды.

Сертикан® препаратын басқа иммуносупрессанттармен біріктірілімде қабылдаған 1 жылдан кем емес уақыт бойы мониторинг жүргізілген 3256 пациенттердегі бақыланатын клиникалық зерттеулерде 3,1% пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдер, ал атап айтқанда 1,0% пациенттерде терінің қатерлі жаңа түзілімдері және 0,6% пациенттерде лимфома немесе лимфопролиферативті аурулар дамыған. Төменде келтірілген жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі трансплантациядан кейінгі пациенттерде Сертикан® препаратының кальцийнейрин тежегіштерімен (КНТ) және кортикостероидтармен біріктірілімдегі мультиорталықтық, рандомизацияланған, бақыланатын зерттеулер барысында мәлімделген құбылыстың кездесу жиілігінің 12 айлық талдауына негізделген. Барлық зерттеулерде Сертикан® препаратын қолданбастан КНТ стандартты емін өтіп жүрген пациенттер топтары болды.

Төменде Сертикан® препаратын қолданудың себеп-салдарлы байланысы болуы ықтимал немесе болжамды III фазалы клиникалық зерттеулердің барысында алынған жағымсыз реакциялар берілген. Егер басқаша көрсетілмесе, барлық бұзылулардың Сертикан® препаратын қабылдаған пациенттерді стандартты емді Сертикан® препаратынсыз қабылдаған пациенттермен салыстырғанда III фазалы зерттеулердің барысында жоғары жиілікпен кездескені, сондай-ақ егер салыстыру препараты үшін жағымсыз құбылыс ретінде белгілі болса кездесу жиілігінің бірдейлігі анықталды (бүйрек және жүректі ауыстырып салудың зерттеулеріндегі натрий микофенолаты) (Фармакодинамикасы бөлімін қараңыз). Егер басқаша көрсетілмесе, трансплантацияның барлық түрлері үшін жағымсыз реакциялар бейіні жеткілікті түрде біркелкі. Туындау жиілігіне қарай жағымсыз реакциялар берілген: өте жиі > 1/10, жиі > 1/100 және <1/10, жиі емес >1/1000 және <1/100, сирек >1/10000 және <1/ 1000, өте сирек <1/10000.

Өте жиі > 1/10

- инфекция (бактериялық, зеңдік, вирустық), төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары және өкпе инфекциялары (оның ішінде пневмония) (бүйрек немесе бауыр трансплантациясында жиі), жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары (жүрек немесе бауыр трансплантациясында жиі)

- анемия/эритропения, лейкопения, тромбоцитопения

- гиперлипидемия (холестерин және триглицеридтер), қант диабетінің дамуы, гипокалиемия

-ұйқысыздық, мазасыздық

- бас ауруы

- перикардиальді жалқық (жүрек трансплантациясында)

- гипертензия, көктамырлық тромбоэмболиялық асқынулар

- плевралық жалқық, жөтел, ентігу (бүйрек немесе бауыр трансплантациясында жиі)

- диарея, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы

- ауыру, қызба, шеткергі ісіну, жара жазылуының үдерісінің асқынуы

Жиі > 1/100 және <1/10

- сепсис, жарақаттық инфекция

- қатерлі немесе анықталмаған жаңа түзілімдер, терінің жаңа түзілімдері, қатерлі және анықталмаған

- панцитопения, тромбоздық микроангиопатия (оның ішінде тромбоцитопениялық пурпура, гемолитико-уремиялық синдром)

- тахикардия

- мұрыннан қан кету, лимфоцеле (бүйрек немесе жүрек трансплантациясында), бүйрек трансплантатының тромбозы

- орофарингеальді ауыру, панкреатит, стоматит/ауыз қуысының ойық жарасы

- акне, ангионевроздық ісіну (негізінен АӨФ тежегіштерімен қатарлас ем өтіп жүрген пациенттерде), бөртпе

- миалгия, артралгия

- протеинурия (жүрек немесе бауыр трансплантациясында жиі), бүйрек өзекшелерінің некрозы (бүйрек трансплантациясында)

- эректильді дисфункция

- операциядан кейінгі жарық

- бауыр ферменттері көрсеткіштерінің бұзылуы

Жиі емес >1/1000 және <1/100

- лимфома/трансплантациядан кейінгі лимфопролиферативті аурулар

- еркектердегі гипогонадизм (тестостерон деңгейі төмендеуі, ФСГ және ЛГ деңгейі жоғарылауы)

- интерстициальді өкпе ауруы

- инфекциялық емес гепатит, сарғаю

Препаратты маркетингтен кейінгі қолдану барысында өздігінен түскен мәлімдеулерден алынған жағымсыз дәрілік реакциялар

Келесі жағымсыз дәрілік реакциялар Сертикан® препаратын маркетингтен кейінгі қолдану барысында өздігінен түскен мәлімдеулерден және әдебиеттердегі жағдайлардан алынған. Бұл реакциялар туралы мәлімдеулер өздігінен болғандықтан таңдаудағы пациенттердің нақты саны анықталмаған, олардың туындау жиілігін нақты анықтау мүмкін емес, және сондықтан олардың туындау жиілігі «белгісіз» ретінде жіктеледі.

Белгісіз

  • лейкоцитокластический васкулит

  • өкпе-альвеолярлық протеиноз

  • эритродермия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- эверолимуске, сиролимуске немесе қандайда бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эверолимус негізінен бауырда және біршама дәрежеде CYP3A4-изоферменті қатысуымен ішек жақтауында метаболизденеді. Ол сондай-ақ көптеген дәрілік препараттарды, Р-гликопротеинді (РgР) шығару жүйесі үшін субстрат болып табылады. Сондықтан CYP3A4 және/немесе PgР әсер етуші дәрілік препараттар эверолимус сіңуіне және оның кейінгі шығарылуына әсер ете алады.

Анықталған өзара әрекеттесулер, сол себепті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Рифампицин (CYP3A4 индукторлары). Алдын ала рифампициннің көп реттік дозасын қабылдаған дені сау еріктілерде кейіннен Сертикан® препаратының бір реттік дозасын қабылдағанда эверолимус клиренсінің 3 есе дерлік артқаны, Cmax - 58% және AUC - 63%-ға төмендегені бақыланды. Рифампицинмен біріктірілім ұсынылмайды (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

Кетоконазол (CYP3A4 тежегіші). Алдын ала кетоконазолдың көп реттік дозасын қабылдаған дені сау еріктілерде кейіннен Сертикан® препаратының бір реттік дозасын қабылдағанда эверолимустың Cmax және AUC тиісінше

3,9 және 15,0 есе артқан (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

Болжамды өзара әрекеттесулер, сол себепті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

CYP3A4 күшті тежегіштері және индукторлары. CYP3A4 күшті тежегіштерімен және/немесе индукторларымен (мысалы, итраконазол, вориконазол, кларитромицин, телитромицин, ритонавир және/немесе рифампицин, рифабутин) қатарлас ем жасау ұсынылмайды (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

Ескерілуі керек анықталған өзара әрекеттесулер

Сертикан®препаратын қолдануға әсері бар өзара әрекеттесулер

Циклоспорин (CYP3A4/PgP тежегіші). Эверолимус биожетімділігі циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда елеулі артқан. Дені сау еріктілерде препараттың бір реттік дозасын зерттеуде тек эверолимусты қолданғандағы осындаймен салыстырғанда циклоспоринді микроэмульсия түрінде қолданғандағы эверолимустың AUC 168%-ға (46-365% диапазонда) және Cmax 82%-ға (диапазон 25-158%) ұлғайған. Циклоспорин дозасы өзгерген жағдайда эверолимус дозасына түзету талап етілуі мүмкін (Қолдану тәсілі және дозалары бөлімін қараңыз).

Эритромицин (CYP3A4 тежегіші). Алдын ала эритромициннің көп реттік дозасын қабылдаған дені сау еріктілерде кейіннен Сертикан® препаратының бір реттік дозасын қабылдағанда эверолимустың Cmax және AUC тиісінше 2,0 және 4,4 есе артқан.

Верапамил (CYP3A4 тежегіші). Алдын ала верапамилдің көп реттік дозасын қабылдаған дені сау еріктілерде кейіннен Сертикан® препаратының бір реттік дозасын қабылдағанда эверолимустың Cmax және AUC тиісінше 2,3 және 3,5 есе артқан.

Басқа препараттарға әсер ететін өзара әрекеттесулер

Циклоспорин (CYP3A4/PgP тежегіші). Циклоспорин микроэмульсия түрінде қабылдаған бүйрек немесе жүрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде циклоспорин фармакокинетикасына Сертикан® препаратының әсерінің клиникалық мәні ең төмен болды.

Октреотид. Эверолимусты депо-октреотидпен қатарлас қолдану орташа геометриялық арақатынасы (эверолимус/плацебо) бар октреотидтің Cmin 1,47 есе жоғарылауын туындатты.

Аторвастатин (CYP3A4 субстраты) және правастатин (PgP субстраты). Дені сау еріктілерде Сертикан® препаратын аторвастатинмен немесе правастатинмен бір мезгілде бір рет қолдану аторвастатин, правастатин және эверолимустың фармакокинетикасына, сондай-ақ қан плазмасындағы ГМГ-КoА-редуктазаның жалпы биореактивтілігіне клиникалық елеулі әсер етпеген. Алайда бұл нәтижелер ГМГ-КoА-редуктазаның басқа тежегіштеріне таралмайды.

Пациенттерді ГМГ-КoА-редуктаза тежегіштерін медициналық қолдану бойынша нұсқаулықтарда тиісінше сипатталғандай рабдомиолиздің және басқа да жағымсыз құбылыстардың даму мүмкіндігіне бақылау керек.

Мидазолам (субстрат CYP3A4A). Препараттардың өзара әрекеттесулерін зерттеу бойынша клиникалық зерттеулердің бірінші сатысында 25 дені сау ерікті мидазоламның 4 мг бір реттік дозасын қабылдаған. Екінші сатысында олар 5 күн бойы күніне бір рет 10 мг эверолимус және эверолимустың соңғы дозасымен 4 мг мидазоламды бір рет қабылдаған. Мидазоламның Смакс 1,25 есе (90% СА, 1,14 – 1,37) артқан және AUCinf - 1,30 есе (1,22 – 1,39) ұлғайған. Мидазоламның жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген. Бұл зерттеу эверолимустың CYP3A4 әлсіз тежегіші болып табылатынын көрсетті.

Ескерілуі керек болжамды өзара әрекеттесулер

Сертикан®препаратын қолдануға әсері бар өзара әрекеттесулер

CYP3A4 орташа индукторлары CYP3A4 индукторлары эверолимус метаболизмін күшейтуі және эверолимустың қандағы концентрациясын азайтуы мүмкін (мысалы, шайқурай (Hypericum perforatum), құрысуға қарсы дәрілер (мысалы, карбамазепин), фенобарбитал, фенитоин, анти-АИТВ препараттары (эфавиренц, невирапин)).

CYP3A4 орташа тежегіштері. CYP3A4 және PgР орташа тежегіштері эверолимустың қандағы деңгейін жоғарылатуы мүмкін (мысалы, зеңге қарсы дәрілер: флуконазол; кальций өзекшелерінің блокаторлары: никардипин, дилтиазем; протеаза тежегіштері: нелфинавир, индинавир, ампренавир).

PgP тежегіштері. PgP тежегіштері ішек жасушаларынан эверолимус шығарылуын төмендетуі және қандағы эверолимус концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

CYP3A4 және CYP2D6 субстраттары

In vitro эверолимус CYP3A4 және CYP2D6 бәсекелес тежегіштері болып табылады және осы ферменттермен элиминацияланатын дәрілік заттардың концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Осылайша эверолимусты емдік индексі тар CYP3A4 және CYP2D6 субстраттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. In vivo өзара әрекеттесулері бойынша барлық зерттеулер циклоспоринді бір мезгілде қолданусыз жүргізілді.

Вакцинация

Иммуносупрессанттар вакцинацияға жауап ретінде әсер етуі мүмкін, сондықтан Сертикан® препаратымен ем уақытындағы вакцинацияның тиімділігі азырақ болуы мүмкін. Тірі вакцинаны қолданудан аулақ болу керек.

Азық-түлік өнімдерімен/сусындармен дәрілік өзара әрекеттесулер

Грейпфрут және грейпфрут шырыны цитохром P450 және PgР белсенділігін төмендетеді, сондықтан оны Сертикан® препаратын қолданғанда пайдаланудан аулақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

Сертикан® препаратын кальцийнейрин (КНТ) тежегіштерінсіз (циклоспорин немесе такролимус) қолдану бойынша деректер шектеулі. КНТ қабылдауды тоқтатқан пациенттерде КНТ қабылдауды жалғастырған пациенттермен салыстырғанда жедел ажырау қаупі жоғарылығы анықталды.

Клиникалық сынақтарда Сертикан® препараты циклоспорин микроэмульсиясымен, немесе такролимуспен, базиликсимабпен және кортикостероидтармен бір мезгілде қолданылды. Сертикан® препаратын басқа да иммуносупрессанттармен біріктірілімде қолданудың көрсетілгеннен өзге талапқа сай зерттеулері жүргізілмеген. Сондай-ақ Сертикан® препаратын иммунологиялық қаупі жоғары пациенттерде қолданудың талапқа сай зерттеулері жүргізілмеген.

Тимоглобулинді индукцияны (үй қоянының антитимоцитарлық глобулин) және Сертикан® препаратын/циклоспорин/стероидты препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. Жүрек трансплантациясын өткерген пациенттердегі клиникалық сынақтарда трансплантациядан кейінгі үш ай бойына Сертикан® препаратын, жүректі ауыстырып салуда ұсынылатын концентрацияларында (бүйрек ауыстырып салудағыдан жоғары) стероидтарды және циклоспоринді қабылдаумен бірге үй қоянының антитимоцитарлық глобулинмен индукция қабылдаған пациенттердің қосалқы тобында күрделі инфекциялар туындау жиілігі артқан. Бұл ауруханаға жатқызылған және трансплантация алдында қосымша қан айналымының қарыншалық аппараты талап етілген пациенттер арасында олардың иммуносупрессия артуына ерекше сезімталдығы мүмкіндігінен өлім жағдайы басымдау болуына байланысты болды.

Қандағы эверолимус деңгейіне мұқият мониторинг (С0) және бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде эверолимус дозасын түзету ұсынылады. Егер пайдасы қаупінен астам болмаса, Сертикан® препаратын CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, кларитромицин, телитромицин, ритонавир сияқты) және CYP3A4 индукторларымен (мысалы, рифампицинмен, рифабутинмен) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Жаңа алынған қандағы эверолимустің ең аз концентрациясының (С0) мониторингі CYP3A4 индукторларын немесе тежегіштерін бір мезгілде қолдану кезінде, сондай-ақ оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін ұсынылады. Сертикан® препаратын қоса, иммуносупрессанттар қолданатын пациенттерде лимфоманың немесе басқа да, әсіресе терінің қатерлі жаңа түзілімдері даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Абсолютті қаупі, бәрінен бұрын, белгілі бір дәрілік затты қолдануға қарағанда, ұзақ және қарқынды иммуносупрессиямен байланысты деп болжанады. Пациенттер терінің жаңа түзілімдері болуына ұдайы тексерілуі керек; күн сәулесінің және ультракүлгін сәулелену әсерін шектеу ұсынылады; тиісінше күннен қорғайтын заттар пайдалану керек.

Сертикан® препаратын қоса, иммуносупрессивтік препараттар қолданатын пациенттерде инфекцияның, әсіресе оппортунистік патогендерден (бактериялардан, зеңдерден, вирустардан, протозойлардан) туындайтын инфекция дамуының қаупі жоғары. Сондай-ақ фатальді инфекциялар және сепсис туралы хабарланған. Иммуносупрессиялық емде пациенттер сезімтал болуы мүмкін оппортунистік инфекцияларға мыналар жатады: бүйрек трансплантаты жойылуына алып келуі мүмкін ВК вирусынан туындаған нефропатияны қоса, полиомавирусты инфекциялар және Джона Каннингэма вирусынан туындайтын потенциалды фатальді үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия. Көбіне жалпы иммуносупрессиялық жүктемеге байланысты болатын бұл инфекциялар, бүйрек трансплантаты функциясы әлсіреген немесе неврологиялық симптомдары бар иммуносупрессиялық пациенттерде дифференциалдық диагностикалауда назарда болуы тиіс.

Сертикан® препараты клиникалық сынақтарда, әсіресе оппортунистік инфекция даму қаупі жоғары пациенттерде Pneumocystis jiroveci (carinii) туындаған пневмонияның микробқа қарсы профилактикасында және трансплантациядан кейінгі цитомегаловирусты инфекция (ЦМВ) профилактикасында ұсынылған. Трансплантация өткерген пациенттерде Сертикан® препаратын және циклоспорин микроэмульсиясын бірге қолдану қан сарысуында холестерин және триглицеридтердің деңгейі артуымен байланысты болды, бұл тиісінше емді талап етуі мүмкін. Сертикан® препараты тағайындалған пациенттерде липидтер деңгейін бақылау керек және қажет болған жағдайда липидтер деңгейін төмендететін препараттар қосылатын ем жүргізу және тиісінше диета тағайындау керек.

Бұрыннан гиперлипидемиясы бар пациенттерге қатысты, Сертикан® препаратын қоса, иммуносупрессиялық ем бастар алдында препаратпен емнен болатын потенциалды пайданы және болжамды қаупін таразылау керек. Сондай-ақ ауыр тұрақты гиперлипидемиясы бар науқастарда Сертикан® препаратымен емді жалғастырудың пайдасы және қаупін тағы да бір рет таразылау керек.

Сертикан® препаратын ГМК-КоА-редуктаза тежегіштерімен және/немесе фибраттармен үйлесімде қабылдайтын пациенттерде бұл дәрілік заттарды тағайындау туралы тиісті ақпаратта сипатталғандай дамуы болжамды жағымсыз әсерлерді бақылау керек.

Препаратты циклоспориннің жоғары дозаларымен қолдану бүйрек функциясының бұзылуын туындату қаупін арттырады, сондықтан бүйрек функциясының бұзылуының профилактикасында Сертикан® препаратымен біріктірілімдегі циклоспорин дозасын төмендету керек. Қан сарысуындағы креатининнің жоғары деңгейі бар пациенттерде иммуносупрессияның режимін тиісінше модификациялау талап етілетінін ескеру керек.

Бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерде Сертикан® препаратын такролимустың төмендеген дозасымен қолдану такролимустың стандартты дозалануымен салыстырғанда бүйрек функциясының нашарлауына алып келмеді.

Барлық пациенттерге бүйрек функциясының ұдайы мониторингі ұсынылады. Бүйрек функциясын зақымдайтын әсері бар басқа препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.

Трансплантациядан кейінгі пациенттерде Сертикан® препаратын кальцийнейрин тежегіштерімен қолдану протеинурия күшеюімен бірге жүруі мүмкін. Бұл қауіп қанда эверолимус концентрациясы жоғарылағанда ұлғаяды. Иммунодепрессанттармен демеуші ем жүргізгенде айқындығы әлсіз протеинурияда бүйрек трансплантаты бар пациенттерде КНТ орнына Сертикан® препаратын тағайындағанда протеинурия деңгейі артқаны туралы мәлімдеулер болды. Сертикан® препаратын қолдануды тоқтатқанда және КНТ қолдануға оралғанда кері реакция анықталды. Бұндай пациенттерде КНТ-нен Сертикан® препаратына өтудің қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Сертикан® препаратын қабылдайтын пациенттерде протеинурия деңгейін бақылау керек. Трансплантат ажырауына алып келген бүйрек артериялары мен көктамырларының тромбозы туындау қаупі артқаны туралы мәлімдеулер болды. Бұл құбылыс көбіне трансплантациядан кейін алғашқы 30 күн ішінде бақыланды.

Сертикан® препараты, басқа да mTOR тежегіштері сияқты, жарақат жазылуының үдерісін әлсіздендіруі мүмкін және трансплантациядан кейін қосымша хирургиялық араласулар қажет болуы мүмкін жарақат жиегінің ажырауы, сұйықтық жиналуы, жарақат инфекциясы сияқты асқынуларға алып келуі мүмкін. Лимфоцеле бүйрек трансплантациясын өткерген пациенттерде жиірек кездесетін жағымсыз әсер болып табылады және дене салмағының индексі жоғарырақ пациенттерде жиірек кездеседі.

Перикардиальдік және плевралық жалқық жиілігі жүрек трансплантациясын өткерген пациенттерде және бауыр трансплантациясын өткерген пациенттерде инцизионды жарықтың туындау жиілігі артады. Сертикан® препаратын қолданғанда трансплантациядан кейін қант диабетінің туындау қаупі артқаны бақыланды. Сондықтан препарат қабылдаған пациенттердің қанындағы глюкоза концентрациясын бақылау керек. Әдебиеттерде mTOR тежегіштерімен ем қабылдайтын пациенттерде қайтымды азооспермия және олигоспермия туралы мәлімдемелер бар. Клиникаға дейінгі токсикологиялық зерттеулерде эверолимустің сперматогенезді төмендететіні көрсетілгендіктен еркектердің белсіздігін Сертикан® препаратымен ұзақ емдеуде потенциалды қауіп ретінде қарастыру керек.

Сертикан® препаратын және кальцийнейрин (КНТ) тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда КНТ-индукцияланған гемолитико-уремиялық синдромның, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура және тромбоздық микроангиопатия туындау қаупі жоғарылауы мүмкін.

Галактоза көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын түрі, лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактозды мальабсорбция синдромы бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды.

Сертикан® препаратын және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану ангионевроздық ісіну туындауына жиі әкелді.

Сертикан® препаратын қоса, рапамицин және оның туындыларын қабылдайтын пациенттерде өкпенің интрапаренхимальді (пневмонит) қабынуын және/немесе кейде фатальді, этиологиясы инфекциялық емес фиброзды қоса, өкпенің интерстициальді ауруының (ӨИА) жағдайлары бақыланды. Тиісті зерттеулерде инфекциялық, неопластикалық және басқа да дәрі-дәрмектік емес себептердің қатысы болмағанда, антибиотиктермен емдеуге келмейтін, ӨИА диагнозын пневмонияның инфекциялық симптомдары бар пациенттерде дифференцациялау керек. Әдетте бұл жағдай Сертикан® препаратын тоқтатқаннан кейін және/немесе глюкокортикоидтар тағайындағаннан кейін жақсарады. Алайда сондай-ақ өліммен аяқталған жағдайлар да бақыланды.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерді Сертикан® препаратымен ем уақытында және ем тоқтағаннан кейін 8 апта бойы контрацепцияның тиімділігі жоғары әдістерін пайдалануы керектігі туралы хабардар ету керек.

Жүктілік кезінде Сертикан® препаратын қолдануға қатысты талапқа сай деректер жоқ. Жануарларға зерттеу эмбрио- және фетоуыттылығын қоса, ұрпақ өрбіту уыттылығына тиімділігін көрсетті. Адам үшін потенциалды қаупі анықталмады. Егер тек анасы үшін потенциалды пайдасы ұрық үшін потенциалды қаупінен астам болмаса жүктілік кезінде Сертикан® препаратын тағайындауға болмайды.

Эверолимустің емшек сүтіне өтетіні белгісіз, бірақ жануарларға зерттеулерде эверолимус және/немесе оның метаболиттері лактациялы тышқандардың сүтіне жақсы өткен. Сондықтан емдеу кезеңінде емшек емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе басқа потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсеріне зерттеу жүргізілмеген.

Артық дозалануы

Артық дозаланғанда жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін. Адамдарда артық дозалану туралы деректер өте шектеулі. 2 жастағы баланың кездейсоқ 1,5 мг эверолимус қабылдауының жеке-дара жағдайлары белгілі, бірақ ешбір жағымсыз әсері бақыланбаған. Трансплантация өткерген пациенттерге тағайындалатын 25 мг дейінгі бір реттік дозаның жағымдылығы жақсы болды.

Емі: артық дозаланудың барлық жағдайында жалпы демеуші шаралар жүргізілуі тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиамид/алюминий/ поливинилхлорид фольгадан және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынады.

6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 300С-ден аспайтын температурада, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Новартис Фарма Штейн АГ

Штейн, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Новартис Фарма АГ, Базель, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы Новартис Фарма Сервисэз АГ филиалы

050051 Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел.: (727) 258-24-47 

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

Прикрепленные файлы

311349711477976321_ru.doc 159 кб
127444631477977564_kz.doc 178 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники